Е?бекке баулу. Ашы? саба? Жа??а? ?абы?ынан тасба?а жасау


Сабақтың тақырыбы: Жаңғақ қабығынан тасбақа жасау.Мақсаты:Білімділік: Оқушыларды табиғаттан алынатын табиғи материал түрімен таныстыру.Дамытушылық: Өсімдік дәндерінен бұйымдар жасауды, түрлі композиция құрастыруды меңгертуТәрбиелік: Табиғи материалмен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауКөрнекілігі: жаңғақтың қабығы, ермексаз, сумоншақ, жалпақ тас.Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық дайындық:Гүл өсірсең терлеп,Мұның аты еңбек.Кесте тіксең зерлеп,Мұның аты еңбек.Қиындықтың бәрінЕңбек қана жеңбек.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру- Үйге қандай тапсырма берілді?- жалпақ тас, жаңғақ қабығын әкелуЕңбек туралы мақал – мәтелдер:
«Еңбек – ер атандырады»«Еңбек етсең - емерсің»«Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті»2. Өткенді қайталау:«Ой шақыру».
Жұмбақтар шешу1. Сырты қатты, іші тәтті? (Жаңғақ)
2. Үйі де жоқ, күйі де жоқ.
Бірақ ,жауыннан да, дауылдан да
Қымсынбайды.
Ыстыққа да, суыққа да шын шыдайды (Өсімдіктер)
2.Дауылға нық күші,
Ағаштың мықтысы.(Емен)
3. Сырты тас, іші ас (Жаңғақ)
4.Жасыл болып жыпырлап өнеді,
Сары болып үзіліп семеді (Жапырақ)Табиғи материалдар табигаттан алынады. Оларды жұлуға, сындыруға болмайды. Өздері жерге түскен соң ғана алу керек.
- Табиғи материалдарға нелер жатады?- Ағаш, жаңғақ, бұтақ, жалпақ тас, топырақ, қағаз т. б.- Жарайсыңдар, балалар, бүгін біздер табиғи материалдардан тасбақа жасауды үйренеміз.Табиғат байлығы алуан түрлі.Жаңа сабақпен таныстыруСлайд: (Табиғи материалдан жасалған бұйымдармен таныстыру, көрсету)Слайдпен тасбақаның түрліше суреттерімен таныстыру.

Жер бетіндегі ерекше тіршілік иелерінің бірі – тасбақалар. Олар орташа есеппен алғанда 200 жылдан астам өмір сүреді.Тасбақаның шөлде де, суда да жүзетін 250-ге жуық түрі бар.  Тасбақа қауіпті жағдайда басы мен аяқтарын жинап сүйекті сауытына тығылады. Тасбақа шөптің арасында далада өмір сүреді. Шөппен қоректенеді. Қыста ол тамақ жемейді. Ол ұйықтайды. Тасбақа екі түрлі болады. Жерде және суда өмір сүретін болады.
Тасбақа пішінінде зергерлік және сыйкәде бұйымдар болады. Оларды асыл тас – оникстен және алтын, күміс, керамикадан жасайды.
Ал біз тасбақаны табиғи материалдан жасап көрейік.
Қажетті материалдар: жаңғақтың қабығы, ермексаз, сумоншақ, жалпақ тас. «Жалғастыр» ойыны:1.... атпа,... сатпа.2.... құссыз көл жетім3. Аққу құсқа оқ тисе,Қанатын суға тигізбес4. Өлең енсе сөз сұлу,... жүзсе - көл сұлу.Кім жүйрік?
Қауіпсіздік ережелерін еске алу:1. Ермексазды аузыңа салма2. Киіміңе жабыстырма3. Соңынын қолыңды жу.
Шыбықты көзіңе жақындатпа.
Тасты лақтырып ойнама.
Жаңғақты дәнінен тазарту үшін үлкендердің көмегін сұра.
Практикалық жұмыс:
Қажетті құрал - жабдықтарды атап, оларды шығарып алу.
Тасбақаның шөл далада кетіп бара жатқан көрінісін құрастыр.Жасалу жолын айта отырып орындау.
Жалпақ тас алып, оны жуып, кептір.
Тастың бетіне ермексаз жапсыр.
Ермексаздың үстіне жаңғақтың қабықтарын төңкеріп жапсырып, тасбақаның денесін сомдап ал.
Тасбақаның аяқтарын жасау үшін, төрт жаңғақ қабығының ішін ермексазбен толтырып, тырнақтың пішінін суреттегідей сумоншақпен келтір.иаяқтарын денесіне ермексазбен біріктір.
Мойны мен басын ермексаздан сомдап, басына жаңғақ қабығын орнат. Көзін, аузын және көзілдіргін ермексаздан жасап, жабыстыр.
Оқушылардың жұмысын бағалау.
Үй тапсырмасы: Жұмыстарын аяқтап келу.
Сабақты қорытындылау: Біз бүгін немен жұмыс жасадық?Табиғи материал деген не? Оны қайдан аламыз?
Тасбақа жауынан қалай жасырынады?
Тасбақаның тіршілігі туралы не білесің?