Презентация Устазга мын алгыс
Жырлаймын ұстаз өзіңді (ұстаздар күніне арналғансценарий)
Мақсаты: оқушылардың бойында ұстаз деген ерекше жылы сезім қалыптастыру. Оқушыны ұстазды құрметтеуге, сыйлауға қадірлеуге, ұстаз еңбегін бағалай білуге үйрету, дамыту. Адамгершілікке, кішіпейлікке үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.Көрнектілігі: гүлдер, шарлар, нақыл сөздер, буындарКіріспе сөз. Аяулы ұстаздар төл мерекелеріңіз құтты болсын. Еңбектеріңізге мол табыс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз. Мерейлеріміз үстем болсын.Мектептің тірегі әрі жүрегі - ұстаз. «Ұстаздық етпес жалықпас, үйретуге балаға»- деп Абай атамыз айтқанындай. Ұстаз ұлағатты есім, шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан - теңіз. Алдарымызда отырған балаларымыз бір - бір кірпіш болып қалануы, осы ұстаздардың арқасы. Сондықтан бүгінгі әніміз, дастарханымыз сіздерге арналады ұстаздар.Би: ҚаражорғаХор: Мұғалім ол біздіңНұрбақыт: Шәкірттердің ой - санасы ашылсын,Ұстаздарға әлем халқы бас ұрсың.Маххабат: Мектебімнің мейірбан ұстаздары.Жансая: Тойлайды бұл күнді көктен,Біздің байтақ бақытты ел.Ұстаздарды шын жүректенҚұттықтайды шәкірттер.Алғыс сізге алғашқы ұстаз,Бізге үйреткен әліппе.Атыңызды дәріптепДилназ: Жарқын жүзді ұстазым, мейірбан, сабырлы.Ауызынан шыққан сөз бар шәкіртке қадірлі.Келдім міне алдымда, бір шоқ гүлім қолымдаСаған шәкірт болмақпын ғылым білім жолында.Рустам: Көзге ыстық көрінерОқушының партасы.Болғаны да осыныңМұғалімнің арқасыАқсұңқар: Ұстазым қамқоршым, ақылшым,Анамдай сен маған жақынсың.Мадияр: Мұғалім сұлу мұғалім,Арнадым саған бұл әнім.Хор: Жалғыз саусақМұғалім апай ғой.Қызғалдақ: Анадай мәпелеп,Ол бізді өсірген.Кім атың атай ғой,Мұғалім апай ғой.Аман: Әліппе оқуға,Үйреткен қашанда.Кім атың атай ғой,Мұғалім апай ғой.Тоқсанбай: Көп сөйлеп отырма,Еліне қадірлі.Кім атың атай ғой,Мұғалім апай ғой.Жадыра: Мұғалім кім десең.Санжар: Ұстазың жанда сөнбес күн,Шәкіртсіз өмір сусыз жер.Көрінбес ғажап еңбектің,Бейнетің көріп жүрсіздер.Нұрбақыт: Білімнің кәусар бұлағың,Шолпан: Ақылшым асыл ұстазым,Жолымды маған нұсқадым.Ұстазға қажетті заттар(жұмбақ жасыру)1 Ілулі тұр кең алаң,Керегімді мен одан.Жазып алам көшіріп,Сүртемін сосын өшіріп.2 Төрт қырлы, өзі апаң,Тақтадағы ізі аппаң.3 Аузы біреу, тілі екеу, жаны жоқ,Сөйлей тұғын сөздерінің саны жоқ.4 Жүре алмайсың жолы болса да,Жырта алмайсың жері болса да.Шаба алмайсың нуы болса да,Іше алмайсың суы болса да.5 Достастырып әріптермен,Білімге жол салып берген.Алдымнан шам жағып берген,Айналайын..........6 Ортасын да шегесі,Жіп жіңішке денесі.«Ұстазға көрсетілетін құрмет»1. Ұстаз кіргенде құрмет ретінде түрегелу.2. Ұстаз алдында отырғанда тәртіп сақтау.3. Сұрақтарға қолын көтеріп жауап беру.4. Ұстаз айтқан ақыл кеңесің тыңдау.5. Ұстазға жол беру.6. Ұстаз берген тапсырмаларды мүлтіксіз орындау.7. Ұстаз алдында бей - берекетсіз күлмеу.8. Ұстазды сабақтан бос уақытта қадірлеу.«Мұғалім мен оқушы» (көрінісінең үзінділер)1. Буыннан ұйқас құрастыру2. буындарда оқыту3. Ата, нан сөздерінен көрініс4. Әріпке байланысты таппақ айту5. Жұмбақ жасыру және мақал құрау. (Сурет көрсету. Оқушылардың өздері даярлап келген жұмбақтарды жасыру.)6. Оқушылардың тілегі.Мейрімді ЛайықтыҰлағатты ІскерҒазиз МаманАқылды Хор: Алғашқы ұстаз
Сахна сыртынан Ұстаз туралы өлең оқыладыДанышпан да, дана да оқып сенен,Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!Жүргізушілер шығып:1- жүрг. Армысыздар, бармысыздар, Қош келдіңіздер, Құрметті де аяулы ұстаздар!2-жүрг. Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,Ұстаз деген – анасы ол адамның.Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,Сен де одан адам болып жаралдың.Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,Бар әлемге еңбегімен еленген.Сенің бағың өрге қарай өрлесе,Ол да бірге қуанышқа кенелген.Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,Ол өзіңнің орындалған арманың.Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,Қасиеті бас иелік мәңгілік!1- жүрг. Аружан, Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.Ақырын жүріп анық бас.Еңбегің кетпес далағаҰстаздық еткен жалықпас,Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!II жүргізуші: Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!Ән. …1-жүргіуші: Сен қалай ойлайсың, Аружан? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.2-Жүргізуші: Әдемі, мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын. Ұстаз болу – жүректің батырлығы,Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,Азбайтұғын адамның алтындығы –деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!1-Жүргізуші: Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,Көңілді күндер тусын алдан әліӘн-шашу әсем әуен, түрлі өнер,Бүгінгі күн сіздерге арналады.Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар! (видеоролик)Алдарыңызда «Ұстазым менің» әнімен Рахманберді Фарида. 2-жүрг. Күллі өмірін жеткіншекке арнағанМұғалімді ардақтайды барша жанОл мектептен шықпаса да қыс- жазы,Жемісі оның жердің жүзін шарлағанБала десе ойламайды өз қамынКерсем дейді күнге де кол созғанын Шәкірттерін өзінен де озғанын. 1- жүрг. Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.2-жүрг. Әдемі, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?1-жүргізуші: Ал ендеше баста.2-Жүргізуші: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,1-Жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»2-Жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»1-Жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»2-Жүргізуші: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»1-Жүргізуші: Аружан, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.1-оқушы: Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,Перне басқан оркестрдің үніндейӘр баланың жүрегіне жол тауып,Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,Жыр оқисың нөсер болып құйылыпҚас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініпЖалын атып, от боп, бірге жанасың,Білім беріп, содан бақыт табасыңБар өмірің өрнектеліп баламен,Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.2-оқушы: Мұғалімді анамдай жақсы көрем,Қиналамын қымбат теңеу таба алмайӨз баласын тастап кетіп үйіне,Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,Үлгі етемін өнегелі сөзін балМұғалімнің мұғалімін танимын,Көкіректе көретұғын көзім бар.3-оқушы: Ұстаздарға мың алғысАлғыстарым көп менің,Асыл анам, мектебім!Үйреткені адалдық,Ұсынғаны адамдық,Текті мінез, даналықБар ұстазға тілейміз:Бақыт, табыс, амандық!4-оқушы: Мұғалім-ұстазысың балалардың,Болашақ ғалымдардың, даналардыңӨмірде сенің алар орыныңдыБәрі де жеткізе алмас бағалардыңӨткізіп өз алдыңнан талай бала,Бойына құйдың ақыл , ой мен санаСарп етіп сан жылдық еңбегіңді,Ақылшы, тәрбиеші, болдың ағаАтағым Алатаудай болып биік,Тұрса да төбем өсіп көкке тиіпАлдыңда әрқашанда тағзым етіп,Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.1 жүргізуші: Табан тіреп төзгенсің қанша ауырғаТарап демде кетеді шаршауың даБал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздерТұрғанында солардың қоршауында2 жүргізуші: Қиындықта кезіксең көп асу даҚанша терің төгіліп жол ашуғаСен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,Сен өмірдің ұстазы боласың да!1 жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар берудеұстаздың еңбегі зор.2 жүргізуші: Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр. (қонақтарды таныстырады)1 жүргізуші: Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара жол-ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.1 қонаққа сұрақ: Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма?2 қонаққа сұрақ: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?3 қонаққа сұрақ: Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз? Мектебіңізге айтар тілегіңіз?Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаздар. Өздеріңізге арналған шағын сыйымызды қабыл алыңыздар.2-жүргізуші: Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.1-жүргізуші: Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға мектебіміздің басшысы Айнұр Сәнібекқызын шақырамыз.2-жүргізуші: Асыға сәлем жолдап жүректен бізБірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызда мектебіміздің мың бұралған бишілерін ортаға шақырамыз.ӨЗБЕК БИІ орындайтын………………………………………………………………………………….1- Жүргізуші: Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек.Әзіл – қалжың отауы. ҰСТАЗДАР ӨМІРІНЕН.Мұғалімдер кім болуды армандайды?Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, майлаушы, немесе еден сыпырушы болуды армандамайды. Өйткені:-Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қармағында 30-40 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, – дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады.-Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.-Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да өзі, сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі.-Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас.-Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері.Ұстаздарымыз сан алуан қосымша мамандықтар меңгеруде. Ендеше қай мекемеге қандай мамандық иесі өте зәру болса, 2-3 айлық жазғы демалыс кезінде біздің ұстаздарды шақыруларыңызға болады.Неге бармайсың?Баласы шешесіне айтады:- Мен енді мектепке бармаймын!- Неге бармайсың?- Сол … Асанов таспамен оқ атады, Сотқаров оқулықпен басымнан ұрады, тағы біреуі аяғымен шалады… Бармаймын!- Жоқ, балам, сен қайткенде де баруың керек. Біріншіден, жасың қырықтағы адамсың, екіншіден, мектеп директорысың.“Суретші”Мұғалима Асанның әкесіне шағым айтады:- Кеше сабақта сіздің ұлыңыз партаға шыбынның суретін салып қойыпты. Мен оны шын екен деп қолымды ұрып алдым.- Сіз оны айтасыз, – дейді әкесі. -Бірде ол ваннаға крокодилдің суретін салыпты. Зәрем ұшқаны сондай, тұра қашамын деп қабырғадағы есіктің суретіне соғылдым.* * *Мұғалім:- Картадан Ертіс өзенін көрсет.Асан:- ???Мұғалім:- Картадан Ертіс өзенін көрсет.- Асан:- ???- Мұғалім:- Неге көрсетпейсің, үнсіз қалдың ғой?Асан:- Мұғалім, картада ағып жатқан өзен көрінбей тұр.
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,Ұстаз деген – анасы ол адамның.Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,Сен де одан адам болып жаралдың.Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,Бар әлемге еңбегімен еленген.Сенің бағың өрге қарай өрлесе,Ол да бірге қуанышқа кенелген.Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,Ол өзіңнің орындалған арманың.Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,Қасиеті бас иелік мәңгілік!Бірінші.Нұр құйған бөбектердің зердесіне,
Білімнің сусындадым теңізінен.
Шәкіртпін асыр салған жер төсінде,
Нәр алып ұстаздың әр лебізінен.
Жасарып жайсаң жаны жадырайды,
Алдынан түлеп ұшса балғын бөбек.
Жанының толқығанын жасырмайды,
Отырар сырттарынан жебеп-жебеп.
Ақ көңіл ұстаздарым, адал ниет,
Жандарың жадырасын, жасымасын.
Қайда да шәкірттерің жүрер сүйеп,
Қиындық басқа түссе қасымдасың.
Екінші.Мұғалім ардақты ұмытылмас,
Өзіме бала күннен үні сырлас.
Нәр алып алғашқы рет сол ұстаздан,
Арманның асқарына ұмтылған жас.
Ол бейне өзім үшін алып адам,
Бойына жаман қасиет дарымаған.
Есейіп еңбекке еніп кетсем-дағы
Үйретіп, жол сілтеп жүр әлі маған.
Бойыма алаулатып күш-жалынды,
Өмірге ұмтылдырған құштарымды.
Кеудеме білім сырын құйып берген
Ұмытпан мәңгі-бақи ұстазымды.
Алтын күз мерекесінің сценарийі І жүргізуші: Төңірек толы сары алтын Күз келді туған жеріме Шуағы нұрлы жайнаған Алтын күз әсем айналам
Армысыздар құрметті қонақтар, ата - аналар, баршаңызды күзгі мейрамдарыңызбен құттықтаймыз.Құттықтай отырып бүгінгі біздің ортаңғы топтың «Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
ІІ жүргізуші: Олай болса, Мерекесі халықтың Алтын күзді бастайық Алтын күзге арналған Ертеңгілігімзіді бастайық
Хор: «Ақ дастархан»
Ғажайып сәт: Әуенмен залға күз келеді. -Саламатсызар ма балалар,саламатсыздар ма қонақтар.Баршаңызды алтын күз мерекесімен құттықтаймын. -Балалар күз бізге өз өнерімен келіпті.Қандай өнер көрсетеді екен?
Жібек: Жетті желмен алтын күз Жемісін жинау салтымыз Жиып-теріп болған соң Той жасайды салтымыз Мол өнімді жинаймыз Елдің бәрін сыйлаймыз.
Сымбат: Көк майсалы көрікті Алқаптағы көп егін Бұл күндері келіпті Сары жібек көйлегін.
Ару: Күзім,күзім,күзім Пісті алма,жүзім Тұрғанда бәрін күз беріп Кел алайық біз теріп.
Қ.Аружан: Соққанда кейде дауылы Береке күздің жауыны Сол жауыннан өсіпті Бақшаның қарбыз-қауыны.
Әсел: Тамсандырып таңдайды Жеміс-жидек піседі Жапырақтар сарғайып Жер бетіне түседі.
І жүргізуші: Балабақша бағында Сайраңдаймыз жанында Нақ өзіндей бүлдіршін Көп достардың жанында,-деп,біздің кішкентай қыздарымыз сіздерге «Балабақша» әнін орындап береді. (Әсел,Аружан,Ө.Аяулым,Ару, Сымбат,Әсемай,Қ.Аяулым).
Ғаламат: Күз жомарт қой қашанда Мол жемісін беретін Піскен қарбыз,тәтті алма Балаларға керек қой.
Мағжан: Күн шуаққа маужырап Жатыр еді атырап Ағаштарда жамырап Ұшты кенет жапырақ.
Мади: О,алақай,тамаша! Шашу шашты жапырақ Бақтың іші алаша Аунар ма еді жатып ап.
Дарын: Жел тынымсыз гуілдеп Болып кетті тым бұзық Шуылдайды тал,терек Жапырағын жұлғызып.
ІІ жүргізуші: Күйекте күйлі мол қанша Қырманда толы дән қанша Алтын күз әсем айналам Қараймын көзім талғанша.
Келесі кезекте Хор: «Дақылдар әні».Қ.Аяулым: Қазан болды молшылық Дәулет қорын қалады Заңғар көкке жол сызып Құстар қайтып барады.
Нұрай: Алтын,сары,қызыл көк Алуан-алуан жапырақ Күзгі бақта күлімдеп Көз тартады атырап.
Диас: Күздің қазан айында Алма,алмұрт піседі Жапырақтар сарғайып Сыбдыр-сыбдыр түседі.
Ө.Аяулым: Көктемде егін егетін Күзде жиып беретін Біздің дала-бай дала Алтын астық айнала.
І жүргізуші: Ән: «Толқиды бидай».Орындайтын Алиакбар Жібек.
Ырғақ биі: (Думан-Қ.Аяулым Дарын-Аружан Деис-Әсемай Әділет-Әсел Диас-Ару).
Жасұлан: Шоғы толған гүлдей жайнап Жарқырады жарқын күз Сайраңдадық күліп ойнап Келді,міне,алтын күз.
Сұңқар: Дала сары киінді Самал соқты салқындау Қырмандарға үйілді Алтын астық,алтын тау.
Аятулла: Берекелі сары күз Тамылжыды балбырап Мәуелі ағаш сары уыз Майысады албырап.
Нұржігіт: Аспанда бұлт жөңкіген Дүниеге сұр өң кірген Жылы жаққа құс кетті Жаз жоғалып,күз жетті.
ІІ жүргізуші: Бақ өсіріп көрік беріп Жайқалтамыз алқапты Алма,жүзім,өрік теріп Біздің бақтан тарапты.
Келесі кезекте Хор: «Бағбандар жыры»
Әсемай: Алма пісіп,алмұрт түсіп Күзде бақтар жайнайды Құстар қайтып қош айтысып Қимас үнмен сайрайды
Гүлнұр: Қамба толы астыққа Алғыс саған алтын күз Бір уыс дән шаштық та Қап-қап бидай алдық біз
Айгерім: Күн мұңайып тұр бүгін Қыс ызғары келеді Құс шуласа бір-бірін Жоғалтпасақ дегені
Денис: Құстар қайтты ән салып Бұлт шарлады аспанды Қыс келеді жар салып Күзгі суық басталды.
І жүргізуші: Қуанышқа бөленген әр күнімізБақыттымыз балалар барлығымызӘн шырқайық көтеріп көңілдердіАқ көгершін әніне кезек беріп.Ән: «Ақ көгершін». Ғалымбек Думан.
Келесі кезекте мың бұралған бишіліерімізді ортаға шақырайық.Би: «Өзбек биі» (Жібек,Нұрай,Б.Аяулым,Әсел,Сымбат.)
Перизат: Алтын нұрдай тамшылап Жапырақтар төгіліп Біздің өмір таң шуақ Біздің өмір көңілді.
Нұрислам: Жапырақ ұшты Суық та түсті Сонда да бізге Қызық көп күзде
Әділет: Бақ өсіріп көрік беріп Жайқалтамыз алқапты Алма,жүзім,өрік теріп Біздің бақтан тарапты.
Ойын: «Кім жылдам?»
ІІ жүргізуші: Бас қаласы елімнің Астанасы жерімнің Бәйтерекпен танылған Ол Астанам бас қалам-деп келесі кезекті әнге берейік.«Ел жүрегі -Астана» (Әділет,Нұржігіт,Сұңқар,Диас,Дарын,Мағжан,Ғаламат.)
Алтынай: Қыстың жақын қалғанын Жапырақтар білгендей Желмен ұшып барады Жерге қонып үлгермей.
Б.Аяулым: Жапырақтар жамырап Сайға барып бекінді Анасынан ажырап Қалған бала секілді
Думан: Ерекше күз келді Айнала сары ала Комбайн жүзеді Толқыған далада
Тазартса бірі дән Тиейді бірі астық Қырманға осы сән Күзге бұл жарастық
Шоферда болмайды Тынығу жату да Тасиды бидай да Қойма элеваторға.
Би: «Қазақ биі» (Жібек,Ө.Аяулым,Нұрай,Алтынай)
І жүргізуші: Апортқа алма жетпейді Күллі әлем сүйсінген Дәмі аузыңнан кетпейді Хош иісі үйіңнен-,деп келесі кезекте Хор: «Апорт деген тәтті алма».
Құрметті ата-аналар,қонақтар,баршаңызды тағы да күз меркесімен құттықтаймыз.Осымен бүгінгі «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет.Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар
Начало формы
Мұғалімдер күніне сценарий
Ұстаз – саған мың алғыс!
Өткізілетін уақыты: 05.10.2012ж, сағ: 15:00
Өткізілетін жері: Баянды ауыл клубы
Ансамбль ашады. Гүлжанат, Маржан, Ақмоншақ, Алтынгүл, Еңлік. Домбырада 3 күй орындайды
1-жүргізуші:Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әліп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады.
Олай болса, мұғалім бақыты – шәкірт құрметі.
2-жүргізуші:Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз
1-жүргізуші:Бүгінгі кешіміздің шымылдығын ашып беру үшін мектебіміздің директоры, ұлағатты ұстаз Құралай апайға сөз береміз.(апай сөйлейді)
Әлімжанова Гүлназ
Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,
Ол болмаса, кім береді парасатты.
Асылын беріп шәкірт бойларына,
Ағартқан сол үшін де қара шашты.
Ұстазға әркім басын ию керек,
Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.
Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,
Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.
Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,
Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын.
Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,
Шәкіртінің биікке шыққандарын.
2-жүргізуші:Ал бұлбұл әншіміз асыл ұстазына деген жылы лебізі мен шәкірттік асқақ махаббатын әсем әнімен жеткізгісі келеді екен.Ендеше сахнада ән, орындайтын Дүзелбай Динара
Дүзелбай Мадияр
Тұла бойың тұнған сабыр, кешірім,
Айқара аштың бізге білім есігін.
Өр тұлғаңды балап шыңға, Ұстазым,
Мен өзіңе тәнті болсам, несі мін?!
Бала елдің болашағы болғанда,
Зор пайданы тигізесің қоғамға.
Мамандығың - кәсіптердің абзалы,
Адамдығың қымбат бізге одан да.
Ашық болсын нұрға толы көгіміз,
Аман болсын еліміз бен жеріміз.
Аманаттап тапсырамыз тағдырды -
Анамыз деп қабылдадық сені біз!
Әр таң сайын жаңа арман құшамыз,
Ұстазымыз - үлгі бізге ісі аңыз.
Жақсылықты, тәтті үмітті танытқан
Өзіңізді мәңгі үлгі тұтамыз!
1-жүргізуші:Қазақ қызы күлімдер күн көзіндей,Дөңгеленіп билейді ай жүзіндей.Жұлдыздардай өрнекті аспандағы,Биші қыздар бұрала билейді би.Сахна төрінде қазақ биімен Сабирова Анаргүл
1-жүргізуші:Құрманғазы,ТәттімбетДомбырамен сайраған.Жүректе от жансын деп,Елге күйін арнаған.Қазір сахнада көңіл толқытар күй орындалады. Орындайтын Лауадин Әліби
2-жүргізуші:
Зауытта болсаң, күнбе-күнкөрінер еді табысың.Дәрігер болсаң түрлі емің -шипалы жанның бағы шын.Ал сенің еңбек жемісіңөзгеше тіпті басқадан:ол - өзің арнап ел үшіносынау жүрген жақсы адам.Жақсы адам - елдің тірегі,байлығы туған халықтың,шапағын шашар үнемікөгінде тұрған жарық күн.сан жастың қамын шертесің,тағдырын ойлап толғанып.Әр үйдің бір-бір еркесінүйреттің өзің қолға алып.Ұстазсыз жанда сөнбек күн,шәкіртсіз өмір - сусыз жер.Көрінбес ғажап еңбектіңбейнетін кешіп жүрсіздер.Жүректе тұрар жалқы үнің,жанымнан жаныл, жігер күт.Ұстазым, сенің әр күнің,әр сәтің тұрған бір ерлік!
1-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды аларӘсем ән мен тәтті күйКөңілге түрлі ой саларӘнді сүйсең, менше сүй деп сахнаға қыздарымыздың триосын шақырамыз!(«Гүлдәурен», Көпжүрсінова Еңлік, Қосанова Үмітжан, Аманбай Ақмоншақ )Жайлау Маржан
Нұр құйды ма сәби – гүл - әлди елі,
Жүрегіңде қасиет бар киелі...
Шәкірттерге ұстаздар дәріс берсе,
Сіз ұстазға үйреттің тәрбиені.
Ұзақ жылдар мектептің басшысы боп,
Тәрбиені үйреттің басқышы көп...
Өнегелі еліне еңбек еттің,
Сәлем берер сондықтан дос кісі көп.
Азаматқа жүретін балап елім,
Сондай жұртқа қадірлі адам едің!
Ұл-қыздарың қондырған ұясына,
Мен де Сізді бір тауға санап едім.
«Талпынған бақытына болады кез,
Арналы дарындардан қалады сөз» -
Деп құйған құлағына шәкірттердің,
Адамсыз –
Дана ойлы,
Бал мінез!
2-жүргізуші:Ұстазым,менің,ұстазым,Өзіңмен өткен қыс-жазым.Қалдырған ізің мәңгілік,Жадымда тұрар жаңғырып.Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаздар төл мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!!!
Сіздерге арнап сахнада мектебіміздің қыздары мың бұралып би билейді. «Ақжелкен» би тобы.(Гауһар қанатбаева, Фариза, Дәмеш, Айкүміс)
1-жүргізуші:Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге арнап өз әзілдерін алып келген мектебіміздің «Жігер» КВН командасын ортаға шақырайық!
2-жүргізуші:Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы былай деген:“Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз”
Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.
1-2 жүргізуші: Мерекелеріңіз құтты болсын! Ұстаздар мерекесіне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз!
Ән-шашу
Конец формы
Ұстаздар күніне арналған мерекелік сценарий(Ұстаздық еткен жалықпас)
ҚараҒанды облысы
Шет ауданыАқшоқы ауылыҚызылтау орта мектебіГеография пәні мұғаліміКАБДУЛЛИНА Бахыткул Каскырбековна
Тақырыбы: Ұстаздық еткен жалықпас...Мақсаты: оқушыларға ұстаздар, олардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеу, білім мен біліктілікті ұстаз еңбегінен бастау алатынын оқушы санасына жеткізу, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу.Міндеті: оқушы санасында ұстазды тұлға ретінде қалыптастыру және ұстаз еңбегін дәріптеу.Барысы: 1-жүргізуші: Армысыздар, жиналған қауым, ұстаз, Күні бүгін ұстаздардың мерекесі. Құтты болсын мереке баршамызға, Жүріңіздер үнемі сіздер, алда! 2-жүргізуші: Ұстаздар тыншымайтын еңбеккерлер, Жемісті біздер үшін, елге еккендер. Адамзат ұрпақтарын тәрбиелей, Зердесін болашақтың зерлеткендер!,-дей келе барша ұстаздар қауымы, сіздерді 2 қазан-«Ұстаздар күні» мерекесімен құттықтаймыз. Әр ұстаздың еңбегіне нұр, шығармашылық табыс тілейміз. Ұстаз-ол ұлы тұлға. Ұстазға ғалым да, шахтер де, дәрігер мен ұлы ақындар да таныбынып, бас иген, ұстаз алдынан тәлім алған, әрі тәрбие көзін қабылдаған. Ұстаздар мерекесі қарсаңында 10-сынып оқушыларының дайындауымен «Ұстаздық еткен жалықпас...» атты ашық тәрбие сағатын ұсынбақпыз. Тәрбие сағатына мектептің барша ұстаздары қатысып, өз білімдерін, біліктіліктері мен талап-таланттарын алдарыңызға танытпақ.
Сайыстың бөлімдері: Сәлем-сөздің бастауы (таныстыру) Өнеріңді таныт, халқыңа! (ән, би шашу) Білім мен біліктілігіңді қатар ұстан! (викториналық сұрақтар) Шынықсаң, шымыр боласың (спорттық жарыстар) Сән әлемінде (сән үлгісін көрсету) Сайысымызға екі топ қатысады. Оларға қазылық ететін қазылар алқасы сайланады.1-жүргізуші: Армысыздар ұстаздар, нұрлы жандар, Білім іздеп, инемен құдық қазғандар. Іздерінен еріп жүрген түлекпіз, Бас иеміз, әрқашан да тірексіз!,-деп басымызды ие отырып ұстаздарымызда ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші: Мектепті біздің басқарып, Ұстаздықты да атқарып Әріптестеріне басшы атанған, Директорымыз Рымтай апай Шықсын өнерімен ортаңыздан.
1-жүргізуші: Бар өмірі арналған жеткіншектерге Гүлбала апайды ардақтамас жан бар ма? Ол мектепте қысы-жазы, бүгін де Жемісі де оның жердің жүзін шарлады.2-жүргізуші: Қатаңдау жанар, қатқыл мінез, қаттылық, Шәкірттер көрсетпес оған жат қылық. Географияны зерттер жан-жақты Айткүл апай Тәрбиені қатар ұстап, деген әркез «сақтылық».1-жүргізуші: Шәкіртін сүйген жұдырықтай жүрегі, Тым еңбекқор, олар жан-жүрекпен әдемі. Үйретсе Гүлзат, Айсұлу қазақ тілін Бақытжан апай мен Алтынгүл санамызға, Тоқытты өрнегін шетел тілдің.2-жүргізуші: Айұр мен Сәуле апай, Сабақ бойы тыным таппай. Теорема, формуламен Есі шығар кірпік қақпай.1-жүргізуші: Сурет салып сыздырар, Өнерін ол үйретер, Қос қолынан бал тамған, Дәмежан апай-ол біздің, Көрсен жандар тамсандырған.2-жүргізуші: Әріптері үйреткен, Көркемдейді серік еткен Бастауыш сыныпқа білім бергенӘлия, Зеркүл апай біздерге Ботакөз, Құндыз сіздергеТамсандырмақ өнерменҚарсы алайық, көрермен.1-жүргізуші: Спортты ермек етіп таңдапты, Секірту мен жүгіртуден нәр татты. Біржан мен Асқар ағай мақсаты, Спортшы қылмақ салмақты.2-жүргізуші: Би билетті самғата, Ән шырқатты шырқата. Айгүл апай өзі де, Домбырасын сыңғырлата.1-жүргізуші: Сайысымызды бастайық, Сахна өрнегін ашайық. Таныстырып өзді-өзі, Танытсын ашылмаған өнерді. Сайысымыздың алғашқы кезеңі «Сәлемсөздің бастауы» (таныстыру) кезеңін бастайық.Карибаева Самалдың қазақ биін тамашалайық.
2-жүргізуші: Біз білмеген, көрмеген, Бар екен қандай өнерің. Тамашалайық, қане, баста, Өнеріңді таныт, отырған мына халқыңа! (ән, би шашу) кезеңі.Оспанов Ернардың орындауындағы «Ұстазым» әні.1-жүргізуші: Білім берген шәкірттерге, Қуанамыз кей сәттерде. Мұңаямыз, тағы біз, Оқымаса шәкіртіміз. «Білім мен біліктілігіңді қатар ұстан!» викториналық сұрақтар кезеңінде екі топқа тапсырма беріледі. Тапсымада сөйлем жасырылған, екінші топ сол қимылды сипаттап мағынасын ашуы керек.№1-Мұғалім, кешіріңіз! Мен бүгін сабаққа дайын емеспін!-ах, ах! Саған енді не істеу керек?№2-апа, маған, Нұргүл апай екі қойып берді. Барып ұрысшы!-Ой, ботақаным-ай, ертең-ақ жойып аларсың, демала ғой!№3-апай, кешіріңіз, кіруге болады ма? Ұйықтап қалыппын.-сабақтың басталғанына жарты сағат өтті. -кешіріңіз, кеше түні бойы «Ну, погоди» көріп едім.№4-Ата, ата! Мына күнделікті бұрышқа қойшы. -Балам, неге?-Өйткені ол, қазақ тілінен екілік алды.2-жүргізуші: Жүгір, жүгір, шынық, Болар денең шымыр. Кедергіден өтеміз, Жүгіреміз, секіреміз. Асуға біз жетеміз, Қаптарға да түсеміз. Күтіп алар алдымызда, Суға толы қасық та. Құяды оны шелекке, Әрбір тамшы есепте!,-деп әр тамшы суды есепке алатын, әр қадамың жеңістің туын желбірететін жарысымыз «Шынықсаң, шымыр боласың!» кезеңіне келіп жеттік. Көрермендермен жұмыс: «Менің алғашқы ұстазым» сұхбат алу.1-жүргізуші: Сәннен де біз қалмаймыз, Сәнді бұйым таңдаймыз. Сәнінменен киініп, Көркімізді сайлаймыз. Сән үлгісіне кезек беріп, сән бағасын береміз.
2-жүргізуші: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған, Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған. Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар, Өздеріңмен бастау алар әр арман.1-жүргізуші: Ұстаз мейірімі-Ана мейірімі пара-пар, Тұла бойға қуат болып таралар. Көп жасаңдар, өмірге шуақ болып, Бас иеміз, ұлағатты ұстаздар!1-2-жүргізушілер: «Ұстазым-бір өзіңе бас иіп өтеміз!» ұстаздар мерекесіне арналған мерекелік кешіміз мәресіне жетіп, сіздермен қоштасамыз.