Презентация по самопознанию на тему Адалды?
Сарсенгалиева Г.Н.“Өмір,қымбатсың маған!”Сыныбы: 7”А”. Пәні:Өзін-өзі тану.Серебряково ОЖББ мектебі2014-2015 оқу жылы Мақсаты: Оқушыларға өмірдің қымбаттылығын ақиқат ұғымы негізінде ұғындыру. Міндеті: - Шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету;- Адамдардың бір – бірімен қарапайымдылық арқылы қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;- Әрқашанда адал болуға тәрбиелеу. Тыныштық сәті Үй тапсырмасын тексеру Ш. Сариевтің «Өмір деген тұрмайды қап - қарадан» атты өлеңін оқу.Сұрақтар:1. Өмір неден тұрады?2. Ақын «ақ» және «қара» деп нені меңзеп отыр?3. Қай уақытта адам өмірі «аққа» толы болады?4. Өлең мазмұнында шындық туралы не айтылған? - Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Өтіріктің балын жұтып тірі жүргенше,Шындықтың уын ішіп өлген артық. Бауыржан Момышұлы Әңгімелеу (Мұғалімнің сыйы) Бір жұлдызды құтқару(Аңыз әңгіме) - Баланың жасап жатқаны туралы не айтасыңдар?- Баланың жасаған ісінің қандай мәні бар? Тапсырма "Өмірдің мәні неде?" деген тақырыпта коллаж құрастыру. Топпен ән айту ӨМІРІҢЕ НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАМА Сөзі: Серік СЕЙІТМАН Әні: Сәкен ДӘРІБАЕВТыңда, досым, мен айтайын от тілек,Дүниеден кетті бай да, өтті бек.Өміріңе немқұрайлы қарамаДәулетіңмен тұрсаң-дағы көк тіреп. Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,Зерлі шапан киінсең де жақұттан.Өміріңе немқұрайлы қарамаШақша басың айналса да бақыттан. Қайырмасы:Бақ құсыңды қонған кезде бағала,Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа,Өміріңе немқұрайлы қарама. Тұсау салып, бастатқызбай көш дара,Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба.Өміріңе немқұрайлы қарама,Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да. Сын сағатта сақтау үшін өз басынСатып кетіп сеніп жүрген жолдасың.Өмірңе немқұрайлы қарама Айдын көлге айналса да көз жасың. Үй тапсырмасы Дәптердегі 25 – сабақ, 47 беттегі 1 – тапсырма.26 – сабақ. "Қызыққа толы қас қағым" (оқып, сұрақтарға жауап беру) Соңғы тыныштық сәтi- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған барлық жақсы ойларды, жақсы тілектерді жақындарымызға, достарымызға сыйлайық, әрқашанда шындықты айтайық. Көздеріңізді ақырын аша қойыңыздар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндеріңіз қуанышқа, бақытқа толы болсын!