Жоба ж?мысыны? та?ырыбы: А?ыз ??гімелерді о?ытуда СТО технологиясы ар?ылы о?ыту «Б?ркіт пен оны? балапандары» /а?ызы/ ?аза? ?дебиеті, 5 –сынып
Жоба жұмысының тақырыбы: Аңыз әңгімелерді оқытуда
СТО технологиясы арқылы оқыту «Бүркіт пен оның балапандары» /аңызы/
Қазақ әдебиеті, 5 –сынып,
Ақтау, 2016 жыл
Жобаны дайындаған оқытушы :
№6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сегізбаева Л.А
Мақсаты: Аңыз әңгімелерді оқытуда сыни тұрғыдан оқыту технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың өзіндік сыни пікірін қалыптастыру,аңыздың мазмұнын тыңдау арқылы түсінуге,мәтінді түсініп оқи білуге үйрету.
Міндеттері:
Мәтінді оқып мазмұны мен идеясын анықтау;
Қатысушыларды сөйлеуге ынталандыру;
Білімге қызығушылығын дамытыу және зерттеуге ынталандыру;
Сыни тұрғыдан ойлауына ықпал ету;
Өзара ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру;
Қатысушылардың бір – бірін құрметтеуіне, бағалауынаықпал ету;
Сабақ барысындағы қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтау, жою.
Күтілетін нәтиже:1.Оқыту мен оқу үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалануға дағдыланады. 2.Мұғалім сыни ойлау дағдыларын оқушы бойына қалай қалыптастыруды үйренеді. 3. Мұғалімдер оқушыларды сыни ойлантуға дағдыланады.
Негізгі идеялар
Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейілділік пен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді.
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер:
Болжау кестесі,ДЖИГСО, «Буриме»әдісі,
«Өрмекші торы», Қатысымдық тапсырмалар,«Фрейер» моделі
Психологиялық дайындық /сабақтың ұраны/
Әрбір адам -туысым, досым, жұрағат
Әрбір сабақ-түсіну,ұғу,ұлағат
Әрбір ісім-тірлік,тірек,адамдық
Әрбір сөзім-шындық, адалдық
Сабақтың ережесі:
Белсенді қатысуТыныштық сақтауБірін-бірі тыңдауОйын ашық айтуБір-бірін сынамауЫнтымақтылық
Мәтінді меңгерту /мәтінді меңгерту// Тақырыпты талқылауАлдымен оқушыларды 5 топқа бөлу; топ аттары: Қыран, Ителгі, Дегелек, Қалбағай, Аққу. Содан кейін түрлі түсті жұлдызшаларды алып, түстерге байланысты топтасып отырады. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң ,осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі.
/ Жүргізуге болатын жұмыстар: Мәтінді әр топтың «2»-не беріп ,оқу тапсырылады,әр топтың 2-сі әр топтың 5-не айтады . 5- адам мазмұнын айтып береді. /
І. мәтінді меңгерту, оқу /мұғалім оқиды, оқушы оқиды/
ІІ. Тақырыпты талқылау, ілмек сөздерді, кілт сөздерді табу:бүркіт, балапан, теңіз, сынақ,жарылқау, уыс,ұрпақ, аманат, көзі жетуі.
Ілмек сөздер б/ша мәтін мазмұның ашу, оқиға желісің анықтау.
Болжау кестесі/топтық/
Не болады деп ойлайсыз?
Сізде оған қандай дәлел бар?
Не болды?
Не болады деп ойлайсыз?
Сізде оған қандай дәлел бар?
Не болды?
Қарт бүркіт балапандарына сауал қоядыБалапандарының жауаптарына қанағаттанбай, теңізге тастайды.
Үшінші балапанның жауабына риза болады.
«Өрмекші торы» әдісі /топтық/
Тақырыбы қалай аталады?
Қарт бүркіт балапандарына не дейді?
Бірінші балапаны не дейді?
Екінші балапаны не дейді?
Үшінші балапаны не дейді?
Аңыз бойынша не айтар едің?
Қыранша өмір сүруді қалай ойлайсың?
Бүркіт пен оның балапандары
ІІІ. Рөлге бөліп оқыту, образға ену, шығармашылық қабілетін шыңдау. /Рөлдік ойын/
1. Автор
2. бүркіт
3. 1-ші балапан
4. 2-ші балапан
5. 3-ші балапан
ІҮ. Синоним сөздерді ата, дәлелде.
Ү. Омоним сөздерді ата, дәлелде.
ҮІ.Тұрақты сөз тіркестері барма? Тауып оқы
ҮІІ. Постер қорғау
Баяғыда таудың қиясын мекендеген бір ерекше қасиетті қыран өмір сүріпті. Өзгелерге өрлігімен өнеге болған әлгі бүркіт бір жылы өмірінде бірінші рет үш балапан басып шығарыпты. Балапандардың қанаттары қатайып, ұясынан ұшып шығуына аз уақыт қалғанда бүркіт үш балапанын уысына қысып, теңіз төсіне алып шығыпты. Ұшып келе жатып ол, өзіндік өмірге қанат қаққалы тұрған балапандарынан соңғы рет сынақ алып, былай деп сұрапты: - Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мәпелеп бағып-қаққанымды жақсы білесіңдер. Ертең өскесін, осының өтеуі ретінде маған қандай жақсылық жасайсыңдар? Біріншісі айтыпты:- Анашым, сенің ақ сүтіңді ақтау үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Мен сені өмір бойы қанатыма мінгізіп алып жүрем. Дүниенің төрт бұрышын түгел аралатам, таңғажайып тамашаларды көзіңмен көретін боласың. Бүркіт басын шайқап, уысындағы балапанын теңізге тастап жіберіпті. Бірінші балапан теңіз тұңғиығына батып кете барыпты. Сосын екіншісіне бұрылып: - Ал сен не айтасың, - депті. Екіншісі айтыпты:- Анашым, мен сені ел аралатып, босқа әуре қылмаймын. Ғаламның барлық кереметтері мен қызықтарын алдыңа әкеліп берем, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады. Бүркіт тағы да басын шайқап, уысын жазып жібергенде, екінші балапан да біріншінің соңынан кете барыпты. Бүркіт үшінші балапанына бұрылып, жарықшақ толы дауыспен былай депті: - Ал, сен мені қалай жарылқамақсың? Сонда үшінші балапан былай деп үн қатыпты: - Анашым, өтірік қанша тәтті болса да, саған ащы ақиқатты ақтармасқа амалым жоқ. Маған жасаған жақсылықтарыңның шеті де, шегі жоқ екенін, оны өтеуге менің барлық ғұмырым жетпейтінін жақсы білемін. Дегенмен, менің өмірім сені әлемді аралатуға да, сан түрлі ғаламаттарды алдыңа алып келуге де арналмайтынын айтқым келеді. Мен, сенің маған жасаған жақсылықтарыңның барлығын өз балапандарыма жасау үшін өмір сүретін боламын. Кәрі бүркіт сонда ғана көкірек кере терең дем алып:- Біздің әулет аманатын алға апарар, қыран деген атқа лайық бола алар ұрпақ туылғанына көзім енді жетті, - деген екен.