Мені? ?аза?станым ?аза? тілінен саба? жоспары


4-сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінен
ашық сабақтың жоспары
Күні:
Тақырыбы: Менің Қазақстаным
Мақсаты:
Білімділік: Жаңа сөздермен таныстыру, оларды оқушылардың белсенді сөздік қосуға жаттықтыру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу әрекетін (оқу, тыңдау) қазақша ойлауын, есте сақтауын дамыту.
Тәрбиелік: Сыныпты татулыққа, ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке, бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, компьютер, сызбалар, тест жинақтары
Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, әңгімелеу, аударма, жаттықтыру.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу.
Тіл дамыту жұмыстары:
Бүгін сыныпта кім кезекші?
Бүгін сыныпта кім жоқ?
Бүгін нешесі?
Бүгін аптаның қай күні?
Күз айларын ата?
Сенің туған күнін күзде ме?
Бүгін ауа райы қандай?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Диалог құрау
ІІІ. Жаңа сабақ. Ой қозғау, жазба жұмысы.

Сөздік жұмысы.
Жаңа сөздерді оқимын, ал оқушылар қайталайды.
Отан-Родина
Мемлекет-государство
Ту-знамя
Елтаңба –герб
Әнұран-гимн
Астана-столица
Мен жаңа сөздерді оқып, оқушыларға қайталатқызамын, сөздік дәптерлеріне жаздырамын.
Оқушыларға отан туралы түсінік беремін. Отан туралы сөйлесіп, сөйлемдерді қазақшаға аударамыз:
Отан-менің Отаным, жер-менің жерім, табиғат-менің табиғатым.
ІҮ. Тапсырмалармен жұмыс.
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқу, аудару.
Қазақстан
Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстанның өз туы, елтаңбасы, әнұраны бар. Қазақстан Республикасының Президенті - Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстанның жаңа астанасы – Астана қаласы. Астана – жас қала. Қазақстан үлкен мемлекет.
2-тапсырма.
Қазақстан Республикасының рәміздері туралы әңгімелесу.



3-тапсырма. Сөздерді буындар,а бөліп, буын түрін анықтау.
Ел-таң-ба
Ас-та-на
Жа-ңа
Мем-ле-кет
Қа-ла
Ал-ма-ты
Оқушыларды 3 топқа бөліп, тапсырма беру: сөздермен
сөз тіркестерін, сөйлемдерді құрастыру.
І топ - Отан, мемлекет
ІІ топ - Ту, елтаңба
ІІІ топ - Әнұран, астана.
4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.
Қазақстан қандай мемлекет?
Қазақстанның президенті бар ма?
Қазақстанның астанасы қай қала?
Қазақстанның бұрынғы астанасы қай қала?
5.Астана – қандай қала?
Ү. Үйге тапсырма. 5-бет 5-тапсырма
ҮІ.Оқушыларды бағалау.