?аза? тілі п?нінен саба? жоспары та?ырыбы: Негізгі ж?не туынды еліктеу с?здер (6-сынып)



Мұғалім: Шарпекова А.С. Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Есілбай жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Күні:
Сынып: 6
Пән: қазақ тілі
Тақырып: Негізгі және туынды еліктеу сөздер Оқу құралдары: Қазақ тілі. Исаев К., Назарғалиева Ж., Ж.Дәулетбекова. – Алматы «Атамұра» 2011 Сабақтың мақсаты: Еліктеу сөздердің құрамдық ерекшелігін, басқа сөз таптарынан айырмашылығын таныту, өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып, білім, білік дағдыларын қалыптастыру. Ойлау, іздену, қиялдау, елестету, ой қорыту, өз ойларын дәлелдей білу дағдыларын шыңдау, тұрақты дамуға ықпал жасау. Күтілетін нәтиже: 1. Еліктеу сөздердің құрамдық түрлерін, жасалу жолын, басқа сөз таптарынан ерекшелігін түсінеді;
Мәтіннен, көркем шығармалардан еліктеу сөздерді тауып, түрлеріне қарай ажыратып, семантикалық картамен жұмыс жасайды;
Еліктеу сөздер тақырыбына қорытынды тест жұмысын жазу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Қысқа мерзімді сабақ жоспары

№ Кезең Уақыт Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушылардың іс- әрекеті
1 Психологиялық ахуал 3 мин
мин І. Сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аударту. Сергіту сәті «От шашу»
Сыныпты ауыз әдебиетінің түрлеріне қарай топқа бөлу, тақырыпқа және топтың атына сай мақал, жұмбақ айтқызып, сабақты бастау. (1,2,5,6,7-модуль)
Критериалды бағалау парағымен таныстырып, тарату. (3 модуль) Сергіту сәтін жасайды «От шашу» 1-топ Мақал-мәтел
2-топ Жұмбақ
2 Үй тапсырмасы мин ІІ. Үй тапсырмасын тексереді (1,2,3,4,6-модульдер) 305, 306- жаттығу. Оқушылар бір-бірінің дәптерлерінен бірінің жазғанын бірі кезектесіп оқиды
3 Білу мин ІІІ. «Ой қозғау» (түрткі тастау) Берілген сұрақтарға сыни тұрғыдан ойланып, жауап беру, мысалдар келтіру (1,2-модуль) 4 Түсіну -Балалар, біз еліктеу сөздің мағынасына қарай еліктеуіш және бейнелеуіш болып бөлінетінін білдік, одан басқа қандай түрі бар деп ойлайсыңдар? (Интербелсенді тақтадан мысалдар көрсету)
Жұлдызшаның ішіндегі сөздерге мән беріп қараңдар. Сөздің түбіріне, құрамына назар аударайық, не байқадық?
Жаңа тақырыпты интербелсенді тақтадан көрсетеді, мысалдар келтіреді.
Ал енді басқа сөз таптарынан қандай айырмашылығы бар? Сендер еліктеу сөздерге дейін сөз таптарының 6 түрімен таныстыңдар, еліктеу сөздердің олардан ерекшелігі бар ма?
Оқушы жауаптарын тыңдап болған соң, интербелсенді тақтадан Венн диаграммасымен салыстыру.
Еліктеу сөздер Ұқсастығы Басқа сөз таптары Оқушылар интербелсенді тақтадан көрген сөздердің түбірін, жұрнағын ажыратып, бүгінгі сабақты өздері анықтайды.
Оқушылар қойылған сауалдарға жауап бере бастайды.
5 Қолдану мин ІV. Мағынаны тану.
1-тапсырма. (3 минут) Зерттеушілік әңгіме (1,2,3,5,6,7-модульдер) Оқулықтағы жаттығумен жұмыс.
2-тапсырма. (3 минут) (1,2,3,5-модульдер) Семантикалық картаны ұсынады
3-тапсырма. (3 минут) (1,2,3,5-модульдер) Бағандағы еліктеуіш сөздермен етістікті жұптастырып, сөйлем құрауды ұсынады.

1-тапсырма. (3 минут) Мәтіннен еліктеу сөздерді тауып, түрлеріне қарай ажыратып жазады.
1-топ Мақал-мәтел 310-жаттығу
2-топ Жұмбақ 311-жаттығу
2-тапсырма. (3 минут) Оқушылар өздеріне берілген берілген семантикалық картаны толтырады.
мысал дара күрделі негізі Туын-ды Елік- теуіш Бей-нелеуіш
Елпең Жарқ-жұрқ Дома-лаң Ду-ду Тық Сы-қыр Қай-қаң 3-тапсырма. (5 минут) Бағандағы еліктеуіш сөздермен етістікті жұптастырып, сөйлем құрайды
Сылқ Сөйледі
Сақ-сақ Тамшылады
Күбір-күбір Күй төкті
Күмбір-күмбір Құлады
Тырс-тырс Күлді
6 Талдау 5 мин V. Тест жұмысы. Еліктеу сөз тақырыбына алған білімдерін тексереді. V. Тест жұмысы. Еліктеу сөз тақырыбына алған білімдерін тексеру мақсатында әр топ 5 сұрақтық тест жұмысын орындайды.
1-топ. Мақал-мәтел
1.Еліктеу сөзді тап:
А) ағарады
В) гүр-гүр
С) бүлдіреді
Д) илекте
2.Бейнелеуіш сөзді тап:
А) тарс
В) жалт-жұлт
С) сыңғыр
Д) арс-арс
3.Негізгі еліктеу сөзді тап:
А) шұбартөс
В) қыңқ
С) елпең
Д) күркіре
4.Туынлы еліктеу сөз жасайтын жұрнақты тап:
А) –ша,-ше,-қы,-кі
В) -аң,-ең,-ың,-ің
С)- ыс,-іс,-ым,-ім
Д)-а,-е,-ар,-ер
5.Күрделі еліктеу сөз қатысқан сөйлемді тап
А) ...сауға,-деді саңқ етіп
В) даусы қатты шықты
С) шаңы бұрқ етті
Д) мылтық дауысы тарс-тұрс естілді
2-топ. Жұмбақ.
1.Көмекші етістікпен тіркескен еліктеу сөзді тап:
А) Ол сақылдап күлді
В) Сейіт күтпеген сөзге селк етті.
С) Су сылдыр-сылдыр ақты.
Д) Аулада жыбырлаған жан жоқ.
2.Аң қимылын бейнелейтін бейнелеуішті тап.
А) тырс
В) жалт
С) маймаң-маймаң
Д) тарс
3.Қажетті еліктеу сөзді тауып қой. Қарға.... етті.
А) бұрқ
В) сарқ
С) қарқ
Д) сарт
4.Бейнелеуішті белгіле
А) күні-түні, әрі-бері
В) үлкенді-кішілі
С) тыпың-тыпың, жыбыр-жыбыр
Д) әкелі-балалы, балалы-шағалы
5.Еліктеу сөзді тіркесті тап
А) сылқ-сылқ күлді
В) емін-еркін отырды
С) мыңға жуық
Д) әттең, естімедім-ау
7 Жинақтау 5 мин VІ. Ой қорыту. (2,5,7-модульдер)
«Алты қалпақ» әдісімен сабақты әр қырынан салыстырып, зерттеп, талдап қорытынды жасауды ұсынады Оқушылар «Алты қалпақ» әдісі арқылы сабақты әр қырынан салыстырып, зерттеп, талдап қорытынды жасайды.
8 Бағалау 1 мин VІІ. Бағалау. (3-модуль)
«5»-13-15 балл
«4»- 10-12 балл
«3»- 7-9 балл
«2»-0-6 балл Әр топты алдын ала таратылып берілген критериалды бағалау бойынша топ басшысы бағалайды.
9 Рефлексия 5 мин
2 мин. VІІ. Рефлексия. «Шатасқан логикалық тізбек» әдісін оқушыларға ұсынамын. Оқушыларға екі түрлі конверт ұсынамын. Конверт ішінде сөздер шашыраңқы берілген, сол сөздерді құрастырып бір сөйлем шығару керек.
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалауды ұсынады. (1,2,3-модульдер)
Әр топтан топ басшысы шығып, екі түрлі конвертті таңдап алады да тобымен ортақтаса отырып, тапсырманы орындайды.
1-топ
2-топ
Әр топ бір-бірін бүгінгі сабақта қалай жұмыс жасағандары жөнінде «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.
10 Үйге тапсырма 1 мин Үй тапсырмасын береді. 312-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті еліктеу сөздерді қойып, көшіріп жазыңдар.
313-жаттығу. Жұмбақтағы еліктеуіш сөздерді тауып, жаттап келіңдер