Разработка урока на темк Атмосфералы? ?ысым


09.02.2016ж. Пән физика Класс 7А
Сабақ тақырыбы: АтМосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі. Барометр
Жалпы мақсат: Атмосфералық қысым, атмосфералық қысымның пайда болу себептері. Торричелли тәжірбиесінің мәні, атмосфералық қысымның өлшем бірлігі туралы, қалыпты атмосфералық қысым, атмосфералық қысымның биіктікке, ауа райына байланысты өзгеруі, атмосфералық қысымды өлшеуіш құрал барометр туралы түсінік беру. Оқушылардың өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру.Оқушылардың сабақ үрдісінде оқыту үшін бағалау мен оқудағы бағалауды іс-тәжірибелерінде тиімді қолдануларына ықпал жасау; Өзара бағалауға үйрету.

Сілтеме: Ұстаз кз сайты
Интернет материалдары
Оқу нәтижесі Атмосфералық қысым туралы түсініктері кеңейеді. Бағалау түрлерін өзара, жұптық және топтық бағалауда ұтымды ұйымдастыра біледі және тәжірибелерінде қолданады.
Түйінді идеялар: Негізгі түсініктерді алу арқылы табысты оқытуға қол жеткізу.
Сабақта қолданылатын материалдар: А- 4 парақтары,стикер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам, стакан, су, шприц, пипетка
Оқыту әдістері: 1.Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер
2. Оқыту мен оқытудағы АКТ
3. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету 1. Диалог
2. Жеке жұмыс
3. Топтық жұмыс
Дерек көздері: Оқулық 7 класс, газет-журналдар.
Тапсырмалар: Сұрақ- жауап, ДЖИГСО, жинақтау және қолдану, көзбен көретін айғақтар негізінде ой тұжырымдау, тест жұмысы, есептер шығару
Оқуға арналған тапсырма: Топтарда жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық
Мұғалімге арналған нұсқаулық.
І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу
( мин) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
( мин)
«Комплимент айдары»
( мин)
Көңілді күн видеоролик қосамын
Қатысушыларды қарсы алады. Шеңбер бойына тұрғызып, маңыздылығын түсіндіреді. Күнделікті күйбің тірлікпен жүріп бір-біріміздің жақсы қасиеттерімізді айтып, бір-біріміздің мәртебемізді көтеруге уақыт таппай жатамыз. Ендеше дәл қазіргі сәт сол олқылықтың орнын толтыруға арналғандай. Шеңбер бойымен қасымызда тұрған әріптесіміздің үш жақсы қасиетін тізіп шығайықшы. Шеңбер бойымен қасында тұрған әріптесінің үш жақсы қасиетін тізіп айту арқылы жақсы орта қалыптастырады
Топқа бөлу
( мин)
Өлең жолдарын таратамын. Бір өлеңді құрастыру арқылы топқа бөлемін.
Білем деме балам!
Білмейтінін бар шығар.
Бәрін білген адам,
Дүниеде жоқ шығар
Көп білуге ұмтылған-
Көз жұмғанша оқиды.
Көз жұмғанша оқыған-
Көп нәрсені тоқиды.
Өтебай Тұрманжанов
Топқа бөлінеді, көңілді, жұмысқа белсенді орта қалыптасады.
І тапсырма
( мин)
ДЖИГСО әдісі
Сабақ атмосфералық қысымды көрсететін тәжірибе жасаудан басталады.Тәжірибелер демонстрациясы.1 – тәжірибе. Су, стакан, пипетка. Пипетканың резеңке қабық ішіндегі ауаны қысып тұрып, суға батырса су пипетка бойымен жоғары көтеріледі.2 - тәжірибе. Су, шприц, стакан. Шприцты суы бар ыдысқа батырып, поршенді сумен жанасқанға дейін түсіреді де, сонан соң қайтадан жоғары қарай жылжытады. Сонда поршенмен ілесіп, су да жоғары көтеріле бастайды. Міне суды поршенмен ілестіре көтеретін атмосфералық қысым. Ендеше бүгінгі тақырып «Атмосфералық қысым»
Берілген теориялық мәтінмен жұмыс. Постер әзірлеу.

1-топ. Білу, түсіну, қолдану кезеңдері.
2-топ. Талдау, жинақтау, бағалау кезеңдері.
Арнайы дайындалған слайдтар арқылы қосымша айтып кетемін. Теориялық мәтінді игере отырып, талдайды. Мәтінді өзгеге үйрете отырып, өздері меңгереді. Постер қорғайды.
Өзің – өзі бағалау парағына бағалап отырады.
ІІ тапсырма
минут
Слайд арқылы тапсырма беремін. 13,14,15 слайдтар Тапсырманы орындайды
ІІІ тапсырма
Топтық жұмыс
( минут)
Есептер шығару
1-есеп
Теңіздің 10900 м болатын ең терең жеріндегі су қысымын есептеңдер.Теңіз суының тығыздығы 1030 кг/м3
2-есеп
100 см2 ауданға 50 Н кш әрекет етеді.Қысымды анықтандар
3-есеп
Массасы 70 кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек?Үйкеліс коэфиценті 0,3.
4-есеп
Болат серіппе 245 Н күш әрекетінен 35 мм-ге ұзарды.Серіппенің қатаңдығын анықтандар.
5-есеп
Массасы 3кг ,ал көлемі 200 см3 металдың тығыздығы қандай?
6-есеп
Ұшақ 750 км/сағ жылдамдықпен ұшып барады.6 сағ ішінде ол қандай аралықта өтеді?
Есептер шығарады
Өзің – өзі бағалау парағына бағалап отырады.
Бағалау.
ІV Бекіту
( мин) Тест жұмысы
Тест орындайды
VІІ Рефлексия
( мин)
Стикерлер арқылы ойларын айтады. Сабақ бойынша ұсыныс-пікірлерін білдіреді.
Үйге тапсырма § - § оқу Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады.
Қосымша тапсырма Еске түсірейік
№ Формула Атауы №
1 Үйкеліс күші 2 p= F/S Жылдамдық 3 Тіректің реакция күші 4 Гук заңы 5 Теңәрекетті күш 6 ʋ = s/t Ауырлық күші 7 Қысым Сөзжұмбақ Сәйкестендіреді.