Таби?атты аялайы? т?рбие саба?(3 клас)
Сабақтың тақырыбы: Табиғатты аялайық!"
Мақсаты: Оқушылардың табиғатпен үйлесіміділігін, табиғатты аялау,қорғау туралы түсініктерін молайту,дүниетанымын кеңейту
Міндеттері:
оқушылардың табиғат тіршілік бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігін, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту.
-оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғаттан үндестік таба білуге үйрету.
-ізгілікті, жауапкершілікті, ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері:
Балалар кезекпен өздерінің Жер анаға деген ізгі тілектерін білдіреді.
Тілек
Шөліркемей гүл тұрсын! (сол қолын жайып көтереді)
Жерім жайнап құлпырсын! (оң қолын жайып көтереді)
Нұрын сыйлап біздерге (екі қолын жоғары көтереді)
Көкте мәңгі гүл тұрсын! (екі қолын төбесіне көтереді)
Нұр сыйлаған күн ыстық (қолдарын жаяды)
Ыстық бізге кең өлке (оң жаққа қарайды)
Ыстық бізге тыныштық! (сол жаққа қарайды)
Мәтінмен жұмыс
Қ.Мырза Әлиді «Табиғат тазалығы» атты өлеңі
Сергіту сәті :(музыка)
Жаңа ақпарат
«Адам баласы жаратылысын табиғатпен етене жақын өмір сүріп келеді.
Адам өзіне қажеттісінің бәрін табиғаттан алады.
Табиғат адам үшін жайлы мекен,барлық игіліктердің бастауы.
Адамзаттың әлемде алатын орны зор.
Сондықтан адамзат ғылым мен техника пайдаланудың жаңа стратегиясын
жасамай, өзін-өзі құртып алуы мүмкін. «Табиғат тазалығы-адамзат амандығы»
екенін естен шығармау керек. Адамзаттың басты міндеті-табиғат қуат көздерін орнымен пайдалану, оның әсемдігін сақтау,қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру, мейірімділік нұрын шашу». Мұғалім оқушыларды ақпаратпен таныстыру арқылы адам мен табиғаттың бірлігі, табиғат адамның асыраушысы, панасы,сондықтан оны таза ұстау, мейірімділік қатынас жасау адамның парызы екенін ұғындырады.
Тапсырма
«Табиғат-біздің анамыз,
Біз-табиғатқа панамыз!» деген тақырыпта пікірталас өткізіледі.
Ойын
«Даналық сөздер».
Қоржыннан қандай әріп таңдасаң, қандай әріп шықса, сол әріптен басталатын даналық сөздерді айту керек.
Түйіндеме
Қазіргі уақытта қоршаған ортаның ластанғаны, жоғалып-құру жағдайында екендігі жиі айтылады. Әйтсе де мұны жою немесе түзету оңай шаруа емес екендігі де белгілі. Егер де ғылымда табиғатты тазалауға арналған құрал ойлап табылса да, мұның өзі сыртқы тазалықты сақтау болып қалмақ.Ал адамдарды улап жатқан газ, түтін, улы заттар адамзаттың рухани әлеміне де өз кесірін тигізуде.Адамдардың көпшілігі түрлі ауруға ұшырауда,бұл тек ауа,су, тамақтың ластануынан ғана болып жатқан жоқ.Егер адам баласының рухани әлемі мұншама ластанбаған болса, адамдар барлық сыртқы уларды жоя алатын еді. Бірақ ауру ішкі ластанудан, яғни ойдың, сөздің, істің ластануынан басталады. Осы ішкі ластану сырттай көрініс табады. Нағыз сыртқы өзгеріс ішкі өзгерістен соң пайда болады.Демек, сыртқы әлем рухани әлемнің нақты және материалдық бейнесі.Сондықтан ауырмай, таза болу үшін адам ішкі тазалығына мән беруі керек, яғни ойы,сезімі, тілегі, мұраты таза болғанда ғана, сыртқы әлеммен үйлесімділік болады.
Ойын:
“Табиғаттың жеті кереметіне жеті қадам”
«Табиғатты аялау-өзіңді аялау» атты тақырыпта шығарма жазыңдар.
Жүректен жүрекке
Б.Тәжібаевтың сөзіне жазылған Е.Хасанғалиевтің «Бозторғайым» әні
Қорытынды