Урок по физике на тему Жол, орын ауыстыру ж?не бір?алыпты т?зусызы?ты ?оз?алыста?ы денені? координатасы
Жол, орын ауыстыру және бірқалыпты түзусызықты қозғалыстағы дененің координатасы
2. Блиц сұрақтары арқылы өтілген материалдарды тексеру: I – топЖылдамдықты қандай әріппен белгілейміз?Орын ауыстыру қандай шама?Жылдамдық формуласы ?Уақыттың өлшем бірлігі ?Дене тең уақыт аралығында бірдей жол жүрсе, ол қандай қозғалыс?1 км – де қанша метр бар?Қашықтықты немен өлшейміз?Егер допты жоғары лақтырсақ, жылдамдықтың бағыты қандай болады?1 сағатта қанша минут бар? Егер жылдамдық белгілі болса, жүрген жолды табуға бола ма?
II – топОрын ауыстыруды қандай әріппен белгілейміз?Жылдамдық қандай шама?Орташа жылдамдықтың формуласы?ХБЖ – де жылдамдықтың өлшем бірлігі?Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүрсе, ол қандай қозғалыс?1 м – де қанша см бар?Дененің жылдамдығы мен жүрген жолы белгілі болса, уақытты қалай табуға болады?Егер доп төмен түскенде, жылдамдықтың бағыты қандай болады?1 минутта қанша секунд бар? Жол қандай шама?
III – топУақытты қандай әріппен белгілейміз?Метрмен өлшенетін шама?Егер жол мен жылдамдық белгілі болса, уақытты табуға бола ма?км/сағ – пен берілген жылдамдықты м/с – пен қалай өрнектейді ?Орташа жылдамдықтын олшем бірлігі?Орын ауыстырудың өлшем бірлігі?Жолды қандай әріппен белгілейміз?1 тәулікте қанша сағат бар? Қозғалыс заңының формуласы неге тең ?
IV – топҚозғалыс жылдамдығы дегеніміз не ?1 сағатта қанша секунд бар?Орташа жылдамдық деп нені түсінемізДененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді не деп аталады?Механикалық қозғалыс салыстырмалы бола ала ма?Дененің жылдамдығы өзінің сан мәнінен басқа тағы немен сипаталады?График кескіні неғұрлым тік болса, жылдамдық арта ма әлде кеми ме?Егер орташа жылдамдық белгілі болса, жүрген жолды табуға бола ма?1 дм – де қанша см бар? Қозғалыстың шапшаңдығын сипаттайтын шама?
3.Топтық жұмыс. Есептер алаңы. Ағаш талынан әр топ жетекшілері жапырақтар үзіп алып, жапырақта жасырынған есептерді топ болып талқылап шығарады.
I – топ1. х 4 3 2 t Дененің қозғалыс графигі бойынша қозғалыстың уақытқа тәуелділік теңдеуін жазыңдар. Дененің бастапқы координатасын табыңдар.2. х=2 - 3t қозғалыс теңдеуін пайдаланып, дененің бастапқы координатасын, жылдамдығын, графигін салыңдар.3. Мына жағдайларда дененің графигі қалай болады? Х0>0 және V>0
II – топ 1. х 6 2 2 t Дененің қозғалыс графигі бойынша қозғалыстың уақытқа тәуелділік теңдеуін жазыңдар. Дененің бастапқы координатасын табыңдар. 2. х=4 - 3t қозғалыс теңдеуін пайдаланып, дененің бастапқы координатасын, жылдамдығын, графигін салыңдар. 3. Мына жағдайларда дененің графигі қалай болады? Х0<0 және V>0
III – топ 1. х 6 3 2 t Дененің қозғалыс графигі бойынша қозғалыстың уақытқа тәуелділік теңдеуін жазыңдар. Дененің бастапқы координатасын табыңдар. 2. х=4 - 2t қозғалыс теңдеуін пайдаланып, дененің бастапқы координатасын, жылдамдығын, графигін салыңдар. 3. Мына жағдайларда дененің графигі қалай болады? Х0>0 және V<0
IV – топ 1. х 4 2 3 t Дененің қозғалыс графигі бойынша қозғалыстың уақытқа тәуелділік теңдеуін жазыңдар. Дененің бастапқы координатасын табыңдар. 2. х=6 - 3t қозғалыс теңдеуін пайдаланып, дененің бастапқы координатасын, жылдамдығын, графигін салыңдар. 3. Мына жағдайларда дененің графигі қалай болады? Х0<0 және V<0
4. Сергіту сәті « Жұмбақтар әлемі » 1-жұмбақ. Жердің жүзін шарлайсың, Онсыз еш жерге бармайсың. Көлікпен де, жаяу да, Саралайсың, таңдайсың. 2- жұмбақ. Көп болса, асықпайсың, Мезеттен қашықтайсың. Асықсаң аз болады, Табасың мұны қайсың? 3- жұмбақ. Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты, Тағы да бір белгісіз шама шықты. Ол болмаса денелер қозғалмайды, Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты?
5. Топтық жұмыс Сiздер үш бағанадан тұратын кестені көріп тұрсыздар . Бірінші бағанада жол, екінші бағанада уақыт, үшінші бағанада жылдамдық . Сіздердің міндеттеріңіз теңдікті түрлендіру. Теңдікті түрлендір: {5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}Жол (м)Уақыт (с)Жылдамдық (м/с)I – топ 7км = ....... м12сағ = .......с36км/сағ= .......м/сII – топ 65см = ......м45мин = ......с54км/сағ=........м/сIII – топ 300мм = ....м0,5сағ= .......с108км/саг=......м/сIV – топ 35дм=.....см36мин=.......с72км/сағ=......м/с
Жауабы {5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}Жол (м)Уақыт (с)Жылдамдық (м/с)I – топ 7км = 7000 м12сағ = 43200с36км/сағ= 10м/сII – топ 65см = 0,65м45мин = 2700с54км/сағ=15м/сIII – топ 300мм = 0,3м0,5сағ= 1800с108км/саг=30м/сIV – топ 35дм=350см36мин=2160с72км/сағ=20м/с
6.Жеке жұмыс «Ашық - жабық» тест тапсырмалары 1.Дененің орын ауыстыруы қандай әріппен белгіленеді?а) Ʋ б) S в) t г) S2.Бірқалыпты қозғалыс дегеніміз не?а) дененің тең уақыт аралығында бірдей жол жүруіб) дененің тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүруів) қозғалыстың шапшаңдығыг) дененің бастапқы орнын келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді3. Жолдың берілген сан мәндерін метрмен өрнектеп жаз: 10 км, 126 см, 30 дм4. Спортшы 36 км/сағ жылдамдықпен 100 м қашықтықта жүгіріп шықты. Осы қашықтықты ол қанша уақытта жүгіріп өтеді?а) 15с б) 20с в) 10с г) 4с 5. Ұшақ 750 км/сағ жылдамдықпен ұшып барады. 6 сағ ішінде ол қандай аралықта өтеді?а) 4500км б) 125км в) 0,008 км г) 756 км
Назарларыңызға рахмет