Ашы? саба? Ыбырай Алтынсарин


Солтүстік Қазақстан облысы
Уәлиханов ауданы
Бидайық орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Тукеева Әсемгүл
9- сынып. Әдебиет.
Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсариннің әдеби, педагогикалық мұралары
Мақсаты: Ы. Алтынсарин әңгімелеріндегі тәрбие мәселелері, оның этикалық адамгершілік сипаттарын меңгерту; Ыбырай туралы естеліктер, хаттар бойынша оның мектеп, мұғалім, оқулыққа қойған талабы мен козқарасын анықтау.
Міндеттері: 1.Білімділік: Ы.Алтынсариннің әңгімелеріне тоқтала отырып, әңгіменің идеялық мазмұнын талдау, оқушыларға ойландыратын сауалдар бере отырып , пікірін тыңдау, қорытынды жасату, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
2.Дамытушылық: Теориялық білімдерін дамыту арқылы шығармашылық ізденіске баулу.3.Тәрбиелік: Ұлы ағартушының өмірлік ұстанған принциптері мен биік мұраттары болашақтың қамы екеніне тоқтала келіп, оқушының ел, Отан, болашақ алдындағы борышын сезінуге, елін, жұртын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ізденіс - талдау сабағы
Сабақтың типі: реферат қорғауӘдіс - тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау :миға шабуыл,Күтілетін нәтиже:1. Қосымша материалдармен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.. 2. Өз беттерімен ой жинақтауға, саралауға, пікірлерін жаза білуге, пікірлерін қорғай білуге дағдыланады. 3. Бір –бірінің еңбегін талдай, саралай білуге, бағалай білуге жетелейді. .Сабақтың жабдықталуы: Ыбырай Алтынсарин туралы слайд , тірек-сызбаларСабақтың барысы: 1) Психологиялық ахуал:Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Оқушыларды үш топқа бөлу. Бағалау парақтарын топ басшыларына тарату.
Миға шабуыл. Әр топқа алты сұрақ қойылады.
І топ. 1. Ыбырай қай жылы дүниеге келді?( 1841 жыл 20 қазан). 2. Балқожа би кім? (Атасы). 3 Қай жылы мектепке қабылданады? (1850 жылы).4.Ыбырайдың арман еткен мектебі қай қалада, қай жылы ашылды?( Торғай, 1864) 5. Кімге жолдаған хатында он төрт қазақ баласын оқытуға аш қасқырдай кіріскенін баяндайды? (Н. И. Ильминский). 6. Оның поэзия жанрында жазған туындыларын білесің?( «Кел, балалар, оқылық», «Өзен», «Өнер - білім бар жұрттар»).
ІІ топ. 1. Ыбырай қай жерде дүниеге келген?( Қостанай облысы, қазіргі Алтынсарин ауданы). 2. Ыбырай неге әкімшілік қызметтен гөрі мұғалім болуды армандады? 3. Ғалым, профессор В.В. Григорьевпен қай жылы, қай жерде танысады?(1859 жылы, Орынборда). 4. Қай жылы Торғай облысы мектептеріне инспектор болып тағайындалады? (1879). 5. «Қазақ хрестоматиясын» жазудағы басты мақсаты не? 6. Ол қазақ балаларына қандай мектептер ашады? Қандай оқулықтардың авторы?
ІІІ топ. 1. Ыбырай мектепті қай жылы аяқтап шығады?(1857) 1887 жылы қай жерде қыздар мектебін ашты? (Ырғыз). 3.«Қазақ хрестоматиясы» қай жерде, қай жылы басылып шықты?( 1879 жылы, Орынборда). 4. Қай жылы Омбыда тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды?(1881). 5. «Қазақ хрестоматиясын» жазуға не себеп болды? Ыбырайдың оны жазудағы мақсаты қандай? 6. «Қазақ хрестоматиясы» деп аталатын оқулығы қай өлеңімен басталады? Жатқа айтып бер.I топ II топ III топ
«Тәрбие» «Еңбек» «Отбасы»
Жаңа тақырып. Мұғалім сөзі.
Әмина. Реферат тақырыбы: Ыбырай туралы естеліктер, хаттар бойынша оның мектеп, мұғалім, оқулыққа қойған талабы мен көзқарасын анықтау.
Эмир. Реферат тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелеріндегі тәрбие мәселелері, оның этикалық адамгершілік сипаттары.
Әйгерім. Реферат тақырыбы: Болашақ қазақ мектебі қандай болуы керек? Ы. Алтынсариннің педагогикалық мұрасының болашағы бар ма?
І. Тақырыпты зерттеудің негізгі мақсаты. Осы мәселені шешу мақсатында мына мәселелерге көңіл бөл:
1. Тақырып бұрын сөз етілген бе, ол туралы қандай еңбектер бар?
2. Ол еңбектердің маңызы неде деп түсінесің?
3. Қандай пікірлерге сын айта аласың?
Ескерту: ғылыми еңбектерден нақты мысалдар, дәйектемелер ала отырып, ойыңды дәлелді түрде жеткізуге тырыс.
ІІ. Зерттеудің қарастыратын, шешетін негізгі мәселелері.
Өз еңбегіңнің негізгі мақсаты қандай? Қандай мәселені айрықша көтермекшісің?
Еңбектің маңызын қалай түсіндірмекшісің?
ІІІ. Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Тақырып бойынша өзіңнің «ашқан жаңалықтарың»? Тың пікірлерің?
- Өз пікірлеріңді ғылыми шындыққа сәйкес деп есептейсің бе?
- Реферат қорғау кезінде осы пікіріңді, жаңалығыңды дәлелдеуге тырыс.
Топтардың бір -біріне қоятын сұрақтары:
1.Қалай ойлайсыңдар, Ыбырайша тәрбиенің ең басты көзі неде деп ойлайсыңдар?
2.Ол әсіресе тәрбиенің қандай саласына ерекше назар аударған?
3.Өзің кейін педагог болсаң, ұлы ұстаз мұрасынан не алар едің?
4.Ы. Алтынсарин мұраларының бүгінгі ұлттық мектептер үшін маңызы бар ма? Ұлттық тәрбиеге ше?
5.Оның мектеп, мұғалім туралы пікірлерінің бүгінгі талаппен астасып жатқаны бар ма?
I топ
1. Топқа әңгімелердің аттары жазылған карточка таратылады . Топ өзіне берілген тақырыпқа қатысты әңгімелерді жинақтайды.
Бақша ағаштары», «Талаптың пайдасы», «Сәтемір хан», «Атымтай жомарт», «Әке мен бала»,«Мейірімді бала», «Аурудан аяған күштірек», «Алты»,«Әдеп», « «Тышқанның өсиеті», «Зеректік», «Өрмекші , құмырсқа, қарлығаш»,
Еңбекке баулитын әңгімелері: «Өрмекші , құмырсқа, қарлығаш», «Сәттемір хан», «Атымтай жомарт», «Әке мен бала».
Адамгершілікке баулитын әңгімелері: «Мейірімді бала», «Ауруды аяған күштірек», «Алтын шекілдеуік», «Әдеп»
Тәрбиеге баулитын әңгімелері: «Бақша ағаштары», «Талаптың пайдасы», «Тышқанның өсиеті», «Зеректік».
2.Тәрбиеге арналған шығармаларына сай келетін мақал-мәтелдерді жаз.
II топ
Топ әңгіме мәтініне талдау жасайды:
Авторы
Әңгіменің аты, жанры
Тақырыбы , идеясы
Кейіпкерлері
Композициялық талдау((Әңгіменің басталуы, әңгіменің дамуы,
әңгіменің байланысы, әңгіменің шиеленісуі, әңгіменің шешімі)
Бүгінгі өмірмен байланысы
«Әдеп»
Бір жұрттың бас әкімі екінші бір байға жолығысып сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы мұжық өтіп бара жатып иіліп, басұрып сәлем берді дейді. Оған қарсы әлгі үлкен әкім төре онан да төменірек басұрып сәлем алды. Қасындағы бай: - Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, осы бір мұжыққа неге сонша басұрасыз? - деп айтты дейді. Сонда әкім: - Ешбір ілім-білім үйренбеген мұжық сонша иіліп, әдептілігін көрсеткенде, мен онан әдепсіз болып қалайын ба? - деді дейді.
«Мейірімді бала»
Қытай жұртында ескі заң бар, біреуді алдағандығы мойнына түскен кісінің қолын кесетұғын. Бір төре осындай іспен күнәлі болып, әлгі айтылған жазаны беруге тұрғанда, күнәлі төренің жас қыз баласы әкем үшін жауап беремін деп, мәлім болды. Қызды патшаға алып келісті. - Тақсыр патшам,- деді қыз,- менің әкем жазаға лайық болғаны рас, соның үшін қолынан айрылуы керек болды, мінекей, тақсыр, әкемнің қолы,- деп өзінің қолын көтерді.
III топ . Болжау бөлімі
Ойтолғау. Ы. Алтынсаринді біздің заманымызға бір сәтке алып келіп, бүгінгі өмір , техника жаңалықтарымен таныстырса, әңгімелерін басқаша жазар ма еді.
I топ «Малды пайдаға жарату»
Бір үйші жұмысымен кеп мал тауып тұрса да, сонша азбен қанағат етіп, аз жұмсап тұрады екен. Бір күні көршісі сұрады: - Осы сен бай бола тұрып, малыңды қай жаққа жібересің көзге түсетін еш нәрсең көрінбейді,- деді. Үйші айтты: - Тапқан малымның бір бөлімімен борышымды өтеймін, бір бөлімін өсімге беремін. Көрші: - Қойшы, батыр, сенің борышың бар ма еді және өсімге қашан ақша беруші едіқ? - деді. Үйші айтты: - Қарт әке- шешеме берген ақшаларымды өтеп тұрған борышым деп білемін, өзімнен туған балаларға оқу оқытуға, асырауға шығарған малымды өсімге берген мал деп білемін. Балалар адам болып, біз қартайғанда жақсы асыраса, олардыдңборышымды өтегені емес пе,- деді.»
4. Зияткерлік тест
Шашылған сөздерден сөйлем құра. Қай шығармадан алынған?
I топ
А) ауырды,жәшігімнің ,салдым, мен, ішіне, жеңілдететін,бір, шөп. (Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым.) «Асыл шөп»
Ә) барында, жоқ, бағу-қағуда, шек, көп, шырағым, мағына. (Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым.) «Бақша ағаштары»
Б) тап,көп, жұмысты, аз, қиынсынсаң, боласың, жұмысқа. (Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боласың.) «Әке мен бала»
II топ (Сәйкестендір) III топ
Артық кейіпкерді тап, әңгіменің атын жаз
-         Өрмекші, қоңыз,қарлығаш, құмырсқа. «Өрмекші қарлығаш, құмырсқа»
-         Зылиқа , Петр Великий; Батима «Асыл шөп»
-         Әлім, жылан, патша, айлакер бала. «Баланың айласы»
Үйге тапсырма:
1.“Ыбырай ізімен” (адамгершілік, еңбек тақырыбына әңгіме құрастыру).
2.Абайдың жыл мезгілдеріне арналған шығармаларын біліп келу.
Қорытындылау
Ыбырай жалаң үміттің емес, өз кезінің ең әсерлі, ықпалды жаңашыл жазушысы. Оқушы жастардан бастап, бүкіл халыққа пайдалы ең жақсы әдет- салттарды, өмірге тиімді кәсіп түрлерін, озат оқу білімді, адамгершілік қасиеттерді сіңіру үшін күресті. Бұл мәселелер Ыбырай кезінің сол дәуір ұсынған ең келелі де керекті жаңа тілектері еді.
Ыбырай шашқан тәлім тәрбие ұрығызая кеткен жоқ. Ыбырай мектебі кейін қазақ ішінде білім ошағының жүздеген жаңа орындарына негіз болды.