Б.Бассты? т?л?аны? ба?ыттылы?ын аны?тау ?дістемесі


Б.Басстың «Тұлғаның бағыттылығын анықтау» әдістемесіАнкета 27 пункт – түсіндірмелерден тұрады, әрқайсысына үш түрлі жауап нұсқалары берілген, жауаптар тұлғаның бағыттылығына сәкестендірілген. Респондент өзінің ой пікірін білдіретін, шынайы өмірге сәйкес жауапты таңдап алады және керісінше, шындыққа сәйкес емес, өзінің ой пікіріне қайшы келетін жауапты таңдайды. Жауаптар: «көбінесе» - 2 ұпай, «сирек» - 0 ұпай, таңдалмай қалғаны – 1 ұпай. Барлық 27 пункт бойынша жинақьалған ұпай әрбір бағыттылық бойынша жеке есептелінеді.
Әдістеме көмегімен тұлғаның мынандай бағыттары анықталады: «өзіне» (М), «сөйлесуге» (Қ), «іске» (І).
Нұсқау: сұрақ парағы 27 пункттен тұрады әрқайсысында А, Ә, Б деген жауаптың үш нұсқасы бар.
1)Жауаптардың ішінен өзіңіздің көзқарасыңызды білдіретінін таңдайсыз. Кейбір жауаптардың мазмұны бір-біріне ұқсас көрінуі мүмкін. Алайда, өзіңіздің көңіліңізден шығатынын таңдаңыздар, (А,Ә,Б) әріптің бірін «бәрінен де көп» деген сәйкесті номер тұсына жазыңыздар.
2)Сіздің көңіліңізден шықпайтынын таңдап «бәрінен де аз» деген пункт тұсына жазыңыздар. Жауабыңызды білдіретін әріпті сәйкес номер тұсына жазып көрсетіңіздер.
3)Сөйтіп, әрбір сұрақ жауабына сіз 2 әріп қолданасыз және оны сәйкесті бағанаға жазасыз. Қалған жауаптар ешжерге жазылмайды. Барынша шынайы болуға тырысыңыз. Жауаптың «жақсы», «жаман» дегені жоқ. Сондықтан «дұрыс» жауап іздеп әуреленбеңіз. Жауаптың тиісті жерге жазылуын қадағалап отырыңыз. Егер қате кеткенін байқасаңыз айқын көрінетіндей етіп жөндеңіз.
1. Менің көбінесе қанағаттанатыным:
А. Менің ісімді қолдағандар;
Ә. Жұмыстың жақсы атқарылғанын сезінгендер;
Б. өзімнің достар ортасында екенімді сезінгенде.
2. егер де футбол )волейбол, баскетбол) ойнасам, онда мен:
А. Ойынның тактикасын құрушы бапкер болар едім;
Ә. Белгілі ойыншы болар едімБ. Команданың таңдаған капитаны болар едім
3. Меніңше, жақсы оқытушы деген мынандай болуы керек:
А: Оқушыларға қызығушылық танытып және әрқайсысымен жеке тіл табыса алатын;
Ә. Балаға білімін тереңдететіндей пәнге қызығушылығын оятатын;
Б. Ұжымда өз пікірін айтуға қорқпайтын жағдай қалыптастыратын.
4. Маған ұнайды, егер адамдар :А. Атқарға ісіне қуанып жатса;
Ә. Ұжымда бірлесіп жұмыс істесе;
Б. Өз жұмысын басқалардан артық істеуге тырысса;
5. Мен достарымның мынындай болғанын қалар едім:
А. Мүмкіндігінше, бір-біріне қол ұшын беріп көмектессе;
Ә. Сенімді және сенетін адам болса;
Б. Ақылды және қызықты адамдар болса
6. Ең жақсы достарым деп санайтындарым:
А. Қарым-қатынасым жарасындарды;
Ә. Барлық уақытқа сенуге болатындарды;
Б. Өмірде көп нәрсеге қол жеткізе білетіндерді.
7. Маған бәрінен де ұнамайтыны:
А. Бір нәрсе қолымнан келмегенде;
Ә. Достарыммен араздасқанда;
Б. Мені сынағанда.
8. Бәрінен де жаманы, егер оқытушы:
А. Кейбір оқушыларды ұнатпайтынын ашық айтып оларды мазақтаса;
Ә. Ұжымда бақталастық тудырса;
Б. Өз пәнін жеткілікті белмесе.
9. Бала кезімде маған өте қатты ұнайтын:
А. Достарыммен бірге уақыт өткізген;
Ә. Жұмыс атқарғанымды сезінген;
Б. Орындаған ісім үшін мақтаған.
10. Мен ұқсағым келеді:
А. Жетістікке жеткекн адамдарға;
Ә. Өз ісіне шын берілген адамдарға;
Б. Өзінің достық қарым-қатынасымен ерекшелінетін адамдарға.
11. Ең алдымен мектептен :А. Өмірлік мақсаттарды шеше білуді үйрету керек;
Ә. Оқышының жеке қабілетін жетілдіре білу керек;
Б. Адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға көмектесетін қасиеттерді тәрбиелеу керек.
Кілті№МҚІ
1АБӘ
2ББА
3АБӘ
4БӘА
5АӘБ
6БӘА
7БӘА
8АӘБ
9БАӘ
10АБӘ
11ӘАБ
12ӘАБ
13БАӘ
14АӘБ
15ӘБА
16АБӘ
17АБӘ
18АӘБ
19АӘБ
20БӘА
21ӘАБ
22ӘАБ
23БАӘ
24ӘБА
25АБӘ
26ААӘ
27ӘАБ
Нәтижелердің интерпретациясы:
Жауаптар мен түйінін салысытырып дұрыс жауапты табыңыздар (М, Қ, І). Көрсеткіш белгілеріне қарай бағыт бағдар түрін анықтаңыздар:
1.Өзіне бағыттылық (М) – атқарылған жұмыстың бәрін өзіне аудару, мәртебеге таласу, билік құмар болу, бақталасу, тынышсыздану.
2.Қарым-қатынасқа бағыттылық (Қ) - барлық жағдайда адамдармен қарым-қатынасты сақтай білу, ортақ жұмыс істеуге бейімділігін көрсету, адамдарға шынайы көмек көрсетуге талпыну;
3.Іске бағыттылық (І) – іскерлік мәселелерді шешуде, жұмысты нәтижелі орындауға ұмтылу, ортақ мақсатқа жету үшін пайдалы пікірді жақтау.