Мақсаты:Оқушылардың Атамекен, туған жерді қорғай білу,Отанын сүйе білу туралы түсініктерін кеңейту.Міндеттері:Қазақстанның байтақ жерін қорғап, сақтап келген ата-бабамыздың тарихы,еліміздің тәуелсіздігінқорғаудағы орасан ерліктері туралы мағлұмат беру;Туған жерін көркейтуге атсалысу, еліне адал қызмет етуге тәрбиелеу. Шаттық шеңбері “Аяқталмаған сөйлем”жаттығуы“Мен Атамекенімді құрметтеймін өйткені........“Мен Отанымды сүйемін өйткені..................“Мен үшін туған жер ыстық өйткені........... “Қазақ” деген мал баққан елміз,Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Жерімізді жау баспасын деп, Елімізден құт-береке қашпасын деп, Найзаға үкі таққан елміз-деген екен рухы мәңгі өлмейтін Қазыбек би. Ой қозғау1.Мемлекетіміз қалай аталады?2.Қазақстан қандай мемлекет?3.Сенің арман қиялыңда Атамекеніңде қандай орын берілген?4.Ел баласы атану үшін адамға қандай қасиеттер берілу қажет?5.Атамекенін сүю үшін адам қандай болуы керек?6.Туған жеріңде туып өскен қандай азаматтарды мақтан етесің?7.Сенің қандай еңбегіңді мақтан еткенінқалайсың? Шаттық шеңбері Шаттық шеңбері Жаңа ақпарат Қазақстан қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы, Отаны Бұл жерде ата-бабамыз туды, өсті, өмір сүрді , оның кең жазира жерін ата-бабамыз қасық қаны қалғанша қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып келеді. Ол- біздің ең қасиетті, қадірлі, асыл мұрамыз. Қазақ халқы мекен мәселесіне терең ілтипатпен қараған халық. Жалпы “ Атамекен” сөзі қазақ сол жерде ерте кезден иемденіп келе жатқандығын білдіреді.
Дәйексөзбен жұмыс“Ұлтарақтай болса да,ата қоныс жер қымбат.Ат төбеліндей болса да,туып өскен жер қымбат” “Мыңжылдық саңлақтары” 1.Ахмет Яссауи2.Әз Жәнібек3.Мұхамед Хайдар Дулати4.Төле би5.Қазыбек би 6.Әйтеке би7.Абылай хан8.Құрманғазы9.Шоқан Уалиханов10.Абай Құнанбаев “Ғасыр саңлақтары” 1.Әлихан Бөкейханов2.Ахмет Байтұрсынов3.Дина Нүрпейісова4.Мұқтар Әуезов5.Қаныш Сәтпаев 6.Бауыржан Момышұлы7.Дінмұамет Қонаев8.Олжас Сүлейменов9.Нұрсұлтан Назарбаев10.Тоқтар Әубәкіров Дәптермен жұмыс Егеменді еліміздің Елтаңбасынан кең-байтақ Отанымыздың өткен тарихы, бай дәстүрі, салт-санасы мен жасампаз рухы толық танылады. Онда нелер бейнеленгеніне назар аударайық. Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Шаңырақты, яғни біздің бейбітшіл Отанымызды қорғау үшін, шаңырақтың биік болуы ойластырылған. Қазақта: « шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек-сөз бар. Елтаңба авторлары Жандарбек Мәлібекұлы мен Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан осы сөздерді басшылыққа алған. Елтаңба. Жандарбек Мәлібекұлы Мәлібеков Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан Елтаңба жобасына 245 сурет, 67 хат-пікір ұсынылды. Солардың ішінен Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Ыдырысұлы Уалихановтың үлгілері ең таңдаулы деп танылып, қазіргі Қазақстанның Елтаңбасы болып бекітілді. Біздің ту Енді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына назар аударайық. Бәйгеден озып шыққан бұл тудың авторы- алматылық Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков. Ту неліктен көк түсті? Бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі ортақ. Жер шары ұлттарға, мемлекеттерге және басқаларға бөлінгенмен, жоғарыдан айқара ашылған аспан ешқашан бөлінбеген, бөлінбейді де. Ал Күнге келетін болсақ, ол да баршаға ортақ. Күн сәулесі бәріне нұрын шашады, сәулесін төгеді. Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Сондықтан да Күннің тудан орын алуы лайық.Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Тудан Қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.Бұлармен қатар тудан қазақтың ою-өрнегін байқаймыз. Мұның өзі Тудың ерекшелігін-қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.Егер де Туға тұтас зер салсақ, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырылғаны байқалады. Ол: Көк жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі, астында қияға қанат қаққан Қыран-тыныштықтың, баянды өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады Мемлекеттік Ту. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранының мәтініСөзін жазған – Жұмекен НӘЖІМЕДЕНОВ Сөзіне өзгертулер енгізген - Нұрсұлтан Назарбаев Әнін жазған – Шәмші ҚАЛДАЯҚОВАлтын күн аспаны,Алтын дән даласы,Ерліктің дастаныЕліме қарашы!Ежелден ер деген,Даңқымыз шықты ғой.Намысын бермеген,Қазағым мықты ғой!Қайырмасы:Менің елім, менің елім,Гүлің болып егілемін,Жырың болып төгілемін, елім!Туған жерім менің – Қазақстаным!Ұрпаққа жол ашқан,Кең байтақ жерім бар.Бірлігі жарасқан,Тәуелсіз елім бар.Қарсы алған уақытты,Мәңгілік досындай.Біздің ел бақытты,Біздің ел осындай!Қайырмасы:Менің елім, менің елім,Гүлің болып егілемін,Жырың болып төгілемін, елім!Туған жерім менің – Қазақстаным! Жұмекен НӘЖІМЕДЕНОВ Шәмші ҚАЛДАЯҚОВ Астана әсем қалам Бәйтерек Есілдің жағасы Мәдениет орталығы “Мұражай” Астанамдағы зәулім үйлер Ақтөбе – әсем қалам Шаттық шеңбері Шаттық шеңбері Атамекен Туған жер Отан Асыл мұра Аманат Ата-баба мекені Қазақстан Республикасының Конституциясы Туған жерге, еліне өз тілектерін айту. Жүректен-жүрекке Шаттық шеңбері