Сайыс саба?: Жігіт с?лтаны


ЖІГІТ СҰЛТАНЫҚұрметті ата - аналар , балалар және қонақтар !
Береке де осында,Мереке де осында.Болып жатыр той-думан,
Қырандардың қасында ,-дей келе , ортаңғы топ ұлдары арасында өткізгелі тұрған «Жігіт сұлтаны» сайысын ашық деп жариялаймыз .Асқақтаған ән дайын ,Күмбірлеген күй дайын .Ал , қанекей қырандар !Босқа қарап тұрмаңдар .Бастап жігіт өнерін ,Алыстарға самғаңдар , -деп сайыскерлерімізді қошеметпен қарсы алайық .Сайысымыздың жоспарымен таныстыру:І . «Мен қазақтың ұлымын» таныстыру .ІІ . «Өнерлінің өрісі кең» өнер көрсету .ІІІ . «Адам көркі-шүберек» сән көрсетілімі .ІV . Қорытынды .
Келді міне , бүгін сыналуға ,Сын алып үлкендерден үлгі алуға .Салты бар өнерлі осы ортада ,Берер деп әділқазы әділ баға .
Әділқазы алқасымен таныстыру .Сайыскерлер өз номерлерін анықтау .Беташарын сайысымыздың бастайық ,Көрерменді бір серпілтіп тастайық .Сайыскерлер таныстырып өздерін ,Білгірлерді ду қол соғып қостайық .Таныстыру .Той пердесін ашайық ,Тойға шашу шашайық .Қонақтарды құрметтеп ,Би қимылын жасайық .Би: «Қазақша».Ал , кімнің өнері бар қаншалықты ,Би билеп , ал біреуі ән салыпты .«Өнерлінің өрісі кең» байқауында ,Қол соғып , барша халық тамсаныпты .Өнер көрсету .Мың бұралып би билеп ,Шығамыз біз ортаға .Бүгінгі той тамаша ,Қуанамыз балаша .Жаңылтпаш айту .Білім оймен арымыз ,Рухани нәріміз .Сайыскерлер сіздерге ,Қол соғамыз бәріміз .Сән көрсетілімі .Құлақтан кіріп бойды алар ,Әсем ән мен тәтті күй .Көңілге түрлі ой салар ,Әнді сүйсең менше сүй .Ән: «Айгөлек» .Ат өнері білінбес ,Бәйгеге түсіп жарыспай .Ер өнері білінбес ,Қоян-қолтық алыспай .Мың бұралып би билеп ,Ән де салып береміз .Осылайша шаттықпен ,Біздер өсіп келеміз .Әділқазы ларға сөз . Марапаттау .Қорытынды :Бүгін міне , оң болып әр сөзіміз ,Жоғары боп күш-жігер намысымыз .Осылайша қуанышпен думандатып,Аяқталды халайық сайысымыз .
Қымбатты бүлдіршіндер жеңістеріңіз құтты болсын , биіктерден көріне беріңіздер .