Урок (Политическии строи РК для старше классников)


«Бекітемін»
Қарағанды теміржол колледжідиректорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.М Ажбаева «___»_____________
Пән:Қазақстан тарихы
Пән оқытушысы: Б.К Жунусова
Сабақтың тақырыбы: Қоғамдық – саяси саладағы өзгерістер
Сабақтың мақсаты
1.Білімдік: Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесінен мағлұмат беру.
2.Дамытушылық: Студенттерді өзіндік пікір қалыптастыруға және тарихи саралау жүргізуге баулу
3.Тәрбиелік: Студенттерді отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың көрнекілігі: ҚР Конституциясы. Карта, кесте, сайлау жәшігі, Президенттің кітаптары:,
«Қазақстан жолы»
«Сындарлы он жыл»
«Тарих толқынында»
Сабақтың әдісі: ауызша баяндау, сахналық қойылым, кестемен жұмыс
Пән аралық байланыс: Қоғамтану, география, әдебиет, құқық.
Сабақтың барысы
Ұйымдастырукезеніа) Студенттермен амандасу
ә) Студенттерді түгендеу
б) Сабақтың тақырыбын және мақсатын баяндау
Тақырыбы: Қоғамдық – саяси саладағы өзгерістер
Мақсаты:Бүгін біз Қазақстан Республикасының мемлекеттік биліктің құрылымына тоқталамыз
Сабақтың жоспары:
ҚР мемлекеттік құрылымы
Президент
Парламент
Үкімет
Жергілікті өзін – өзі басқару
-Тақтадағы күнді, тақырыпты, жоспарды жазғызту
Кезекші кім?
Елдің және халықаралық жаңалықтары?
Негізгі бөлім
Ой талқы: Оқушыларға сұрақ
ҚР Тәуелсіздігін қашан қайдан алды?
ҚР мемлекетін кім басқарады?
ҚР Ата Заңының 1-ші бабында ҚР қалай атаған? (5минут)
Мұғалім кіріспе сөзі:
ҚР Конституциясының 2-ші бабы бойынша «ҚР-Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет» - деп жазылған яғни ҚР Президент басқарады,
Ал ҚР бірден – бір байлығы –Халық. Президент мемлекет пен халық атынан сөйлейді.
Оқушыларға сұрақ Неге?
Себебі Президентті халық сайлап қояды сондықтан ол халық атынан сөйлейді.
Ал сайлауға ата- аналарыңмен барып қатысып көргендерің бар ма? Жалпы сайлау деген не?
Қойылым:Топтың студенттерініе сайлау парағын таратамын, сайлау кабинасына кіріп бір студенттің (кандидаттың, үміткердің) аты-жөнін тегін белгілеу керек екенін түсіндіремін, сайлау парағын урнаға салу керек екенін айтамын.
Мұғалімнен сайлау парағын алады. (себебі сайлаушылар тізім бойынша сайлау парағын алыу керек)
3-студен бақылаушы сайлаудың заңды өтуін бақылайды.
1-мемлекеттік бақылаушы Машаев
2- кандидаттардың бақылаушысы Орынбасаров Н
3- халықаралық бақылаушы Тусупов
2-ақпарат құрал өкілдері. (журналистер) Джанкеев, Сериков Ш
Сайлау туралы, оның әділ және заң талаптары бұзылмағанын жазады. (10мин)
Қажетті заттар:
- Сайлау кабинасы
-Сайлау жәшігі
- сайлау парағы
- сайлау парағын санау
- Бақылаушылар
-Ақпарат құрал өкілдері
Сайлау парағы
№ Үміткерлер аты-жөні
Иә
1 Жұмакелді Бекнұр 2 Орынбасаров Ильяс 3 Төлеу Нұрбол 4 Уалиханов Қазбек Оқушыларға сұрақ?
Неге сайлауда жеке кабинаға кіреді?
Себебі жасырын дауыс беру. Демократиялық қоғам
Президент болып кімдер сайлана алады?
ҚР кемінде 15 жыл тұратын мемлекттік тілді жетік меңгерген 35жасқа толған ҚР азаматы бола алады.
Кімнің кандидатурасы ең көп дауысқа ие болды?
Президентті ұлықтау (инауграция)
Ант беру Сөзі: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, ҚР Конституциясының заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, ҚР Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін»
Президенттің айырым белгісі:
Кеудеге тағатын белгі мен байрағы, «Алтын Қырын» орденінің иегері
Сайлау комиссиясының төрағасы Президенттік куәлік табыс етеді
Дұрыс:
Ендеше қазір біз ҚР Тұңғыш Президенті туралы мына ақпараттарға көңіл бөлейік.
ҚР Президенті Н.Ә Назарбаев
1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында туған.
-Ол ҚР тұңғыш Президенті
-ҚР Қарулы Қүштерінің Бас қолбасшысы
-ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы
-Дүниежүзі Қазақтары Қауымдастығының төрағасы.
-Қазақстан Халық Ассамблеясының төрағасы
-«Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы
-ҚР Ұлттық Кеңесінің төрағасы
-ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы
-ҚР Ұлттық Қорын басқару жөніндегі кеңестің төрағасы
-Назарбаев Университеті Жоғары қамқорлық кеңесінің төрағасы
Кітаптары:
«Ой бөлістім халқыммен»
«Сындарлы он жыл»
«Жүз жылға татитын он жыл»
«Тарих тағылымдары және кәзіргі заман»
«Ғасырлар тоғысында»
«Бейбітшілік кіндігі»
«Қазақстан жолы»
«Тарих толқынында»
Әндері:
«Елім менің»
«Үшқоңыр»
«Жерім менің»
Неше рет сайланды?
1991ж
1995ж
1999ж
2005ж
2011ж (5минут)
.
Тақтада сызбаны көрсету арқылы түсіндіру, жаздырту.
Парламент- заң шығару қызметін жүзеге асыратын ҚР ең жоғары органы болып табылады. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады.Жоғары және төмен палата.
Сенат депутатары әр облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан және ҚР астанасынан екі адамнан барлығы 32 сайланады, қосымша 15 адамды Президент тағайындайды. Барлығы 47 депутат
Мәжіліс депутаттары: 10 адам партиялық тізімен және әр округтан бір-бірден сайланады.107 мәжіліс депутаты бар. (5минут)
Венн диограммасымен жұмыс жасауҮкімет – ҚР атқару билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылықты жүзеге асырады. Бүкіл қызметі алдында ҚР Президенті алдында жауапты болады.Үкімет басшысын премьер министр деп атайды.
ҚР неше премьере министр болды?
ҚазақстанРеспубликасының Премьер-Министрлерi1. С.А. Терещенко (1992 — 1994);
2. Ә.М. Қажыгелдин (1994 — 1997);
3. Н.Ө. Балғымбаев (1997 — 1999);
4. Қ.К. Тоқаев (1999 — 2001);
5. И.Н. Тасмағамбетов (2001 — 2003);
6. Д.К. Ахметов (2003 — 2007);
7. К.Қ. Мәсімов (2007 — 2012);
8. С.Н. Ахметов (2012 — 2014);
9. К.Қ. Мәсімов (2014 жылдан бастап);
Мүшелері:
Премьер министірдің оаынбасарлары, Мемлекеттік комитеттің төрағалары
Барлық саланың министрлері және әкімдер (5 минут)
Әдiлет министрлігіБайланысжәнеақпарат министрлігіБiлiмжәнеғылымминистрлігіДенсаулықсақтауминистрлігіЕңбекжәнехалықтыәлеуметтікқорғауминистрлігіИндустрия жәнежаңатехнологияларминистрлігіIшкiiстерминистрлігіКөлiкжәнекоммуникацияларминистрлігіҚаржыминистрлігіҚорғанысминистрлігіҚоршағанортанықорғауминистрлігіМәдениетминистрлігіМұнайжәне газ министрлігіСыртқыiстерминистрлігіТөтеншежағдайларминистрлігіЭкономикалық даму жәнесаудаминистрлігіАуылшаруашылығы министрлігі
Жергілікті өзін-өзі басқару
Жергілікті өзін-өзі басөаруды маслихат депутаттары жүзеге асырады
(3 минут)
ҚР Мемлекеттік рәміздері:
1992 жылы маусымда Жоғары кеңестің сесиясы жаңа мемлекеттік Ту мен Елтаңбасын қабылдады1992 жылы Мемлекеттің Гимн қабылданды.
2006 жылы 7 қаңтарда «ҚР Мемлекттік рәміздері туралы» Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізілген заңға Елбасы қол қойды.
Заңда ҚР Мемлекеттік жаңа Гимні қабылданды.
Авторлары:
Ту: Шәкен Ниязбеков
Елтаңба: Жандарбек Мәлібекұлы
Шотаман Уалиханов
Әнұран: Шәмші Қалдаяқов
Жұмеке Нәжімеденов
Нұрсұлтан Назарбаев (5минут )
Сабақты қорытындылау (2минут)
Шалқан -ата-әже-немере - мысық- тышқан
Мемлекет - президент -парламент - үкімет - жергілікті өзін–өзі басқару - азамат
Үйге тапсырма: Н.Ә Назарбаевтың қандай оқу орнында оқыған, еңбек жолы туралы мағұлыматтарды және жергілікті өзін-өзі басқару органы туралы
келесі сабаққа біліп келеміз.
Бағалау