Хал?ымызды? ?лтты? мерекесі –Наурыз, адам мен таби?атты? ?ндестігі.


«Опорный орта мектебі» мемлекеттік мекемесі.

(ауызша журнал)
Өткізген: Шеберхана меңгерушісі
Д.Маймолдиева
2017 жыл.
Тақырыбы:Халқымыздың ұлттық мерекесі –Наурыз, адам мен табиғаттың үндестігі.
Мақсаты: Халқымыздың мерекелерінің бірі-Наурыз туралы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, балалардың ана тілін , халқымыздың ұлттық мерекелерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Жүргізуші : Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мерекелері бар. Шығыс халықтарының сондай ұлттық мерекелерінің бірі-Наурыз. Наурыз- көктем мен еңбектің ежелгі мерекесі. Тәжіктер мұны «Гүльфанвруз», татарлар «Нардуган» , өзбектер « Новруз» ,гректер « Патрих» деп атаған. Шығыс күнпарағы бойынша күн мен түн теңелетін наурыз айының жиырма екісінде осы Ұлыстың ұлы күні басталады. Сонымен -Халқымыздың ұлттық мерекесі-Наурыз мерекесі –Наурыз, адам мен табиғаттың үндестігі ауызша журналымызды ашық деп жариялаймыз.
Журналымыздың бірінші беті: «Нұр-көктем»
1-оқушы:
Жақындатып өткенге , кеткенге енді,
Көктем келді балбырап көктем келді.
Суық сырған жаныма шуақ құйған,
Осы еді ғой күткенім көптен бері.
2-оқушы:
Шыға келді сыланып сылаң келер,
Қияндағы қиылды қыранға ерлер.
Қызғалдақты кешіп жүр қыр астында,
Мың бұрала жүгірген бұраң белдер.
3-оқушы:
Арда өсіп , адал емген ақ уызын,
Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.
Көк бөрлі байрағын желбіретіп,
Көк түріктер тойлаған Наурызым.
Ән:Наурыз, орындайтын:Асылбекова С.
Журналымыздың екінші беті: «Қазақ елі Наурызды қалай қарсы алған?»
Жүргізуші:
Жаңғырған дәстүр-салтының,
Түзілген бұлақ жылғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке, Наурыз-жыл басы.
Журналымыздың үшінші беті: «Наурыз-думан»
Көрініс: «Наурыз думан» (Ортаға Алдар көсе, Жиренше, Қарашаш сұлу шығады.)
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Той дабылын қағып тұрған.
Наурыз-думан басталды.
Естімеген естіңіздер,
Тыңдамаған тыңдаңдар!
Наурыз-думан басталды!
Бір орында тұрмаңдар.
Жиренше:
Жедел жүріп ортаға жетіңіздер,
Наурызға адал ниет етіңіздер.
Қарсы алып , жылдың басын той тойлайық,
Өнімді еңбек етіп , ой ойлайық.
Қарашаш:
Жүріңдер,Наурыз тойға басып аяқ,
Қалыс адам болмасын некен-саяқ.
Ән шырқап , би билейік қауым болып,
Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.
Жүргізуші:
Ортаға «Наурыз» мерекесінің белгісі әкелінсін. ( Плакатқа салынған Наурыз деген жазуы бар қызғалдақты екі оқушы көтеріп шығады.)
Жүргізуші:
Наурыз күні қазаның ортаймасын,
Еңбекші ел шаттанып той тойласын.
Сонымен «Наурыз» меркесіне арналған «Наурыз- думан» басталды.
(Музыка, жеңіл ойнақы күй орындалады.)
Алдар көсе:
Ассалаумағалейкум, халқым менің,
Ардақты Наурыз тойы салтыңды елім.
Мереке басы болсын берекенің,
Игі еңбектің желісін бәрің терің.
Жиренше:
Алқа –қотан той-думан,
Ортамызды ашалық.
Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу-маржан шашалық.
Жиналған жұрт таң қалсын,
Өнерден күмбез жасалық.
Ән: «Наурыз» орындалады.
Қарашаш:
Жиналдық Наурыз тойға бәріміз де,
Үлкен-кіші ,жасымыз кәріміз де,
Кейіпкері дастан-қисса ертегінің.
Жақсылық тілеп жүрген сірә бізге.
Ортаға ертегі кейіпкерлерін шақырамыз. (Қожанасыр, Тазша бала шығады)
Қожанасыр:
Наурыз тойға жиналған халқым менің,
Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім.
Бүгінгі той, ертеңгі ардақты ісің.
Ғажап болсын таппайтын тепе-теңін.
Келді Наурыз бұла күш, тасқынымен,
Құлпырып , қайта өзгеріп жастығымен.
Жер иіп , тамыр талып, бүршік жарып,
Табиғат ықыласына тас жібіген.
Тазша бала:
Мол болсын ер азамат келешегі,
Еңбекшіл болсын жасың, ересегің.
Шаруашылық өркендеп алға бассын,
Орындалсын Отанға берешегің.
Сәулесі бар Наурызға таңғы үміттің,
Басын қосқан сан халық, сан ғұрыптың.
Ұлыстың ұлы күні көрсетелік,
Белгісін достық пенен мәңгіліктің.
Жүргізуші: «Ұлттық би» Қыздар тобы.
Алдар көсе:
Уа тоқтаңдар жараңдар.
Анау жаққа қараңдар.
Той қазанын күркелеген,
Бұл не қылған адамдар?
Қожанасыр:
Жай адамның бұл емес ,
Меңсұлуы қасында.
Шығайбай ғой шықбермес,
(Шығайбай қасында қазанды жауып отыр, қасында қызы Меңсұлу)
Алдаркөсе қасына келіп :
Не істеп отырсыз байеке,
Жұмыртқа басқан тауықтай.
Қазанға жапқан шапаның ,
Отқа жанса қауіп қой.
Шығайбай:
Қазан жоқ бұл жерде , қазан жоқ.
Тазша бала:
Қуын қара байекеңнің,
Наурыз тойының да қазанын жасырамыз.
(Сол кезде дабыл қағылады)
Алдар көсе:
Аттан, аттаныңдар,
Байеке , бол, тез аттан.
Қасқыр шапты қойыңа !
Шығайбай:
Ойпырмай-ай , бұл қалай ?
(Алқына жүгіріп шығып кетеді)
Алдаркөсе:
Бай асығыс кеттіғой ,
Ас алыңдар, қалмасын суып.
(Домбырада көңілді күй ойналып, Қарашаш шашу шашады.)
Жиренше:
Құлпырған даламызда жасыл желек.
Қызғалдақ гүлге оранған елден ерек.
Мәуелі жеміс бағы , суы шипа,
Тек қана біздің елде болса керек.
Ауызща журналымыздың төртінші беті: «Тіл-халық қазынасы»
Жүргізуші:
Жыл басында ғаламда , табиғатта болатын өзгерістерге сай ана тілімізде әр түрлі аталымдар туындаған.Жыл басында , нұр жауған түн – Қызыр түні.Жыл басында алғаш жауған қар-Ақша қар.
1 оқушы:Жыл басының ал,ашқы күні-Ұлыс күні.
2-оқушы:Жыл басының алғашқы желі- жыл айналып кеткен Алтын күрек.
3- оқушы:Жыл басының алғашқы сүті- Уыз.
4-оқушы:Жыл басының алғашқы асы –Наурыз көже.
5-оқушы:Жыл басының алғашқы белгісі- Көрісу.
6-оқушы:Жыл басының алғашқы сыйтамағы- Ұйқыашар.
7-оқушы:Жыл басының алғашқы тілегі :
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Жүргізуші:
Құтты болсын әр күнің,
Сыйла бақыт баршаға.
Сәбидің әсем шат үнін,
Тыңдат абзал анаға.
Наурыз- достық,наурыз-күн,
Барша халық бірлігі,
Тағы келді ұлыс күн,
Жалғасып ғалам тірлігі.
Сонымен , «Халқымыздың ұлттық мерекесі-Наурыз, адам мен табиғаттың үндестігі» атты ауызша журналымыз аяқталды.