?аза? тілі саба?ы. та?ырыбы:Зат есім. 3-сынып
Қазақ тілі. 3-сынып
Сабақтың тақырыбы: Зат есім 04.02. 16 ж.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға зат есім жайлы түсінік бере отырып, сұрақтар қоя білуге үйрету.
Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сауатты, көркем жазуға, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге баулу.
Көрнекі- құралдар: оқулық, дәптер, суреттер,шығармашылық тапсырмалар.
Сабақтың түрі: топтық
Сабақтың әдісі: жұптық әдіс, өз бетімен жұмыс, өзі-өзін бағалау әдісі.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, оқушыларды түгендеу. Сабаққа дайындық.
Cабақтың ұраны:
Қазақ тілім - өз тілім дана тілім.
Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым қазақ тілім.
Психологиялық дайындық:
Жарқырап күн де ашылды,Айналаға нұр шашылды.Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.Мақсатымыз - білім алу,Міндетіміз - еңбектенуЕңбектену арқылы“5 “- ке қолды жеткізу!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
5- жаттығу. Мақалдарды көшіріп жазу. Зат есімдердің астын сызу.
Зат есімдер сөйлемнің қандай мүшесі болып тұр?
Сызықшаның қойылу себебін түсіндіру.
Жаттығуды оқыту арқылы тексеремін.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
IV. Жаңа сабақ: Зат есім
жаттығу. Өлеңді жатқа жазу.
Зат есімнің жекеше түрінің астын бір сызықпен, көпше түрінің астын екі сызықпен сызу.
Зат есімнің көпше түрінің жалғауларын айту.
2-жаттығу. Суретке қарау. Суретте кімдер және нелер бейнеленген ? жауап жазу.
Кім? кімдер? Қыздар , ...
Не? нелер? Қар , мұз, ...
Сурет бойынша мәтін құрастыру. Мәтінге ат қою.
V. Сергіту сәті:
Жазып жазып бәріміз,
Талып қалды қолымыз.
Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш,
Отырамыз біз тыныш.
3-жаттығу. Өлеңді оқу. Алдымен пайдалы қазбаларды, содан кейін жеміс аттарын теріп жазу. Оларға сұрақ қою.
Жерді неге алып сандық пен қазанға теңейді?
4-жаттығу. Мәтінді оқу. Баланың жауабынан зат есімдерді табу. Ол сөздерге сұрақ қою.
Адам бойында тағы қандай жақсы қасиеттер болуы керек ? Жазу.
VI.Ой толғаныс.• Зат есім дегеніміз не? Кәне осы зат есімге топтастыру әдісі арқылы тапсырманы орындайық.
Заттың аты Кім? Не? Кімдер? Нелер?
Зат есім
Жер-су атауы
Жануарлар атауы
Адамның атауы
VII. Сабағымызды қорытындылайық: себеттен жеміс алу арқылы сұрақтарға жауап берейік.
• Зат есімнің ережесін кім айтады?
• Зат есімнің сұрақтарын атаңыз
• Зат есімге мысал келтір және сұрақ қою
• Сөйлем ішінен зат есімді табу. Далада боран соғып тұр.
• Жылқы суыққа төзімді жануар. Зат есімді табу.
VIII. Үйге тапсырма: 5-жаттығу.
Оқушыларды мадақтау, бағалау.
Тексерілді: 04.02.16 ж.