Планирование на тему Наурыз-думан


«Наурыз-Думан»мерекелік кешіміздің сценарийі
Уақыты:19.03.2016ж сағат 9.30Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Қазақтың салт - дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту. Өлеңді мәнерлеп оқу дағдысын, сұрақтарға толық жауап беру дағдыларын қалыптастыру. Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру.Білім алушыларды ұлттық салт - дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.Көрнекілігі: Қазақтың киіз үйі, оның жабдықтары, ұлттық тағамдар:бауырсақ пен коже, жалаушалар, шарлар, банер т. б. сТүрі: Мерекелік сазды әдеби – музыкалық кеш.І. Қонақтарды қабылдау.ІІ. Жарапазан айтушы бала мен өнерпаз жігіт жиналған қауымды Наурыз тойын тамашалауға шақырады.ІІІ. «Жыл басы - Наурыз» тойы мерекесінің жүру бағдарламасы1 - Халық әндерімен билерін тамашалау.
2 – Қызыр атаны қарсы алу, бата сұрау.
3– Ұлттық салт дәстүрден көрініс «Сынсу»; «Беташар»
4 – Ұлттық ойындардан көрініс ( Арқан тарту,жамбы ату, қолкүрес, асық ойнау; )
Жарапазан айтылады орындайтыдар:Айбат,Арсен,ЕрнұрҚазақ биі (Жарапазаннан кейін)
ФанфарыІ-Жүргізуші:Қадірлі жиналған қауым, ата – бабадан жеткен халқымыздың тамаша жоралғылары мен дәстүрлеріне құлақ салалық, зердемізге түйіп, келер ұрпаққа мұра етіп қалдыра алсақ, қандай ғанебет болар еді. «Наурыз» күн мен түн теңеліп, жергегі көкке жан бітіп, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиетін, тоң жібіп, Жер – Ана бусанатын, қыстан аман шыққан шаруа адамының арқасы кеңіп, қолынан айыр – күрегін тастамайтын, ерекше күн деп саналған.ІІ- жүргізуші: Жаңа жылды, Наурыздың 22 – сін халық Ұлыстың Ұлы күні деп ұлағаттаған. Ұлыс күні қазақ үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Бұл күнгі болған әрбір өзгеріске үлкен мән берген, қар немесе жаңбыр жауса, « нұр жауды», « туар жыл нұрлы болады», « Наурыздың ақша қарындай» деп әсем теңеулер айтып, « ағынан жарыла қуанса, мал төлдесе бір тал көк шөп артық шығады» - деп ырымдаған, нәресте дүниеге келсе, ұлағаттап есімін ерекше қойған.І- жүргізуші: Ұлыстың Ұлы күні « көлденеңнен шөпке жан бітіп» қырда саршұнақ інінен қылт етіп, бір көрініп, қайтадан ініне кіріп кетіп, жер беті әбден жылығанда шығады дейді. Бұл сөзде дала мен табиғат арасындағы көзге көріне бермейтін терең мәнді тағылымды үйлесімділік жатыр.Тілімізде осы күнге қатысты – «жер бетіне жақсылық ұялаған күн», «Ұлыстың ұлы күні», «Ұзақ ұшып келген күн», «Жыл басы – жылқышы торғай( науірзек ) келген күн», «Көк құт ( өсімдік ) көзін ашқан күн», «Көк тас еріген күн» деген сөз оралымдары сақталған.
ІІ- жүргізуші: Сіздер білесіздер ме? Наурыз мерекесін тойлау дәстүрлі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс – салтында бағзы замандардан бері орын алған деседі.
І-жүргізуші: Иә, иә, менің естуімше Ежелгі түркілер ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал – мұрттарын түзеп, шаштарын алдыратын болған, алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күні алтын теңгеден жамбы атып жарысқан. Егер кімде – кім бірінші болып жамбыны атып түсірсе, сол адам сол күні, яғни бір күн елге патша болып, билік жасауына ерік берілген деседі.Ал қазақ даласында ұлыстың ұлы күні бүкіл адамды тең санаған, құл мен күң де шаруадан босап, еркін бой жазуға мүмкіндік алған. Бұл күнгі дастархандағы дәм, айтылар әңгіме көпке ортақ болған екен.ІІ- жүргізуші: «Береке басынан басталады» демекші, «жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады» деген қағиданы берік тұтынған халық бүкіл ыдыс атаулыны дәнге, аққа таза суға толтырып бетін ашық қалдырған. Бұл 21 – Наурыз күнгі таң алдында орындалады екен. Бұның мәні: дала аралаған Қызыр Ата келіп «қыдыр, құт дарытып» кетеді дейді екен. Олай болса бүгінгі біздің Наурыз мерекемізге Қызыр Ата келе жатыр дейді.«Қызыр Ата» келеді бата береді ( Мұқан ағай келеді)
Ерітіп қарын даланың,Жинатып гүлін саланың.Жетелеп жұмсақ самалын,Келді Наурыз – жыл басы.Күлімдеп қарап күміс күн,Аспаның бүркіп пүліш түн.Ұлы күні Ұлыстың,Келді Наурыз – жыл басы!Ән « Наурыз – думан» орын: Бақытжанова Диляра-7 ә класс оқушысы
ІІ- жүргізуші:Ұлыс оң болсын!Ақпан кетті араз боп Наурызбенен.Наурыз жүр жоғалған бағын іздей,Көктем жетті көрісіп жанын іздей(көтеріңкі көңілмен дабырласып көріседі, көрінісі көрсетіледі) Осы жерден алдарынан келін иіліп сәлем қылып, ал бойжеткендер ізет көрсетіп қарсы алады да Наурыз көже ұсынады. («Бұл көжеде бәрі бар» өлеңінен үзінді оқу ) ( Куланда апай коже ұсынады)Би: Шаханова Анель «Қазақ биі»
І-жүргізуші:
Ашық болсын қас – қабақ,Таспен атқанды аспен ат.Бейтаныс та, таныс та,Бүгін төрде бас қонақ.Арпа, бидай, тары бар.Ішілетін, житіннің,Бұл көжеде бәрі бар.Ошақта көп шоқ әлі,Астың ауыр обалы.Астан үлкен ешкім жоқ,Қазан ауызы жоғары.Ақсақал жыл дастарханына бата береді.Бата: Ұлыс оң болсын,Ақ мол болсын!Қайда барса жол болсын,Ұлыс береке берсін.Пәле - жала жерге енсін!І жүргізуші: Наурыздау, ауыл аралап көрісу қазақ даласында үш күнге созылған (22 - 24 наурызда). Осы күндері әрбір отбасының дастарханынан көжесі, дәмі үзілмеген, есігі ашық, қабағы жайдарлы болған.22 – Наурыз күні міндетті түрде отбасынан дәм татып, ақсақалдар мен әжелердің батасын алу парыз саналған.Ән: « Мереке» орын: Мағауина Айдана
Қобызда Аманжолқызы Шахзода2 жүргізуші:Ұлыс күні кәрі – жас,Құшақтасып көріскен.Жаңа ағытқан қозыдай,Жамырасып көріскен.Аталар бата беріскен,« Сақтай гөр» деп терістен.« Кел, таза бақ, кел» десіп,Кел тілек бер десіп....Би «Қазақ биі» орындайтын:Қыздар тобы 5 б класы
Ән «Қазағым»Шуншбаев Ернұр
1 жүргізуші: Балалар қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер? (оқушылардан сұрайды)Қазір біз сол бір салт –дәстүрдің куәгерлері боламыз. Сынсу мен Беташар салт-дәстүрлері туралы айта кететін болсақ,құлақ түрейік
Қыз ұзату - ертеден келе жатқан екі елдің арасындағы байланыс болар 2 жастың немесе ер адам мен әйел адамның ағайын мен халықтың алдында бата алып, отау құруға бастау болар салт- дәстүр. Сыңсу - қыз ұзату дәстүріне байланысты туған тұрмыс-салт жырларының бірі. Бұл - қыздың ұзатылар алдындағы ел-жүртымен, ағайын-туыс, құрбы-құрдастарымен, туып- өскен жерімен қоштасуы ретінде айтылады. Сыңсуды ұзатылатын кыз тетелес сіңлілері немесе жас жеңгелерімен үй-үйді аралай жүріп белгілі әуенмен айтатын болған. С. өлеңдерін ақындар немесе қыздардың өздері шығарады.
ІІ-Жүргізуші: Беташар — қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Жаңа түскен келіннің бетін ашып, көпшілікке таныстыру - халқымыздың құрметтейтін, ежелден келе жатқан дәстүрі. «Беташар» деген сөздің мән-мағынасына барлап көріңізші?! Жас келіннің бетіне ақ орамал жабылғандықтан, ақын домбырасымен ашқанда ғана жиналған туыс-туған келіннің жүзін көру керек. Сол себептен бұл дәстүр «беташар» аталады.
Олай болса қазір біз ҚЫЗ ҰЗАТУ, БЕТАШАР салт –дәстүрлерін тамашалайық!(Көрініс көрсетіледі)
ІІ-жүргізуші: Әдет-ғұрыптарымызды берік ұстанып, дәстүріміздің сабақтастығын үзбей келе жатқан, қызына қырық үйден тыю айтып, келіннің жүріс-тұрысына ерекше мән беретін қазақ деген халықпыз ғой! Қаймағы бұзылмаған халқымыздың дәстүрін бүгін қалпын бұзып алсақ, ертеңгі күніміздің елесі бұлыңғыр болмақ. Әрбір отбасы өз үйінен салт-дәстүрімізді ұстанар болса ғана, қазақ деген халықтың ұрпағы екенімізді мақтанышпен айта аламыз.
«Беташар» деген қасиетті ұғымның қадіріне жете білейік! Келіннің әр қадамынан ұрпағымыздың болашағы айқындалмақ!
2 Жүргізуші: Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады.
Қазақтың спорттық-ұлттық ойын түрлерінен көріністік сайысымызды тамашалайық.(Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері ұйымдастырады)2 жүргізуші: күй «Адай»орындайтын Бикеева Фарида1 жүргізуші: Кезекті әнге берелік ән «Қыз Жібек»орындайтын Шаханова Анель
2 жүргізуші: - Малдар төлдеп, қой қоздап,Сүттен бұлақ ағызған -Жаңа жылдың сипатыМолшылыққа аңыз бопБасталыпты Наурыздан!дегендей әнге кезек берейік «Ертегілер әлемі»орындайтын Ертаева АминаІ - Жүргізуші:- Тындаңыздар, тындаңыздар!Ұлыс күні басталды.Наурыз туын көтеріп,Жар салайық әлемге! Дегендей , 5 ә класының қыздар тобының орындауында «Қазақ биі»
ІІ - жүргізуші:- Жаңарғанын сананыңҰмытады мұны кім?Ата - салтын бабамныңАлып келді Ұлыс күн! Деп келесі әнге кезек берейік «Салем саған Туған ел»Боранбай АқеркеІ -жүргізуші:- Наурыз келді, Наурыз келді, ағайын,Құшырлана құшағымды жазайын.Көктем шыға күлімсіреп көк аспанӘнге толды, күйге толды маңайым!дегендей Мирамбай Әлияның орындауында «Қазақтың дәстүрлері -ай»
ІІ-жүргізуші:- Наурыз елдің ақжарылқар айындай,Тербетілген кербез, сұлу қайыңдай.деп Өлең шумақтарына кезек берейік Аманғали Гүлбақыт,Дуйсен Диас,Жәдігерқызы Ақмаржанды ортаға шақырамыз
І-жүргізуші:- Біреуім екеу болып, мал қосылды,Қораға бұзау, лақ, қозы толды.Ызғарлы суық қыстың қары кеміп,Аспаннан күн күлімдеп, шырай оңды дегендей,5 а класының орындауында Қазақ биі
ІІ-жүргізуші:Ұзамай қар да кетер, жаз да болар,Сай - сала гүрілдеп суға толар,Бөленіп жер жібекке, тың құлпырып,Шалғынға көк орайы ауыл қонар.дегендей «Астана»әнімен Айбат жеңіс пен Құрмангазин АрсенІ-жүргізуші:Жол иесі бүгін келді,Жан жайланды, кешегі көрген бейнет артта қалды.Өмірге жаңа жолдар ашатұғынЖаңа жыл – бүгінгі күн жаздың алды.деп, Түрік биімен Русланқызы РузанаІІ-жүргізуші:Береке күннен - күнге таси берсін,Елімнің үстемдігі арта берсін.Күш қосып, ұйымдасып, қоғам болып,Ел өрлеп, ілгері аяқ баса берсін.дей отырып бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз.
Келесі жылы, келесі мерекеде,келесі Наурызда кездескенше күн жақсы болсы АҒАЙЫН!!
«Бекітемін»
Мектеп директоры И.Амитжанова
«18»наурыз 2016ж
«Наурыз-Думан»
мерекелік кешінің
сценарийі
Ақтөбе 2016ж


«Наурыз-Думан»мерекелік кешіміздің сценарийі
Уақыты:19.03.2016ж сағат 11.30Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Қазақтың салт - дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту. Өлеңді мәнерлеп оқу дағдысын, сұрақтарға толық жауап беру дағдыларын қалыптастыру. Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру.Білім алушыларды ұлттық салт - дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.Көрнекілігі: Қазақтың киіз үйі, оның жабдықтары, ұлттық тағамдар:бауырсақ пен коже, жалаушалар, шарлар, банер т. б. сТүрі: Мерекелік сазды әдеби – музыкалық кеш.І. Қонақтарды қабылдау.ІІ. Жарапазан айтушы бала мен өнерпаз жігіт жиналған қауымды Наурыз тойын тамашалауға шақырады.ІІІ. «Жыл басы - Наурыз» тойы мерекесінің жүру бағдарламасы1 - Халық әндерімен билерін тамашалау.
2 – Қызыр атаны қарсы алу, бата сұрау.
3– Ұлттық салт дәстүрден көрініс «Сынсу»; «Беташар»
4 – Ұлттық ойындардан көрініс ( Арқан тарту,жамбы ату, қолкүрес, асық ойнау; ) БИ (1 класының қыздары)(Жарапазаннан кейін)
ФанфарыІ-Жүргізуші:Қадірлі жиналған қауым, ата – бабадан жеткен халқымыздың тамаша жоралғылары мен дәстүрлеріне құлақ салалық, зердемізге түйіп, келер ұрпаққа мұра етіп қалдыра алсақ, қандай ғанебет болар еді. «Наурыз» күн мен түн теңеліп, жергегі көкке жан бітіп, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиетін, тоң жібіп, Жер – Ана бусанатын, қыстан аман шыққан шаруа адамының арқасы кеңіп, қолынан айыр – күрегін тастамайтын, ерекше күн деп саналған.ІІ- жүргізуші: Жаңа жылды, Наурыздың 22 – сін халық Ұлыстың Ұлы күні деп ұлағаттаған. Ұлыс күні қазақ үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Бұл күнгі болған әрбір өзгеріске үлкен мән берген, қар немесе жаңбыр жауса, « нұр жауды», « туар жыл нұрлы болады», « Наурыздың ақша қарындай» деп әсем теңеулер айтып, « ағынан жарыла қуанса, мал төлдесе бір тал көк шөп артық шығады» - деп ырымдаған, нәресте дүниеге келсе, ұлағаттап есімін ерекше қойған.І- жүргізуші: Ұлыстың Ұлы күні « көлденеңнен шөпке жан бітіп» қырда саршұнақ інінен қылт етіп, бір көрініп, қайтадан ініне кіріп кетіп, жер беті әбден жылығанда шығады дейді. Бұл сөзде дала мен табиғат арасындағы көзге көріне бермейтін терең мәнді тағылымды үйлесімділік жатыр.Тілімізде осы күнге қатысты – «жер бетіне жақсылық ұялаған күн», «Ұлыстың ұлы күні», «Ұзақ ұшып келген күн», «Жыл басы – жылқышы торғай( науірзек ) келген күн», «Көк құт ( өсімдік ) көзін ашқан күн», «Көк тас еріген күн» деген сөз оралымдары сақталған.
ІІ- жүргізуші: Сіздер білесіздер ме? Наурыз мерекесін тойлау дәстүрлі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс – салтында бағзы замандардан бері орын алған деседі.І-жүргізуші: Иә, иә, менің естуімше Ежелгі түркілер ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал – мұрттарын түзеп, шаштарын алдыратын болған, алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күні алтын теңгеден жамбы атып жарысқан. Егер кімде – кім бірінші болып жамбыны атып түсірсе, сол адам сол күні, яғни бір күн елге патша болып, билік жасауына ерік берілген деседі.Ал қазақ даласында ұлыстың ұлы күні бүкіл адамды тең санаған, құл мен күң де шаруадан босап, еркін бой жазуға мүмкіндік алған. Бұл күнгі дастархандағы дәм, айтылар әңгіме көпке ортақ болған екен.ІІ- жүргізуші: «Береке басынан басталады» демекші, «жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады» деген қағиданы берік тұтынған халық бүкіл ыдыс атаулыны дәнге, аққа таза суға толтырып бетін ашық қалдырған. Бұл 21 – Наурыз күнгі таң алдында орындалады екен. Бұның мәні: дала аралаған Қызыр Ата келіп «қыдыр, құт дарытып» кетеді дейді екен. Олай болса бүгінгі біздің Наурыз мерекемізге Қызыр Ата келе жатыр дейді.«Қызыр Ата» келеді бата береді ( Мұқан ағай келеді)
Ерітіп қарын даланың,Жинатып гүлін саланың.Жетелеп жұмсақ самалын,Келді Наурыз – жыл басы.Күлімдеп қарап күміс күн,Аспаның бүркіп пүліш түн.Ұлы күні Ұлыстың,Келді Наурыз – жыл басы!Ән « Наурыз – думан» орын: Бақытжанова Диляра-7 ә класс оқушысы
ІІ- жүргізуші:Ұлыс оң болсын!Ақпан кетті араз боп Наурызбенен.Наурыз жүр жоғалған бағын іздей,Көктем жетті көрісіп жанын іздей(көтеріңкі көңілмен дабырласып көріседі, көрінісі көрсетіледі) Осы жерден алдарынан келін иіліп сәлем қылып, ал бойжеткендер ізет көрсетіп қарсы алады да Наурыз көже ұсынады. («Бұл көжеде бәрі бар» өлеңінен үзінді оқу ) ( Куланда апай коже ұсынады)Би: «Үнді биі» 4 в класының оқушысы
І-жүргізуші:
Ашық болсын қас – қабақ,Таспен атқанды аспен ат.Бейтаныс та, таныс та,Бүгін төрде бас қонақ.Арпа, бидай, тары бар.Ішілетін, житіннің,Бұл көжеде бәрі бар.Ошақта көп шоқ әлі,Астың ауыр обалы.Астан үлкен ешкім жоқ,Қазан ауызы жоғары.Ақсақал жыл дастарханына бата береді.Бата: Ұлыс оң болсын,Ақ мол болсын!Қайда барса жол болсын,Ұлыс береке берсін.Пәле - жала жерге енсін!І жүргізуші: Наурыздау, ауыл аралап көрісу қазақ даласында үш күнге созылған (22 - 24 наурызда). Осы күндері әрбір отбасының дастарханынан көжесі, дәмі үзілмеген, есігі ашық, қабағы жайдарлы болған.22 – Наурыз күні міндетті түрде отбасынан дәм татып, ақсақалдар мен әжелердің батасын алу парыз саналған.Ән: « Еркем-ай» орын:Әбдіхалық Арсен 4 а класы
Күй «Шалқыма» Жағыпаров Әлімжан2 жүргізуші:Ұлыс күні кәрі – жас,Құшақтасып көріскен.Жаңа ағытқан қозыдай,Жамырасып көріскен.Аталар бата беріскен,« Сақтай гөр» деп терістен.« Кел, таза бақ, кел» десіп,Кел тілек бер десіп....Би «Қазақ биі» орындайтын:Қыздар тобы 4 ә класы
Ән «Қазағым»Шуншбаев Ернұр
1 жүргізуші: Балалар қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер? (оқушылардан сұрайды)Жарайсындар Балалар!!!
Қазір біз сол бір салт –дәстүрдің куәгерлері боламыз. Сынсу мен Беташар салт-дәстүрлері туралы айта кететін болсақ,құлақ түрейік
Қыз ұзату - ертеден келе жатқан екі елдің арасындағы байланыс болар 2 жастың немесе ер адам мен әйел адамның ағайын мен халықтың алдында бата алып, отау құруға бастау болар салт- дәстүр. Сыңсу - қыз ұзату дәстүріне байланысты туған тұрмыс-салт жырларының бірі. Бұл - қыздың ұзатылар алдындағы ел-жүртымен, ағайын-туыс, құрбы-құрдастарымен, туып- өскен жерімен қоштасуы ретінде айтылады. Сыңсуды ұзатылатын кыз тетелес сіңлілері немесе жас жеңгелерімен үй-үйді аралай жүріп белгілі әуенмен айтатын болған. С. өлеңдерін ақындар немесе қыздардың өздері шығарады.
ІІ-Жүргізуші: Беташар — қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Жаңа түскен келіннің бетін ашып, көпшілікке таныстыру - халқымыздың құрметтейтін, ежелден келе жатқан дәстүрі. «Беташар» деген сөздің мән-мағынасына барлап көріңізші?! Жас келіннің бетіне ақ орамал жабылғандықтан, ақын домбырасымен ашқанда ғана жиналған туыс-туған келіннің жүзін көру керек. Сол себептен бұл дәстүр «беташар» аталады.
Олай болса қазір біз ҚЫЗ ҰЗАТУ, БЕТАШАР салт –дәстүрлерін тамашалайық!(Көрініс көрсетіледі)
ІІ-жүргізуші: Әдет-ғұрыптарымызды берік ұстанып, дәстүріміздің сабақтастығын үзбей келе жатқан, қызына қырық үйден тыю айтып, келіннің жүріс-тұрысына ерекше мән беретін қазақ деген халықпыз ғой! Қаймағы бұзылмаған халқымыздың дәстүрін бүгін қалпын бұзып алсақ, ертеңгі күніміздің елесі бұлыңғыр болмақ. Әрбір отбасы өз үйінен салт-дәстүрімізді ұстанар болса ғана, қазақ деген халықтың ұрпағы екенімізді мақтанышпен айта аламыз.
«Беташар» деген қасиетті ұғымның қадіріне жете білейік! Келіннің әр қадамынан ұрпағымыздың болашағы айқындалмақ!
2 жүргізуші: Ән «Ризамын»орындайтын Абилкаева Айгерим 4 ә класы2 Жүргізуші: Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады.
Қазақтың спорттық-ұлттық ойын түрлерінен көріністік сайысымызды тамашалайық.
(Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері ұйымдастырады)
1 жүргізуші: Кезекті әнге берелік ән «Наурыз көктем»орындайтын Амангелдиев 4 б класы
2 жүргізуші: - Малдар төлдеп, қой қоздап,Сүттен бұлақ ағызған -Жаңа жылдың сипатыМолшылыққа аңыз бопБасталыпты Наурыздан!дегендей әнге кезек берейік «Наурыз күн»орындайтын Құттымұратова Н 4 б класыІ - Жүргізуші:- Тындаңыздар, тындаңыздар!Ұлыс күні басталды.Наурыз туын көтеріп,Жар салайық әлемге! Дегендей , 4 ә класының бишілер тобының орындауында Сальто биі
Күй : Рамазанова Армангүл мен Шамшеденова Мөлдірдің орындауында
«Шалқыма»
ІІ - жүргізуші:- Жаңарғанын сананыңҰмытады мұны кім?Ата - салтын бабамныңАлып келді Ұлыс күн! Деп келесі әнге кезек берейік «Салем саған Туған ел» Абилкаева АйгеримІ -жүргізуші:- Наурыз келді, Наурыз келді, ағайын,Құшырлана құшағымды жазайын.Көктем шыға күлімсіреп көк аспанӘнге толды, күйге толды маңайым!дегендей Мирамбай Әлияның орындауында «Қазақтың дәстүрлері -ай»
ІІ-жүргізуші:- Наурыз елдің ақжарылқар айындай,Тербетілген кербез, сұлу қайыңдай.деп Өлең шумақтарына кезек берейік
4б кл ,4 в кл ,8 б кл,8 ә класының оқушыларын ортаға шақырамыз
І-жүргізуші:- Біреуім екеу болып, мал қосылды,Қораға бұзау, лақ, қозы толды.Ызғарлы суық қыстың қары кеміп,Аспаннан күн күлімдеп, шырай оңды дегендей,Шыңғыс Ұлпан күй «Балбырауын»
Ән «Мереке»1 ә класының оқушысы Жаманова Алтынай
1 ә класының ұлдар мен қыздар айтысы
ІІ-жүргізуші:Ұзамай қар да кетер, жаз да болар,Сай - сала гүрілдеп суға толар,Бөленіп жер жібекке, тың құлпырып,Шалғынға көк орайы ауыл қонар.дегендей «Жаса Қазақстан»әнімен Айбат Жеңіс

«Жаяу»әнімен Құрмангазин АрсенІ-жүргізуші:Жол иесі бүгін келді,Жан жайланды, кешегі көрген бейнет артта қалды.Өмірге жаңа жолдар ашатұғынЖаңа жыл – бүгінгі күн жаздың алды.деп, Хорезм биімен Тюлюкбаева Асемді ортаға шақырамыз
ІІ-жүргізуші:Береке күннен - күнге таси берсін,Елімнің үстемдігі арта берсін.Күш қосып, ұйымдасып, қоғам болып,Ел өрлеп, ілгері аяқ баса берсін.дей отырып бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз.
Келесі жылы, келесі мерекеде,келесі Наурызда кездескенше күн жақсы болсы АҒАЙЫН!!