Негізгі ж?не туынды зат есім ?аза? тілі 3 сынып


Оқу ісінің меңгерушісі __________________________________________________
Сабақтың атауы Негізгі және туынды зат есім 13.02.2017 ж.

Мақсаты
Міндеттері
Күтілетін нәтиже:
Сабақтың типі: Сабақтың түрі: 
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың принциптері:
Сілтеме:
Сабақтың технологисы: Негізгі және туынды зат есім туралы түсінік беріледі, зат есім туралы білімдері толықтырылады.
1 Оқушыларға өз бетімен жұмыс жасату арқылы «негізгі және туынды зат есім» туралы теориялық ұғым қалыптастыру,
2 Дамыта оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін, ғылыми ойлау жүйесін дамыту.
3 Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Негізгі және туынды зат есімді ажыратады, туынды зат есім жасай біледі.
Жаңа сабақ.
Шығармашылық-ізденіс, аралас сабақ.
Сұрақ-жауап, жаттығу,оқулықпен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс, өз бетінше жұмыс, көрнекіліктер, ойын, сергіту сәті, ажырату, дәлелдеу, іздену, салыстыру, ой қозғау, талдау-жинақтау.
Суреттер, тірек-сызбалар, ойын құралдары, тапсырмалар,
интерактивті тақта, слайдтар.
Біртұтастық, жүйелілік.
Қазақ тілі оқулығы.
Дамыта оқыту технологиясы.
Психологиялық ахуал Айналаға алақанмен,
Жылулықты шашайық.
Сәттілік тілеп күлімсіреп,
Біз сабақты бастайық
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Тақтада қыс көрінісі.
1-слайд. 
М. Қазір жылдың қай мезгілі?
М. Қыстағы табиғат құбылыстарын атаңыздар?
Олай болса мына аққалалар бойынша топтарға болінеміз О. Қыс мезгілі.
О. Қар жауу, мұз қатады, аяз түседі, боран соғады, қырау қатады, дала ақ мамыққа оранады.
«Сөз таптары» арқылы топқа бөлу 1-топ «Сын есім» ережесін айтқызу (тәтті, биік, әдемі, көк, ауыр)
2-топ «Сан есім» ережесін айтқызу (үш, жетінші, алтау, он бес, екіден бір)
3-топ «Етістік» ережесін айтқызу (жазу, оқыды, отыр, жуынды, ұшады) Топтарға бөлініп отырады
Қызығушылықты ояту
Психологиялық сәт:
М. Жақсы Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дана тілім – деп ақындарымыз айтқандай «қазақ тілі» сабағымызды бастайық.
Мағынаны тану
Жаңа материалды игеруге дайындау кезеңі.
2- слайд .Интерактивті тақтада мына сөздер көрсетіледі
Ас – астық, дос – достық, бала – балалық, қыр – қырат, кезек – кезекші, іс – іскер, ән – әнші,
кітап – кітапхана, көз – көзілдірік, сөз - сөздік
Сөздерді оқыту, әр сөздің мағынасын ашу, сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырату.
М. Қандай ерекшелік байқадындар?
О. Барлық сөздің түбірі бірдей.
М. Ондай болса, қандай қорытынды жасауға болады?
О. Бір түбірден мағынасы өзгерген туынды сөз жасауға болады. 3, 4 оқушы өз ойларын айтады.
ІV. Жаңа білімді игеру кезеңі.
М. Олай болса, тақтаға қарап ережені хормен оқиық.
3- слайд. Ереже. Зат есім негізгі және туынды болып бөлінеді. Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім дейміз: ана, жер, көз. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейміз: іскер, байлық, кезекші.
М. Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Негізгі және туынды зат есім» деп аталады.
М. Енді, балалар, сабағымызды бастамас бұрын, біз зат есім туралы тағы не білеміз, қане, есімізге түсірейік.
О. Не? нелер? кім? кімдер? деген сұрақтарға жауап береді. Жалпы және жалқы зат есімдер болады мысалы: күйші, көше, өзен – жалпы есім; Дина, Құрманғазы, Ертіс, Абай – жалқы есімдер. Жалқы есімдер бас әріппен жазылады. Зат есімдердің жекеше және көпше түрлері болады: жекеше түріндегі зат есімдер кім? не? деген сұрақтарға жауап береді, мысалы: сабақ, құжат, парақ; көпше түріндегі зат есімдер кімдер? нелер? деген сұрақтарға жауап береді, мысалы: қаптар, әжелер, бишілер.
4 -слайд. М. Жақсы енді оқулықтың 150 бетін ашамыз, 19-жаттығуға назар аударыңдар. Сөздерді салыстырып оқы, олардың әрқайсысына сұрақ қой, айырмашылығын байқа.
5 -слайд. М. Жақсы дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазайық. 20, 22-жаттығуды орындау.
6 -слайд. Топпен жұмыс. «Конверттегі тапсырма»
1-конверттегі тапсырма. Берілген зат есімдерден туынды зат есім жаса Кітап, дос, егін, орын
2-конверттегі тапсырма. Көп нүктенің орнына негізгі зат есімді қойып жаз. .....-кезекші, ....-сызғыш, ....-көлшік, ....-сөздік.
3-конверттегі тапсырма. Туынды зат есімдердің түбірі мен жұрнағын белгіле. Суретші, қапшық, сусын, үйшік
Әр сөздің мағынысын оқушылар өздері айтып отырады.

7- слайд. «Кім тапқыр?» ойыны
сөздер түбір сөз жұрнақ жалғау
1 сурет + суретте +
суретші + 2 мал + малда +
Малшы + М. 8- слайд. Ойын тапсырма «Спортшыға не жетіспей тұр?»
Қазір жылдың қай мезгілі?
О. Қыс.
М. Қыста ойнайтын қандай қысқы ойын түрлерін білесіңдер?
О. Шаңғы тебу, коньки тебу, сырғанақ тебу, т.б.
М. Өте жақсы. Олай болса, мына ойын-тапсырманы орындайық.
Тақтада шаңғышы, шанашы, конькиші суреттері көрсетіледі.
М. Бұл спортшыларға не жетіспей тұр?
О. Шаңғышыға шаңғы жетіспейді.
М. Олай болса, 1 тапсырманы дұрыс орындасаңдар, шаңғышы өз шаңғысын ала алады.
Суретші, ойпат, сыйлық, Айдын, қалам, өнер, Астана, Абай, балық, үйшік, Құлагер, құлыншақ, көл, шаңғы, Келдімұрат.
1 топ. Негізгі зат есімдерді жаз. (ойпат, өнер, балық, көл, шаңғы)
М. 2 тапсырманы орындасақ, конькиші өз конькиін ала алады.
2 топ. Туынды зат есімдерді жаз. (суретші, сыйлық, үйшік, құлыншақ, сызғыш)
М. Ал сырғанақта ойнау үшін не жетіспейді?
О. Шана.
М. Бала шанасын алу үшін мына тапсырманы орында.
3 топ. Жалқы есімдерді тауып жаз. (Айдын, Астана, Құлагер, Абай, Келдімұрат)
Оқушылар тапсырманы дұрыс орындағанда спортшылар суреті көрсетіледі. Әр оқушыны мадақтау.
9 -слайд. Сергіту сәті «Ойлан тап» ойыны.
Ойын мақсаты: Суреттердің атын атап, жұрнақ жалғап, туынды зат есім жасау, жаңа тақырыпты игергеніне көз жеткізу. Туынды зат есімдерді қатыстырып сөйлем құрайды.
Тақтада қой, етік, үй, бес, домбыра, мүсін, қобыз, жылқы суреті көрсетіледі. Олардың әр қайсысына сөйлем құрайды.
10 -слайд. Ой толғаныс «Тамшыларды көлшікке түсіру» ойыны
Бұлттан жауған тамшыларды негізгі және туынды зат есімдер жазылған, негізгі зат есімдерді «негізгі зат есімдер» деп жазылған, туынды зат есімдерді «туынды зат есімдер» деп жазылған көлшіктерге түсіру
Міне, балалар, бұлт кетіп күлімдеп күннің көзі шықты.
11 -слайд. Бекіту «Өзіңді тексер!» тест тапсырмалары1. Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөз табыа/ Зат есім
ә/ Етістікб/ Сын есім
в/ Сан есім2. Негізгі түбірден болған зат есімді .... дейміз.а/ жалқы есім
ә/ туынды зат есімб/ негізгі зат есім дейміз
в/ жалпы есім3. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді ....... дейміз.а/ жалқы есім
ә/ туынды зат есімб/ негізгі зат есім дейміз
в/ жалпы есім4. Негізгі зат есімдер қатарын көрсет.а/ Ән, еңбекқор, сыйлықә/ Өнерпаз, оқулық, ұшқышб/ Көл, балық, күйв/ ұстаз, жылқылар, кемеде5. Туынды зат есімдер қатарын көрсет.а/ Мүсін, күйші, еңбекқорә/ Орындық, жылқышы, асханаб/ Өрмекші, шахмат, сыйлықв/ Тау, бұлт, өзен
12 -слайд. Қорытындылау М: сонымен, балалар, қай жыл мезгілі деп айтып едік?
О: қыс.
М: Жақсы, олай болса мына өлең жолдарын хормен айтамыз.
Біз қандаймыз,қандаймыз,
Жаңа жауған қардаймыз.
Ақпыз, пәкпіз, тазамыз,
Біз білімді баламыз
М: Өмірлерің қыстың аппақ қарындай ақ, таза болсын деп тілей отыра бүгінгі сабақта көрсеткен білімдеріңді мынадай ақша қарлармен бағалаймын.
Оқушылар қаршалармен бағаланады.
13 -слайд. Үйге тапсырма 150-151 беттер 23-жаттығу
ЕРЕЖЕ ЖАТТАУ
Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау