Поурочный план по детской литературе на тему Шарль Перро ?деби ертегілері (2 курс)
Модуль 3
Шетел және қазақ жазушыларының шығармаларындағы әдеби ертегілер
Сабақтың жоспары
Поурочный план
The plan of the lesson
Күні / Дата / Date:
Топ / Группа / Group:
Пән / Предмет / Subject: Балалар әдебиеті
Сабақтың тақырыбы / Тема занятия / Theme: Шарль Перро әдеби ертегілері
Сабақтың үлгісі / Тип занятия / Type of the lesson: аралас
Сабақтың түрі / Вид занятия / Kind of the lesson: Дәріс
Мақсаты / Цели занятия / Objectives:
-білімдік / образовательная /educational: Студенттерге мектепке дейінгі балаларды шетел жазушыларының бағдарламаға енген көркем әдеби ертегілерге талдау жасауға үйрету.Әдеби қонақ үйі түрінде өткізе отырып, студенттерді жаңа жағдайда, еркін,ашық, жайбырақат отырып, ойларын жеткізуге қалыптастыру.Ш.Перро ертегілерінің ерекшеліктеріне тоқталу және тәрбиелік мәнін ашуға қалыптастыру.
-дамытушылық / развивающая / developing: Танымдық іс-әрекеттерін дамыта отырып, балалардың жеке жұмыс жасай білудің қабілеттерін қалыптастыру.
-тәрбиелік / воспитательная / bringing-u: Өз беттерінше ізденуге, танымдық іс-әрекеттерін белсендіруге, сөз байлықтарын молайтып, көркем сөз тазалығы мен мәнерлеп сөйлеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар / Оборудование / Resources: тақта, портрет, ертегі кітаптары
Сабақтың жоспары \/ План занятия / Plan
1.Ұйымдастыру.
2.Мақсатқа жету
3.Тақырыпты хабарлау.
4.Тест алу
5. Видио (бальдан үзінді)
6. «Қызыл телпек» ертегісін сахналау (француз тілінде)
7. «Золушка» ертегісі
8. Видио «Етік киген мысық»
9. Бағдарлама мазмұны (кітаппен)
10.Рефлексия
Сабақтың барысы / Ход занятия
I.Ұйымдастыру бөлім: үш тілде амандасу, таңғы шеңбер
II.Мақсатқа жету. Эпиграф : 17 ғасырдың классицизм әдебиетінің жетекші біреуі Шарль Перро болды.Ол кісі осы дәуірдің әдебиетшісі,осы заманның шындығын қалаған ақын деп айтамыз.Дәл шындықты ала отырып бала әдебиетіне сәнде мән де бере білген үлкен жарқын кеуде ақынның ертегілерінің ерекшеліктерін анықтау.
III. Тест жұмысын орындау: тесттер бар
IV. Жоспармен таныстыру: 1. Классицизм әдебиеттегі жетекші бағыттардың бірі
2. Шарль Перро – әдеби ертегілер құрастырушы
3. Сиқырлы ертегілер Шарль Перро, француз халық ертегілерінің мотивімен құрылған
4. «Қызыл телпек», «Золушка», «Етік киген мысық» ертегілеріне талдау жасау.
V. «Әдеби қонақ үйі» кешіне келіп отырмыз:
1. 1- жүргізуші :
2. 2.- жүргізуші:
VІ. Студенттермен жұмыс:
Ш.Перро портреті( интерактивті тақтадан шығады)
Ш.Перро кім?
Қандай еңбектерін білесіңдер?
Классицизм бағыты деген не?
Видио бальный биден үзінді
Біз өзімізді 17 ғасырда өмір сүріп жатқан сияқты елестетейік
Француз халқының салт дәстүрі(киіну үлгісі)
Ертегі «Қызыл телпек» сахналау (студенттер француз тілінде)
Ертегіден қандай әсер алдық, ?
Тілдерінің ерекшелігі неде?
Ертегі «Күлше қыз» сахналау
Ертегінің жазылу мотивінің желісі қандай?
Тәрбиелік мәні не?
Ертегілерден үзінді: Қай ертегіден аттарын табу?
Ертегілерді қай топтарда оқылатыны топтастыру
Ортаңғы, ересек және даярлық топ.
Видио қарау: ертегі «Етік киген мысық»
Ертегілерді қай топтарда оқылатыны топтастыру
«Күлше қыз», «Қызыл телпек», «Көк сақалды», «Бармақтай бала», «Рике с хохолком», «Етік киген мысы», «Ұйқыдағы ару»
VІІ.Әдебиет / Литература / Literature: Сетин Ф.И «Орыс балалар әдебиетінің тарихы» 1990ж. «Қазақ балалар әдебиетінің тарихы» Ш. Ахметов - 1976ж. «Қазақ фолклорының тарихы» А. Қоңыратбаев – 1986ж.
Қымбатты студенттер! Біз сендермен шетел және қазақ әдеби ертегілерін бастаған едік.Осы ертегілерді қаншалықты меңгердік және үйреніп түсінгендеріңді тест жұмысы арқылы тексергім келіп отыр.Шетел ертегілерін не үшін оқимыз?Шетел және қазақ ертегілерінің айырмашылығы қандай? Мемлекеттік үлгі қалып стандартта біз шетел шығармаларын оқу арқылы оның тарихымен, салт –дәстүрі ,әдет –ғұрыппен танысамыз.
Тест жұмысын орындау:
№ Сұрақтар Дұрыс Дұрыс емес
1. Қазақ халық ертегілері: «Аяз би», «Ер төстік» 2. Балалар әдебиетінің асыл мұрасы: ауыз әдебиет 3. Шетел ертегілеріне жататын : Қаңбақ шал, Түлкі мен бөдене, Ұр тоқпақ 4. Тұсау кесу мен бесік жыры – балалар фольклорының басталуы 5. Балалар әдебиетінің атасы- Ы.Алтынсарин 6. «Қазақ хрестоматия» кітабының авторы: А.Байтұрсынов 7. Ертегінің басынан аяғына дейін ұйықтап жататын: күлше қыз 8. Классицизм бағытының жетекшісі болған – Ш.Перро 9. Қазақ эпосы, батырлар жыры: Тазша бала, Әке мен бала т.б. 10. Ертегілердегі ұлттық ерекшеліктер: салт дәстүр, әдет –ғұрып. 11. Шағын фолклор жанрларына:бесік жыры,тұсау кесер,жаңылтпаштар, жұмбақтар және ертегілер. 12. Тұрмыс салт – жырларына:бақташылық, ұлыстың ұлыс күні,үйлену,жаназалау жатады. 13. Ауызба ауыз тараған: проза, поэма, пьеса 14. Барлық әлем халық ертегілерінің ұқсас тұстары: жақсылық жеңісі,әділеттің үстем болуы,үлкендердің еңбегін құрметтеу. 15. Халық ертегілерінің құрылымы:басталуы,сюжеттің өрбуі,қайталануы,аяқталуы.
Тесті бағалау критерилері:
15 сұраққа кім жауап береді соған фишка беремін:
1 сұраққа жауап бермеген:
2сұраққа жауап бермеген:
3сұраққа жауап бермеген:
«Әдеби қонақ үйіне» студенттерді шақыру, жайғастыру.
Жоспармен таныстыру: Бүгін біздің ашық сабағымыз дәстүрсіз, « Әдеби қонақ үйі» формасы түрінде өтеді. Әдеби қонақ кеші болғаннан кейін өздеріңізді еркін ұстап, өз ойларыңызды еркін,толық айтып, көңілді отырып,әр біздің тапсырма,пікірлерімізге қосылып отыруларыңызды сұраймын.
Жүргізуші: Қымбатты ханымдар! Бүгін біз сендермен Европадағы халық ертегілерінбалалар әдебиетіне мұра етіп қалдырған француз елінің ең алғаш шыққан жазушысы Ш.Перроның «Әдеби қонақ үйі» кешіне келіп отырмыз.
Жүргізуші: Бүгінгі кешімізді бастайық.Қазір сіздердің алдарыңызға Ш.Перроның портреті шығады.Осы кісінің портретіне қарап,бұл ақын туралы не айтып бересіңдер: Ақынның қызметі ,классицизм бағыты деген не? Және ертегілері жайында әркім өз ойларыңды ортаға салуға шақырамын.( фишка беріп, білімдерін бағалау)
Жүргізуші: Ш.Перро туралы жақсы айтып бердіңдер кешімізді жалғастырамыз.
Жүргізуші: Ханымдар қазір біз өзімізді 17 ғасырда өмір сүріп жатқан сияқты елестетіп көрейік.Сол дәуірде өмір сүрген Перроның халқының салт- дәстүрі мен әдет –ғұрпын салыстырайық. Көзімізді жұмдық, мен аш дегенше ашпаймыз.Жақсы ма.(Осы кезде шам сөндіріліп,свеча жағылып, видио қосылады, көздерін ашады)
Жүргізуші: Осы дәуірдің халқы салт- дәстүрінің ерекшелігі бар ма?Не сезіндіңдер? Француз еліне барып қайтқандай сезім болды ма? ( фишка беріп бағалау)
Жүргізуші: -Енді біз қазір сендермен Ш.Перро сиқырлы ертегілеріне шолу жүргіземіз.Ертегілерінің ерекшеліктері неде?Қазір француз халық ертегілерінің мотивімен құрылған «Қызыл телпек» ертегісінен үзінді, француз тілінде көреміз.Тамашалайық. ( фишка беріп бағалау)
Б.Ғаниқызы: Қазір біз сендермен 3 ертегіден үзінді көреміз: Қызыл телпек француз тілінде- «Күлше қыз» қазақ тілінде және орыс тілінде «Етік киген мысық» Қарап болғаннан кейін бұл ертегілерге талдау жасаймыз, қандай тәрбиелік мәні ерекшелігі бар айтып берулерің керек.
Жүргізуші: Әлемге әйгілі бүлдіршін мен үлкендердің сүйіп тыңдайтын «Күлше қыз» ертегісінен қойылымды тамашалайық. ( фишка беріп бағалау)
Жүргізуші: Өте жақсы, қыздарымызға рахмет, орындарыңызға отырыңыздар
Жүргізуші: Енді Ш.Перроның тағы бір ертегісін тамашалайық. Орыс тілінде видио «Етік киген мысық» мұқият тыңдап, қараймыз.Өйткені бұл ертегілерге талдау жасаймыз.
Жүргізуші: Құрметті ханымдар кішкене көңілімізді көтеріп, дем алайық. Ағылшын тілінде «Саған өмір қызық болса былай ет» қимыл ойынын ойнап жіберейік.
Б.Ғаниқызы сөйлейді:Құрметті ханымдар, біз сендермен Ш.Перроның 3 ертегісінен үзінді 3 тілде тамашаладық.Енді ертегілерінің ерекшеліктері неде? Балаларды ертегілерін оқыта отырып неге тәрбиелейміз? Қандай тақырып, мазмұнда келеді екен.Ертегінің құрылымы?Ертегінің сюжеті қалай дамыған, тәрбиелік мәні неде? ( фишка беріп бағалау)
Жүргізуші: Ш.Перро ертегілерін жақсы сипаттап, талдап бердіңдер, тәрбиелік мәнінің зор екендігін делелдеңдер. Рахмет.
Б.Ғаниқызы:Қазір біз сендер Перроның ертегілерін қаншалықты білетіндеріңді тексереміз.Флирчатпен жұмыс жасаймыз.Қазір тақтада ертегілерден үзінді шығады, ал сендер қай ертегіден екенін тауып жазуларың керек.Жақсы ма.
Қай ертегіден тауып, жазып бер:
Өзі сұлу,әдемі, оның аты "Күл" деген сөзден басталады. ______ 2.Әжесіне тоқаш алып,қонаққа бара жатқанда, оны қасқыр көріп, аңдып, алдапжұтып қояды. _________________________________________________3.Адам жас емес, бірақ оның көк сақалы болған және ол ең қатаң екені туралы хабарланған. _______________________________________________4.Ол ертегі жаңа емес, бұнда ханшайым үнемі ұйықтаған.Бұл қандай ертегіден? ________________________________________________________5.Мейірімді, жақсы сөздер жемчугпен әсем гүлге айналды. Ал қатаң және дөрекі сөздер бақа мен жыланға.... Қане бұл қай ертегіден, тауып ал?______________________________________________________________6.Бұл бала оның қызық мінезін сақтап қалды. Бойы кішкентай болса да, өзі пысық. Бұл ертегі туралы кім оқыды? _________________________________7.Өзім оған сұлулық бермеген, бірақ оны керемет ақылымен марапаттаған. Міне оның бақытты болуына ақылы көмектескен. Кім оның атын атап береді? _______________________________________________________________
( фишка беріп бағалау)
2. Жүргізуші:Енді қазір тағы флирчатпен жұмыс жүргіземіз.Тыңдап алыңдар.
Б.Ғаниқызы: Мен қазір бағдарлама мазмұны бойынша қандай ертегілерді мектепке дейінгі балалармен оқитынымызды білесіңдерме, жоқ па тексеріп көрейін.
Ортаңғы топ: Қызыл телпек, ересек топ: Золушка, даярлық топ: Етік киген мысық
Жүргізуші: Осымен ханымдар бүгінгі әдеби қонақ кешіміз аяқталды.Бүгін біз сендермен Ш.Перроның балаларға арнап жазған ертегілерінің ерекшеліктерімен, қасиетін және тәрбиелік мәнінің терең екендігіне көзімізді жеткіздік деп ойлаймыз.Біздің кешімізге келіп қатысқан үшін көп рахметімізді айтамыз.
Б.Ғаниқызы:
- Кімнің ертегілерімен таныстық?
- Ш.Перро ертегілерінің моралдық тәрбиесінің мәні?
- Ш.Перроның ертегілерін атап беріңдерші?
Рефлексия:
Сабақта мен жұмыс істедім Белседі\ көңілді
Сабақта мен өз жұмысыма Қанағаттандым\ қанағаттанбадым
Сабақ маған өте Ұзақ \ қысқа
Мен сабақ үстінде Шаршадым\ шаршамадым
Практикалық сабақ маған Түсінікті\түсініксіз
Қызықты \ қызық емес
Керек \ керек емес
Классицизм – әдебиеттегі жетекші бағыттардың бірі.
Көркем әдебиеттің негізгі түйіні,түпкі қазығы –шындық,өмір шындығы.Бірақ жазушылар өмірдің бір жағын ғана талдай алып,оны өзінің творчестволық елегінен өткізіп қалыптасқан көркем жүзеге салу үшін,әркімнің әртүрлі әдісті қолдануы және шындықты әр түрлі суреттеуі мүмкін.
Жазушылардың өмір құбылысының керекті жағын талдап алып,оны өз елегінен өткізіп, өз көзқарасты тұрғысынан суреттеу қажеттілігінен барып,әр түрлі творчестволық әдіспен тәсілдер туады.Бұл әдістермен толық танысу әдебиет тарихын тексергенде ғана мүмкін нәрсе.Біз сол әдістерді тек негізгі белгілерін ғана көрсете аламыз.17-18 ғасырларда Европа әдебиетінде классицизм бағыты туды.Бұл бағыттың классицизм деп аталатыны себебі:Европа әдебиет ерте заманындағы Грек және Рим заманының классик әдебиттерін өзіне үлгі тұтты.Ертедегі Грек,Грим әдебиеттерінің әсері тек сол кезде ғана болып қойған жоқ,онан кейін де болды.Осы кездің классицизм әдебиетінің жетекші біреуі Шарль Перро болды.Ол кісі осы дәуірдің әдебиетшісі,осы заманның шындығын қалаған ақын деп айтамыз.Дәл шындықты ала отырып бала әдебиетіне сәнде мән де бере білген үлкен жарқын кеуде деп атасақ та қателетейміз.Бұл әдіске тән ережелерге көркем шығармалардың бағынуы шарт еді.Көркем творчество сарайы маңындағы жоғары қауым қоғамның ұнатуына,солардың қалауына бейім болуы керек болды.Классицизм ге тән негізгі ерекшелік – көркем шығарманың құрлысын бір тәртіпке бағындыру.Ш.Перроның да өз дәуірінің классицизм – әдебиеттегі жетекші бағыттың бірі болды.өз шығармаларында шындық бағыттарын көрсете келе ол сиқырға жылылыққа ,мейірділік пен оқиғасын аяқтай білген.
2.Ш.Перро – әдеби ертегілерді құрастырушы.
Ш.Перро 1862 жылы дүниеге келген.Отбасы баласының оқығанын қалап,7 жасар Шарлды коллежге береді.Тарихшы Филлип Арьес өзінің мектептес досының айтуы бойынша сабақты кілең беспен оқыған көрінеді.Коллеж бітіргеннін кейін 3 жылдай қолда жеке меншікте білім алады.Сөйтіп ол юрист дипломын алып шығады. 23 жасында ол Парижге қайтып оралып ол өзінің мамандығы бойынша адвокат қызметін атқарады.Сол кезде ертегі тыңдау,оны мәнерлеп айту оның үлкен мақсаты болды.Ол ақырындап ертегі жаза бастады.Ертегіге сұраныс көбейе бастады.Ш.Перро өз ертегілерінде сол өмір сүрген 17 ғасырдың ауа-райы мен стильдің мағынасын бірге білді.Француз елінен ең алғашқы шыққан ақыны ертегі таратушы Ш.Перро.Қазіргі біздің дәуірдің халықтары көбісі Шарль туралы,оның сол кездің ең мықты ақыны,ғылыми еңбеккері және сол ғылыми еңбеккердің авторы екенін білмейді.Бүкіл әлемге әйгілі жуан кітабына балаларға арналған «Золушка», «Қызыл телпек», «көк сақал» ертегілері басылып шықты. Француз халық ертегілерінде әр түрлі оқиғалар мен қиял-ғажайып сиқырлы оқиғаларды суреттейді. Ертегілердегі оқиғалар кейде сиқырлы, кейде ғажайып, көңілді әрі қызықты француздың тарихи даму ерекшелігімен байланысты болып келеді. Француз ертегілерінде көбінесе жабайы аңдар, үй жануарлары және қарапайым қыз балалардың мейірімділігі әдептілігі жағынан жиі кездеседі. Бұл ертегілерде қиял-ғажайып оқиғалар да жиі кездеседі және де қиял мен шындық жиі ұшырысады. Ертегілерде кәдімгі тұрмыстық заттар ғажайып қасиеттер көрсетеді. Ғажайып оқиғалар тұрмыстық жағдайда өтеді. Бұл ертегілерде керемет қасиетке ие нәрселер бар: бұл орман адамдары, олар аңдар мен құстар тілін түсінеді, бұларда адамға көмек көрсететін ғажайып заттар бар. Ертегілердің негізгі мәні қайырымдылық пен ізгілік. Ғажайып оқиғаларға әуестік бұл елге тән қасиет. Осы қасиет халық поэзиясында ертегілерде де кездеседі. Мысалы: «Қызыл телпек» ертегісінде қыз бен қасқырдың кездесуінде туған іс-әрекет балаларға қызық әрі тартымды және көптеген қызықты жағдайлар жасау арқылы мағынасы балаға түсінікті.
Қиял - Ғажайып ертегілер - халық арманын қиял-ғажайып бейнедегі кейіпкерлер арқылы тілге тиек етеді. Қиял - Ғажайып ертегілер алғашқы қауымдық қоғамда туа бастаған деген болжам бар. Оны ертегілерде кездесетін өте ертедегі қоғамдык өмірдің қалдыктарынан байқауға болады. Мысалы, матриархат заманына тән аналық ру мен көптеген әдет - ғұрыптардың көріністері (жұптық ұйым, аналық мекен, аналық неке, кувада, авункулат, т.б.), ерте замандағы анимизм, тотемизм, магия сияқты діни нанымдар мен сенімдер, т.б. Бірақ көне дәуірдің бұл көріністерін кейінгі заманда халық тек қиял деп түсінген. Сол себепті ертекшілер әңгімесін ерте уақытта болған деп ескертеді. Қазақтың Қиял - Ғажайып ертегілері жанрлық жағынан біркелкі емес. Оның құрамында алғашқы қауымға тән қарапайым миф, хикая, әңгімелермен бірге батырлық ертегілер кездеседі, сондай-ақ, тұрмыс-салтқа байланысты шығармалар ұшырасады.
3. «Сиқырлы ертегілер» Ш.Перро,француз халық ертегілерінің мотивімен құрылған. Демек бұл кісінің мағынасы жағынан балаға қызық,әрі татымды болып келеді. ертегілерміз жанр жағынан , яғни дараланбаған. Француз ертегілердің тағы бір ерекшелігі - үнемі оқиға желісі терең тәбиелік мәні зор болуы, яғни бір жанрдың екіншіге ауысып отыруы. Осы себепті ертегілерінің біразы шындық өмірінен алынып,бірақ соңы сиқырлы шапшаң,әрі жеңіл аяқталады.Әр ертегісінің мазмұны бір-біріне ұқсамайды желісі жағынан да түрлендіріп отырған.
4. «Қызыл телпек», «Золушка», «Етік киген мысы» ертегісіне талдау жасау.Бұл ертегілердің мазмұнын оқытып сұрақтар арқылы тексеремін.Бұл ертегілердің мазмұнын таза анық оқып қана қоймай ,ертегінің не туралы бала тәрбиесіндегі мәнін ,сапасын ролін айтып талдау жасай білу.
1.Қызыл телпек ертегісінің авторы кім?
2.Қызыл телпек қайда баратын болды?
3.Шешесі «Қызыл телпекті қайда жұмсады?
4. Жолда кімге кездесті?
5.Қасқыр қандай қулық жасады?
6.Қасқырдың үйге келгендегі іс-әрекеті?
7. «Қызыл телпек» әжесінің бауырына жатқанда не байқады?
8. «Қызыл телпек» пен әжесін кімдер құтқарып алды?
V.Бекіту. Ш.Перр осы дәуірдің әдебиетшісі,осы заманның шындығын қалаған ақын деп айтамыз.Дәл шындықты ала отырып бала әдебиетіне сәнде мән де бере білген үлкен жарқын кеуде деп атасақ та қателетейміз.Бұл әдіске тән ережелерге көркем шығармалардың бағынуы шарт еді.Көркем творчество сарайы маңындағы жоғары қауым қоғамның ұнатуына,солардың қалауына бейім болуы керек болды.Классицизм ге тән негізгі ерекшелік – көркем шығарманың құрлысын бір тәртіпке бағындыру.Ш.Перроның да өз дәуірі әдебиеттегі жетекші бағыттың бірі болды ма.
Рефлексия:
Сабақта мен жұмыс істедім Белседі\ көңілді
Сабақта мен өз жұмысыма Қанағаттандым\ қанағаттанбадым
Сабақ маған өте Ұзақ \ қысқа
Мен сабақ үстінде Шаршадым\ шаршамадым
Дәріс маған Түсінікті\түсініксіз
Қызықты \ қызық емес
Керек \ керек емес
V.Үй тапсырмасы: Үйде осы сиқыр ертегілерге байланысты кітапшалар істеп алып келу.
Қызыл телпек
Ш.Перро
Баяғыда бір кішкентай сүйкімді қыз болыпты. Ол анасы мен әжесінің еркесі екен. Әжесі оған қызыл телпек сыйлапты. Қайда барса да, сол телпекті басынан тастамайды екен. Бір күні анасы бауырсақ (пирожок)пісіріп, Қызыл телпекке " Әжеңе бауырсақ апарып бер! ", дейді.
Қызыл телпек жолға жиналыпты.
Орманда келе жатса, алдынан қасыр шығады.
— Қайда барасың, қызыл телпек?- дейді қасқыр.
— Әжеме. Оған бауырсақ пен май алып барамын.
-Әжеңнің үйі қай жерде?- деп сұрайды қасқыр.
— Диірменнің ар жағындағы ауылда, шетінен санағанда біріншісі-әжемнің үйі.
-Жарайды, мен де әжеңнің жағдайын білгім келеді. Мен — мына, ал сен ана жолмен бар. Әжеңе кім тезірек жетер екен, байқайық, — дейді де қасқыр, ең жақын жолға түсіп алып, қызыл телпектің әжесінің ауылына қарай жүгіреді.
Қызыл телпек болса, асықпай, жолда әжесіне гүл тереді. Диірменге жақындап қалған кезде, қасқыр бірінші болып әжесіне жетеді. Қызыл телпектің әжесінің үйінің есігін қағады: Тук-тук!
— Кім бұл?-дейді әже.
— Мен ғой, немереңіз қызыл телпек. Сізге қонаққа келдім, дорбамда бауырсақ пен май бар.
Науқастанып жатқан әжей қасқырдың сөзіне сеніп қалады.
— Ілмешекті тартсақ, есік ашылады! — дейді қасқырға.
Үш күннен бері нәр татпаған қасқыр өте аш еді. Үйге кірген ол әжейді жұтып қояды. Сонан соң, қызыл телпектің келуін күтеді.
Есікті қаққан дыбыс естіледі.
-Кім бұл?- дейді қасқыр. Даусы қырылдап, дөрекі естіледі.
Қорқып кеткен қызыл телпек әжесі салқын тиіп ауырып жатқандықтан, даусы қарлығып қалған болар деп ойлайды.
— Бұл мен ғой, немереңіз. Сізге бауырсақ пен май әкелдім, — дейді қызыл телпек.
Даусын сәл-пәл жіңішкертіп, Қасқыр былай дейді:
— Қызым, ілмешекті тарт, сол кезде есік ашылады.
Қызыл телпек үйге кіреді. Қасқыр болса, әжесінің төсегіне тығылып үлгереді.
— Қызым, бауырсақты үстелдің үстіне, ал майды сөреге қойып, өзің жаныма кел!- дейді.
Қасқырға жақындап:
— Әже, сіздің қолыңыз неге үлкен?
— Сені құшақтау үшін, балам.
— Құлағыңыз неге үлкен?
— Сенің сөздеріңді есту үшін, қызым.
— Әже, көздеріңіз неге үлкен?
— Сені анық көру үшін, балам.
— Ал, тістеріңіз неге үлкен?
— Тезірек сені жеп қою үшін, қызым!- деп, қызыл телпекті ұстап алып, жұтып жібереді.
Осы кезде үйдің жанынан отын шабуға бара жатқан жұмысшылар өтіп бара жатады. Үйден шыққан абыр-дабырды естіп, көмекке ұмтылады. Қасқырды өлтіріп, ішін жарады. Қасқырдың қарнынан қызыл телпек пен әжесі аман-есен шығады.
Сабақтың жоспары
Поурочный план
The plan of the lesson
Күні / Дата / Date:
Топ / Группа / Group:
Пән / Предмет / Subject: Балалар әдебиеті
Сабақтың тақырыбы / Тема занятия / Theme: Ы.Алтынсарин ертегілеріндегі ізгілік бағыттары.
Сабақтың үлгісі / Тип занятия / Type of the lesson: аралас
Сабақтың түрі / Вид занятия / Kind of the lesson: Дәріс
Мақсаты / Цели занятия / Objectives:
-білімдік / образовательная /educational: Студенттерге Ы.Алтынсариннің ертегілерімен әңгімелерінің тәрбиелік мәні маңызды екені туралы түсінік беру және әңгімелерінеталдау жасау, мәнерлеп оқудың әдісін қолдануға тәрбиелеу.
-дамытушылық / развивающая / developing: Танымдық іс-әрекеттерін дамыта отырып, балалардың жеке жұмыс жасай білудің қабілеттерін қалыптастыру.
-тәрбиелік / воспитательная / bringing-u: Өз беттерінше ізденуге, танымдық іс-әрекеттерін кеңейтуге, сөз байлықтарын көркейтіп, мәнерлеп сөйлеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар / Оборудование / Resources: тақта, сызбалар,әдеби кітаптар.
Сабақтың жоспары / План занятия / Plan
І.Ұйымдастыру бөлім
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Мақсатқа жету:
ІV. Студенттермен жұмыс
V .Шығармаларына талдау
VІ. Қорытынды
VІІ. Үй тапсырмасы
Сабақтың барысы \ Ход занятия.
І. Ұйымдастыру бөлім: Сәлеметсіздер ме?,Здравствуйте, Good morning
Саусақ жаттығуы : Бала,бала,балақан,
Қане қайсы алақан .
Саусақтарың әйбат,әйбат,
Былай-былай ойнат.
ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.Шарль Перро ертегілеріне кітапша өз қалаулары бойынша жасап келу.
ІV.Мақсатқа жету : Қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алған сондай тұлғалардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес, халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу – маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау еткен. Сөйтіп, өзі өмір сүрген дәуірдің мұрат-мүделерінің кәдесіне, ұрпақ тәрбиесіне жарата білген тұлға. Ыбырай Алтынсариннің жеңісті еңбек етіп, едәуір жақсы шығармалар қалдырған саласының бірі........
V.Дәріс:( салынған) қосымша материал бар
Жоспар: 1.Ы. Алтынсарин ертегілерінің көркемдік ерекшелігі.
2.Мектепке дейінгі бала жасына түсінікті: «Ақылды бала»,т.б
3.Тақырыбы тәрбиелік мәні.
VІ. Бекіту: -Ы.Алтынсаринді балалар әдебиетінің атасы деп неге айтамыз?
-Балаларға арнап жазған алғашқы кітабының мәні
-Шығармаларындағы негізгі тақырып не?
VІІ. Үй тапсырмасы: «Ы. Алтынсарин балалар әдебиетінің -атасы»эссе жазу.
Әдебиет / Литература / Literature: Сетин Ф.И «Орыс балалар әдебиетінің тарихы» 1990ж. «Қазақ балалар әдебиетінің тарихы» Ш. Ахметов - 1976ж. «Қазақ фолклорының тарихы» А. Қоңыратбаев – 1986ж.
Қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алған сондай тұлғалардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес, халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу – маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау еткен. Сөйтіп, өзі өмір сүрген дәуірдің мұрат-мүделерінің кәдесіне, ұрпақ тәрбиесіне жарата білген тұлға. Ыбырай Алтынсариннің жеңісті еңбек етіп, едәуір жақсы шығармалар қалдырған саласының бірі – проза жаныры болды. Оның «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейтқұл», «Киіз үй мен ағаш үй», «Надандық», «Лұқпан хакім», т.б. бірсыпыра шығармалары қоғамдық өмірдің әр алуан жақтарын суреттеуге арналған. Бұл еңбектерінде жазушы өз дәуірінің елеулі мәселелерін көтере отырып, еңбекші халықтың қоғамдық санасын оятуды, рухани-адамгершілік тәрбиелеуді мақсат етеді.
Адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Ы. Алтынсариннің әңгімелері мен көркем шығарма өлеңдері арқылы балалардың бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық және рухани-адамгершілік сезімдерін тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады.
«Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп бекерге айтпаған. Бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.
Ы. Алтынсариннің балаларға арнап жазған: «Әке мен бала», «Бір уыс мақта», «Асыл шөп», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімелерін сахналап ойнау арқылы әдептілікке, адамшылдыққа, еңбекқорлыққа және жақсы мен жаманды айыра білуге балабақша табалдырығынан бастап үйретеміз. Мектепке дейінгі балаларды сюжетті суреттерді қолданып, ойнай отырып әңгіменің мазмұнын дұрыс, таза айтуға және сөздік қорларын дамытуға қалыптастырамыз. Сонымен бірге «Мына ертегіні ата», «Қай ертегіден?», «Суретті дұрыс орналастыр», т.б дидактикалық ойындары арқылы Ы.Алтынсариннің балаларға арналған әңгімелерін танып білуіне бағыт беру.
Балаға жастай дұрыс тәрбие беру бүкіл дүниежүзіндегі педагог-ғалымдарының өткен замандардан бері үлкен көңіл аударып, айрықша көтерген мәселелерінің бірі 19 ғасырдың екінші жартысында қазақ даласынан оларға үн қосушы – бірінші қазақ педагогы Ы. Алтынсарин. Бұл мәселе жөнінде ол көптеген педагогтармен, әсіресе орыстың алдыңғы саптағы педагог ғалымдары К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой, Бунаковтармен, пікірлес болды. Оның 1879 жылы басылған «Қазақ хрестоматиясын» алсақ, әрі мазмұны, әрі методика жағынан балаға дұрыс тәрбие беруге лайықталынып құрылғандығын көреміз. Қалай болғанда да балаға дұрыс тәрбие беру үшін олардың дүниетанушылық көзқарасын кеңейту үшін «Қазақ хрестоматиясын» тек өз кезі ғана емес, қазірдің өзінде де мәні зор. Бұл кітапқа енгізілген әңгімелерінде еңбек сүюшілік, оқу, өнерге ұмтылушылық, отанын, елін сүюшілік, талаптылық, жігерлік, іздемпаздық, кішіпейілділік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік, т.б осылар тәрізді жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеуге керекті мәселелерді қамтиды. Хрестоматияға енгізілген өлең, әңгімелердің балалардың жасына, сана-сезімдеріне лайықталып, педагогикалық ғылымының талап ететін мәселесінің берік сақталынуы өз алдына, сонымен қатар оқу, еңбек, талап, мейірімділік тақырыптарына лайықты әңгімелерді әдейі саналы түрде таңдап алғанын көреміз.
Көркем әдебиет оқу іс-әрекеттерінде берілген ертегіні бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады және рухани-адамгершілік қасиетін қалыптастырамыз. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.
Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолдана отырып, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.
Адагершілік қасиеттерді тәрбиелеу , балалардың сана-сезімі мен мінез-құлқына әсер ету қажетілігімен байланысты болып келеді. Оны жүзеге асыруда адагершілік тәрбиесінің әр түрлі ұйымдастыру формалары мен амал-тәсілдері қолданады. Оларға адагершілік тақырыбына арналған этикалық әңгіме, әңгімелесу, лекция, пікірталас және оқырмандар конференциясын жатқызамыз.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс. Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершлік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ.
Қазақ халқының рухани-адамгершілік тәрбиесінің басқа халықтарға ұқсамайтын өзіне тән мән-мазмұны, ерекшеліктері бар. Ұлағатты ата-бабаларымыз ғасырлар бойы ұрпағын бар жақсы қасиеттерге баулып, оның әдепті, ар-ұятты, мейірімді, адамгершілігі мол болуын тілеп отырған. Рухани байлығымыз ұлтымыздың әдет-салты, мәдениеті, әдебиеті, өнері, тарихында жатыр. Адамгершілік-рухани тәрбие мәселесі қазақ ағартушыларының шығармашылығында терең орын алған. Қазақ ағартушылары - Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев өздерінің саяси-қоғамдық, ғылыми және әдеби еңбектерінде қазақ халқының адамгерішілік-рухани тәрбиесіне аса қатты көңіл бөлді. Халық шығармашылығын жинап зерттеу арқылы қазақтардың адамгершілік қасиеттерін және талғам деңгейін, болмысқа деген көзқарасын көрсете білді, рухани тәрбиеге байланысты көптеген құнды пікірлер айтты. Бүгінгі тәрбие ісінің міндеті – сол ұлттық байлықты жаңаша озық ұстанымдармен байланыстыра алып, рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны зерттеп, дамытып, қалыптастырып, әр баланың өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне-өзінің жол ашуына мүмкіншілік жасау.
Ыбырай Алтынсарин қазақ балалар әдебиетінің атасы деп бекер айтпаған, өйткені оның әңгімелерінің іштеріндегі қызықтыларын балалардың ой-санасы, жасына лайықтап жазу және өз жанынан да бірнеше әңгімелер шығару арқылы Ыбырай кейінгі ұрпақтар үшін аса құнды мұралар қалдырды.
Бекіту: -Ы.Алтынсаринді балалар әдебиетінің атасы деп неге айтамыз?
-Балаларға арнап жазған алғашқы кітабының мәні
-Шығармаларындағы негізгі тақырып не?
Сабақтың жоспары
Поурочный план
The plan of the lesson
Күні / Дата / Date:
Топ / Группа / Group:
Пән / Предмет / Subject: Балалар әдебиеті
Сабақтың тақырыбы / Тема занятия / Theme: Ы.Алтынсарин шығармаларына талдау.
Сабақтың үлгісі / Тип занятия / Type of the lesson: аралас
Сабақтың түрі / Вид занятия / Kind of the lesson: Практикалық сабақ
Мақсаты / Цели занятия / Objectives:
-білімдік / образовательная /educational: Ы.Алтынсарин әңгімелерінің мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу маңызының қаншалықты терең екендігі туралы студенттерге түсінік беру.Балаларға жеңіл шығармалардың қолдану жолдарын қарастыру.
-дамытушылық / развивающая / developing: Танымдық іс-әрекеттерін дамыта отырып, балалардың жеке жұмыс жасай білудің қабілеттерін қалыптастыру.
-тәрбиелік / воспитательная / bringing-u: Берілген әңгімелерге талдау жасауға үйрету, шығармаларды таза мәнерлеп ұқыпты оқуға тәрбиелеу.Өз беттерінше ізденуге, танымдық іс-әрекеттерін кеңейтуге, сөз байлықтарын көркейтіп, мәнерлеп сөйлеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар / Оборудование / Resources: тақта, портрет, ертегі кітаптары
Сабақтың жоспары / План занятия / Plan
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын сұрау
Мақсатқа жету
Дәріс
Студенттермен Ы.Алтынсарин шығармаларына талдау жасау
Рефлексия
Үйге тапсырма
Сабақтың барысы \ Ход занятия
І.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіздер ме?,Здравствуйте, Good morning.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Ы.Алтынсариннің үш әңгімесін алып келу.
ІІІ.Мақсатқа жету: Біз болашақ педагогпыз, біздің алдымызда үлкен міндет тұр:балалардың тілін дамыту, таза анық сөйлеуге үйрету, мектепке дейінгі балалардың таза сөйлеуі үшін тілдің дыбысталу мәдениетін қалыптастыру. Ол үшін әуелі өзіміз таза сөйлеуіміз керек. күнде біз сендермен саусақ жаттығуларын, сөздік жаттығуларын, таңертеңгі шеңбер, психо-жаттығулар жасауымыз керек.
Мынау көз, мынау көздерім,
Мынау құлақ,мынау құлақтарым.
Мынау ауыз, мынау мұрын,
Мынау іш, мынау арқа.
Мынау қолдарым,мынау аятарым.
Енді бүгінгі дәрісіміздің тақырыбын жазыңдар.
IV. Практикалық сабақ жоспар, әңгімелері,портрет (слайд)сызба, әңгімелері.
V. Оқушылармен практикалық барысындағы жұмыстар: Пікір талас сұрақтармен жұмыс және әңгімелерін мәнерлеп оқу және талдау жасау.(әңгімелері мен сызбалар салынған)
VI. Бекіту: (Сұрақтар салынған)
Әдебиет / Литература / Literature: Сетин Ф.И «Орыс балалар әдебиетінің тарихы» 1990ж. «Қазақ балалар әдебиетінің тарихы» Ш. Ахметов - 1976ж. «Қазақ фолклорының тарихы» А. Қоңыратбаев – 1986ж.
Жоспар:
1.Ы.Алтынсариннің бір шығармасына өз бетінше талдау жасау. «Әке мен бала», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Асыл шөп» т.б
2.«Мектепке дейінгі мекемелерде білім беру мен тәрбиелеудегі Ы.Алтынсарин шығармаларының алатын орны» тақырыбында шағын хабарлама жасау.
3.Әңгімелеріне талдау.
1.Ы.Алтынсариннің бір шығармасына өз бетінше талдау жасау. «Әке мен бала», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Асыл шөп» т.б
Мейірімді бала
Ы. Алтынсарин
Қытай жұртында ескi заң бар, бiреудi алдағандығын мойындаған кiсiнiң қолын кесетұғын. Бiр төре осындай iспен кiнәлi болып, әлгi айтылған жазаны беруге ұйғарып тұрғанда, кiнәлi төренiң жас қыз баласы әкем үшiн жауап беремiн деп, жүгiрiп келедi. Қызды патшаға алып келген кезде:
– Тақсыр патшам, – дедi қыз, – менiң әкем жазаға лайық болғаны рас, сол үшiн қолынан айырылу керек болды. Мiнеки, тақсыр, әкемнiң қолы, – деп өзiнiң қолын көтердi. – Бұл қол да менiң жазықты болған атамның қолы, бiрақ мұнымен бала-шағаларын асырауға шамасы келмейдi. Бұйырыңыз, тақсыр, осы нашар қолын кесiп, жұмысқа жарап, бала-шағаларын асырайтын қолын атама қалдырыңыз.
Патша баланың атасына мұнша мейiрiмдiлiгiне рақымы келiп, төренiң күнәсiн кештi дейдi.
Әдептілік
Ы. Алтынсарин
Бiр жұрттың үлкен оқымысты кісісі екiншi бiр елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бiр жарлы адам өтiп бара жатып, оқымыстыға келіп басын иіп сәлем береді.
Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі. Қасындағы бай:
− Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай? – деп сұрайды.
Сонда ғалым тұрып:
– Ешбiр ғылым-бiлiм үйренбеген ол кісі әдептiлiк көрсеткенде, мен одан әдепсiз болып көрінсем, лайық па? – деген екен.
Мақта қыз бен мысық
Ы. Алтынсарин
Мақта қыз үйін жинап жүріп,бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады. Мысық келмейді. Қыз:»Келмесең келме» деп, мейізді өзі жеп қояды.Жеп болған соң мысық келіп:
-Неге шақырдың?- деп сүрайды.
Мақта қыз айтпайды.Сонан соң мысық:
-Ендеше қатығынды төгем,- дейді.
Мақта қыз:
-Мен құйрығынды кесіп аламын!-дейді.Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.
Мысық:
-Апа, апа, құйрығымды берші,- дейді.
Мақта қыз:
-Менің қатығымды төле!- дейді.
Мысық сиырға барады.
-Сиыр, маған қатық берші,- дейді.
Сиыр:
-Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші!-дейді.
Мысық ағашқа барып:
-Ағаш, ағаш, жапырағынды берші!-дейді.
Ағаш:
-Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең жапырақ беремін,-дейді.
Мысық суға бара жатса,су әкеле жатқан қыздарды көреді.
-Қыздар, қыздар, маған су беріндерші!- дейді.
Қыздар оған:
-Бізге сағыз әкеліп берсен, біз саған су береміз,- дейді.
Мысық дүкенге барады.
-Эй, дүкенші, маған сағыз берші!- дейді.
Дүкенші:
-Маған жұмыртқа бер,- дейді.
Мысық тауыққа барады.
-Тауық, тауық маған жұмыртқа берші!-дейді.
Тауықтар:
-Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз,- дейді.
Мысық:»Енді не қыламын?»-деп бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді.Мысық тышқанды бас салады.
-Жаныңнын барында айт. Үйінде нең бар?-дейді.
Тышқан қорыққанынан:
-Үйімде бір табақ тарым бар,- дейді.
Мысық:
-Маған бір уыс тары әкеліп бер.
Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді, мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді, жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді, дүкенші сағыз береді, сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді, суды апарып ағашқа береді, ағаш жапырағын береді, жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді, қатықты апарып Мақта қызға береді, Мақта қыз мысықтың құйрығын қайтарып береді.
2.«Мектепке дейінгі мекемелерде білім беру мен тәрбиелеудегі Ы.Алтынсарин шығармаларының алатын орны»
Қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алған сондай тұлғалардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес, халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу – маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау еткен. Сөйтіп, өзі өмір сүрген дәуірдің мұрат-мүделерінің кәдесіне, ұрпақ тәрбиесіне жарата білген тұлға. Ыбырай Алтынсариннің жеңісті еңбек етіп, едәуір жақсы шығармалар қалдырған саласының бірі – проза жаныры болды. Оның «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейтқұл», «Киіз үй мен ағаш үй», «Надандық», «Лұқпан хакім», т.б. бірсыпыра шығармалары қоғамдық өмірдің әр алуан жақтарын суреттеуге арналған. Бұл еңбектерінде жазушы өз дәуірінің елеулі мәселелерін көтере отырып, еңбекші халықтың қоғамдық санасын оятуды, рухани-адамгершілік тәрбиелеуді мақсат етеді.
Адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Ы. Алтынсариннің әңгімелері мен көркем шығарма өлеңдері арқылы балалардың бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық және рухани-адамгершілік сезімдерін тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады.
«Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп бекерге айтпаған. Бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.
Ы. Алтынсариннің балаларға арнап жазған: «Әке мен бала», «Бір уыс мақта», «Асыл шөп», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімелерін сахналап ойнау арқылы әдептілікке, адамшылдыққа, еңбекқорлыққа және жақсы мен жаманды айыра білуге балабақша табалдырығынан бастап үйретеміз. Мектепке дейінгі балаларды сюжетті суреттерді қолданып, ойнай отырып әңгіменің мазмұнын дұрыс, таза айтуға және сөздік қорларын дамытуға қалыптастырамыз. Сонымен бірге «Мына ертегіні ата», «Қай ертегіден?», «Суретті дұрыс орналастыр», т.б дидактикалық ойындары арқылы Ы.Алтынсариннің балаларға арналған әңгімелерін танып білуіне бағыт беру.
Балаға жастай дұрыс тәрбие беру бүкіл дүниежүзіндегі педагог-ғалымдарының өткен замандардан бері үлкен көңіл аударып, айрықша көтерген мәселелерінің бірі 19 ғасырдың екінші жартысында қазақ даласынан оларға үн қосушы – бірінші қазақ педагогы Ы. Алтынсарин. Бұл мәселе жөнінде ол көптеген педагогтармен, әсіресе орыстың алдыңғы саптағы педагог ғалымдары К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой, Бунаковтармен, пікірлес болды. Оның 1879 жылы басылған «Қазақ хрестоматиясын» алсақ, әрі мазмұны, әрі методика жағынан балаға дұрыс тәрбие беруге лайықталынып құрылғандығын көреміз. Қалай болғанда да балаға дұрыс тәрбие беру үшін олардың дүниетанушылық көзқарасын кеңейту үшін «Қазақ хрестоматиясын» тек өз кезі ғана емес, қазірдің өзінде де мәні зор. Бұл кітапқа енгізілген әңгімелерінде еңбек сүюшілік, оқу, өнерге ұмтылушылық, отанын, елін сүюшілік, талаптылық, жігерлік, іздемпаздық, кішіпейілділік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік, т.б осылар тәрізді жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеуге керекті мәселелерді қамтиды. Хрестоматияға енгізілген өлең, әңгімелердің балалардың жасына, сана-сезімдеріне лайықталып, педагогикалық ғылымының талап ететін мәселесінің берік сақталынуы өз алдына, сонымен қатар оқу, еңбек, талап, мейірімділік тақырыптарына лайықты әңгімелерді әдейі саналы түрде таңдап алғанын көреміз.
Көркем әдебиет оқу іс-әрекеттерінде берілген ертегіні бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады және рухани-адамгершілік қасиетін қалыптастырамыз. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.
Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолдана отырып, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.
Адагершілік қасиеттерді тәрбиелеу , балалардың сана-сезімі мен мінез-құлқына әсер ету қажетілігімен байланысты болып келеді. Оны жүзеге асыруда адагершілік тәрбиесінің әр түрлі ұйымдастыру формалары мен амал-тәсілдері қолданады. Оларға адагершілік тақырыбына арналған этикалық әңгіме, әңгімелесу, лекция, пікірталас және оқырмандар конференциясын жатқызамыз.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс. Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершлік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ.
Қазақ халқының рухани-адамгершілік тәрбиесінің басқа халықтарға ұқсамайтын өзіне тән мән-мазмұны, ерекшеліктері бар. Ұлағатты ата-бабаларымыз ғасырлар бойы ұрпағын бар жақсы қасиеттерге баулып, оның әдепті, ар-ұятты, мейірімді, адамгершілігі мол болуын тілеп отырған. Рухани байлығымыз ұлтымыздың әдет-салты, мәдениеті, әдебиеті, өнері, тарихында жатыр. Адамгершілік-рухани тәрбие мәселесі қазақ ағартушыларының шығармашылығында терең орын алған. Қазақ ағартушылары - Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев өздерінің саяси-қоғамдық, ғылыми және әдеби еңбектерінде қазақ халқының адамгерішілік-рухани тәрбиесіне аса қатты көңіл бөлді. Халық шығармашылығын жинап зерттеу арқылы қазақтардың адамгершілік қасиеттерін және талғам деңгейін, болмысқа деген көзқарасын көрсете білді, рухани тәрбиеге байланысты көптеген құнды пікірлер айтты. Бүгінгі тәрбие ісінің міндеті – сол ұлттық байлықты жаңаша озық ұстанымдармен байланыстыра алып, рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны зерттеп, дамытып, қалыптастырып, әр баланың өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне-өзінің жол ашуына мүмкіншілік жасау.
Ыбырай Алтынсарин қазақ балалар әдебиетінің атасы деп бекер айтпаған, өйткені оның әңгімелерінің іштеріндегі қызықтыларын балалардың ой-санасы, жасына лайықтап жазу және өз жанынан да бірнеше әңгімелер шығару арқылы Ыбырай кейінгі ұрпақтар үшін аса құнды мұралар қалдырды.
3.Әңгімелеріне талдау.
Студенттермен сызба жұмыс жасау
1 топ 2 топ
Әке Бала Жақсы Жаман
Үлкен кісі
Тағаны алады
Ақылды адам
Шие сатып алды
Еңбектенді Жас бала
Алғысы келмейді
Ақылсыз бала
Сатып алмады
Еңбектенген жоқ Ауру жігіт
Жерге құлады
Аю иіскеді
Жерден тұрды
Жауап берді Сау бала
Ағашқа шықты
Аю
Ағаштан түсті
Сұрады
4. Пікірталастыру
«Жақсымен жолдас болсаң жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң қаларсың ұятқа»
-Қандай жолдаспен дос болу керек?
5. Үйге тапсырма:
«Ы. Алтынсарин шығармалары балалар әдебиетінің бастау көзі» тақырыбына эссе жазу
Сабақтың жоспары
Поурочный план
The plan of the lesson
Күні / Дата / Date:
Топ / Группа / Group:
Пән / Предмет / Subject: Балалар әдебиеті
Сабақтың тақырыбы / Тема занятия / Theme: А.С.Пушкин ертегілері.
Сабақтың үлгісі / Тип занятия / Type of the lesson: аралас
Сабақтың түрі / Вид занятия / Kind of the lesson: Дәріс
Мақсаты / Цели занятия / Objectives:
-білімдік / образовательная /educational: Студенттерге тек қана өз жазушыларымызбен ғана емес, орыс ақыны А.С.Пушкиннің ертегілерімен әңгімелерінің тәрбиелік мәні маңызды екені туралы түсінік беру және әңгімелеріне талдау жасау.
-дамытушылық / развивающая / developing: Танымдық іс-әрекеттерін дамыта отырып, балалардың жеке жұмыс жасай білудің қабілеттерін қалыптастыру.
-тәрбиелік / воспитательная / bringing-u: Өз беттерінше ізденуге, танымдық іс-әрекеттерін кеңейтуге, сөз байлықтарын көркейтіп, мәнерлеп сөйлеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар / Оборудование / Resources: тақта, сызбалар,әдеби кітаптар.
Сабақтың жоспары / План занятия / Plan
Ұйымдастыру бөлімі
Саусақ жаттығуы
Үй тапсырмасын тексеру
Мақсатқа жету
Дәріс
Студенттермен жұмыс жүргізу
Бекіту
Үйге тапсырма
Сабақтың барысы \ Ход занятия
І. Ұйымдастыру бөлім: Сәлеметсіздер ме?,Здравствуйте, Good morning
ІІ.Саусақ жаттығуы : Бала,бала,балақан,
Қане қайсы алақан .
Саусақтарың әйбат,әйбат,
Былай-былай ойнат.
ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.Ы.Алтынсарин ертегілеріне презентация жасап,кітап әкелу.
ІV.Мақсатқа жету : Орыс халқының тарихында аса көрнекті орын алған сондай тұлғалардың бірі – А.С.Пушкин. Ол жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес, халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу – маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау еткен. Сөйтіп, өзі өмір сүрген дәуірдің мұрат-мүделерінің кәдесіне, ұрпақ тәрбиесіне жарата білген тұлға.
V.Дәріс:( салынған)
VІ. Студенттермен жұмыс жүргізу: «Алтын балық» ертегіне талдау жүргізу
VІІ. Бекіту: - Ертегі мазмұнының мағынасы неде?
Балықтың ролінің бала тәрбиесіне әсері ?
Кемпірдің әр затты алған сайын қандай көңіл күйге түседі?
Ертегі соңында неге бәрі өз орнына қайтып келеді?
VІІІ.Үйге тапсырма: Қазіргі заман талабына ертегіні ойластырып келу.
Әдебиет / Литература / Literature: Сетин Ф.И «Орыс балалар әдебиетінің тарихы» 1990ж. «Қазақ балалар әдебиетінің тарихы» Ш. Ахметов - 1976ж. «Қазақ фолклорының тарихы» А. Қоңыратбаев – 1986ж.
Жоспар: 1.А.С.Пушкиннің балаларға арналған ертегілері.
2. «Алтын балық» ертегісі оның ерекшелігі.
3.Ондағы кейіпкерлер мінезіне талдау жасау.
4.Мазмұны тереңдігі және тіл байлығы
Александр Сергеевич Пушкин (6 маусымның 1799, Мәскеу, Ресей — 10 ақпанның 1837, Сән-Питербор, Ресей) — Ресей ақыны, классикалық орыс әдебиетінің негізін салушы.
Александр Сергеевич Пушкин (1799-1837) – орыстың ұлы ақыны. Оның өмірі мен өнерпаздық жолы азаттық, адамгершілік идеялары үшін аянбай күресу жолы болды. Сөз өнерін дәуірінің озат тілек-мақсаттарымен ұштастыра білуі оған әдебиетте тың жол табуға, бүкіл елдің, орыс халқының әдебиетін жаңа арнаға бұрып, әдебиетті жаңаша дамытып, еркендетуіне мумкіндік берді. Пушкин сан алуан жанрлық түрлерді еркін меңгерді. Әр қилы лирика өлең, поэма, әңгіме, повесть, тарихи роман, өлеңмен жазылған роман, ұсақ та, кесек те драмалық шығарма - міне, осылардың қайсысын қолға алса да, ол үлкен көркемдік шеберлік танытты. Сол дәуірдегі орыс әдебиетінің Пушкин араласпаған, ол қол тигізбеген, үлкен ықпал жасамаған, елеулі із қалдырмаған бірде-бір саласы болған жоқ. Осынша қыруар еңбегін ол небәрі 20 жылдай уақыт ішінде атқарып шықты. Жас Пушкин әдебиеттегі өз орнын табуға, өзінің шығармашылық бетін айқындап алуға үлкен мән берді. Оның әдебиетке алғаш келген жылдары жазған өлең-жырларының қай-қайсысын алсақ та, олардан біз азаттықты аңсауды, отаншылдықты, халық мұңын, тілек-мүддесін жақтауды шығармаларының негізгі арқауы еткен күрескер ақынның асқақ бейнесін көреміз. Жаңа ұрпақтың арман-мұраты, үміт-сенімі, ескіден бөзінуі, ізгілікті, бостандық пен бақытты армандауы - осының бәрі оның поэзиясынан бірдей-ақ жарқын көрініс берді. Ақынның ой-сөзімінің қалыптасуына күшті әсер еткен зор тарихи оқиға 1812 жылғы Отан соғысы болатын. Ол Пушкиннің санасында мәңгі өшпес із қалдырды. Россияда отаншылдық, азаттық идеялары кең қанат жайды. Халықтың еркіндігін, бостандығын темір құрсаумен шырмаған патшалық құрылысқа наразылық үдей түсті. Патшаға қарсы күреске шығып, батыл қимылдаған революцияшыл декабристер ескі дүниені дүр сілкіндірді. Ол болашаққа, азаттық идеясының жеңетіндігіне кәміл сенді. Декабристер көтерілісінен кейінгі жылдарда Пушкин Россияның ер аймағында күн санап қанат жайып, күш алып келе жатқан шаруалардың революциялық қозғалысына үнемі кез тігіп, көңіл аударды, оған үлкен үміт артты. Жаңашыл, алғыр ойлы, күрескер ақын халықтың тарихын, әдебиетін, аңыз-ертегілерді, ескі жыр-дастандарды жақсы білді, қалыптасқан бай әдеби дәстүрлерден де іргесін аулақ салған жоқ. М. В. Ломоносовтың ірі қоғамдық мәселелерді толғай білгені, Карамзиннің адамның жан сөзімін әсерлі суреттеуі, В. А. Жуковский өлеңдеріндегі ерекше әуездік, сыршылдық, И. А. Крыловтың қарапайым адамның мінез-ерекетін дәл бейнелеуі, А. С. Грибоедовқа тән қоғамдық өмірді суреттеудегі шынайылық, сыншылдық, К. Ф. Рылеев поэзиясындағы отаншылдық, адамзаттық әуен, рев. сарын - бұлардың бірі де Пушкинге жат емес екенін ап-айқын аңғарамыз. Бірақ ақынның ез тұлғасы осы аталған ақын, жазушылардың біріне де ұқсамайды. Өйткені ол орыс әдебиетіне дәуір талабына сай тың ақындық ой-сөзім әкелді, орыстық ұлттық көркем ой жүйесін керемет өнерпаздық күш жұмсап, мүлдем басқаша қалыптастырды. Сондықтан Пушкиннің терең толғайтын ойшылдығы да, лирикадағы сөзімталдығы да, шебер суретшілігі де, оның шығармаларындағы отаншылдық, азаттық аңсау идеялары да, рев. жалын-леп те бәрі-бәрі де бұрынғыдан өзгеше, жаңаша сипатта танылады. Пушкин поэзиясының бұрынғы әдебиеттен ерекшелігін айқын танытатын қасиет - ондағы азаматтық, революциясы идеялардың қуаттылығы. Ақын Отанды сүю сөзімін, «қасиетті бостандықты» аңсаушылықты айрықша қастерлеп, тебіреніп айтады. Айдауда жүрген декабрист-ақындармен өзінің пікірлестігін, ниеттестігін жасырмай, үнемі жария өтіп отырады. Ол күрес жолынан өш ауытқып, айнымайды. Тек ол азаттыққа жету жолындағы күрестің жаңа мүмкіндіктерін іздейді. Қоғамдық мүддені, әр азаматтың қоғам алдындағы, халық алдындағы міндетін Пушкин енді дәл ез кезеңінің, өз дәуірінің тілек-талаптары тұрғысынан қарап, терең түсінуге ұмтылады. Ол өзінің тұңғыш поэмасы «Руслан мен Людмилаға» ежелгі аңыз-оқиғаны арқау етіп жазғанда, немесе«Кавказ тұтқыны», «Цыгандар» дастандарында орыс адамын әр елде, әр түрлі ортада алып суреттегенде ез заманының ең күрделі қоғамдық мәселелерін қозғай білді. Соңғы дастаннан адам өмірдегі күрес-тартыстан шет қала алмайды деген тұжырымды өте-мөте аңғарамыз. Пушкин халықтың тарихи тағдыры жайлы толғанғанда оны өз дәуіріндегі қоғамдық өмірдің түйіндерін шешу міндетімен ұштастырады. «Борис Годунов» драмасындағы тарихи дамудың бетін, үлкен-үлкен кезеңдерін белгілейтін ең басты күш - халық, халықтың мүддесі, ниет-тілегі деген тұжырым - жазушының өз заманына жалғастырыла айтылған шындық.
Оның аса кесек көркем туындыларының бірі «Евгений Онегин»- шын мағынасында халықтық шығарма. Мұндағы басты кейіпкерлер төменгі таптан шыққан адамдар емес екені рас. Бірақ өң маңызды нәрсе Онегин мен Татьяна, Ленский мен Ольга - осылардың қай-қайсысы болсын қарапайым халыққа қаншалықты жақындығы тұрғысынан бағаланады, олардың халық мүддесін түсіне білуі - артықшылығы болса, халықтың ой-түсінігінен алшақтығы - осалдығы болып шығады. Мұны көзінде В. Г. Белинский ете қисынды дәлелдеп керткен болатын. Ол өз романында халықтың өмірін мейлінше толық, жан-жақты суреттейді, дворяндар мен шаруалардың өзара қарым-қатынасын да айқын көрсетеді. Халықтың күнделікті тұрмыс тірлігін, әдет-ғұрпын, әр алуан адамдардың мінез, іс-әрекетін, табиғат көрінісін, бәрін де терең және көркем бейнелегендіктен бұл шығарма шын мәнінде «орыс өмірінің энциклопедиясы» (В. Г. Белинский) болды.
Ол сол дәуірде жөке адамның қоғамдағы орны қандай деген мәселені «Мыс салт атты» дастанында, әңгімелерінде әр жағынан алып қарастырады, ол «Мыс салт атты» және «Полтава» дастандарында тарихи тақырыпты кеңінен қозғап, Россия мемлекетінің қуаты артқанын сүйсіне жырлайды. Ақын біраз шығармаларында халықтың ертек-аңыздарын өзінше өрнектеп, халықтық поэзиядағы көркемдік ой-сөзімінің нәрін теңдесі жоқ ақындық шеберлікпін жеткізіп береді. Қарапайым халықтың, орыс шаруаларының тағдырын Пушкин «Дубровский», «Капитан қызы» сияқты шығармаларында шебер бейнелеген. Сонымен қатар ол «Пугачев тарихы» атты еңбек жазды. «Капитан қызы» және «Пугачев тарихы» романын жазар алдында ол қыруар тарихи деректер жинады, архив материалдарын зерттеді, көтеріліс болған жерлерді аралап, Қазан, Симбирск, Орынбор, Орал қалаларында болды. Көтерілісті көзімен көрген адамдардың естеліктерін, ел арасында сақталған жыр, әңгіме-аңызды жазып алды. Мұның бәрі Пушкинге шаруалардың патшаға қарсы көтерілісін, оның басшысы Пугачевтің бейнесін суреттегенде - тарихи шындықты айнытпай дәл көрсетуге мүмкіндік берді. Ол Пугачевті халықтың тап ортасынан шыққан нағыз қарапайым адамға тән қасиеттерін - ерлігін, батылдығын, ақылдылығын, қайырымдылығын сүйсіне сипаттайды. Жазушының Пугачев бастаған көтеріліске орыс шаруаларымен бірге басқа халықтар өкілдерінің - башқұрт, қазақ кедейлерінің де қатысқанын суреттеуі сүйсінерлік. Пушкин езі айтқандай, патшалық қатал заманда азаттықты, бостандықты қасиеттеп, жырлады. Ол шығармаларында халық өмірін мейлінше кең қамтып, бұқара халық пен үстем тап өкілдерін, әртүрлі топтардың адамдарын, олар ескен, ерім сүрген ортаны, табиғат құбылыстарын - бәрін де молынан бейнелейді. Оның шығармаларында лирика сөзім қандай нәзік, әсерлі болса, не нәрсенің де көрініс-кейпін, бояу-түсін сезбен мүсіндейтін суреткерлік те сондай кемеліне келген. Мұнда ірі әлеуметтік, тарихи мәселелердің тереңдігі түйінін табуға жүйріктік, қоғамдық-саяси ой-пікірлердің өткірлігі, отты лебі оқушысын баурап алады.
Пушкин әдебиетті жаңа мазмұн, тақырып идеяларымен байытып қана қойған жоқ, сонымен бірге ол әдебиеттегі өмірді суреттеу әдісін де, бейнелеу тәсілін де өзгертіп, түрлендірді. Кемеңгер ақын орыстың нағыз халықтық, ұлттық әдеби тілін қалыптастырып, жүйеге келтіру міндетін де ойдағыдай іске асырды. Пушкиннің бұл еңбегі күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Пушкин орыс тілінің бірнеше саладағы, яғни дәстүрлі болған кітаби тіліндегі, күнделікті сөйлеу тіліндегі, бай ауыз әдебиетіндегі сөздік қорын екшеп, саралап, көркем әдебиетте мейлінше мол қолдануға жол ашты. Әдеби тіл жалпы халықтық тілдің нәрі мен сөлін бойына әбден сіңіргенде ғана көркемдік қуаты артып, мөлдір таза, керемет бай тіл бола алатынын ұлы жазушы жақсы түсінді. Ол халық тілінің байлығын қалай пайдаланудың, тілді қалай өңдеп, ұстаудың тамаша үлгісін көрсетті. Оның шығармаларынан орыс тіліндегі сездің терең мағыналылығы, бейнелілігі мен суреттілігі, тартымды әсемділігі мен қарапайымдылығы айқын сезіледі.
Өз Отанының жалынды патриоты болған Пушкин орыс халқымен жақын, тағдыры бір, туыстас барлық халықтардың өміріне үңіле қарады, олардың тілек-мүддесін, арманын терең түсінді. Кавказ халықтарының, сондай-ақ Россияның басқа да халықтарының өмірін, тұрмыс-салтын кемеңгер ақынның жақсы білгені және бірталай шығармаларында суреттеп отырғаны белгілі. Пушкин қазақ жерінде, Орынбор, Орал қалаларында болған көзінде қазақ халқына сүйіспеншілік сөзіммен қарап, оның өміріне, әдет-ғұрпына, мәдениетіне зер салды.Ол қазақ жігіттерінің Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне бел шеше қатысқанын білумен ғана тынған жоқ, сонымен қоса қазақ халқының бай сөз енеріне құмарта қызығып, ауыз әдебиетінің, асыл нұсқаларының бірі - «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» дастанын жаздырып алды. Өмірінің соңғы көзінде жазылған белгілі «Ескерткіш» атты өлеңінде өз шығармаларын Россияның барлық халықтары оқитын болады дей келіп, осы өлеңнің қолжазба түрінде сақталған бір нұсқасында қазақ халқын да атап кетеді. Қазақ тарихында Пушкин мұрасына алғаш айрықша зер салып, енеге еткендер Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин және Абай Құнанбаев болғаны белгілі. Олар Пушкинді тек ақын ретінде қызықтаумен тынған жоқ, терең зерттеп ізденуіне тірек етті. Абай Пушкиннің ең таңдаулы туындысы «Евгений Онегинді» аса жоғары бағалады, оның жеке үзінділерін бұдан бір ғасырға таяу уақыт бұрын асқан көркемдік шеберлікпен қазақшалап берді. Абай қазақ тіліне аударып, арнайы ән шығарған «Татьяна хаты» халық арасында еткен ғасырдың аяқ көзінде ете кең тарап, ең сүйікті өлеңдердің біріне айналуы орыс ақынының ерте кезден-ақ қазақ халқына етене жақын болып кеткенінің айқын дәлелі. Татьянаның тағдырын қыр елі қазақ қызының, әйелінің тағдырына орайлас сөзінді. Татьянаның еркіндік сүйгіштігі мен парасаттылығы, сабырлылығы қазақ жастарын да тебірентті. Пушкиннің ұлылығын сол заманда, сол ортада отырып тани, бағалай білгендігі - Абайдың ұлылығының бір жарқын көрінісі. Абайдың Пушкинмен үндестігі, оны жақын тартуы тегін емес еді. Ол қазақ әдебиетінде ез дәуірінде бір кезде Пушкин орыс әдебиетінде атқарған қызметті атқаруды, сондай жүкті көтеруді мақсат етті. Қазақ қоғамы алдына қойған зор міндетті - жаңа реалистік әдебиетті қалыптастыру ісін Абай тиянақты атқарған болса, оған орыс әдебиетінің асқар алыбы Пушкиннің әдеби мұрасының демеуі тимей қалған жоқ. Тек осының езі ғана Пушкин мұрасы, есімі қазақ әдебиетімен қаншалықты жақын болып кеткендігін айқын кернетсе керек. Бұған қоса қазақ халқының Пушкингедеген ықыласының көрінісі ретінде «Евгений Онегинді» халық ақындары революциядан бұрын-ақ дастан етіп айтып жүргенін және «Капитан қызының» қазақ тіліне аударылып, 1903 ж. басылып шыққанын атап кеткен жөн. 20 ғ-дың бас көзіндегі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Шекерім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Сұлтан-махмүт Торайғыров, Спандияр Көбеев, Мұхамеджан Сералин, Бекет Өтетілеуов П. шығармаларынан көп нәр алды. Қазіргі қазақ жазушыларының ішінде Пушкинді оқымайтыны, онан үйренбейтіні жоқ. Жыр алыбы қарт Жамбыл Пушкинге арнап өлең шығарып, ұлы ақынға құрметпен ишарат етіп, қазақ халқының сүйіспеншілік сөзімін әсем жырмен жеткізген болатын. Қазақ әдебиетінің туындысы «Абай жолы» роман- эпопеясында Пушкиннің енерпаздығы, Абай арқылы бүкіл қазақ мәдениетіне тигізген игілікті ықпалы көркем бейнеленген. Мұныңезі Пушкин шығармалары, ұлы ақынның бейнесі Мұхтар Әуезовке де шабыт беріп, оны рухтандырғанын аңғартады. П. шығармаларын қазақ тіліне аударуда Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, I. Жансүгіров, Қ. Аманжолов, Т. Жароков, Ө. Тұр- манжанов, Ә. Тәжібаев, Қ. Тоғызақов, Ғ. Орманов, Ә. Сәрсенбаев, К- Бекхожин, Қ. Шаңғытбаев, Ж. Молдағалиев сияқты көрнекті ақындарымыз елеулі еңбек сіңірді.
Ол 1799 жылы 6 маусымда Мәскеуде дүниеге келген. А. С. Пушкиннің шығармашылығы бір жарым ғасырға созылған орыстың ұлттық әдебиетінің қалыптасу кезеңін аяқтады. Ол дворян отбасында туылып, балалық шағын Мәскеуде өткізген.
12 жасынан лицейде оқып, ақындық шеберлігін шыңдай түсті. Лицейді аяқтаған соң Петербургке қоныс аударып, әдеби-қоғамдық өмірге белсене араласты.
Осы жылдары «Свобода», «Чаадаеву», «Деревня» секілді өлеңдерін, «Руслан и Людмила» атты тұңғыш поэмасын жазды. Кишинев, Одессадан кейін патшалық Ресей Пушкинді әдеби-мәдени ортадан алыс жатқан Михайловское селосына жер аударды. Бұл тұста қаламгер өлеңмен жазылған «Евгений Онегин» романы мен «Граф Нулин», тағы басқа көптеген өлеңдер мен сын мақалаларын (1824), «Борис Годунов» (1825) тарихи трагедиясын жазды. Орыс халқының тұрмыс-тіршілігіне, халықтық сөз қорына дендей енген А. С. Пушкин шығармалары енді көркемдік-реалистік арнаға бет бұрды. Халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, адамдардың әр алуан мінез-құлқын терең бейнелеген «Евгений Онегин» романы «орыс өмірінің энциклопедиясы» (В. Белинский) атанды. А. С. Пушкин шығармаларының бір қыры — тарихи таным, «Борис Годунов», «Полтава», «Медный всадник» және тағы басқа да туындысы арқылы ол әрі ақын, әрі тарихшы ретінде танылды.
А. С. Пушкин Орынбор, Орал қалаларында болған кезінде (1833) қазақтың лиро-эпостық жыры «Қозы-Көрпеш — Баян сұлуды» жаздырып алып, осы тақырыпта шығарма жазуды жоспарлады. Құран сүрелерін өлеңмен жырлады.
Қазақ даласында А. С. Пушкин мұрасына алғаш айрықша көңіл аударып, қазақ халқына танытқандар қатарында Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, тағы басқалар болды. Абай «Евгений Онегин» шығармасының үзінділерін қазақ тіліне аударды (1889), «Татьянаның хаты» Абай әнімен қазақ өңіріне кең тарады. «Капитан қызы» 1903 жылы қазақ тілінде басылып шықты. І. Жансүгіров, Қ. Аманжолов, Т. Жароков, Ә. Тәжібаев, Қ. Тоғызақов, Х. Бекхожин, С. Мәуленов, Қ. Шаңғытбаев, тағы басқа қаламгерлер А. С. Пушкин шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Қазақстанның көптеген қалаларында Ұлы ақынға арналып ескерткіштер орнатылып, көшелер, мектептерге есімі берілді.
«Алтын балық» ертегісінің ерекшелігі: Алтын балықтың басқа ертегілерден ерекшелігі жәндіктің адам тілімен сөйлейтіні. Мағынасы анық та, ашық балалардың түсінуіне жеңіл әрі қызық. Бұл ертегіні тыңдаған балада атаға және балыққа деген сүйіспеншіліктерін көруге болады. Ертегі ұзақ болған мен рет – ретімен уақиға өтілімі мазмұны терең, адам сезімін орап алады. Басынан бастап оқиға өте қызық балықтың шалға берген уәдесі орындауы ал кемпірдің одан әрі көз қызығушылығы мен сараңдығы артып, байығанның үстіне баюға ұмтылады. Бұл ертегіде балаларды артық алмауға қанағат деген болу керектігіне тәрбиелейді.Ал шалдың момын өзінің мені жоқ айтқанды бұлжытпай орындайтын, ақкөңіл адам.
Студенттерге арналған сұрақтар: - Ертегі мазмұнының мағынасы неде?
Балықтың ролінің бала тәрбиесіне әсері ?
Кемпірдің әр затты алған сайын қандай көңіл күйге түседі?
Ертегі соңында неге бәрі өз орнына қайтып келеді?
Сабақтың жоспары
Поурочный план
The plan of the lesson
Күні / Дата / Date:
Топ / Группа / Group:
Пән / Предмет / Subject: Балалар әдебинті
Сабақтың тақырыбы / Тема занятия / Theme: М.Әуезов шығармалары
Сабақтың үлгісі / Тип занятия / Type of the lesson: аралас
Сабақтың түрі / Вид занятия / Kind of the lesson: дәріс
Мақсаты / Цели занятия / Objectives:
-білімдік / образовательная /educational: Студенттерге М.Әуезовтың өмір баяны мен шығармалары туралы түсінік беру. «Көксерек» шығармасының тәрбиелік мәніне тоқталып, талдау жасау.М.Әуезовтың шығармаларының көркемдік сезімімен ерекшеліктеріне баға беру.
-дамытушылық / развивающая / developing: Балалардың танымдық іс-әрекетін дамыту, көркем әдепті сөйлеу дағдысын дамыту.
-тәрбиелік / воспитательная / bringing-u: Өз беттерінше ізденуге,талпынуға және таза сөйлеу мәнерін қалыптастыру,бойларында адамгершілік қасиетті қалыптастыруға тәрбинлеу.
Көрнекі құралдар / Оборудование / Resources: Тақта,суреттер, сызба
Сабақтың барысы / План занятия / Plan
I.Үй тапсырмасын сұрау: «Менің күшігім»жаттап келу.
IІ.Ұйымдастыру бөлімі:3тілде амандасу,3тілде күнді айту,таңғы шеңбер.
IIІ. Мақсатқа жету: Халықтың көрер көзі,лүпіл қаққан жүрегі,дала ойы болған Абай менің ұғынуымда да халықтың қажырлы талабы мен асқақ ой сезімінің,жан-жүрегінің ,оның бойындағы ең абзал қасиеттің жиынтығы болып табылады.
VІ.Дәріс
Жоспары: 1.М.Әуезовтың өмірбаяны
2. «Көксерек»әңгімесіне талдау.
3.Ертегілер тобына жасалған ғылыми таңаулар.
4. «Үр тоқпақ», «Қаңбақ шал» ертегілеріне талдау.
Әдебиет / Литература / Literature: «Мектеке дейінгі балалардың тілін дамыту» Фодоренко Л.П.,В.К Лотарева,Фомичева Г.А, Алматы-1982, Балалар әдебиетінің хрестоматиясы А-1978 Баймуратова
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – Ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).
Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған. Алғашқыда 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.
Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкерім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік – Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады.
Ресейдегі саяси төңкерістер Әуезов өміріне үлкен өзгерістер әкеледі. Ол Семейде «Алаш жастары» одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы болады. Жүсіпбек Аймауытовпен бірігіп жазған «Қазақтың өзгеше мінездері» аталатын алғашқы мақаласы 1917 жылы 10 наурызда «Алаш» газетінде басылды. 1918 жылы 5 – 13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Әуезов жазушы Аймауытовпен бірлесіп Семейде «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға қатысады. 1919 жылы семинарияны бітіріп, қоғамдық-саяси жұмысқа араласады. 1919 жылы желтоқсанның төртінде Семейде большевиктер билігі орнап, Әуезов Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің меңгерушісі және «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады. 1921 жылы қараша айында Қазақ АКСР-і Орталық атқару комитетінің (ОАК) төралқа мүшелігіне сайланып, онда кадр мәселесімен айналысады. Сол жылы «Қорғансыздың күні» әңгімесі «Қызыл Қазақстан» журналының №3 – 4 сандарында жарияланды. 1922 жылы күзде Ташкенттегі Орта Азия университетіне тыңдаушы болып оқуға түседі әрі «Шолпан» және «Сана» журналдарына жұмысқа орналасады. Осы басылымдарда «Қыр суреттері», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Оқыған азамат», «Кім кінәлі», «Заман еркесі» («Сөніп-жану») әңгімелері жарияланады. 1923 жылы маусым айында Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің тіл-әдебиет бөліміне оқуға ауысады. 1924 – 1925 жылы Семейдегі мұғалімдер техникумына оқытушылыққа қалдырылды. Сонда жүріп «Таң» журналын шығарады. Онда «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық» әңгімелері жарияланды. 1925 жылы Ленинградқа қайтып барып, оқуын жалғастырады. 1926 жылы жаз айында Семейге арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырып, оның материалдары негізінде жазылған «Әдебиет тарихы» монографиясы 1927 жылы кітап болып шығады. 1927 жылы жазда Жетісу өңіріне сапармен келіп, Ілияс Жансүгіровпен бірге болашақ шығармаларына материал жинайды. Ленинградқа қайтып оралысымен, осы материалдар негізінде «Қараш-Қараш оқиғасы» повесін, «Қилы заман» романын, «Хан Кене» пьесасын жазады. 1928 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасына қабылданды әрі Қазақ ағарту институтында сабақ берді.
Алаш қозғалысының көсемдерімен бірге 1930 жылы 16 қыркүйекте тұтқындалып, 1932 жылы сәуір айында үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Дегенмен маусым айында түрмеден босатылып, Қазақ педагогика институтының (ҚазПИ-дің) аға оқытушысы болып қызмет істейді. Осы жылдары театр, драматургия, мәдениет пен өнер, әдебиет, фольклор тарихы, орыс әдебиетінің классиктері туралы мақалалары үзбей жарияланып тұрады. Әуезов сценарийі бойынша «Райхан» көркем фильмі (1940) түсіріледі. 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысады. Осы жылдары «Абай» романын жазуға кірісіп, оны 1941 жылы бітіреді. «Абай» романының жарық көруі (1942) Қазақстанның мәдени өміріндегі ерекше оқиға болды. 1943 жылы «Абай» романын талқылау үлкен науқанға айналады. 1946 жылы романның екінші кітабын жазып бітіріп, ол 1947 жылы жарық көреді. 1950 жылы роман-эпопеяның «Ақын аға» аталатын үшінші кітабы жарық көреді. 1943 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақтың мемлекеттік университетінің (ҚазМУ-дің) қазақ әдебиеті кафедрасына профессор болып орналасып, өмірінің соңына дейін сонда дәріс оқыды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында «Сын сағатта» (1941), «Намыс гвардиясы» (жазушы Әлжаппар Әбішевпен бірігіп, 1942), «Қынаптан қылыш» (1945) пьесалары мен «Абай» операсының либреттосын (1944), «Абай әндері» фильмінің сценарийін (1945) жазады. 1946 жылы Қазақстан Ғылым академиясы құрылғанда, оның толық мүшесі (академик, №1 куәлік) болып сайланады, филология ғылымдарының докторы, профессор атағы берілді. 1951 – 1954 жылдары Әуезов саяси-идеологиялық тұрғыдан тағы да қыспаққа алынып, 1953 жылы сәуір айында Мәскеуге жасырын аттанып кетуге мәжбүр болады. Мәскеу мемлекеттік университетінде профессор болып орналасып, «КСРО халықтары әдебиетінің тарихы» деген арнайы курс бойынша дәріс берді. 1954 жылы Алматыға қайтып оралып, «Абай жолы» роман-эпопеясын түпкілікті аяқтады.
1955 жылы шет елге сапарға шығып,Герман демократиялық республикасы (ГДР) жазушыларының Берлинде өткен съезіне құрметті қонақ ретінде қатысты. Үндістанға 40 күндік сапармен барып қайтады. 1956 жылы КСРО мәдениет қайраткерлері өкілдерінің қатарында Чехословакияда болды. Жазушының 60 жасқа толу мерейтойы Алматыда, Мәскеуде салтанатпен атап өтіледі. Атом және сутек бомбасын сынауға қарсы халықаралық қозғалыстың Жапонияда өткен 3-конференциясына қатысады. 1958 жылы Ташкентте өткен Азия және Африка елдері жазушыларының 1-конференциясын ұйымдастырушылардың бірі болды. 1960 жылы АҚШ-қа барып қайтып, 1961 жылы Үндістанға екінші рет сапар шегеді. 1955—1957 жылы алты томдық таңдамалы шығармалары басылып шығады.
Әуезовтің мұраcының аса қомақты бөлігі – оның ғылыми зерттеулері. Ол қазақ ауыз әдебиетін жинақтап, жүйелеп, қазақ әдебиеті тарихы, Абайдың өмірі мен шығармашылығы, әдебиеттану мен фольклордың теориялық-проблемалық мәселелері жөнінде іргелі еңбектер жазды. Қоғам және мемлекет қайраткері ретінде Әуезов жиырмадан астам шет елдерде болып, адамзат қоғамының дамуы, рухани ынтымақтастық үшін өз көзқарасын білдірді. Әлем халықтары оның «Абай жолы» роман-эпопеясын айрықша құбылыс ретінде таныды. 1961 жылдың жиырма жетінші маусымында Мәскеу қаласындағы ауруханада қайтыс болды; Алматы қаласында жерленген. Сол жылы Қазақстан Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтына оның есімі берілді, одан кейін жазушы тұрған үйде мұражай-үйі (1963) ашылып, ескерткіштер орнатылды. Қазақ академиялық драма театры, Алматы, Астана, Семей және басқа қалалар мен облыстардағы аудан, ауыл, көше, мектептер Әуезов есімімен аталады. Мұхтар Әуезовтің туғанына 100 жыл толуы ЮНЕСКО-ның шешімімен, дүниежүзілік деңгейде (1997) аталып өтті.
Туған жері — бұрынғы Семей уезінің Шыңғыс болысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы). Әкесі Омархан мен атасы Әуез сауатты кісілер болған. Мұхтар атасының қолында өскен. Атасы Әуез бен әжесі Дінасылдың тәрбиесінде болған бала Мұхтардың алғаш сауатын ашушы да атасы. Соның арқасында ол алты жасынан Абайдың өлеңдерін ауылдастарына жатқа оқып беретіндей дәрежеге жетеді. 1908 жылы хазірет медресесінде оқып, одан орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы бес кластық орыс училищесіне түседі. Осы жерде оқып жүріп «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады. 1915 жылы Семей қалалық мұғалімдер семинариясына қабылданады. Оқып жүргенде Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастаны негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде тіркестіріп тіккен киіз үй сахнасына шығарады. 1918 жылы М.Әуез Семей қаласының өкілі ретінде Омбы қаласында өткен жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Құрылтайда «Алаш¬орда» үкіметі мен Алаш қозғалысының бағытын ұстанған «Жас азамат» атты Бүкілқазақстандық жастар ұйымы құрылады. Ұйымның белсенді мүшесі бола жүріп, «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға (Ж. Аймауытовпен бірге) атсалысады. 1919 жылы — Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің қызметкері, 1920жылдың ақпанынан бөлім меңгерушісі. «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады. 1921 жылы Семей облревкомының төралқа мүшесі, атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарады. 1921 жылғы қараша айында Қазақ АКСР-і ОАК-нің төралқа мүшелігіне сайланып, онда саяси хатшы міндетін атқарып, кадр мәселесімен айналысады. Мұхаңның «Еңбекші қазақ» газетіне басшылық жасайтын тұсы да осы кезеңмен дәлме-дәл келеді. Бір қыс Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінде, төрт жыл Ленинград университетінде оқып, филология факультетін бітіреді. Сол жылы Орта Азия университетінің Шығыс факультетінің жанындағы аспирантурада оқиды. Ұлттық теңсіздік пен сауатсыздықты, аштықты жою жөніндегі ашық пікірі мен шығармалары үшін «ұлтшыл, алашордашыл» атанып, саяси сахнадан шеттету басталған тұста Мұхаң бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысуға көшеді. Ғылыми жұмыстарды да қолға алады. 1930 жылы идеялық көзқарасы үшін тұтқынға алынады. Тергеу ұзаққа созылып, 1932 жылғы сәуір айында үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылады. Осы жылғы 10 маусым күнгі «Социалистік Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде М. Әуезовтің «Ашық хаты» жарияланады. Онда Мұхаң өзінің қазақ әдебиетінің тарихы және Абай туралы зерттеулерінен, «Қарагөз», «Еңлік-Кебек», «Хан Кене», «Қилы заман» сияқты шығармаларынан бас тартатынын мәлімдеуге мәжбүр болды. Сонан кейін ғана ол түрмеден босатылып, оқытушылық жұмыспен айналысуға рұқсат алды. Ол 1961 жылы 27 маусымда Мәскеу қаласындағы Кремль ауруханасында операция кезінде қайтыс болды. 1961 жылы қайтыс болғаннан кейін Республика Үкіметі қаулы қабылдап, ұлы жазушының есімін мәңгі есте қалдыру мақсатымен Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институты мен [Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры|Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрына Мұхтар Әуезовтың аты беріледі, әдеби мемориалдық мұражайы ашылып, бірқатар мектеп, көше және Алматының бір ауданы М.Әуезов атымен аталды.
2. «Көксерек» әңгімесіне талдау
М.Әуезов 1928 жылдың желтоқсаны мен 1929 жылдың қаңтар айларында “Көксеректі” Ташкент қаласында жазған. Шығарма “Жаңа әдебиет” журналында 1929 жылы жарық көрді.
Сол кезде жазушылардың жазған-сызған дүниелердің барлығына таптық тұрғыдан баға беріліп жатқан тұс еді. Ленинград сияқты ірі мәдени орталықта қоғамдық ғылымдардың даму тарихын зерделеген Әуезовтің “Өнер-өнер үшін” деген ұстанымын Қазақстандағы саяси үрдіс көтере алмайтын. Осы бір тұста «Көксерек» жазылды. Автордың осы шығармаға ықыласы туралы Әуезов шығармаларының аудармашысы А.Пантиелев былай дейді: «Көксеректі», «Абайдан» әлдеқайда бұрын жазды, сондықтан да алғашқы махаббатындай ұнататын». «Көксерекке» автор неге іш тартты? Өзінің қайта оралмас Шыңғыстаудағы күндерін тірілткені үшін бе? Әлде шығарма болмысында бүгілген іңкәр ойының тереңге, астардан астарға көмкерілгендігі үшін бе? Сол тұстағы баспасөзде «Көксерек» жарыққа шығысымен-ақ, әр түрлі ұстанымдағы сындар жазылып жатты. Сондай сынның бірі С.Мұқановтікі : «Әңгіме өте терең астармен жазылған. Қанша қозғағанмен ішінен айқын мағынасын ашу өте қиын. Біз бұл арада қасқыр пәленше, Мұқаш (Құрмаштың алғашқы нұсқадағы аты Н.Р.) түгенше деп орынсыз жорамалдау жасамаймыз. Біздің айтарымыз жалғыз-ақ, Мұхтар мұны жазғанда қасқырды, аң қып алып отырған жоқ, адам қып алып отыр. Өйткені Көксеректе мақсат бар. Сол мақсатқа ұмтылушылық, өз мақсатына ұмтылушылық, түптеушік бар… Көксерек, сөз жоқ, адамның біреуі. Біреуі болғанда Көксерек бүкіл бір ұлтты елестете ме, тапты елестете ме, яки жеке адамды елестете ме, ол жағы бізге қараңғы…». С.Мұқанов ойын ары қарай тапшылдық сана ықпалымен өрсе де, бізге керектісі Әуезовтің идеялық - көркемдік ойлау машығына өзінше барлау жасай отырып, көркемдік сананы зерделеуге жол көрсеткені.
«Ұзын кең өлкені қаптай басқан қарағанның ортасында терең, құр жар бар. Соның бас жағында итмұрынды қалың жыныстың арасында қасқыр іні бар. Жақын елге мәлім ескі ін». Осы ескі інге түр-тұрпаты, бет-бейнесі анық суреттелмеген, жат иістілер келіп дүрліктірді, ойларына келгенін істеді. Ала-бөтен пейілдің тағылыққа құштарлығы байқалады. Жат қол інді аяусыз бұзды. «Ертеңіне түсте жат иіс шықты, алыстан әлдеқандай дабырлаған дауыстар естіліп, жақындап келе жатты. Күшіктердің жоталарынан тістелеп, індерге тығып-тығып тастап, ақ қасқыр қараған ішіне кірді.
Ін үстіне мүйіз тұяқтар тасырлап дүбірлетіп келді: айқай-дабыр молайды. Бірі үстіне бірі келіп, жиын көбейді. Жерге ат үстінен тастаған ағаштар сарт-сарт түсіп жатты. Ін аузына екі аяқтылар жыбырлады. Көргіш көздер ін түбіне қадалды. Күшіктер бірі үстіне - бірі үйіліп, бауырын көтеріп қыбырлай алмай, жақын жерде жатыр еді.
Жып - жылы мықты тұсаулар мойынынан, жотадан ұстап бар күшікті сыртқа алып шықты. Жеті күшіктің бесеуін көздеріне қарап отырып өлтірді де, екі кішкенесін қалдырды. Кетерде бұның біреуінің тірсегін қиып қалдырады да, екінші біреуін - ең кенжесін алып жүріп кетті. Қалған жалғыз күшікті тістелеп алып, екі қасқыр жоқ болды. Ін қаңырап қалды….
Шығармада қасқыр да, ит те адамзатпен қатар өз әлемімен сипатталады. Автор оларды адамның теңемесі сияқты алып, адамның мәнін хайуанаттар бойына жасырған. Адам баласы айта алмайтындарды олар айтады. Апанынан өз еркінен тыс жат ортаға әкелінген Көксерек жаңа ортадан бостандық пен мейірбандық дәметті. Жаратылысына өзгеден бір табан жақын ауыл иттері де бұған үдірейе, сақтана, жаулық пейілмен қарады, оны жатсынды. «Бірде–бір ит мұны дос көрмейді, маңына жақындатпайды. Қасқырға шабытын батыл төбеттер бұны талап та тастайды. Өзге көп ит те ырылдап үріп, кейде тап беріп, әр жерінен тістеп тартып кетеді».
Көксерек тағдыры аянышты, еркіндігіне тұзақ салынған. Оған айналасындағылардың қылығы шаншудай қадалады, ол өзіне жат тағдырға ызалана тұншығады. Көксерек ауыл иттері сияқты болмауға барын салады. Көксеректің жат ортаны жатсынуы, еркін әрекеті – оның ішкі бостандығының көрінісі. Өздерін тағылыққа ізгілік үйретуші санаған көпшілік үні Көксерек қылығын қара ниетті жауыздықтың тұрғысы санайды. «Кәпір, қырыс, тағы емес пе! Кеудесін бермейді, жасымайды» деп өз өлшемдерін айтысады.
Өзі де, өзге де бола алмаған Көксерек ауыл иттерімен ара кідік қақтығысып қалғаны болмаса, айналасымен жанасуға салғырттық танытады. Табиғаты алыс-жұлысқа бейім қасқыр «Өзі ешкімге ізденіп соқтықпайды. Ит баласына заты қастай жібімейді. Әлі күнге бір рет жадырап, ойнап көрген емес. Татулық жоқ, суық. Жалғыз - ақ атын біледі. Құрмаш пен әжесі шақырса ғана келеді. Онда да жүгіріп келмей, құйрығын сөлектетіп, бүкеңдеп қана келеді. Бұны да ашыққан уақытында істейді. Әйтпесе көбінесе анадай жерде қырыстанып, көзінің астымен жалт-жұлт қарап жатып алады. Барып түрткілеп, орнынан тұрғызып жіберген соң ғана үйге жүреді. Өскен сайын сызданып, суықтанып келеді».
Көксерек адамдардың одан да тілейтінін түсінуге тырысты, бірақ түсінбеді. Қасқыр иттің күйіне түсті, ал ит ешқашан қасқыр бола алмайды. Өмірдің тепе-теңдігін жоғалтқан Көксерек маңайын жатсына бастады. Есейе келе ауылдан екі рет кетіп, екі рет қайта оралған Көксеректің үшінші кетісі «бұл жолғысы шын болды». Бәрібір қашты. Даладағы аштық пен суық Көксеректі тағылар салтына икемдеді. «Алғашқы рет амалсыздан көкке қарап, аузын ашып ышқығанда ішінен зор дауыс шықты». Бірінші рет ұлыды. Көксерек үшін күтпеген жағдай, тегінің үнін жатсынғандай күй кешті. Мұның толассыз ұлуын естіп келген қаншық қасқырды да Көксерек маңына дарытқысы жоқ. Соңынан «екеуін иістері табыстырды». Аңсаған еркіндік Көксеректі ширатты, жыртқыштық инстингін оятты. Ақ қасқырмен жұптасы, қайтадан табиғатына сіңді. Бірақ бәрібір өз қандастарынан бөлектігін байқатты.
Әуезов әрбір қимыл қозғалыс арқылы астарлы ойын сабақтай түседі. Қуғыншылар ақ қасқырды соғып әкеткеннен кейін Көксерек «тағы да жалғыз жортуылға түсті…». Жалғыз қалған Көксерек қандастарын іздемейді де, аштық азабын басып, қарны тойса болды. Бұл да өз ортасынан жат жерде тәрбиеленген ұрпақтың болмысын ақтарудың бір парасы. Тағы да аштықтан жер тарпып, қар боратып, көп ұлыған кезде топ қасқыр қасына келді.Өткенде ақ қасқырды да ұлыған кезде тапқан, ол да қасына өзі келген. Көксерек өзі оларды іздеп жүрген жоқ, қайта топ қасқырдан жалтармақшы болды. Өз ортасынан бөлінген Көксерек оларды жатсынады, топ қасқыр да Көксеректі бөтенсиді. Тек оларды бір-біріне жақындастырған – ұлу, яғни тіл. Автор кеңестік жағдайда тікелей, тура айту мүмкін емес ойдың есесін қайтарып, тіл арқылы ғана бауырлас, қандастарыңды табасың деген пайымдауын санаға сығалатады.
Көксерек пен тоғыз қасқырдың топ бастары Көкшолақ кездескен сәттен-ақ сызданысты. Кезекті жемтікті бөлісе алмаған Көксерек Көк шолаққа тап беріп, «құлақ шекеден ала түсті. Жасынан ауыл иттерінен үйренген әдісі еді». Ауыл иттерінен үйренген әдісінің арқасында Көксерек Көкшолақты мерт етті. Қандастары кешегі топ бастарына аштық өзекке түскен соң лап қойды. Сөйтіп, Көксерек өз қандасына да қастық істеуден, өз ішін талаудан да бас тартпайтынын байқатты. Бұл—қасқыр атаулының соры емес, өзімшілдіктің соры. Қырқыс қай ортада да бар әрекет. Көксерек басқа қасқырларды өзім деп қабылдамайды. «Ырқына көнбеген күшіктерді, жүріске ере алмаған қартаң қаншықтарды кейде бас салып талап та тастайды». Көксерек бастаған топтың «атышулы тоғыз қасқыр деген аты шықты». Қу тамақтың тесігі жеңбейтін үрей жоқ. Көксерек тобы жалғыз атты шаналы жүргіншіні қамады. «Есі шыққан керуен, аты жүре алмай қалған соң, айқай салып қашып еді. Атты топтарымен жығып салып талқандап, өлтіріп, талап жесе бастады. Топ осыған араласып жатқанда, Көксерек мұны тастай беріп, қасына бір-екі қаншықты ертіп алып, кісінің артынан қар боратып, бұрқыратып салып еді, жақындап қалғанда, кісі шошып жығылды. Бірақ алдарынан айқайлап, сатырлап шапқан аттылар шығып қалып, айырып алды». Осыдан соң қатты долы, ызалы болып, сызданып алған Көксеректен қандай қатыгез қаскөйлікті күтуге болатын еді. Жат қолдың мәжбүрлеуімен адамдар арасында өмір сүрген Көксерек олардан сескенбейді. Түйелі адамды да айналсоқтайды. Түйенің жанына жақындап келгенде : «түйе үстінен бір ұзын нәрсе шошайып созылды да күрс етті. Өлгенше қатты ащы дауыс даланы сілкіндіріп шошытып жіберді. Бар қасқыр қар боратып ытқып, қашып жөнелді.
Күрс етіп жөтелген көк түтінмен қатар Көксеректің артқы бір саны шыж ете түсті. Әрі ыстық, әрі суық бір нәрсе қадалып шаншып қалды. Санын «арс» етіп қауып қалып, түйенің үсті тағы да сыртылдап қамданып жатқанда, бұ да ытқып қашып жөнелді. Тоқталған жоқ, көп қашты. Бірнеше қырқадан, бір екі жазықтан құлаш ұрып шауып өтті. Өзге қасқырлар бір бөлек, бұл жалғыз – бір бөлек».
Көксерек тағы да жалғыз, қандастары тастап кетті. Тәні де, жаны да жаралы Көксерек психологиясы қылмыстың қай түрінен болсын аянбасы анық еді. Автор Көксеректің сезім құбылыстарын шеберлікпен жеткізеді. «Қойшы үлкен емес, бала дауысы шошытпайды» деген оймен Көксерек қойға жақындады, қойшы бала да бұдан сескенбейді» айғайды салып, бұған қарсы шапты, Құрмаш Көксеректі танымаса да, бөлтірікті қойнында баққан бала көңілмен өзімсіне қаскөйлікке қарсы ұмтылды.
Бірдеңені жұлып түспек болып долданған Көксеректің арандай ашылған аузының ыңғайына бала тонының өңірі ілінді. «Туғаннан бергі барлық көресі осыдан-екі аяқтыдан дегендей, жығылып, домалап жатқан балаға тап берді. Оқыс секіргенде, санының жарасы ашылып, тыз етіп ашып қалып еді. Ол бұрынғыдан жаман ызаландырып, құтыртқандай. Боз ұзап қашып кетті. Қой да жоқ. Екпіндеп секіріп, ырылдап кеп баланы бас салды». Құрмаштың өлімі кездейсоқтық. Автор Көксеректің екі аяқтыларға шабуы табиғат теңдігін бұзғандарға жауап дегенді санаға үйіреді. Екі аяқтылар ол жауыздыққа асыра қарымта қайтаруға ұйысуда. Қасқырға салатын ит Аққасқаның түр-тұлғасы, әрекет-қылығы Көксеректі еске салады. «Аққасқаның бойы қасқырдан кіші емес. Аяқтарының жуандық сомдығы да содан кем емес. Өзінің барлық тұлғасында қасқырға ұқсайтын бітім бар. Түсі тазылар түсіндей емес, қасқыр түс.
Аққасқа өте қабаған. Сіркесі су көтермейтін долы, ызалы. Кісі айырмаса, астына түскен итті өлтірмей шықпайды.Өзі жүрген жерде өзге иттің еркелігін көтермейді. Күзден бері Қасен ауылының екі-үш сақ төбетін өлтіріп салды. Қатты ашуланып, ашқарақтанып кеткенде, иесін де қауып жібереді».
Автор повестің соңғы тарауындағы Көксерек пен Аққасқаның айқасын әсерлі суреттеген. Екеуі де өліспей беріспеуге дайын. «Екеуі шапшысып тұрған бетте бір-бірін құлақ шекеден де, алқымынан да алғызбайтын болды. Алдыңғы аяқтарымен ұстасып тіресіп тұрып, сол сәтті аңдығанда екеуі де тез іс бітпейтінін ұққандай болды. Аққасқа қарсы алдында арандай ашылып тұрған ауызға сақ еткізіп тістерін салып жіберді. Бұл қасқырдың төменгі тістері мен тілін қоса шайнағанда, қасқырдың жоғары азулары Аққасқаның тұмсығының екі жағынан жоғары ұрттарына келіп, кірш-кірш кірді»
Автор үшін Көксерек аяулы образ. Егер Аққасқа өр жақта тұрмағанда, адамдар келіп, шайнасу үстінде желімдей қайнасып қатып қалған Көксеректің көмейіне қамшы тығып, өкпесіне пышақ салмағанда, қайсысының алдырарын кім білсін. Екі аяқтылар қарумен келіп Көксеректі жайратты. Қанша алпарыс, бәрібір жеңіс солар жағында екенін дәлелдеді. Әр тіршілік иесі, қазақ та, өзінің тегіне, жаратылысына адал болуын автор астармен меңзегендей. Шығарманың он бойында жаратылысты күштеп өзгертуге деген қарсы күйінген мұңлы шер жатыр.
Әуезов төңкерістен кейінгі жылдары ұлтын шексіз сүйген, онымен қоса, оны басқаша тәрбиелеуге ұмтылған сыртқы «ұлы жұртты» сүюге міндетті болып саналған, сөйтіп қарама–қарсы қасиеттер бойына сіңе бастаған ұлт бойындағы көріністі шығарма астарына көмкерген.
Сабақтың жоспары
Поурочный план
The plan of the lesson
Күні / Дата / Date:
Топ / Группа / Group:
Пән / Предмет / Subject: Балалар әдебиеті
Сабақтың тақырыбы / Тема занятия / Theme: Шетел ертегішілері. (Г.Х.Андерсен, Ағайынды Гримм т.б).
Сабақтың үлгісі / Тип занятия / Type of the lesson: аралас
Сабақтың түрі / Вид занятия / Kind of the lesson: Практикалық сабақ
Мақсаты / Цели занятия / Objectives:
-білімдік / образовательная /educational: Шетел әңгімелері мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу маңызының қаншалықты терең екендігі туралы студенттерге түсінік беру.Ертегілердің мазмұнын талдап, балаларға берер тәрбиелік мәнін ашу.
-дамытушылық / развивающая / developing: Танымдық іс-әрекеттерін дамыта отырып, балалардың жеке жұмыс жасай білудің қабілеттерін қалыптастыру.
-тәрбиелік / воспитательная / bringing-u: Берілген әңгімелерге талдау жасауға үйрету, шығармаларды таза мәнерлеп ұқыпты оқуға тәрбиелеу.Өз беттерінше ізденуге, танымдық іс-әрекеттерін кеңейтуге, сөз байлықтарын көркейтіп, мәнерлеп сөйлеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар / Оборудование / Resources: тақта, портрет, ертегі кітаптары
Сабақтың жоспары / План занятия / Plan
I.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Мақсатқа жету
ІV. Дәріс мазмұны
V.Студенттермен жұмыс
VІ. Қорытынды
Сабақтың барысы \ Ход занятия
І.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіздер ме?,Здравствуйте, Good morning.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:М.Жұмабаевтың «Сылдырмақ» өлеңін жаттап келу. .
ІІІ.Мақсатқа жету: Біз болашақ педагогпыз, біздің алдымызда үлкен міндет тұр:балалардың тілін дамыту, таза анық сөйлеуге үйрету, мектепке дейінгі балалардың таза сөйлеуі үшін тілдің дыбысталу мәдениетін қалыптастыру. Ол үшін әуелі өзіміз таза сөйлеуіміз керек. күнде біз сендермен саусақ жаттығуларын, сөздік жаттығуларын, таңертеңгі шеңбер, психо-жаттығулар жасауымыз керек.
Мынау көз, мынау көздерім,
Мынау құлақ,мынау құлақтарым.
Мынау ауыз, мынау мұрын,
Мынау іш, мынау арқа.
Мынау қолдарым,мынау аятарым.
Енді бүгінгі дәрісіміздің тақырыбын жазыңдар.
IV. Практикалық сабақ :(салынған) жоспар, ертегілері,портрет.
V. Оқушылармен дәріс барысындағы: Пікір талас сұрақтармен жұмыс және әңгімелерін мәнерлеп оқу және талдау жасау.
VI. Бекіту: (Сұрақтар салынған)
Әдебиет / Литература / Literature: Ш.Мұхтарова, Л.Серова «Шетел балалар әдебиеті» 2008ж. «Қазақ балалар әдебиетінің тарихы» Ш. Ахметов - 1976ж. «Қазақ фолклорының тарихы» А. Қоңыратбаев – 1986ж.
Жоспар:
Г.Х.Андерсен ертегілері.
Ағайынды Гримм- француз халық ертегілерін шығармашылық тұрғыдан ұсынуы.
Вильгельм .Гауф «Кішкентай Мук», «Карлик нос» т.б.
Андерсен Ханс Кристиан жазушысы. Әлемге әйгілі балалар және ересектерге арналған ертегілер авторы.
“Импровизатор” (1835), “Тек скрипкашы” (1837), “Қос баронесса” (1-3, 1849) романдары, “Мулат” пьесасы, “Ақын базары” (1842) жолжазба очерктер кітабы, “Менің өмірімнің ертегісі” өмірбаяндық кітабы т.б. шығармалары әлем оқырмандарына жақсы таныс. Негізінен, әдеби ертегі, повестерімен даңқы шыққан. “Балаларға айтылған ертегілер” (1-3 кіт., 1835—37), “Жаңа ертегілер” (1845 — 48), “Оқиғалар” (1852 — 53) деген жинақтары жарық көрді. “Қайыспас қалайы солдат” (1838), “Шошқа бағушы” (1841), “Бұлбұл” (1843), “Сүйкімсіз балапан” (1843), “Қаршақыз” (1844), “Көлеңке” (1847), “Ана” (1848) т.б. танымал ертегі кітаптарында жазушы ар тазалығы мен жан жомарттығын, әділет, жақсылық сезімдерін ашып көрсеткен.
Андерсен ертегілері тек балаларға арналмаған. Әлеуметтік-психологиялық астар, ащы сарказм Андерсен ертегілерінің көпшілігіне тән (мысалы, “Корольдың жаңа киімі” ертегісі). Андерсен атында халықаралық әдеби сыйлық бар. Қазақ жазушысы М.Қабанбаев “Пысық болдым, мінеки” повесінде ұлттық мінездің ерекшелігін ашып көрсеткені Халықаралық Х.К. Андерсен атындағы Үлкен Грамотасын алған (1989). Андерсеннің “Ертегілер” (1948, 1951, 1960), “Перизат” (1968), “Сандық самолет” (1970), “Сүйкімсіз балапан” (1981), “Таңдамалы ертегілер” (1984) кітаптары қазақ тілінде жарық көрген.
Ханс Кристиан Андерсен 1805 жылдың 2 сәуірінде Фюн аралындағы Оденсе қаласында дүниеге келді. Андерсеннің әкесі Ханс Андерсен (1782-1816) кедей етікші, ал шешесі Анна Мари Андерсдаттер (1775-1833) кір жуушы болды. Шешесінің сіңірі шыққан кедей отбасынан шыққандығы соншалық, ол бала күнінде қайыр сұрауға мәжбүр болса, өлгенде де кедейлер бейітіне жерленді. 1816 жылы әкесі қайтыс болып, Андерсен жұмыс іздеуге мәжбүр болды. Алғашында ол тоқымашының, одан соң тігіншінің көмекшісі болып, кейіннен темекі фабрикасында жұмыс істеді.
14 жасында Андерсен Копенгаген қаласына аттанады. Анасы оны аз уақытта қайта оралар деген үмітпен жібереді. Үйін тастап, кетіп бара жатқан жас Ганстан анасы не үшін кетіп бара жатқандығын сұрағанда, ол еш ойланбастан: «Атақты болу үшін!» деп жауап береді.[1] Ол өз мақсатына жетті. Адал еңбек, маңдай терімен танымал болды, өзін мойындатты. Бір кездері қалаға қалтасында бар болғаны 13-ақ монетамен келген жас өзінің болашағы үшін күресте ештеңеден тайынған жоқ. Ханс Христиан ұзын бойлы, аяқ-қолдары да, мойны да жіңішке әрі ұзын, мұрны да ұзын жігіт болды. Ол өзінің ертегілеріндегі «Сүйкімсіз Балапанның» өмірлік аналогы еді. Бірақ даусы өте жағымды болғандықтан және оның қатты жалынғандығына сарайдағылар аянышпен қарағандықтан ол көріксіздігіне, сыртқы келбетінің сұрықсыздығына қарамастан, король театрына жұмысқа қабылданады. Мұнда ол тек қана екінші дәрежелі рольдерді ойнайды. Бірте-бірте ол рольдері де азайып, оған қоса қартайғандықтан даусының өзгеруіне байланысты мүлде жұмыстан шығарып жібереді. Бұл уақытта Андерсен 5 актілі пьесасын аяқтап, соны кітап етіп шығару үшін корольден ақша сұрап хат жазады. Бұл кітапқа оның өлеңдері де енді. Ханс Христиан жарнама да жасап, газетке анонс да береді. Бірақ, кітап басылып шыққанымен, ешкім сатып алмайды; ол тек заттарды орайтын материал ретінде ғана жарамды болып қалады. Бірақ ол үмітін үзбей, өз кітабын театрға әкеледі. Ондағы ойы – жазған пьесасы бойынша спектакль қою. Бірақ «автордың тәжірибесінің аздығынан» театр пьесаны қабылдамайды.
Осы бір сезімтал жастың талабына, ықыласына риза болған жұрт Дания королі Фредерик УІ-ға Андерсенды оқыту жөнінде өтініш жасайды. Нәтижесінде Андерсен алдымен Слагельс қалашығында, одан соң Эльсинордағы мектепте қазына есебінен оқиды. Алдағы уақытта тамақ тауып жеу мәселесі шешілгенімен, мектептегі өмірі Андерсенға оңай тиген жоқ. Біріншіден, ол өзінен 6 жас кіші балалармен оқыды, екіншіден, ректордың қатал сынына жиі ұшырап отырды. Естеліктерінде мектептегі өмірін жазушы «ең қараңғы уақыт» ретінде еске алады. 1827 жылы Ханс оқуын бітіргенімен, сауатты жазуды меңгере алмай, өмірінің соңына дейін жазуда грамматикалық қателер жіберіп отырды.[2] 1829 жылы жарық көрген «Холмен каналынан Амагердің шығысына дейін жаяу саяхат» атты фантастикалық әңгімелер жинағы Андерсенға атақ әкеледі. 1833 жылы корольдің берген жәрдемақысына Ханс өмірінде бірінші рет шетелге саяхат жасайды. Осы уақыттан бастап, ол көптеген әдеби туындыларын жаза бастайды. Соның ішінде, даңқын шығарған «Ертегілер» (1835) атты жинағы жарық көреді. Андерсеннің «Ертегілерін» халық қызыға оқып, сұраныс көбейгендіктен, 1835, 1845 жылдары қайтадан жарияланады. Жазушының талантын дәлелдеген «Суреттері бар суретсіз кітап» атты жинағының жарық көруі оны бүкіл еуропаға танымал етті. 1847 жылы ол Англияға келгенде оны үлкен қошеметпен, салтанатты түрде қарсы алады. 1840-жылдардың екінші жартысында драматург әрі романист ретінде атын шығаруға талпынған Ханс Христиан бірнеше романдар мен пьесаларын жариялайды. Ол өзіне атақ әкелген ертегілерін жазуды да жалғастыра берді. Соңғы ертегісін Андерсен 1872 жылы Рождествода жазды. 1875 жылдың 4 тамызында жазушы қайтыс болып, денесі Копенгагендегі «Ассистэнс» мазарына жерленеді.
Андерсен ертегілерінің ішіндегі әйгілісі – «Кішкентай Иданың гүлдері» (1835), «Түймеқыз» (1835), «Патшаның жаңа көйлегі» (1837), «Жабайы аққулар» (1838), «Ұшақ-сандық» (1839), «Жауыз патша» (1840), «Періште» (1843), «Қалыңдық пен күйеу» (1843), «Ұсқынсыз үйрек» (1843), «Қар ханшайымы» (1844), «Әже» (1845), «Көлеңке» (1847), «Жыл тарихы» (1852), «Жел Вальдемар До мен оның қыздары туралы айтады» (1859), «Нанды басып кеткен қыз» (1859) атты ертегілері.
Ертегішінің көптеген ертегілері анимацияланып, эфирде көрсетілді. Солардың қатарында «Ұсқынсыз үйрек» (1956), «Жабайы аққулар» (1962), «Түймеқыз» (1964), «Қар ханшайымы» (1966), «Күн тимес күнікей» (1976), «Су перісі» (1976), «Қайтпас қайсар қалайы солдат» (1976), «патшаның жаңа көйлегі» (1990), «Шақпақ тас», «Күйеуімнің істеген ісінің бәрі жөн, бәрі дұрыс», «Кішкентай Иданың гүлдері», «Оле-Лукойе», «Алтын қазына», «Шошқа бағушы» (2012) т.б. атауға болады.
Жазушының фантазиясы мен халық ішінде сақталған аңыздарды еске түсіруі оған керемет ертегілік сюжет жасауға мүмкіндік берді. Дат жазушысының барлық туындыларында әділдіктің әділетсіздікті, мейірімділіктің жауыздықты түбі жеңетіндігіне деген терең сенім бар. Ханс ертегілерінде әртүрлі қызықты оқиғалар болып отырады. Ертегішіге әлемдік даңққа ие болу оңай болған жоқ.[3] 1829 жылы жарияланған «Холмен каналынан Амагердің шығысына дейін жаяу саяхат» атты фантастикалық әңгімелер жинағы Андерсенға үлкен атақ әкеледі. Осы уақыттан бастап, ол көптеген әдеби туындыларын жаза бастайды. Соның ішінде, даңқын шығарған «Ертегілер» (1835) атты жинағы жарық көреді. Андерсеннің «Ертегілерін» халық қызыға оқып, сұраныс көбейгендіктен, 1835, 1845 жылдары қайтадан жарияланады. Жазушының талантын дәлелдеген «Суреттері бар суретсіз кітап» атты жинағының жарық көруі оны бүкіл еуропаға танымал етті.
Андерсен халық ертегілерінің образдарын пайдаланған жоқ, өзі бұрын мүлде беймәлім жаңа образдар ойлап тапты. «Інжу мен алтыннан да қымбат» атты ертегі-пьесасында дракондар бұзылып қалады. Бір драконның сол жақ қанаты сынып қалса, екіншісінің аузынан от шашатын механизмі істен шығады. Әрине, бұл күйінде дракондар ұша алмайтын болғандықтан, ертегі кейіпкеріне транспорттың басқа түрін табуға тура келеді. Андерсен ертегілерінде бәрі бар: темір жол, ұшатын шар, тіпті газетке дейін басылып шығады. Ертегілерде заттарға жан бітіп, ойыншықтар белсенді әрекет жасайды. Ұршық допты бағып жүрсе, тарақ етікке күйеуге шығады немесе қайтпас қайсар қалайы солдат көптеген адам сенгісіз оқиғаларды басынан кешіреді. Автор адам бойындағы жаман әдеттерді, әлсіздіктерді заттарға телиді. Мәселен, тебен ине өзін жіңішке сезінгендігі сонша, соңында жіңішке тігін инесі екендігіне сеніп қалады. Тебен иненің өзін-өзі дәріптеуі тіпті күлкі туғызады. Ертегіші бір ханшайымның ерекше ақылдылығын суреттегенде: «оның ақылдылығы сонша, әлемдегі барлық газетті оқып шықты, бірақ оқығанының барлығын ұмытып қалды» деп жазады. Осы мазмұндағы сатиралық ертегілер Андерсенде көптеп кездеседі («Корольдің жаңа көйлегі» т.б.).[2] Андерсен ертегілері қазақ тіліне де аударылды. Оның бастамашысы аудармашы Сасан Нұрғалимов болды. Ол танымал ертегішінің ел арасына кең тараған он бес ертегісін көркем тілмен аударып, Қазақтың Мемлекеттік Көркем Әдебиет Баспасынан 1951 жылы жеке жкітап түрінде жариялады. Бұл кітап бүгінге дейін жас балалардың қызыға оқитын кітаптарының бірі.[4]Андерсен ертегілерін тек балалар ғана емес, үлкендер де қызыға оқиды. Себебі оның ертегілері әртүрлі жастағы, әртүрлі таптағы адамдарға арналған. Андерсен ертегілері адам санасын оятады, онда халық даналығы тұнық күйінде сақталған.
Вильгельм Гауф (Үлгі:Lang-dutch, 29 қараша 1802 жыл, Штутгарт – 18 қараша 1827 жыл, сонда) – неміс жазушысы және новеллист. [1]Әдебиеттегі бидермейер бағытының өкілі. 1820 жылы Тюбинген университетіне түседі. Төрт жылдан соң философия және теология мамандықтары бойынша доктор дәрежесін алады. Кейін қорғаныс министрі барон Эрнст Юген фон Хёгельдің балаларына жеке оқытушы болып жұмыс істейді. Оларға арнап «Märchen» атты қиял-ғажайып ертегілер жинағын жазады. Ол 1826 жылы басылып шығады. Сонымен қатар «Кішкентай Мук», «Калиф-Ләйлек» атты атақты ертегілері бар. «Лихтенштейн» атты тарихи романы ХІХ ғасырдағы ең үздік романдардың бірі болады.
1827 жылы Штутгарт газетінің редакторы болады. Штутгартқа жақын жерде ВильгельмГауфқа арнап ескерткіш тұрғызылған. Байрсбронда «Вильгельм Гауф ертегілерінің мұражайы» бар.
Үйге тапсырма: Шетел ертегілерінің біреуін алып, талдап келу.