Жамбыл Жабаевты? ?мірі мен шы?армашылы?ы (10-сынып)


Сабақ №1
1 апта 5 күн Күні:
06.02.2015
Сынып: 10 Пән: Қазақ әдебиеті Пән мұғалімі: Ермағамбет Дана
Сабақтың атауы: Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Мақсаты: Жамбыл Жабаевтың «Менің өмірім» өлеңінен ақынның өз өмірін ұғындыру,Өлеңдерінің тақырыбын,мазмұнын ашу, өзіндік ерекшеліктерін  талдау.
Күтілетін нәтиже/табыс көрсеткіші: Қазақ халқының ақындық өнерінің даму тарихына өлшеусіз үлес қосқан біле алады.Өлеңдерінің мазмұнын меңгереді, басты идеясын түсінеді. Пікір алмасады,өзгенің пікірін бағалауға үйренеді.
Жұмыс түрі: Топтық,жұптық,жеке Модуль:СТО, ДО,Қалай оқу керектігін үйрету, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,
Мұғалімнің жазбалары: Әдісі: СТО стратегиялары
№ Сабақ кезеңдері Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Күтілетін нәтиже Ресурстар
1 Ұйымдастыру Трениинг «Мен кіммін?» 1шындық,1 жалған ақпарат айту.
Қима қағаздарды құрастыру (домбыра,кітап)арқылы екі топқа бөлу. Бір-біріне мақтау сөздер айтады
Топтарға бөлінеді,
Көңілдері көтеріледі
Сабақ кезеңдерімен танысады Топ ережесі
2 «Миға шабуыл»
Үй тапсырмасын тексеру «Сұрақ бізден-жауап сізден»(Абай шығармашылығы бойынша сұрақтар қою) Өткен тақырыпты естеріне түсіреді, сұрақтарға жауап береді. Өз ойларын айтады. 3 Қызығушылықты ояту
-Жүз жыл жырлаған жүрек кім?Ол жайында не білеміз?
Оқушылар осыған дейін білетіндерін ортаға салады. Түйінді ой айтады. Жамбыл суреті
4 Мағынаны тану.
Кітаппен жұмыс Жамбыл өмірбаянын өз беттерімен оқып, тірек – сызба құрайды. Кейін түйінді сөздерді табады.2 топқа  тақырыпшаларды бөліп беремін.
ДЖИКСО әдісі
1 топ- Бала Жамбылдың ақын Жамбыл атануы.
2 топ- Жамбыл Жабаевтың мұрасы.
Сұрақ қою әдісі (1/2,(2/1)орындалады Топта талқылап,қорғайды
Өз беттерімен жұмыс жасау қабілеттері артады. Сенімділік пайда болады. Оқулық
5 Жамбылдың шығармашылығын төрт топқа бөліп қарауға болады:
Байларды, халықтың қолы жете алмаған байлықты сынайтын өлеңдері. Мысалы: “Сәт сайланарда”, “Мәңке”, “Шалтабайға”.
Ұлы Отан Соғысы жылдарында жазылған өлең-жырлары. Мысалы: “Ленинградтық өренім”, “Аттандыру”,”Отан әмірі”, “Ата жаумен айқастық”, “Өмір мен өлім белдесті”.
Айтыстары. Мысалы: Айкүміспен, Бұрым қызбен, Сарамен, Сарбаспен, Досмамбетпен, Құлмамбетпен, Шашубай және т. б
Дастандары: “Өтеген Батыр”, “Сұраншы Батыр” 2 топ та берілген тақырып бойынша топпен жұмыс жасайды. Әр топ өз тапсырмаларын қорғайды, 2жұлдыз ,1 тілек айтады Маркер
Постер
6 Сабақты бекіту.
2. Бес жолды өлең жолын құрастыру
1. Зат есім (Жамбыл)
2.Сын есім (Талантты, әділ)
3.Етістік (Айтысады, жеткізеді, дәлелдейді)
4.Сөйлем құрау (Жамбыл- жыр алыбы)
5.Бір синоним (Ақын) Жауаптарын бірлесе отырып табады. Топтық жұмысқа сүйене отырып бағалайды 7 Үй тапсырмасы «Поэзия минуты» өлеңдерін жаттау. оқулық
8 Бағалау Топтар өздерін бағалап отырады Смайлик тер
9 Рефлексия Оқушылардың  сабақты қалай меңгергендігі анықталады.