4 сынып ?аза? тілі. Саба?ты? та?ырыбы: С?йікті та?амым- палау.
Сабақтың тақырыбы: Сүйікті тағамым- палау. 47 бет №42
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: тақырыптың мазмұнын ашу, негізгі ойды ұғындыру. Оқушының таным мүмкіндігін анықтау, ойға шақыра білуге анықтау жеке жұптасып шағын топта жұмыс істеуге дағдыландыру.
Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын байыту, сын тұрғысынан ойлауын оқу мен жазу арқылы дамыту.
Тәрбиелік: өз бетінше ойланып жұмыс істеуге тәрбиелеу, өзара мәдениетті қарым-қатынасқа түсуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың көрнекілік: өз-өзін бағалу парақтары, семантикалық карта, бағалау
критериялар парағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: іздену әдісі, ойын, топпен жұмыс, өз-өзін тексеру, сөздік жұмыс, әңгімелеу, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ әдебиет, орыс тілі.
Қолданылатын жаңа технология: 7 модуль технологиясы
Сабақтың кезеңі Уақыт Әдіс-тәсілдер Мұғалімдердің әрекеті Оқушының әрекеті
Қызығушылық ояту сатысы Ұйымдастыру кезеңі 1мин сұрақ-жауап, түсіндіру Сәлеметсіздер ме?
Бүгін күн қандай шуақты! Бізде бір-бірімізге мейрімділікпен қарап отырмыз. Сәлеметсіз бе? Оқушылар тыныш отырады.
Психологиялық дайындық 1-2 мин Біз сабақта үш топқа бөлініп отырдық. Әр оқушы сабақта өзін алдында жатқан бағалау парағымен бағалайды. Әр оқушы өзін бағалау парағын қарап шығады.
Кезекшілік сұхбат 1-2 мин Балалар, сабақта бүгін кім кезекші?
Бүгін нешесі!
Аптаның қай күні?
Қазақ тілі нешінші сабақ?
Қазақ тілі сабақта қандай тілде сөйлесеміз?
Қазақ тілі біздің мемлекетте қандай тіл?
Бүгін қазақ тілінен үй тапсырмасы қандай берілді? Мен бүгін кезекшімін
Бүгін ------------------
--------------- күні
-------------- сабақ
Қазақ тілі сабағында қазақ тілінде сөйлесеміз
Қазақ тілі мемлекеттік тіл
Кезекпен қайталау 6 мин Карточкалармен жұмыс, топпен жұмыс Әр топқа 2 мин уақыт беріледі, келесі тапсырмаға да 2 мин беріледі, үшінші тапсырманы 2 мин орындайсыңдар Жаңа сөздерді қайталау.
Әр тапсырманы орындайды бір-бірімен ақылдасып спикер ойларын жазады.
Бағалау парағына әр оқушы өзіне баға қояды.
Спикер парақты қорғайды.
Елес жетелеу 2 мин Сұрақ-жауап Тамақтың түрлері қандай болады?
Кім палау түрлерін біледі?
...
Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар осы тақырып бойынша біз алдымызға қандай мақсат қоямыз.
Дұрыс, біздің мақсатымыз тақырыптың мазмұның ашу, негізгі ойды ұғындыру.
Сүйікті тағамым - қазақша ет туралы әңгімелеу.45 бет.
Жіктік жалғау ережесін білу. /көсемше жұрнақтары/
Бастарын үстелге қойып мұғалімнің сөзін мұқият тыңдайды.
Бастарын көтеріп өз ойларын айтады.
Сүйікті тағамым- палау 47 бет (дәптерлеріне сабақтың тақырыбын жазады)
Сабақтың тақырыбы осы болғанда алдымызға қандай мақсат қоямыз.
жаңа сөздерді меңгереміз, сөйлем құрастырамыз.
Мағынаны ашу сатысы Жаңа сөздерді меңгеру 7 мин Сұрақ-жауап, жеке жұмыс. Сөздердің дыбысталуын айтады. Оқушылармен бірге дыбыстайды:
палау –плов
той –праздник
қуырма –жаренный
мейіз-изюм
Мұғалімнің артынан қайталайд. Сөздер мен оның аудармаларын оқиды, іштей оқиды, сөздер мен сөз тіркестер құрастырады.
ЖИГСО 15 мин Топпен, жұппен, жеке жұмыс 47 бет 2 тапсырма
Стратегияның шарттары:
Топ 1, 2, 3-ке нөмерленеді
Әр нөмерленген оқушы-қонаққа барады
Конақта берілген мәтіннің тапсырмасын оқып орындайды.
-Үйлеріне қайтыңдар қонақта алған абзацты толық оқып, аударып әңгімелеп береді. әр оқушы нөмірін анықтап, қонаққа барады, қонақта тапсырманы орындайды.
№1 - өз ойын ортаға салады
№2 - өз ойын ортаға салады
№3 - өз ойын ортаға салады
Спикер жауаптарын таыңдап? Мәтінді толық аударып, әңгімелейді. Бағалау парағы.
Сергіту сәті
Шығармашылық кезең 5 мин Топпен жұмыс Шығарма тақырыбы
Кейіпкерлер
Жоспары
Мақал-мәтелдер Сұрақтар
Бағалау парағын толтырады.
III. Ой толғаныс сатысы
Семантикалық карта 5 мин Карточкамен жұмыс Семантикалық картаны толтырындар. Көлденең тұрған сөздерге мағынасына қарай келетін сөзді «+» белгі арқылы көрсетіндер Семантикалық картаны толтырады.
Үлгі бойынша тексереді.
Дөңгелек үстел 5 мин Жеке жұмыс Әр оқушы өз батасын жазады.
1→2→3 Оқушылар сүйікті тағамдарына байланысты «синквейін» жазады.
Үй тапсырмасы Диалог құру
47-48 бет
Жаңа сөздерді жаттау Тапсырма: Сөйлесуді оқып, түсініп, деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.
- Уақыт қанша болды?
- Сағат сегіз. Тамақтанайық.
- Әрине, Тамақтануға болады.
- Жүр кеттік.
- Не алайық?
- Кәне, дастарқан мәзірін көрейік.
- Мен палау аламын, сен ше?
- Маған қазақша ет ұнайды.
- Екіншіге не аласың?
- Ыстатылған жаяны жеуге болады, өзің ше?
- Маған да жылқы еті ұнайды. Мен қазы жеймін.
- Тәбетің ашылсын!
- Сенің де асың дәмді болсын!
- Рақмет, Ас дәмді болсын!
ІІІ деңгей
Сөйлесуді жалғастырып, өзара сөйлесіңдер.
ІІ деңгей
1. Оқулықты жауып қойып, сөйлесуді қысқаша жазыңдар.
2. Үш сөзге фонетикалық талдау жасаңдар.
І деңгей.
«Асханадағы әңгіме» тақырыбына эссе жазыңдар.
-214630-53975000