Е? к?ріксіз г?лдер Жа?сыбай Арда? Ермек?ызы А?т?бе облысы, Ойыл ауданы, Са?а мектеп-балаба?шасыны? биология п?ігі м??алімі
Бекітемін: Г.Бахтыгереева
Сынып:6
Мерзімі:
Ең көріксіз гүлдер
Мақсаты: оқушыларды әлемдегі ең көріксіз гүлдер түрлерімен таныстырып, олар туралы қызықты мағлұматтармен қамту.
Гүлді өсімдіктердің барлығының бірдей гүлдері қызыл, көк, көгілдір түсті болмайды. Олардың ішінде гүлдерінің түсі көп байқалмайтын реңсіз түрлері болады. Мұндай гүлдер көбінесе ағаштектес өсімдіктерде кездеседі.
1.Қайың – бір үйлі өсімдік, себебі аталық гүлдері мен аналық гүлдері бір өсімдікте жетіледі, дара жынысты. Аталық және аналық гүлдері топтанып, сырға гүлшоғырын құрайды. Аталық гүлшоғыры ұзын сырға тәрізді, аналық гүлшоғыры – қысқа жіңішке сырғагүл. Гүлдей бастағанда сарғыш – қызғылт түсті аталық сырғагүлі ұзарып, онда көптеген аталықтар жетіледі. Аталық гүлінің гүлсерігі жарғақ тәрізді, 2-4 аталығы болады, аналықты тозаңдандырған соң сырғагүл шоғыры тұтасымен қурап, үзіліп түседі. Аналық сырғагүл шоғыры қысқалау, жасыл түсті. Аналық гүлде гүлсерігі болмайды. Тозаңданар кезде аналығының қостелімді аузы ұзарып, қызғылт түсті болады. Тозаңданған соң ағаш басына үзіліп түспей, жеміс болып дамиды. Қайың жел арқылы айқас тозаңданады.
2.Кәдімгі емен – бір үйлі өсімдік. Оның алдымен аталық гүлдері жетіледі. Жапырақ қолтығында орналасқан аталықтары сирек жасыл түсті сырғагүл шоғырына топтасқан,аталығының саны-6,гүлсерігі өте нашар дамыған. Аналық гүлі 1-ден 3-ке дейін шоқталып орналасады. Әр гүлінің сыртын қаптап тұратын өсіндісі бар, ол түспей, жаңғақ жемісімен бірге өседі. Жемісі үлкейгенде бір ұшында кигізген «тақия» сияқты жабысып тұрады, кейін жемісі әбден піскен кезде тақиясы түсіп қалады. Аналығының аузы үштелімді.
3.Тал- жапырақ жайғанға дейін гүлдейді. Гүлдері ұсақ даражынысты, екі үйлі, сырғагүлшоғырына жиналған. Гүлдерінде гүлсерігі болмайды. Аталық гүлінде 2-ден аталықтар болады, аналығы біреу. Жәндіктер арқылы айқас тозаңданады.
4. Көктерек – жапырақ жаймай тұрып гүлдейтін,екі үйлі өсімдік. Аталық гүлі сырға гүлшоғырына топтасқан. Ашық қызыл түсті аталықтары гүлшоғырын қызғылт түске бояйды. Аналық гүлі жасылдау, ұсақ, бір аналығы болады. Гүлдеп болған соң аналық сырғагүл өсіп жеміске айналады.
5. Жөке- басқа ағаштарға қарағанда жөкенің гүл құрылысы ерекше. Гүлі қосжынысты дұрыс гүл, 5 тостақанша, 5 күлте, 5 аталық, 5 ұялы аналықтан тұрады. Өте қош иісті болғандықтан аралар арқылы айқас тозаңданады.
1-тапсырма
Қайың, кәдімгі емен, тал, көктерек, жөке ағаштарының гүлдерін салу