2015-2016 о?у жылына информатикадан саба? жоспары (5-сынып)
Информатикадан 5 сынып сабақ жоспары
Сабақ жоспары: «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі «_______» ___________20__ж
Пән аты : Информатика
Сынып : 5
Сабақтың тақырыбы : ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ АҚПАРАТ
§ 2 Ақпарат оның мазмұны, түрлері мен қасиеттері
Сабақтың мақсаты : оқушыларды ақпарат, информатика ұғымы, түрі және қасеттерімен таныстыру.
Оқушылар білуі тиіс: информатика пәні нені оқытады, ақпарат ұғымын, ақпарат түрлерін. Ақпарат алу көзі, қабылдау және беру ортасын, ақпараттың қасиеттері мен оның формаларын.
Оқушылар үйренуі тиіс: информатика ұғымдарына, ақпаратқа, ақпарат алу көзіне, қабылдау және беру ортасына анықтама беруді.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ Білімді өзектендіру
Сұрақтар :
Информатика дегеніміз не ?
Компьютердің информатикаға қандай қатысы бар ?
Ақпарат дегеніміз не, оны қалай түсінесіңдер?
Ақпаратты қандай ақпарат көздерінен аласыңдар ?
Ақпараттың қандай қасеиттерін білесіңдер ?
Осы сұрақтар арқылы оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсатын тұжырымдауға жетелеймін.
Жаңа сабақты оқып-үйрену
Информатика пәні компьютермен тығыз байланысты. Бірақ, компьютер-оның көмегі арқылы ақпаратпен жұмыс істеуге болатын құрал ғана.
Информатика – ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану тәсілдері туралы ғылым.
Адамдардың барлық қызметі ақпаратпен байланысты. Кез келген тамақты пісіру үшін оған қажетті заттар мен дайындау жолын білу қажет. Автомобильді басқару үшін немесе үй тұрғызу үшін қажетті ақпаратты білуіміз керек.
Ақпарат- сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.
Сендер күнде қандай да бір ақпарат аласыңдар. Ақпаратты ала отырып, оны қабылдайсыңдар, игересіңдер, қайта өңдейсіңдер. Ақпаратты ата – аналарыңа, достарыңа жеткізулерің мүмкін. Яғни ақпарат көзі және оны қабылдауыш бар. Адам ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Ғалымдардың деректері бойынша біз ақпараттың 81 %–ын көру арқылы, 10 %– ын – есту, 4 %– ын –иіскеу, 3% – ын –дәм сезу және 2 %– ын сезу арқылы аламыз .
Ақпараттың түрлері
Адамның ақпаратты қандай ақпараттық арнамен қабылдауына байланысты, ол әртүрлі болады.
Мысалы, таңертең сағаттың шылдырын адам есту мүшесі – құлақпен қабылдайды. Ақпарат көзі қоңыраулы сағат болып табылады. Ал ақпаратты қабылдаушы – адам. Ақпарат ұйқыдан оянатын уақыт келгені туралы мәліметті жеткізіп тұр. Ақпараттың мұндай түрі естілетін ақпарат деп аталады.
Сонымен, адамның қабылдау тәсілдері бойынша ақпарат көрінетін, естілетін, дәм сезу, иіскеу және сезу арқылы болып бөлінеді. Бір ақпараттың өзі әртүрлі бейнеленуі мүмкін: сан, мәтін немесе сурет түрінде. Мәселен, автотұрақтағы машиналардың саны 5 санымен, «бес» сөзімен жазылған мәтінмен және олардың суретін салу арқылы бейнелеуге болады . Яғни ақпарат тағы бейнелеу тәсілдеріне қарай да түрге бөлуге болады.
Бейнелеу тәсілдеріне қарай ақпарат сандақ, мәтіндік, графикалық, дыбыстық және видеоақпарат болуы мүмкін
5
Ақпаратты бейнелеу
Ақпараттың қасиеттері
Бір ғана ақпарат әртүрлі жағдайда өзекті немесе өзекті емес болуы мүмкін. Мәселен, 2 мамырға арналаған ауа райы болжамы кез келген адам үшін 1 мамырда өзекті болғанымен, 10 мамырда өзектілігін жояды. Сонымен, ақпарат өзектілік қасиетке ие.
Ақпарат толық немесе толық емес болуы мүмкін. Мысалы, сендердің достарың «Ертең» десін. Егере сендер достарыңа: «Біз киноға қашан барамыз ?» деген сұрақ қойған болсаңдар, онда бұл ақпарат түсінікті болады. Басқа жағдайда бұл ақпарат түсініксіз болады, себебі – ол толық емес. Ақпараттың бұл қасиеті толықтық деп аталады.
Сабақты қорытындылау
Бүгінгі сабақта нені білдік ?
Информатика дегеніміз не ?
Ақпарат дегеніміз ?
Ақпаратты қабылдау түрлері
Ақпаратты ұсыну түрлері
Ақпараттың қасиеттері
Үйге тапсырма
Оқулықтан § 2 оқу, сұрақтарға жауап беру, 7-тапсырманы жұмыс дәптеріне орындау.
Сабақ жоспары: «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_______» ___________20__ж
Пән аты : Информатика
Сынып : 5
Сабақтың тақырыбы :§ 3 Ақпаратты өңдеу тәсілдері
Сабақтың мақсаты : тірі ағзалардың ақпаратты қабылдауына, ақпарат беруі мен қолдануына мысалдар келтіруді үйрету, қоршаған ортаға ақпараттық көзқарас қалыптастыру.
Оқушылардың білуі тиіс : ақпаратты сақтау, ақпаратты жеткізу және өңдеу тәсілдерін, «ақпарат көздері» мен «ақпарат қабылдаушы» түсінігін, ақпарат жеткізу арналарын.
Оқушылар үйренуі тиіс : ақпаратты сақтаудың, өңдеудің және ақпарат жеткізу түрлерін анықтау тәсілдерін.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
Жұппен жұмыс жасау . Бір оқушы екінші оқушыға сұрақ қояды. Сұрақтар экранда көрсетіліп тұрады.
Ақпарат дегенді қалай түсінесіңдер ? Мысал келтіріңдер
Адамның пайда болуына дейін ақпарат болды ма ?
Ақпаратты ұсынудың қандай формаларын білесіңдер ? Мысал келтіріңдер
Қандай әрекеттермен ақпаратты өңдеуге болады ?
Адам ақпаратты қандай ақпарат көздерінен қабылдайды ?
Ақпараттың қандай қасиеттерін білесіңдер ? Мысал келтіріңдер
І V Білімді өзектендіру
Сұрақтар :
Біз ақпаратты қайда кездестіреміз ?
Біз ақпаратпен не істейміз ?
Қандай да бір әрекетсіз ақпарат бола ма ?
V Жаңа тақырыпты түсіндіру
Соңғы сұраққа жауап оқушыларды жаңа тақырыпқа жетелейді. Ақпарат жасалады, жеткізіледі, сақталады және өңделеді. Ақпаратпен орындалатын әрекеттер ақпараттың кезеңдері деп аталады . Қандай да бір әрекеттер ақпараттық кезеңдерде орындалады.
Қазір сабақта біз бір-бірімізбен ақпарат алмасамыз. Осы ақпарат беру кезеңінде ақпаратты кім қабылдайды, ал ақпарат көзі кім ?
Жауап : ақпарат қабылдаушы – оқушылар, ақпарат көзі – мұғалім .
Сұрақ : қандай жағдайда біз орын алмастыра аламыз ?
Жауап : сұрақ –жауап кезінде .
Ақпаратты жөнелту
Сендер ақпаратты тұрақты жеткізіп отырасыңдар. Мысалы, басқа адаммен сөйлескен кезде. Ақпаратты алыс қашықтыққа жеткізу үшін адамдар әртүрлі құралдар ойлап шығарған. Оларға телеграфты, телефонды, теледидарды, Интеретті және басқаларды жатқызуға болады.
Ақпаратты жөнелту үшін қолданылатын құрылғыларды ақпаратты жеткізу арнасы деп аталады .
Ақпаратты өңдеу
Ақпараттың кез келген өзгеруі оның өңделуі деп аталады. Мысалы , есепті шығарудың өзі – бұрын белгілі есептен жаңа ақпарат алу. Ондай ақпаратты адам логикалық ойлау немесе математикалық есептеулер арқылы алады. Мысалы, мәтінді бір тілден екінші тілге аудару. Ақпаратты өңдеу оның бастапқы түрден басқа түрге айналуын немесе ақпарат мазмұнының өзгеруін білдіреді. Ақпаратты өңдеу нәтижесінде адам ары қарай өз қажетіне жаратады.
VІ Компьютермен жұмыс
Оқулықтағы тәжірибелік жұмыстарды орындатамын.
VІІ Сабақты қорытындылау
Ақпаратқа қандай амалдар қолдануға болады ?
Адам ақпаратты қалай сақтайды ?
Ақпаратты қайда сақтауға болады ?
Ақпаратты жөнелту арналары деген не ? Мысал келтіріңдер .
Адама ақпаратты қалай өңдейді ?
VІІІ Үйге тапсырма
Оқулықтың § 3 мазмұндау, бақылау сұрақтарына жауап беру , тест тапсырмасын орындау.
Сабақ жоспары : «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_______» ___________20__ж
Пән аты : Информатика
Сынып : 5
Сабақтың тақырыбы :§ 4 Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері
Сабақтың мақсаты :
Білімділігі : Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.
Тәрбиелігі : Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу .
Дамытушылығы : Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қаблетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгерту сабағы
Сабақтың көрнекілігі : компьютер, интерактивті тақта, презентация
Сабақтың барысы :
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Жаңа сабақты түсіндіру
Ақпаратты сақтау және тасымалдау үшін оны тіркеп, есепке алуымыз керек . Мысалы, мәтінді жазу үшін әріптерді, музыканы жазу үшін ноталарды, сандарды жазу үшін циярларды қолданамыз.
Арақашықтықты сантиметрмен, метрмен, километрмен, т.б.өлшеу қабылданған. Ал салмақты – граммен және килограммен, т.б.өлшейміз.
Компьютер- электрондық машина. Ол тек электр сигналдарын «қабылдайды. Сондықтан компьютердегі ақпаратты электр сигналдары түрінде ғана елестетуге болады. Ақпаратты компьютерге жазу үшін, компьютердегі әрбір белгі ( әріп немесе цифр, дыбыс немесе видео) сигналдар тіліне аударылуы керек. Сигналдың жоқ болуын 0 арқылы, ал бар болуын 1- дің көмегімен белгілеу қабылданған.
Мұнда «нөл» мен «бір» бит деп аталады.
Бит 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдай алады. Бит ақпаратты өлшеудің ең кішкене бірлігі болып табылады.
Ақпаратты өлшеудің келесі бірлігі байт деп аталады.
АҚПАРА
«Ақпарат» сөзін байтпен есептейді, ал мұндағы 1 байт 8 битке тең.
Әдетте 1 байттың көмегімен бір символ кодталады. Символ – ол кез келген белгі : әріп, цифр, тыныс белгісі немесе бос орын.
Сонымен біз ақпараттың өлшем бірлігі байт екенін білдік. Өмірде үлкен көлемді ақпаратпен жұмыс істеуге тура келед. Сондықтан ақпаратты өлшеудің ірі бірліктері де кездеседі:
1 Килобайт (Кб) = 1024 байт
1 Мегабайт (Мб) =1024 Кб
1 Гегабайт (Гб) = 1024 Мб
1 Терабайт (Тб) = 1024 Гб
Хабарламаның ақпараттық көлемі – хабарламадағы битпен, байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және т.с.с. өлшенген ақпараттың көлемі
100 Мб көлемге «сиятын» ақпарат саны:
Мәтін беттері 50000
Түрлі түсті слайдтар 150
Музыкалық фрагмент 10 минут
Фильм 15 секунд
Енді сендер ақпаратты өлшей аласыңдар. Заманауи технологиялар көп көлемді ақпаратты тасымалдауға мүмкіндік береді, мысалы, Интернет желісі арқылы.
Ақпаратты жеткізу жылдамдығы дегеніміз – бір уақыт бірлігінде жөнелтілетін ақпарат саны. Мұнда жылдамдық бит/с, байт/с және т.с.с.өлшенеді.
· Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі – бит. Бит келесі екі мәннің бірін қабылдай
алады – 0 немесе 1.
· Әдетте ақпаратты байтпен санайды, мұндағы 1 символ = 8 битке = 1 байтқа тең.
· Хабарламаның ақпараттық көлемі – хабарламадағы битпен, байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және т.с.с.өлшенген ақпараттың көлемі.
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
А деңгейі
Компьютерде сақталған ақпараттың көлемін қарап шығыңдар.
1. Пуск, Компьютер батырмаларын таңдаңдар.
2. Пайда болған терезедегі дискілердің бірін тышқанмен оң батырмасымен шертіп, Свойства батырмасын басыңдар
3. Дискідегі толған және бос орындардың көлемін қарап шығыңдар
4. Дәптерге дискідегі бос орынның байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және Гбайтпен өлшенген көлемін жазып алыңдар. Санау үшін калькуляторды қолдануға болады.
В деңгейі
1. А деңгейдегі тапсырманы орындаңдар
2. Документы бумасын ашыңдар
3. 1 Гбайт көлемді флешкаға қандай файлдардың сиятынын анықтаңдар.
С деңгейі
Сыныптарыңдағы барлық балалар туралы ақпараттың сендердің компьютерлеріңнің қай дискісіне сиятынын анықтаңдар. Көлемі 376 Кбайт мөлшерлі суреттер мен 10 беттік (әр қайсысы 64 символдық 48 жолдан тұратын) ақпарат мәтіндік файлда сақталған. Санау үшін Калькулятор программасын пайдаланыңдар.
Қорытынды
1. Ақпараттың өлшем бірліктерін ( ең кішісін ең үлкеніне дейін ) атаңдар.
2. БайтКбайттан, Кбайт Мбайттан, Мбайт Гбайттан қанша шамаға кем ?
3. 1 байтта неше бит бар ?
4. « Кездесу қыркүйек айына тағайындалды» деген хабарламада қанша көлемдегі ақпарат бар ?
5. «Алақай ! Жазғы демалыс аяқталды!» хабарламасының ақпараттық көлемін өлшеңдер. Бұл көлемді битпен және байтпен көрсетіңдер.
6. Оқулықтың бір бетінің және бүтіндей оқулықтың жуық ақпараттық көлемін өлшеңдер. Көлемі 600 Мбайт, 2 Гбайт болатын дискіге осындай кітаптың нешеуі сыюы мүмкін ?
Үйге тапсырма § 4 тақырыптарын оқу.
Сабақ жоспары : «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_______» ___________20__ж
Пән аты : Информатика
Сынып : 5
Сабақтың тақырыбы : § 5 Компьютер - әмбебап есептеуіш машина
Сабақтың мақсаты :
Білімділігі : Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.
Тәрбиелігі : Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу .
Дамытушылығы : Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қаблетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгерту сабағы
Сабақтың көрнекілігі : компьютер, интерактивті тақта, презентация
Сабақтың барысы :
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Жаңа сабақты түсіндіру
Компьютер – күрделі құрылғылардың жиыны. Ол жұмыс жасау үшін программалық жабдықтамалар керек. Компьютердің жұмыс істеуі үшін ең қажетті программа – оның жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін операциялық жүйе. Операциялық жүйенің бір мысалы ретінде Windows операциялық жүйесін атасақ болады.
Компьютер кез келген есепті шығару үшін қолданылады. Ол деректерді талдау, ақпаратты сандық форматта сақтау, видео және фотоматериалдарды өңдеу, мәтіндік ақпаратты құру және түзету, т.б.болуы мүмкін. Компьютер тек программалардың жұмысын, жұмыс жылдамдығын қамтамасыз ету міндетін атқарады. Орындалған жұмыстың нәтижесі тұтынушыға әртүрлі мониторлар, принтерлер, проекторлар және т.б.ақпаратты басып шығару, бейнелеу құрылғыларының көмегімен ұсынылуы мүмкін.
Компьютерлерді қолдану
Алғашқы компьютерлер «компьютер» және «ЭЕМ» атауларында көрініс тапқандай, тек есептеулер үшін жасалып шыққан болатын. Ең қарапайым есептеу машиналары есептеу үдерістерін аса жылдамдатып, адамдарға көмекке келді.
Есептеулерден кейін компьютерлер үлкен көлемді ақпаратты электрондық түрде сақтау үшін қолданыла бастады. Ондай ақпаратты арнайы ақпараттық өнімдерде –дерек қорларында орналастырады. Осындай дерек қорлары үшін қосымша құрылғыларды қосуға болатын күрделірек компьютерлер қажет.
Компьютерді қолданудың келесі қадамы - әртүрлі құрылғыларды басқару. Бүгінгі құрылғылардың көпшілігінің құрамында ішкі енгізілген компьютерлер бар, мысалы, ұялы телефондар, дүкендердегі кассалық аппараттар, әртүрлі есеп айыру құрылғылары.
Компьютердің түрлері
Қазіргі кезде компьютерлерді өнімділігі мен мөлшеріне қарай әр түрге бөлуге болады.
Суперкомпьютерлер арнайы мақсатта немесе нақты тапсырыспен жасалады. Суперкомпьютер жаппай өндірілетін детальдардан құралады. Басқаша айтқанда, дайын детальдар жиынынан қатаң анықталған міндеттерді орындайтын компьютер жиналады. Суперкомпьютер үшін әдетте жүздеген процессорлар керек. Суперкомпьютердің орасан зор жедел жады болады, орындау жылдамдығы өте жоғары. Ондай компьютерлер көп орын алады, бір компьютер тұтас бір бөлмені алуы мүмкін. Мұндай компьютерде бір адамның жұмыс істеуі жеткіліксіз болғандықтан әдетте суперкомпьютерде бір мезгілде көп адам жұмыс істейді.
Үлкен компьютерлер. Олар үлкен көлемді ақпаратты сақтауға арналған. Әдетте ол – дерек қорлары, Интернет желісінің әртүрлі қызметтері. Себебі, желі дұрыс жұмыс істеу үшін көп көлемді ақпаратты тез өңдеу қажет. Қарапайым компьютер мұндай ағынды игере алмайды. Үлкен компьютерлер құрылғылар қосылған үлкен шкафқа ұқсайды.
Компьютерлік желілердің орталық торабы болып табылатын үлкен компьютерлерді серверлер деп атайды. Серверлерде желіге қосылған барлық компьютерлер пайдалана алатын ақпарат сақталады. Сервер бүкіл желінің сенімді жұмысын, дерек қорлары мен басқа да ақпараттың бұзылмай сақталуын қамтамасыз етеді.
Дербес компьютер – ол бір адам басқа компьютерлерден тәуелсіз, жеке қолдана алатын компьютер. Дербес компьютерлер үстел үсті, алып жүретін, алақан компьютерлері болып бөлінеді
Үстел үсті компьютері – үйде немесе офисте ең жиі қолданылатын компьютер. Ол монитордан , жүйелік блоктан және пернетақтадан тұрады.
Алып жүретін компьютерді ноутбук деп те атайды. Кішкене мөлшерлі ноутбуктерді нетбуктер деп атайды. Дербес компьютерлердің ішіндегі мөлшері ең кішісі алақан компьютері.
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
А деңгейі
Интернет желісінен суперкомпьютерлер туралы ақпаратты тауып, оқып- біліңдер.
В деңгейі
Мәтіндік редакторда берілген тақырыптың біріне хабарлама жазыңдар («Компьютерді қолдану», «Компьютердің түрлері» ).
С деңгейі
Өздеріңе белгілі программалардың бірінде «Компьютердің түрлері» сызбасын сызыңдар.
Қорытынды
1. Компьютер деген не ?
2. Компьютер қандай функцияларды орындайды ?
3. Компьютер программасыз амалдар орындай ала ма ?
4. Қандай компьютерлік программаларды білесің ?
5. Компьютер қайда және қалай қолданылады ?
6. Компьютердің қандай түрлері болады ?
7. Дербес компьютердің түрлерін атаңдар
Үйге тапсырма ІІ тарау § 5 тақырыбын оқу , тестке жауап жазу.
Сабақ жоспары : «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_______» ___________20__ж
Пән аты : Информатика
Сынып : 5
Сабақтың тақырыбы : § 6 Компьютердің құрылымы
Сабақтың мақсаты :
Білімділігі : Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.
Тәрбиелігі : Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу .
Дамытушылығы : Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қаблетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгерту сабағы
Сабақтың көрнекілігі : компьютер, интерактивті тақта, презентация
Сабақтың барысы :
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Жаңа сабақты түсіндіру
Барлық компьютерлердің бір – бірінен айырмашылығы- олардың құрамына кіретін құрылғылар жиынының әртүрлі болуында.
Дербес компьютер 3 бөліктен тұрады.
· ақпаратты шығару құрылғысы – монитордан
· ақпаратты енгізу құрылғысы – пернетақтадан
· жүйелік блокта орналасқан ақпаратты өңдеу және сақтау құрылғыларынан
Бұл құрылғылар міндетті болып табылады. Бұл құрылғылардың біреуінсіз компьютер жұмыс істей алмайды. Басқа барлық құрылғылар міндетті емес немесе қосымша болады.
Пернетақтадан басқа енгізу құрылғыларына тышқан, ойын джойстігі және басқалар жатады. Олардың көмегімен компьютерлік программалармен байланысамыз, бұйрық бере аламыз.
Компьютердің жүйелік блогында әртүрлі құрылғылардың негізгі жиыны орналасқан. Шын мәнінде, компьютер осының өзі. Мұнда аналық тақша, жедел жады, қатты дискі, процессор, дискжетектер, видеокарталар мен дыбыс карталары және тағы басқалар орналасқан.
Жүйелік блоктың құрамы
Аналық тақша – жүйелік блоктың басқа құрылғылар жалғанған негізгі бөлігі. Аналық тақша арқылы жүйелік блоктың құрылғылары өзара байланысып, ақпарат алмасу іске асады.
Процессор – жүйелік блоктың «миы». Көбіне оның жылдамдығына компьютердің жұмыс өнімділігі тәуелді
Жедел жады - компьютерде деректерді уақытша сақтау жады. Ол тек компьютер жұмыс істегенде ғана қолданылады. Жедел жады мектептегі сабақ тақтасына ұқсас. Сабақ жүріп жатқанда тақтаға жазып, одан ақпарат оқисың. Сабақ аяқталғанда барлық ақпарат тақтадан өшіріледі. Тақта жаңа сабаққа дайын. Компьютердің жедел жады да осылай. Компьютерлік программа жұмыс істеп тұрғанда, жедел жадыда оған қажетті ақпарат сақталады. Сендер программамен жұмыс істеуді тоқтатқанда немесе компьютерді өшіргенде, жедел жадыдағы ақпарат жойылады.
Қатты дискі – ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылғы . Онда тұтынушының программалары мен файлдары сақталады.
Видеокарта – жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғы. Видеокарта компьютердің жүйелік блогындағы бейнені мониторға шығаруға «дайындайды». Видеокартаға бейненің сапасы тәуелді.
Дыбыс картасы – компьютерде дыбыспен жұмыс жасау үшін қажет .
Желілік карта – окмпьютерді басқа компьютерлермен желі арқылы біріктіру үшін немесе Интернет желісіне қосылу үшін керек.
Пернетақта
Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізу құрылғысы. Пернетақтада пернелерден басқа индикаторлар да бар.
Индикаторлар – пернетақтаның қандай режимде жұмыс істеп тұрғанын көрсететін кішкене шамдар
Қазақстанда қолданылатын компьютерлік пернетақталардың алфавиттік – цифрлық бөлігінде ағылшын, орыс және қазақ әліпбиінің әріптері бар. Бір тілден басқа тілге пернелердің әртүрлі тіркесімін бірге басу арқылы ауысуға болады (Shift + Ctrl) . Бас әріппен жазу үшін тиісті әріпті Shift пернесімен бірге басу керек.
Егер бірнеше үлкен (бас) әріп басылып шығуы керек болса, онда басқа тәсіл қоланылады. Пернетақтадағы CapsLock пренесі бас әріптер теру режимін іске қосады. Оны қалай қолданамыз ? Ол үшін CapsLock пренесін бір рет басу керек. Одан кейін пернетақтаның оң жақ жоғарғы бөлігінде CapsLock пренесінің аты бар индикатор жанады. Бұдан кейін пернатақтада тергендеріңнің бәрі үлкен әріппен жазылып шығады. Кіші әріптер теру режиміне ауысқыларың келсе, CapsLock пренесін қайтадан басыңдар. Егер бәрін дұрыс жасасаңдар, онда кішкене шам – индикатор өшеді.
Қосымша цифрлық пернетақта цифрлардан да, сілтемелерден де тұрады. Жұмыс режимін NumLock пернесі көмегімен ауыстырады.
Enter пернесі – бұл енгізу пернесі. Ол пернетақтада терілген кез келген бұйрықтың орындалуын құптайды.
Қорытынды
Бақылау сұрақтары
Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңдар.
Компьютердің негізгі құрылғысына тышқан неге кірмейді ?
Компьютердің жүйелік блогы құрамына кіретін құрылғыларды атаңдар
Мына құрылғылардың қайсысы компьютердің жүйелік блогы құрамына кіреді: тышқан, процессор, сандық видеокамера, ішкі жады, дискжетектер, аналық тақша ?
Ақпаратты ұзақ уақыт сақтау үшін қолданылатын жады түрі қандай ?
Компьютер өшірілгеннен кейін ақпарат жедел жадыда сақтала ма ?
Үйге тапсырма
§ 6 тақырыпты оқу, тестке жауап жазу
Сабақ жоспары : «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_______» ___________20__ж
Пән аты : Информатика
Сынып : 5
Сабақтың тақырыбы : § 7 Компьютердің қосымша құрылғылары
Сабақтың мақсаты : компьютерге қосылатын шеткі құрылғылардың қызметімен таныстыру. Оқушыларға алғашқы және қазіргі ақпарат тасығыштар жайында түсінік беру, ақпарат тасығыштардың әртүрлілігін көрсету.
Оқушылар білуі тиіс : көп тараған қосымша құрылғылардың қызметін және олардың сипаттамасын, ақпарат тасығыштардың түрлерін, олардың қызметі мен сипаттамаларын, «ақпарат көздерінің ақпараттық сыйымдылығы» түсінігін.
Оқушылар үйренуі тиіс : құрылғыны сыртқы пішініне қарап анықтауды, оның қызметін, ақпарат сыйымдылығын.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
ІV Біліміді өзектендіру
Оқушыларға сұрақтар қойылады :
Компьютердің негізгі құрылғыларына қандай құрылғылар жатады ?
Неліктен бұл тізімге тышқан кірмейді ?
Өткен сабақта құрылғылардың бәрін оқыдық па ?
Құрылғылардың қайсысын компьютерге қосуға болады ?
V Жаңа тақырыпты түсіндіру
Компьютерге қосылатын құрылғылар қосымша құрылғылар деп аталады. Оларды атайық. Құрылғының қайсысы ақпаратты енгізуге қызмет етеді ? Қайсысы шығаруға?
Принтер – мәтіндік және графиктік ақпаратты қағазға шығару құрылғысы.
Сканер – компьютерге мәтіндік және графикалық ақпаратты енгізу құрылғысы.
Модем – телефон желілері бойымен ақпарат тарату құрылғысы.
Баған (колонка) – дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы .
(DVD) CD-ROM – лазерлік дискілерді көруге арналған құрылғы.
Тышқан – компьютермен жұмыс істеуге арналған ыңғайлы құрылғы .
Ақпарат тасығыштар :
· қатты диск (винчестер) ;
· жұмсақ диск (дискета ) ;
· лазерлік дискілер ;
· флеш –жады.
Қатты дискі – үлкен көлемді деректер мен программаларды ұзақ уақытқа сақтайтын негізгі құрылғы.
Жұмсақ дискі – шамалы көлемді деректерді көп қайтара жазып, сақтау үшін қолданылатын тасымалданатын магниттік ақпарат тасығыш. Тасығыштың бұл түрі әсіресе 1970-1990 жылдардың басында кеңінен таралды.
Қысқартылған CD-ROM тіркесі қазақ тіліне ықшамдискі негізінде тұрақты сақтау құрылғысы деп аударылады. Ал DVD дискі – үлкен көлемді ақпаратты сақтауға және оқуға мүмкіндік беретін артығырақ тығыздықтағы құрылымды жұмыс беті бар тасығыш.
Заманауи ақпарат тасымалдайтын құрылғылар – флеш – жадылар. Олар флешкалар немесе жады карталары болуы мүмкін. Флеш –жадыларға ақпаратты көп рет қайталап жазуға болады. Мұндай тасығыштардың физикалық мөлшерлері үлкен емес, ал сыйымдылығы жылдан –жылға артып келеді.
VІ Сабақты қорытындылау
VІІ Үйге тапсырма
§6 мазмұндау, сұрақтарға жауап беру.
Сабақ жоспары : «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_______» ___________20__ж
Пән аты : Информатика
Сынып : 5
Сабақтың тақырыбы : § 8 Программалық жабдықтаманың сыныптамасы мен жалпы сипаттамасы
Сабақтың мақсаты : программамен қамтамасыз ету туралы түсінік қалыптастыру, программалық жабдықтаманың түрлері мен қызметін көрсету; операциялық жүйенің қызметі, оның құрылымы, жүктелу тәсілі туралы ұғым қалыптастыру.
Оқушылар білуі тиіс : «Программамен қамтамасыз ету» ұғымын, оның түрлерге бөлінетін, қызметін, құрамын, «операциялық жүйе», «драйвер» және «утилита» түсініктерін, қолданбалы программалар қызметін, программалау жүйелерін, ОЖ қызметін.
Оқушылар үйренуі тиіс : ПЖ- ны нақты ОЖ –ның бір түріне жатқызуды, ОЖ, драйверлерге, утилит- программаларға, қосымшаларға мысалдар келтіруді.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
ІV Білімді өзектендіру
Компьютер ақпаратты қалай жіберіп, қалай қабылдап алады ?
Компьютер көп ақпаратты сақтай ала ма , неліктен ?
Адам өз жадында көп ақпарат сақтай ала ма ? Неге ?
Ақпаратты қандай құрылғы өңдейді ?
Қорытынды : Бүгін біз компьютердің ақпаратты қалай өңдейтінін білеміз.
V Жаңа тақырыпты түсіндіру
Жүйелік программалық жабдықтама
Компьютер іске қосылған соң , ол жүктелгенге дейін біраз күту керек екенін білесіңдер. Бұл компьютерге жүйелік программалық жабдықтаманы жүктеу үшін уақыт керек екенін білдіреді.
Жүйелік ПЖ –ға мына программалар жатады :
Операциялық жүйе . Ол компьютердің қондырғылары мен программалық жабдықтамаларының жұмысын басқарады. Операциялық жүйені өндіріс орнының директорымен салыстыруға болады.
Драйверлер – компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қажетті программалар. Мәселен, компьютерге жаңа принтер қостық делік. Операциялық жүйе осы принтермен жұмыс істеуі үшін оған программа-драйвер керек. Драйверді- құрылғының компьютермен араласу тілі десек болады. Әдетте құрылғылардың драйверлері олармен бірге дискілерге жазылып таратылады.
Утилиталар – компьютерге мұрағаттау, дискілердегі ақпараттың бұзылмауын тексеру, қажетті файлдарды іздеу сияқты қызметтер көрсететін шағын программалар.
Қолданбалы программалық жабдықтама
Саны ең көп және алуан түрлі программалар тобы. Қолданбалы есептерді шешуге арналғандарының бәрі қолданбалы программаларға жатады. Ол мәтінмен орындалатын жұмыстар, фотографияларды қарау, Интернет желісіндегі жұмыс болуы мүмкін. Қолданбалы программаларды қосымшалар деп те атайды.
Программалау жүйелері
Жаңа программалар – олар операциялық жүйелер болсын немесе қосымшалар болсын, бәрібір – құру үшін, програмалаушыға арнайы программа керек. Ондай программаларды программалау жүйелері деп атайды.
Операциялық жүйе – компьютердің жұмысын басқаратын басты программа.
VІ Бекіту
Оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындайды. А деңгейлі тапсырма 3 түрлі нұсқада берілген. Оқушы таңдауды өзі жасайды.
VІІ Қорытындылау
Компьютерді программамен қамтамасыз ету деген не ?
Операциялық жүйе жүйтеуі қашан болады ?
Программалық драйвер не үшін қажет ?
Программалық утилитаға мысал келтір.
VІІІ Үйге тапсырма
§ 8 , анықтаманы, ПЖ-ның жіктелуін, сызбасын жаттау, сұрақтарға жауап беру, тапсырмаларын орындау, тест сұрақтарына жауап беру.
Сабақ жоспары : «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
14.11.2014ж
Пән аты : Информатика
Сынып : 5
Сабақтың тақырыбы : Операциялық жүйенің басқарудың негізгі тәсілдері және обектілері
Сабақтың мақсаты : оқушыларда Windows ОЖ-ның пайдаланушы интерфейсі туралы түсінік қалыптастыру, Windows терезесі құрылымдық элементтерімен, қызметімен таныстыру, терезелер түрлерін баптауды үйрету.
Оқушылар білуі тиіс : жұмыс үстелі, тапсырмалар тақтасы, тапсырмалар тақтасының таңбалары, бас меню Windows ОЖ-ның терезелері құрылымын, қызметін.
Оқушылар үйренуі тиіс : Windows ОЖ іске қосуды, тапсырмалар тақтьасының таңбаларын пайдалануды, терезелерді басқаруды, бумалар баптауды.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсатымен міндеттерін қою
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
ІV Білімді өзектендіру
Сұрақтар :
Компьютер қандай программалық жабдықтамасыз жұмыс істей алмайды ?
ОЖ-ның жүктелуі қай кезде орындалады?
ОЖ-ға мысал келтір.
Компьютерлеріңде қандай ОЖ орнатылған ?
V Жаңа тақырыпты оқып-үйрену
Жаңа тақырыпты түсіндіру – мазмұнын экранда паралель көрсетіп отыру арқылы жүргізіледі.
Windows операциялық жүйесі жүктелгеннен кейін экранда Жұмыс үстелі пайда болады.
Жұмыс үстелі
Жұмыс үстелінің сыртқы түрін тұтынушының өзі жеке таңдайды. Әдетте Жұмыс үстелінде Компьютер, Желі, Қоржын, Басқару тақтасы сияқты нысандардың белгішелері, Есептер тақтасы мен Бастау батырмасы орналасады.
Бастау батырмасын басқаннан кейін программаларды іске қосуға, құжат ашуға, жүйенің баптауын өзгертуге, анықтамалық мәлімет алуға, қажетті файлды табуға және т.б.мүмкіндіктер беретін Windows-тің Бас мәзірі ашылады.
Бас мәзірдің негізгі бұйрықтары :
Бас мәзір екі – сол және оң жақ бөліктен тұрады.
Сол жақ бөлігінде жақында жұмыс жасаған программалар тізімі орналасады. Тізімнен төмен 2 бұйрық көрсетіледі:
· Барлық программалар – компьютерде орнатылған программалардың тізімін шығарып, оларды орындауға мүмкіндік береді.
· Іздеу терезесі – файлдарды, бумаларды немесе пошталық хабарламаларды іздеуге мүмкіндік жасайды.
Бас мәзірдің оң жақ бөлігінде мынадай бұйрықтар бар :
· Тұтынушы – дербес буманы ашу;
· Құжаттар – құжаттар топтамасы ашылады;
· Бейне – бейнелер топтамасы ашылады;
· Музыка – музыкалық жазбалар топтамасы ашылады;
· Компьютер – компьютердің параметрлерін баптау ;
· Басқару тақтасы – компьютердің параметрлерін баптау ;
· Құрылғылар мен принтерлер – компьютерге қосылған құрылғыларды баптауға арналған терезе;
· Үнсіз келісім программалары – Интернетте жұмыс істеуге арналған және басқа программалар тізімі ;
· Анықтама және қолдау анықтама жүйесін шақыруға мүмкіндік береді.
Есептер тақтасы
Кез келген қосымшаны іске қосқанда Есептер тақтасында ашылған қосымшаның белгішесі бейнеленген батырма пайда болады. Сонымен, барлық жұмыс істеп тұрған қосымшалар батырма түрінде есептер тақтасында көрсетіледі.
Барлық жұмыс істеп тұрған қосымшалардың батырмаларынан басқа есептер тақтасында тез іске қосу тақтасы да бар. Онда іске қосуға болатын программалардың белгішелері орналасқан.
Есептер тақтасының оң жақ бөлігінде программамен қай тілде жұмыс істеуге болатынын таңдауға мүмкіндік беретін тілдер тақтасы бар. Үнсіз келісім бойынша орыс және ағылшын тілдері орнатылған. Тілді Басқару тақтасы арқылы ауыстыруға болады. Есіптер тақтасы сағатпен аяқталады.
«Бастау» батырмасының Есептер тақтасы мен Бас мәзірінің сырт бейнесі былай бапталады. Алдымен тышқанның оң жақ батырмасымен Есептер тақтасының кез келген бос жерін басу керек. Контекстік мәзір пайда болады. Бұл мәзірдің Қасиеттер бұйрығын таңдаңдар. Есептер тақтасын өздерің таңдағандай етіп баптауға болатын терезе пайда болады.
VІ Компьютерде орындалатын өзіндік жұмыс
Оқушылар деңгейлік тапсырма бойынша жұмыс істейді. Әр деңгейдің тапсырмасы жұмыстың әртүрлі дағдыларын қалыптастырады.
В,С деңгейлік тапсырмалары Paint графикалық редакторында жұмыс дағдысын қалыптастыруға бағытталған.
VІІ Қорытындылау
Мұғалім оқушылардың тәжірибелік жұмысын бағалайды.
VІІІ Үйге тапсырма
Операциялық жүйенің басқарудың негізгі тәсілдері және обектілері
Сабақ жоспары : «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_______» ___________20__ж
Пән аты : Информатика
Сынып : 5
Сабақтың тақырыбы : § 10 Терезелер
Сабақтың мақсаты : Windows ОЖ-ның негізгі нысаны – тереземен, құрылымдық элементтерімен оқушыларды таныстыру, қызметімен, жұмыс аймағында басқару элементтерімен таныстыру.
Оқушылар білуі тиіс : Windows ОЖ-ның құрылымын, басқару элементтерін, құрылымдық элементтердің қызметін, қапшықтардың басқару элементтерін.
Оқушылар үйренуі тиіс : Windows ОЖ-ның құрылымын, диалогтық терезесінің элементтері мен тағайындаалуын, терезені басқару пернетақта батырмасының көмегімен, қалып – күй жолындағы ақпаратты оқып, терезені күйге келтіру.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
§ 9 бойынша тест тапсырмасы
ІІІ Білімді өзектендіру
Сұрақтар :
Біз қандай ОЖ-мен жұмыс істейміз ?
Неге олай аталады ?
Бүгінгі сабақта терезе құрылымын, терезелердің қандай болатынын, олармен қалай жұмыс істеу керектігін үйренеміз.
ІV Жаңа сабақты түсіндіру
Экранна терезе, қапшық құрылымы сипаттамасын көрсетіп түсіндіремін. Оқушылар терезе элементтері, атауы және қызметі туралы бұрыннан таныс болуы мүмкін. «Терезелермен жұмыс» бөлімін оқумен қатар компьютерде компьютерде жұмыс орындалады. Оқушылар терезе, қапшық мүмкіншіліктерін оқиды.
Тақырып жолының оң жағында терезені басқару батырмалары орналасқан. Олардың көмегімен терезені жиыруға, бүкіл экранға жаюға, жабуға, оның бастапқы өлшемдерін қайта қалпына келтіруге болады.
Жиыру батырмасы терезені экраннан алып тастағанмен, программамен орындалып жатқан жұмысты аяқтамайды. Ашылған терезенің белгішесі Есептер тақтасында көрсетіліп қалады. Терезені қайта ашып көру үшін тышқанның сілтемесін осы белгішеге жақындатсаңдар жеткілікті.
Жаю батырмасы – терезенің өлшемін өзгертеді . Терезені экранның бетіне толық жаюға немесе керісінше, оның мөлшерін кішірейтуге болады.
Жабу батырмасы – программаның жұмысын аяқтайды. Программаның терезесін жабар алдында өз жұмыстарыңды міндетті түрде сақтап қою керек. Әдетте, программаның өзі терезенің мазмұнын сақтау керек екенін ескертеді.
Терезені Alt+F4 пернелерінің тіркесімдері көмегімен де жабуға болады.
Терезенің ең төменгі жолы жай-күй жолы деп аталады.
Терезелермен жұмыс істеу
Терезенің өлшемін тек терезелерді басқару батырмаларымен ғана өзгертіп қоймайды. Терезенің мөлшерін еркін өзгерту үшін тышқанның сілтемесін терезенің шекарасына немесе бұрышына апарып, сілтеме екі бағытты жебеге айналғанда, терезенің бір немесе екі бүйірін жылжытыңдар. Ашық терезелердің біріншісінен екіншісіне олардың есептер тақтасындағы батырмаларын немесе Alt+Tab пернелерін басып ауысуға болады.
VІ Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау.
Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
VІІ Сабақты қорытындылау. Оқушылардың тәжірибелік жұмысын бағалаймын.
VІІІ Үйге тапсырма
§ 10, тест сұрақтарына жауап беру.
Сабақ жоспары : «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_______» ___________20__ж
Пән аты : Информатика
Сынып : 5
Сабақтың тақырыбы : § 11 Файлдар, бумалар және жарлықтар
Сабақтың мақсаты : Windows негізгі нысандарының анықтамалары мен сипаттамалары туралы оқушыларға түсінік беру, бума мен жарлық құруды үйрету.
Оқушылар білуі тиіс: «Файл», «бума», «жарлық», «бумалар иерархиясы» анықтамаларын, файл мен бума атауларының ережелері мен шектеулерін, бумаларды, жарлықтарды құру тәсілдерін.
Оқушылар үйренуі тиіс : Windows нысандарына, олардың типтеріне анықтама беруді, нысандарға атау беруді, бума мен жарлық жасауды.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
ІV Білімді өзектендіру
Сұрақтар :
Біз қандай ОЖ-мен жұмыс істейміз ?
Неге олай аталады ?
Бүгінгі сабақта терезе құрылымын, терезелердің қандай болатынын, олармен қалай жұмыс істеу керектігін үйренеміз.
ІV Жаңа сабақты түсіндіру
Экранна терезе, қапшық құрылымы сипаттамасын көрсетіп түсіндіремін. Оқушылар терезе элементтері, атауы және қызметі туралы бұрыннан таныс болуы мүмкін. «Терезелермен жұмыс» бөлімін оқумен қатар компьютерде компьютерде жұмыс орындалады. Оқушылар терезе, қапшық мүмкіншіліктерін оқиды.
Тақырып жолының оң жағында терезені басқару батырмалары орналасқан. Олардың көмегімен терезені жиыруға, бүкіл экранға жаюға, жабуға, оның бастапқы өлшемдерін қайта қалпына келтіруге болады.
Жиыру батырмасы терезені экраннан алып тастағанмен, программамен орындалып жатқан жұмысты аяқтамайды. Ашылған терезенің белгішесі Есептер тақтасында көрсетіліп қалады. Терезені қайта ашып көру үшін тышқанның сілтемесін осы белгішеге жақындатсаңдар жеткілікті.
Жаю батырмасы – терезенің өлшемін өзгертеді . Терезені экранның бетіне толық жаюға немесе керісінше, оның мөлшерін кішірейтуге болады.
Жабу батырмасы – программаның жұмысын аяқтайды. Программаның терезесін жабар алдында өз жұмыстарыңды міндетті түрде сақтап қою керек. Әдетте, программаның өзі терезенің мазмұнын сақтау керек екенін ескертеді.
Терезені Alt+F4 пернелерінің тіркесімдері көмегімен де жабуға болады.
Терезенің ең төменгі жолы жай-күй жолы деп аталады.
Терезелермен жұмыс істеу
Терезенің өлшемін тек терезелерді басқару батырмаларымен ғана өзгертіп қоймайды. Терезенің мөлшерін еркін өзгерту үшін тышқанның сілтемесін терезенің шекарасына немесе бұрышына апарып, сілтеме екі бағытты жебеге айналғанда, терезенің бір немесе екі бүйірін жылжытыңдар. Ашық терезелердің біріншісінен екіншісіне олардың есептер тақтасындағы батырмаларын немесе Alt+Tab пернелерін басып ауысуға болады.
Сұрақтар :
ОЖ дегеніміз не ? Ол қандай функцияларды орындайды ?
Windows ОЖ интерфейсінің негізгі нысандарын және басқарушы элементтерін атаңдар.
Жұмыс үстелінің негізгі элементтерін атаңдар.
Тапсырмалар тақтасында не орналасқан ?
Терезені басқарудың қандай элементтерін білесіңдер ?
V Жаңа тақырыпты түсіндіру
Компьютердегі барлық ақпарат белгілі бір тәртіппен орналасады. Ол тәртіп файлдық жүйе деп аталатын арнайы жүйенің көмегімен қамтамасыз етіледі. Файлдық жүйенің негізгі нысандары файлдар, бумалар және жарлықтар.
Файл – байттардың әлдебір атауы бар тізбегі.
Бумалар. Windows – та бума құрылымының иерархиялық ұстанымын түсчіндіру.
Жарлықтар. Жарлыққа ерекше көңіл бөлінеді. Мынадай сәттер бойынша ұсыныстар құрастыруға болады:
Жарлық – программа немесе құжатты көрсететін, нысан туралы ақпарат салынған белгі. Жарлық программа құжаттың төменгі бұрышындағы бағдаршасымен ерекшеленеді.
Жарлық қасиетін ашу арқылы нысанның қайда орналасқанын көруге болады. Жарлықтарды пайдалану кездейсоқ жойылған ақпараттан сақтандырады. Жарлық жойылса да, файл немесе бума жойылмайды.
Ойындар бумасының үлгісі Ойындар бумасының жарлығы
Буманы құру
Жаңа бума құру қиын емес. Өздерің таңдаған жерде Жаңа бума бұйрығын таңдасаңдар жеткілікті. Жаңа бума (Новая папака) деген жыпылықтаған атауы бар буманың белгішесі пайда болады. Сендерге тек пернетақтадан буманың жаңа атын теріп, Enter пернесін басу ғана қалады. Жаңа бума бос болады. Осы буманың ішіне өз қалауларыңша файлдар мен басқа бумаларды орналастыруыңа болады.
Жарлық құру
Құжаттар бумасын ашыңдар. Кез келген файлдың үстінде контекстік мәзір шақырыңдар. Жарлық құру бұйрықтарын табыңдар.
Қажетті нысанның үстінде шақырылған контекстік мәзірде Жарлық құру бұйрығы бар. Бұл бұйрық бойынша бастапқы нысан орналасқан жерде жарлық құрылады. Мысалы, егер сендер жарлықты Құжаттар бумасындағы файлға құратын болсаңдар, онда жаңадан құрылған жарлық Құжаттар бумасында орналасады.
Таңдалған нысанға жарлық құрып, оны Жұмыс үстеліне орналастыруға арналған бұйрық: Отправить Рабочий стол( Создать ярлык ). Жұмыс үстелінде осы нысанды ашатын жарлық пайда болады.
Нысандардың атын алмастыру
Нысанның атын алмастыру үшін нысанның контекстік мәзірін қолданады. Одан Переименовать бұйрығын таңдау керек.
Бірден бірнеше нысанның атын алмастыруға болмайтынын естен шығармаңдар.
VІ Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау
Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
VІІ Қорытынды
Оқушылардың тәжірибелік жұмысын бағалаймын.
VІІІ Үйге тапсырма
§ 11 мазмұндау, тесте сұрақтарына жауап беру
Сабақ жоспары : «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_______» ___________20__ж
Пән аты : Информатика
Сынып : 5
Сабақтың тақырыбы : Обьектілерді іздеу. Обьектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері § 12 Нысандармен жұмыс істеу
Сабақтың мақсаты : Windows нысандарымен жұмыс істеу, оларды бір орыннан екінші орынға жылжыту дағдыларын қалыптастыру. Іздестіру, көшіру, тасымалдау, жою, файлдар, бумалар, жарлықтар атауларын өзгерту жұмыстарын сауатты орындаудың дағдыларын қалыптастыру.
Оқушылар білуі тиіс : іздестіру, көшіру, тасымалдау, жою, файлдар, бумалар, жарлық атауларын өзгерту тәсілдерін; «алмастыру буфері» түсінігін, себет қызметін. Құжатты іздеу, көшіру, жылжыту, файлдардың аттарын өзгерту, өшіру, қапшықтар мен таңбашаларды, себетті тазалау.
Оқушылар үйренуі тиіс : қойылған талапқа байланысты ыңғайлы, оңай көшіруді, жылжытуды файл, бума, жарлықтар атауын өзгерту, өшіруді қалпына келтіруді.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
IV Білімі өзектендіру
Сұрақтар:
Файлға, бума және жарлыққа анықтама беріңдер.
Белгілер мен жарлықтар арасында қандай айырмашылық бар ?
V Жаңа тақырыпты түсіндіру
Компьютерде жұмыс істеу барысында нысандарға (файлдарға, бумаларға және жарлықтарға) көбіне мынадай амалдар қолданылады:
· көшіру (нысанның көшірмесі дискінің басқа жеріне орналастырылады ) ;
· орын алмастыру ( нысанның өзі дискінің басқа жеріне орналастырылады );
· жою;
· атын алмастыру (нысанның атауы өзгереді).
Қатар тұрған аралас нысандарды ерекшееу арқылы белгілеп алуға болады.
Топтың бірінші нысанын ерекшелейміз;
Shift пернесін басып тұрып, соңғы нысанды ерекшелейміз.
Әрқашан шектес нысандарды ғана ерекшелеу керек емес. Егер нысандар экранда бір- бірінен алшақ орналасса, онда оларды ерекшелеу үшін Ctrl пернесін қолданады.
Нысандарды жылжыту / көшіру
Нысандарды жылжыта отырып, сендер оларды бумаларға тарата аласыңдар. Ал нысандарды көшіру арқылы жаңа жерде олардың көшірмесін аласыңдар, мысалы, дискіде.
Нысандарды жылжыту және көшіру тәсілдерін қарастырайық.
Тышқанмен жылжыту/көшіру. Егер екі бума бір ғана дискіде орналасса, онда нысанды бумадан- бумаға тышқанмен сүйреуге болады. Егер жылжыту кезінде Ctrl пернесін ұстап тұрсақ, онда ерекшеленген нысандар көшірілетін болады. Бұл жағдайда тышқан сілтемесінің қасында кішкентай «+» таңбасы пайда болады. Сондай –ақ , тышқанның оң жақ батырмасын басып тұрып орындалатын сүйреу әрекетін де қолдануға болады.
Алмасу буфері
Windows –тің алмасу буфері дегеніміз – компьютер жедел жадының Windows нысандарын уақытша сақтауға болатын арнайы аймағы. Алмасу буферінің көмегімен көшіру үшін сендерге екі бұйрық : Көшіру және Кірістіру керек болады.
Көшіру бұйрығын орындағанда нысандар алмасу буферінде сақталады. Кірістіру бұйрығын орындағанда нысандардың алмасу буферіндегі көшірмесі сендер көрсеткен жерде пайда болады.
Алмасу буфері көмегімен нысандарды жылжыту / көшіру тәсілдері
1. Мәзірдің Реттеу пункті Нысандарды ерекшелеңдер. Реттеу Көшіру немесеРеттеу Қиып алу бұйрығын таңдаңдар. Нысанды апаруға тиісті терезеге ауысыңдар. Реттеу Кірістіру бұйрығын таңдаңдар.
2. Контекстік мәзір
Контекстік мәзірде Көшіру, Қиып алу және Кірістіру бұйрықтарын табыңдар. Әрекеттердің тәртібі тура мәзірдің Реттеу пунктінің бұйрықтарымен бірдей.
3.Пернетақта
Бұйрықтарды пернетақтадағы пернелерді басып тұрып орындау керек:
Ctrl + С – көшіру;
Ctrl + Х – қиып алу;
Ctrl + V- кірістіру.
Нысандарды жою және қайта қалпына келтіру
Жою амалы өте қауіпті. Нысанды дұрыс таңдамасаңдар маңызды ақпаратты жойып алуларың мүмкін. Міне, осындай себептермен байланысты нысандарды жою үшін Windows –те арнайы құрал – Қоржын қарастырылған. Қоржын – барлық жойылған нысандар орналасатын арнайы бума.
Нысандарды Қоржынға жою тәсілдері :
Нысанды Қоржынның белгішесіне сүйреу.
Мәзірдің Реттеу Жою бұйрығымен.
Пернетақта көмегімен : нысанды тышқанмен шертіп ерекшелеп, Del пернесін басса жеткілікті.
Барлық жағдайда жою алдында экранға сұхбаттық терезе шығарылады, онда тұтынушыдан жою үшін сұраныс жасалады. Жойылған нысанды қайта қалпына келтіруге болады. Ол үшін Қоржын терезесін ашып, қажетті нысандарды ерекшелеп алып, Қайта қалпына келтіру бұйрығын орындау керек.
Егер дискідегі орын аз болса, әдетте Қоржынды тазалайды. Бірақ бұдан кейін файлдарды қайта қалпына келтіру мүмкін емес.
Қоржында орналасқан барлық файлдарды емес, таңдаулыларын ғана жоюға болады.
Қайсыбір тұтынушылар нысандарды Қоржынға орналастырмай, бірден жоюды дұрыс көреді. Бұл тәсіл қауіпті, орындалған әрекеттердің дұрыстығына сенімділікті талап етеді.
Нысандарды Қоржынға орналастырмай жою үшін Shift +Del пернелер тіркесімдерін қолданады.
VІ Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау
Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
VІІ Қорытынды
Оқушылардың тәжірибелік жұмысын бағалаймын.
VІІІ Үйге тапсырма
§ 12 мазмұндау, тесте сұрақтарына жауап беру
Сабақ жоспары : «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_______» ___________20__ж
Пән аты : Информатика
Сынып : 5
Сабақтың тақырыбы : § 13 Ақпаратты іздеу, жазу және оқу
Сабақтың мақсаты : Windows қосымшасында ақпаратты сақтау, оқу, нысандарды іздеу ережелерімен таныстыру.
Оқушылар білуі тиіс : ақпаратты сақтау ережесін , «Сохранить» және «Сохранить как» командасынан өзге , жұмысты іздестіру алгоритм командасынан «Пуск – Поиск» орындалуын.
Оқушылар үйренуі тиіс : нысандарды іздестіруді жүзеге асыруды, Windows стандарттық программасында ақпаратты сақтауды, оқуды; «Сохранить» және «Сохранить как» командасын пайдаланып, ыңғайлы тәсілдерді пайдалануды.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
§ 12 бойынша тест алу
IV Білімі өзектендіру
Сұрақтар:
1. Жұмыс үстелінде қандай нысан орналасқан ?
2. Бас мәзірді не үшін пайдаланамыз ?
3. Экранның шектелген аумағы қалай аталады ?
4. Программамен жұмысты аяқтауда қандай тәсілдерді білесіңдер ?
5. Программаны қалай іске қосамыз ?
V Жаңа тақырыпты түсіндіру
Нысанды бумадан жылдам іздеу
Ізделетін нысан орналасқан буманы ашып, нысанның атауындағы бірінші әріп бар пернені басу керек. Атауы осы символмен басталатын ең жақын нысан ерекешеленеді. Сол пернені қайта басқанда келесі ұқсас нысан ерекшеленеді Сонымен, буманың атаулары осы символдан басталатын барлық нысандар тексеріледі.
Сендер жылдам іздеуді тек ізделетін нысанның қандай бумада орналасқанын білетін жағдайда ғана пайдалана аласыңдар. Ал егер олай болмаса, онда кеңейтілген іздеуді қолдану керек.
Кеңейтілген іздеу
Файлдың немесе буманың атауын Бас мәзірдің іздеу терезесіне енгізу керек.
Программа сендер көрсеткен атауы бар барлық нысандарды табады.
Сендердің сұраныстарың бойынша табылған файлдар терезенің жоғарғы бөлігінде көрсетіледі. Таңдалған файлды тышқанмен шертсеңдер іске қосылады.
Ақпаратты жазу
Windows –тің барлық қосымшаларында ақпаратты сақтау мен оқудың қабылданған жалпы ережелері бар.
Құрылған суретті немесе құжатты файлға бірінші рет сақтау үшін мына әрекеттерді орындау керек :
· Сақтау немесе Қалай сақтау бұйрығын таңдау ;
· Терезеде сендердің файлдарың сақталатын бума көрсетіледі. Қажет болған жағдайда басқа сақтайтын орынды таңдауға болады ;
· Файлдың атын теру ;
· Сақтау батырмасын басу.
Программамен жұмыс істегенде файлдарды жиі –жиі сақтап отыруларың керек. Егер файл бұған дейін сақталған болса және атау берілген болса, онда сақтау жұмысы жеңілдейді. Бұл жағдайда программа сақтау терезесін шығармайды және сендерден файлдың атын сұрамайды. Сендер Сақтау бұйрығын таңдайсыңдар, экранда ештеңе болмайды, бірақ файлдағы өзгертулер сақталады.
Кейде бұрын сақталған файлды басқа жаңа атаумен сақтау қажеттілігі туындайды. Мәселен, сендер Ағаш файлынан ағаштың бейнесі салынған суретті ашыңдар делік. Оған жануарлар мен басқа ағаштардың бейнесін қосып, жаңа суретті Орман деген атаумен сақтағыларың келді делік. Онда сендерге Қалай сақтау бұйрығы керек болады. Бұл бұйрық файлдың бұрын сақталғанына немесе сақталмағанына қарамастан сақтау терезесін шығарады. Мұндай сақтаудан кейін сендердің дискілеріңе 2 файл: Ағаш және Орман деп сақталады.
Ақпаратты оқу
Дискіде жазылған ақпаратты қажетті файлды іске қосу арқылы оқиды. Файл атауының кеңейтілуі нәтижесінде Windows операциялық жүйесі файлды қандай программаның көмегімен ашу керек екенін өзі анықтайды. Файлды қосымшаның өз терезесінде де ашуға болады. Ол үшін Ашу бұйрығын орындау керек.
VІ Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау
Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
VІІ Қорытынды
Оқушылардың тәжірибелік жұмысын бағалаймын.
Қажетті файлды бумадан қалай табуға болады ?
Дискідегі файлды қалай табуға болады ?
Ақпаратты компьютерге қалай сақтайды ?
Сақтау және Қалй сақтау бұйрықтарының айырмашылығы неде ?
Ақпаратты дискіден қалай оқимыз ?
Жүйелік бумаларда файл ізделе ма ?
VІІІ Үйге тапсырма
§ 13 мазмұндау, тесте сұрақтарына жауап беру
Сабақ жоспары : «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_______» ___________20__ж
Пән аты : Информатика
Сынып : 5
Сабақтың тақырыбы : ІV ТАРАУ. PAINT ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОРЫ
§ 14 Сурет салу, сақтау және ашу
Cабақтың мақсаты: PAINT графикалық редакторын баығттауды, қосуды, сурет салу және сақтауды үйрету.
Оқушылар білуі тиіс : «Растрлық графикалық редактор» ұғымын.
Оқушылар үйренуі тиіс : сурет өлшемін орнатуды, сақтауды. Түстер палитрасын іске қосуды. Қылқалам, қарындаш, сызық, доғал, масштаб құралдарын қолдануды.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
IV Білімі өзектендіру
Сұрақтар:
Ақпараттың қандай түрлерін компьютерде өңдеуге болады ?
Қандай графикалық редакторларды біліңдер ?
Компьютердің қандай құрылғысы графикалық ақпаратты өңдейді ?
Компьютердің қандай құрылғысы графикалық ақпаратты шығарады ?
Кез келген қосымша терезеде қандай элементтер орналасады ?
V Жаңа тақырыпты түсіндіру
Адамдардың бәрі суретті жақсы сала алмайды . Сондықтан адамзат ұзақ жылдар графикалық бейнелерді құруды механикаландыруға тырысты және бұған есептеу техникасының арқасында қол жеткізді.
Графикалық редакторды таңдау жұмыс істеу мақсаты мен компьютердің мүмкіндігіне байланысты. Мәселен, сабаққа хабарлама толтыру үшін Стандарттық программа – PAINT графикалық редакторын пайдалансаңдар жеткілікті.
PAINT графикалық редакторында жұмыс істей отырып, өздеріңнің мәтіндеріңнің көркемдеулерін, Жұмыс үстелі үшін фондық бейнелер құруды, қарапайым фотомонтаж жасауды, бейнелерді өзгертуді және тағы да көп нәрселерді үйренесіңдер.
Компьютерде графикалық ақпаратты құру құралдарына жататындар :
· Енгізу құрылғылары (сканер, тышқан, графикалық планшет және т.б.) ;
· Графикамен жұмыс істеуге арналған программалар (графикалық редактор ).
Графикалық редактор – графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа.
PAINT (ағылшынша сурет, сурет салу ) – бұл растрлық (нүктелерден тұратын) бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор.
Барлық растрлық бейнелер нүктелерден – пиксельдерден тұрады. Ол суреттің мөлшерін өзгерткенде анық көріәнеді.
Пиксель - - растрлық бейненің ең кішкентай элементі.
Суреттің сапасы жоғары болған сайын, ол сақталатын файлдың мөлшері де үлкен болады. Жұмыс істегенде осыны ескеру керек. Мысалы, егер файлды поштамен жөнелту керек болса, оның пішімін өзгертіп, «жеңілірек» ету керек.
Программада суретті ашудың бірнеше мүмкіндігі бар. PAINT батырмасын шертіңдер. Егер суретпен жақында жұмыс істеген болсаңдар, онда оны Соңғы бейнелер тізімінен қарауға болады немесе Ашу бұйрығын таңдаңдар.
Жиі орындайтын бұйрықтарыңды Жылдам қол жеткізу тақтасына шығарып қоюларыңа болады. Ол үшін бұйрықтың атын тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, Жылдам қол жеткізу тақтасына қосу бұйрығын таңдаңдар.
Түсті таңдау үшін Түстер тобындағы Палитра қолданылады. Оның сол жақ бөлігінде пәрмендер көрсетіледі.
Алдыңғы саптағы түс Қылқаламның түсін, сызықтың, фигуралар контурының түсін анықтайды. Фонның түсін фигуралардың ішін толтыру үшін және өшіргіш үшін қолданады. Түсті таңдау үшін алдымен қажетті алып- қосқышты таңдап, одан кейін тышқанмен палитрадағы керек түсті шертеді.
Суретті тышқанның сол жақ батырмасын да оң жақ батырмасын да жібермей ұстап тұрып салуға болады. Палитрада 20 түс анықталып, бекітілген. Қажет болса, Түстерді өзгерту батырмасын шертіп, түстерді қосуға болады.
Компьютер милиондаған түспен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Түстің дәл мәнін ондағы қызыл, жасыл және сарының реңкін, қарама- қарсылығын, ашықтығын және санын көрсетіп анықтауға болады.
VІ Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау
Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
VІІ Қорытынды
Оқушылардың тәжірибелік жұмысын бағалаймын.
Графикалық деректерді енгізу және шығару үшін қандай құрылғылар қолданылады ?
Графикалық редактор деген не ?
Растрлық графиканың кемшілігін атаңдар.
Сурет салу мен толтыру үшін түстерді қалай таңдаймыз ?
VІІІ Үйге тапсырма
§ 14 мазмұндау, тесте сұрақтарына жауап беру
Сабақ жоспары : «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_______» ___________20__ж
Пән аты : Информатика
Сынып : 5
Сабақтың тақырыбы : § 15 Графикалық редактордың сурет салу құралдары
Сабақтың мақсаты : PAINT графикалық редакторы мүмкіндіктерімен танысуды жалғастыру.
Оқушылар білуі тиіс : құралдардың қызметін, қосымша күйге келтіру мүмкіндіктерін.
Оқушылар үйренуі тиіс : өшіргіш құралын 2 режимде пайдалануды. Фигуралардың тіктөрбұрыш, доғал, қисық, бүріккіш болатындығын. Фигураларды дұрыс салуды. Жұмыс үстелі фоны ретінде суретті пайдалануды.
Сабақтың барысы :
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
IV Білімі өзектендіру
Сұрақтар:
Графикалық редакторда сурет салу үшін пайдаланған құралдарды атап шығыңдар.
Қазір қайсы құрал қалай белгіленіп тұрғанын қалай білеміз ?
Өшіргіш қандай түсте жұмыс істейді ?
V Жаңа тақрыпты түсіндіру
Практикалық жұмыс жасай отырып, сендер құралдармен және фигуралармен таныса бастадыңдар. Олардың мүмкіндіктерін толығырақ қрастырайық.
Программаның терезесін қарайық. Жұмысқа керектің бәрі Жолақта орналасқан.Негізгі тіркеме бетінде Алмасу буфері, Кескін, Құралдар, Фигуралар, Қалыңдық, Түстер топтары орналасқан.
Құралдар таңдау үшін оны тышқанмен шертсеңдер жеткілікті.
Құралдар мен фигуралар үшін баптау амалдарын орындауға болады. Мысалы :
· Қарындаш үшін – жуандық, түс;
· Фигуралар үшін – контур, заливка, түстер.
Жай –күй жолында ағымдағы жұмыс туралы ақпарат беріледі. Мысалы, суреттің мөлшері.
Егер суреттің кішкене бөлігін тазалау керек болса, Өшіргіш сайманы қолданылады. Өшіргіш екі режимде болады : қарапайым және түрлі түсті . Қарапайым өшіргіш бәрін өшірсе, түрлі түсті өшіргіш тек Қылқаламның пәрменді түсін өшіреді.
Қисық сызықты салған кезде міндетті түрде екі бүгілісті көрсету керек. Алгоритм түрі келесідей : сызық сызамыз, бүгілістің біреуін тышқанның сол жақ батырмасымен созып, екінші бүгілісті созамыз
Қатаң горизонталь, вертикаль немесе 45 градусқа ауытқыған сызық сызу үшін тышқанды жылжытқанда Shift пернесін ұстап тұру керек.
Сол сияқты, Shift пернесін жібермей ұстай отырып, «дұрыс» фигуралар салуға болады. Тікбұрышты қолданғанда тіктөртбұрыш, ал Сопақтан – шеңбер саламыз.
Көпбұрыш былай салынады: бірінші сызықты жүргіземіз, одан кейін тышқанның сол жақ батырмасымен біртіндеп барлық төбелерін шертіп шығамыз. Суретті тышқанды екі рет шертіп немесе фигураны тұйықтап аяқтаймыз.
VІ Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау
Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
VІІ Қорытынды
Өшіргіш сайманының жұмыс режимдерін сипаттаңдар ?
Фигура шекарасының жуандығын қалай өзгертеміз ?
Дұрыс фигураны қалай саламыз ?
VІІІ Үйге тапсырма
§ 15 мазмұндау, тесте сұрақтарына жауап беру
Сабақ жоспары : «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_______» ___________20__ж
Пән аты : Информатика
Сынып : 5
Сабақтың тақырыбы : § 16Сурет бөліктерімен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты : PAINT графикалық редакторы мүмкіндіктерімен танысуды жалғастыру.
Оқушылар білуі тиіс : PAINT сурет бөлігі түсінігін, бөліктермен орындалатын операцияларды, орындау тәсілдерін, мәтінді баптау мүмкіндіктерін.
Оқушылар үйренуі тиіс : суретті, сурет бөліктерін ерекшелеуді. Суретті көшіруді, жылжытуды, өлшемін өзгертуді. Жазу құралын пайдалануды. Салынған суретті ашуды.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
IV Білімі өзектендіру
Сұрақтар:
PAINT графикалық редакторының қандай саймандарын біз әлі пайдаланбадық ?
Бүгін біз «Ерекшелеу» сайманымен жұмыс істейміз, суретке мәтін орналастыруды үйренеміз .
V Жаңа тақрыпты түсіндіру
Суретті өзгерту үшін, алдымен оны тұтастай немесе оның қажетті бөлігін – фрагментті ерекшелеп алады.
Ерекшелеу үшін Ерекшелеу сайманы қолданылады.
Ерекшеленген фрагменттің жан-жағында пунктирді сегіз ерекшелеу маркері бар қоршау пайда болады .
Суретті тұтастай ерекшелеу үшін Ctrl+A пернелер тіркесімен пайдалануға немесе Ерекшелеу Бәрін ерекшелеу бұйрығын орындауға болады. Ерекшелеуден бас тарту үшін басқа сайманды таңдасаңдар жеткілікті.
Мөлшерді өзгерту – тышқанның сілтемесін сегіз ерекшелеу маркерінің біріне апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басып өзгерту.
Орнын алмастыру – ерекшеленген фрагментті тышқанның сол жақ батырмасын басып жылжыту, сілтеменің түрі - .
Тазалау- ерекшеленген саймақ фонның түсімен боялады.
Түстерді айналдыру.
Көшіру.
Қажетті бұйрықты ерекшеленген фрагменттің контекстік мәзірінен таңдауға болады.
1-тәсіл – фрагментті Ctrl пернесін басып жылжытамыз- жеке
көшірмесін аламыз.;
2-тәсіл – фрагментті Shift пернесін басып жылжытамыз- оның ізі бар көшірмесін аламыз;
3- тәсіл – фрагментті алмасу буферіне көшіріп, қанша рет керек болса, сонша рет кірістіру. Көшірме алмасу буферінен әрқашан экранның сол жақ жоғарғы бұрышына кірістіріледі.
Ерекшелеу сайманы үшін қосымша баптау болып табылатын Мөлдір ерекшелеу сайманы да бар.
Мәтінмен жұмыс істеу
PAINT – графикалық редактор болғандықтан және мәтінмен жұмыс істеуге арналмағандықтан, суретпен бірге көбіне қысқа және ірі тақырып атаулары, жазба- белгілеулер құрылады.
Мәтін енгізу үшін, Мәтін сайманын таңдау керек. Жұмыстың бірінші кезеңі – енгізу өрісін құру. Өрістің түрі тікбұрышты ерекшелеуге ұқсас. Оның мөлшерін мәтінмен жұмыс істеу барысында өзгертуге болады. Жолақта бірден жаңа тіркеме бет- Мәтін енгізу саймандары – пайда болады.
Сендер басқа сайман таңдағанға дейін мәтіннің түрін баптауға болады :
- Әріпті және оның мөлшерін таңдау ;
- Мәтінді жуан әріппен курсивпен ерекшелеу немесе мәтіннің астын сызу ;
Мәтіннің әрбір фрагментін әртүрлі баптауға болады.
VІ Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау
Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
VІІ Қорытынды
Фрагменттің және тұтас суреттің ерекшеленулерін қандай тәсілдермен алып тастауға болады ?
Ctrl немесе пернелерін басып көшірулердің бір –бірінен айырмашылығы неде ?
Суреттің фрагментін кішірейту әрекеттерінің ретін сипаттаңдар.
Ақ, сары, қызыл түстерге қандай түс қарама-қарсы?
Фрагментті 90 градусқа бұру үшін не істеу керек ?
VІІІ Үйге тапсырма
§ 16 мазмұндау, тесте сұрақтарына жауап беру
Сабақ жоспары : «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_______» ___________20__ж
Пән аты : Информатика
Сынып : 5
Сабақтың тақырыбы : § 17. Масштаб. Суреттің трансформациясы
Сабақтың мақсаты : сурет трансформациясын орындауды үйрету.
Оқушылар білуі тиіс : масштаб құралы қай кезде пайдаланылатынын, трансформацияның не екенін.
Оқушылар үйренуі тиіс : суреттің масштабын әртүрлі тәсілдермен өзгертуді, көлбеуді, суретті бұруды және сурет бөліктерін өзгертуді.
Сабақтың барысы :
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
IV Білімі өзектендіру
V Жаңа тақрыпты түсіндіру
Кескіннің детальдарын дәлдеу масштабтың көмегімен жасалады. Windows –тегі барлық амалдар сияқты, масштабты әртүрлі тәсілдермен өзгертуге болады. Мыналарды пайдаланыңдар :
- Түр (Вид) тіркеме бетінің саймандарын ;
- Негізгі тіркеме бетіндегі Масштаб сайманын ;
- Жай –күй жолындағы Масштаб жүгірткішін.
«Трансформация» сөзі латын тілінен түрлену, алмасу деп аударылады.
Қане, Кескін тобындағы Қырқу, Мөлшерді өзгерту, Бұру бұйрықтарының қалай жұмыс істейтінін қарастырайық. Бұл бұйрықтар амалдарды тұтас суретпен және ерекшеленген фрагментпен орындайды.
Тұтас суретті немесе ерекшеленген фрагментті вертикаль және горизонталь шағылдырып орналастыруға және 90 немесе 180 градусқа бұруға болады.
Суретті тышқанның көмегімен тура қажет болғандай етіп созу немесе кішірейту әрқашан қолдан келе бермейді. Егер пропорцияларды сақтау, мөлшерін бір пиксельге дейінгі дәлдікпен өзгерту керек болса, онда Мөлшерді өзгерту бұйрығын қолданыңдар.
Қырқу – суреттің тек ерекшеленген бөлігін қалдыратын бұйрық. Ол өте қолайлы, мәселен, өрнектердің суретін салғанда – алдымен элементтерін салып, одан кейін оларды көшіріп, өрнекті құрып, оны ерекшелеп, енді керек емес детальдарын қырқамыз. Сол сияқты, бұл бұйрық фотосуреттегі артық бейнелерді қырқуға мүмкіндік береді.
Мөлшерлер мен бұруды өзгерту
Вертикаль шағылдыру
VІ Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау
Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
VІІ Қорытынды
Суреттің фрагментін қалай бұрамыз ?
Дөңгелекті шағылдырса не болады ?
Суреттің фрагментін қалай ұлғайтуға болады ?
Paint –те орындалған соңғы қагша амалдан бас тартуға болады ?
VІІІ Үйге тапсырма
§ 17 мазмұндау, тесте сұрақтарына жауап беру
Сабақ жоспары : «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_______» ___________20__ж
Пән аты : Информатика
Сынып : 5
Сабақтың тақырыбы : § 18. Суретті басуға дайындау. Суретті басу
Сабақтың мақсаты : суретті притерде басып шығаруды үйрену.
Оқушылар білуі тиіс : шығару құрылғысын, басып шығару командаларын.
Оқушылар үйренуі тиіс : беттің параметрлерін баптауды, орындауды, баспаға бермес бұрын алдын ала қарап шығуды.
Сабақтың барысы :
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
IV Білімі өзектендіру
1. Ақпаратты басып шығаратын қандай құрылғыларды білесіңдер?
V Жаңа тақрыпты түсіндіру
Мына тақырыптардың біріне салынған суретті басуға дайындаңдар :
Сүйікті пән бойынша оқулық мұқабасы ;
Сиікті кітабыңды безендіру;
Мектеп эмблемасы ;
Мерекеге арналған ашық хат ;
Плакат (мысалы, «Менің қалам», «Ғарыш», «Компьютерлер тарихы»);
Армандаған бөлменің дизайні.
Оқушылардың дайындаған суреттерін ашып көремін. Тапсырманы принтерге жібермей тұрып, суреттің біз ойлаған түрде көрінетіндей екеніне көз жеткізейік. Беттің параметрлері терезесін шақырыңдар: Paint Басып шығару батырмасы Беттің параметрлері. Беттің толтырылу бағытын, ортаға түзеуді, масштабты өзгертіңдер. Сендердің суреттерің көлденең сызылған тікбұрыш сияқты болып көрінеді. Қарап шығу терезесінде беттің өзгертулерін қадағалаңдар !
Бетті баптағаннан кейін келесі қадамға – Алдын ала қарауға көшуге болады. Бұл терезеде сендер таңдаған параметрлермен суреттің бетте қалай орналасатынын көруге болады.
Бәрі сендер ойлағандай болса- тапсырманы печать батырмасын шертіп, сенімді түрде басып шығаруға жөнелтіңдер. Егер бір нәрсе өзгерту керек болса, онда Беттің параметрлері терезесіне қайта оралуға тура келеді.
Беттің параметрлерін баптау
Алдын ала қарау терезесі
VІ Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау
Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
VІІ Қорытынды
Басып шығаруда суреттің масштабын қаншалықты өзгертуге болады ?
Ортаға түзеу нені білдіреді ?
Қағаздың қандай мөлшері қолданылады ?
Суреттің мөлшері қандай ? Ол қанша бет болады ?
Суретті басып шығаруға жіберу үшін пернелердің қандай тіркесімі қолданылады ?
Қандай пернемен алдын ала қарау терезесін жабуға болады ?
VІІІ Үйге тапсырма
§ 18 мазмұндау, тест сұрақтарына жауап беру.
Сабақ жоспары : «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_______» ___________20__ж
Пән аты : Информатика
Сынып : 5
Сабақтың тақырыбы :V ТАРАУ. МӘТІНДІК РЕДАКТОР § 19. WordPad мәтіндік редакторының интерфейсі
Сабақтың мақсаты : WordPad мәтіндік редактормен таныстыруды жалғастыру.
Оқушылар білуі тиіс : мәтіндік редактордың ортақ мүмкіндіктерін, мәтін элементтерін.
Оқушылар үйренуі тиіс : компьютерде мәтіндерді өңдеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін, мәтіндік құжатты әр формада сақтауды.
Сабақтың барысы :
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
IV Білімі өзектендіру
V Жаңа тақрыпты түсіндіру
Мәтіндік редактор – ол мынадай мүмкіндіктер беретін қолданбалы программа:
· мәтіндік құжаттарды құруға ;
· оларды өзгертуге, яғни, қателерін түзетуге, мәтін фрагменттерін жылжытуға, көшіруге, жоюға және қосуға, іздеу мен алмастыру жүргізуге ;
· мәтінді пішімдеуге - әріптің мөлшері мен түсін, абзацтың қасиеттерін және басқаларды өзгертуге ;
· құжаттарды басып шығаруға.
Компьютер үшін мәтін – ол символдардың кез келген жиыны деп айтуға болады. Мәтіндік құжаттың құрамында өлең де, компьютерге арналған программа да болуы мүмкін. Оның мазмұны кесте түрінде де безендірілуі мүмкін.
Мәтіннің құрылымы
Мәтіндік редакторлар жұмыс жасайтын деректер мәтіндік ақпарат, оның ең кішкентай бірлігі символ болып табылады. Сөз – бір-бірінен тыныс белгілерімен немесе бос орындармен ажыратылып жазылған символдар тізбегі. Сөздердің арасында және тыныс белгісінен кейін бір бос орын қойылады. Мәтіннің элементтері : символ – сөз –жол – абзац – бет – мәтін.
Абзацтар бір –бірінен арнайы «абзацтың соңы» символымен ажыратылып жазылады.
Мәтінге біз «абзацтың соңы» символын қостық. Ешбір символдарды көріп тұрмасақ та, біздің мәтінімізде енді екі бос абзац бар және олардың ішінде стрелкалармен жоғары –төмен жылжуға болады. Бірнеше рет Бос орын, Tab пернелерін басыңдар. Бұл символдар да көрінбейді, бірақ олар құжатта сақталады. Сонымен абсолютті «бос» құжаттар болмайды.
Кез келген құжаттың кем дегенде бір абзацы бар. Абзацтарға тақырыптар мен тізімдердің элементері де жатады. Бос абзацтың өзінде де қайсыбір қасиеттер анықталған.
Абзацтың ең белгілі қасиеттері :
· әріптің гарнитурасы, кескін сызығы, мөлшері ;
· мәтінді түзеу тәсілі ;
· шегіністер мен интервалдар.
WordPad мәтіндік редакторы терезесінің элементтеріне сызғыш қосылды.
Мәтіндік редактордың терезесінде кішкентай жыпылқтайтын сызықша – мәтіндік курсор бар. Ол келесі символдың қай жерде тірелетінін көрсетеді.
VІ Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау
Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
VІІ Қорытынды
Компьютерде мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңдар.
Мәтіндік редактор деген не ?
Мәтін элементтерін атаңдар және сипаттаңдар.
Мәтіндегі абзацтар бір- бірінен қандай символмен ажыратылады?
Мәтіндегі жаңа абзацты қалай құрамыз ?
Абзацтың ең әйгілі қасиеттерін атап шығыңдар.
Құжатты мәтін безендіруі қоса сақталатындай етіп сақталғанда қандай пішімді таңдау керек ?
VІІІ Үйге тапсырма
§ 19 мазмұндау, тест сұрақтарына жауап беру.
Сабақ жоспары : «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_______» ___________20__ж
Пән аты : Информатика
Сынып : 5
Сабақтың тақырыбы : § 20 Мәтінді теру және түзету ережелері
Сабақтың мақсаты : мәтін теруді ережеге сәйкес үйрету, мәтін бөліктерін көшіруді, ауыстыруды үйрету.
Оқушылар білуі тиіс : мәтін теру ережесін, «редакциялау» түсінігін, редакциялаудағы пернелер мен командалардың қолданылуын, мәтінді ретімен теруді, пернетақта мен тышқанды пайдаланып мәтінді жылжытуды, әрекетті кері қайтару командаларын.
Оқушылар үйренуі тиіс : ережеге сәйкес мәтін теруді, пернетақта мен тышқанды пайдаланып мәтінді жылжытуды, алмасу буферін пайдаланып экранда мәтінді көшіруді, мәтінді жоюды, мәтін енгізудің тәртібін өзгертуді.
Сабақтың барысы :
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
IV Білімі өзектендіру
Сұрақтар :
1. Мәтін құрған кезде құжатта қандай белгі пайда болады ?
2. Оны өшіруге бола ма ?
3. Жаңа жол қалай қосылады ?
4. Жаңа азат жолды қалай қоямыз ?
5. Тыныс белгілері үшін қандай пернелер пайдаланылады ?
V Жаңа тақрыпты түсіндіру
Мәтіндермен жұмыс істегенде кейде оларды біріктіруге, кейде фрагменттіерді әр құжаттардан алып, оның жаңасын құруға тура келеді. Егер барлық құжаттарды әртүрлі ережелер бойынша құратын болсақ, онда нәтижесінде мәтін көріксіз болып көрінеді. Мысалы, сендер дәптердің шетінен бастап жазбайсыңдар ғой ? Кітаптардан да ондайды көрмейсіңдер. Тырнақшаларды, жақшаларды мәтінен кенет бөлініп қалмайтындай етіп қойып шығу, осының бәрі маңызды.
Біз бұған дейін бірнеше құжатқа мәтін теру ережелерін айттық, енді олардың бәрін атайық:
1. Бас әріпті немесе символды жоғарғы регистрден енгізу үшін Shift пернесін басып, жібермей ұстап тұру керек.
2. Егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса – CapsLock пернесін қос.
3. Бір бос орын сөздердің арасына және тыныс белгілерінен кейін қойылады .
4. Дефис бос орынсыз қойылады. Мысалы : жан-жақты, батпе-бет.
5. Ұзын сызықша (тире) алдынан да, соңынан да бос орынмен қойылады :
6. Даталарды, қысқартылған аты мен әкесінің аты енгізілгенде және ұқсас жағдайларда үзілмейтін бос орын тізбектемесін терумен орындалады. Мысалы: 2013ж.,1 қыркүйек, Ш.Уәлиханов.
7. Тырнақшаларға немесе жақшаларға алып жазылған сөздер олардан бос орынмен ажыратылмайдды:
8. Рим цифрларын енгізу үшін латынша бас әріптер қолданылады.
9. Enter пернесін абзацтың соңында басады. Жолдарды тасымалдау автоматты түрде жүзеге асады.
Мәтін бойынша жылжу
Курсорды мәтін бойынша стрелкалармен Home, End, PageUp, PageDown пернелерімен жылжытуға болады. Егер құжат беті көп болса, мәтіннің соңына бірден қалай жетуге болады ? Көмекке Ctrl+End пернелер тіркесімі келеді.
VІ Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау
Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
VІІ Қорытынды
Бас әріпті қалай енгіземіз ?
Бос орын қай кезде қойылады ?
Enter пернесін қай кезде басу керек ?
Ұзын сызықша (тире ) қалай қойылады ?
Мәтін бойынша жылжу пернелерін атаңдар .
VІІІ Үйге тапсырма
§ 20 мазмұндау, тест сұрақтарына жауап беру.
Сабақ жоспары : «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_______» ___________20__ж
Пән аты : Информатика
Сынып : 5
Сабақтың тақырыбы : § 21 Мәтін бөліктерін ерекшелеу
Сабақтың мақсаты : мәтін теруді ережеге сәйкес үйрету, мәтінді ерекшелеуді, мәтін бөліктерін көшіруді, ауыстыруды ,мәтін бөліктерін ерекшелеу тәсілдерін үйрету.
Оқушылар білуі тиіс : мәтін теру ережесін, «редакциялау» түсінігін, редакциялаудағы пернелер мен командалардың қолданылуын, мәтінді ретімен теруді, пернетақта мен тышқанды пайдаланып мәтінді жылжытуды, әрекетті кері қайтару командаларын.
Оқушылар үйренуі тиіс : ережеге сәйкес мәтін теруді, пернетақта мен тышқанды пайдаланып мәтінді жылжытуды, алмасу буферін пайдаланып экранда мәтінді көшіруді, мәтінді жоюды, мәтін енгізудің тәртібін өзгертуді.
Сабақтың барысы :
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
IV Білімі өзектендіру
V Жаңа тақрыпты түсіндіру
Мәтінді теріп болған соң түзету және пішімдеу үшін мәтін бөліктерін ерекшелей білу керек.
Тышқанның көмегімен ерекшелеу үшін құжаттың сол жақ, «ерекшелеу ернеуі» деп аталатын, ернеуін қолданады. Тышқанның сілтемесі оңға қарай бұрылған стрелка түріне айналады. Пернетақтада ерекшеленген кезде Shift және Ctrl пернелері тіркесімдерін бірге басу керек.
Мәтін бөліктерін ерекшелеу тәсілдері
Кейде экранда бірден жолды, абзацты немесе тұтастай мәтінді ерекшелеген ыңғайлы. Бұл жағдайлар үшін арнайы тәсілдер ойластырылған.
1. Тұтас жолды ерекшелеу. Егер тышқанның сол жақ батырмасымен жолдың басын бір рет шертсеңдер, жол тұтастай ерекшеленеді. Тышқанның сілтемесі бұл жерде ақ стрелка кейпіне енеді.
1. Егер экранның осы жерінде тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шертсек, онда тұтас абзац ерекшеленеді:
2. Тышқанның сол жақ батырмасын үш рет шерту мәтінді тұтастай ерекшелейді :
Мәтінді тұтастай бірден ерекшелеу үшін пернетақтадан бір мезгілде Ctrl пернесі мен цифрлық қосымша пернетақтадан «5» санын басуға да болады.
Мәтін бөліктерін түзетуге : жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыруды жатқызуға болады.
Windows oперациялық жүйесіндегі басқа нысандар сияқты, мәтіндердегі нысандарды Delete пернесімен – курсордан оң жақта орналасқан символды, BackSpace пернесімен- курсордың сол жағында орналасқан символды жоюға болады.
Егер мәтінді Ауыстыру режимінде терсек, онда бұрын болған символдарды алмастыруға болады. Ол Insert пернесімен басқанда қосылады. Мәтінді қосуды жалғастыру үшін, Insert пернесін қайтадан басу керек.
Егер мәтіннің барлық бөлігінде тұтас сөзді немесе сөз тіркесін алмастыру керек болса, онда Ауыстыру бұйрығын қолданған ыңғайлы .
Мәтіннің ерекшеленген бөлігін 2 тәсілмен Жылжытуға болады :
- тышқанмен сүйреу;
- Алмасу буферін қолдану: мәтін бөлігін ерекшелеп, оны алмасу буферіне қиып алу, мәтіндік курсорды керек жерге апарып, бөлікті алмасу буферінен кірістіру.
Көшіру амалы жылжытуға өте ұқсас:
- Ерекшеленген бөлікті тышқанмен Ctrl пернесін баса отырып жылжытамыз;
- Немесе оны алмасу буферіне көшіреміз, керек жерге кірістіреміз.
Егер мәтінге амал қолданғанда бір нәрсе шықпай жатса, абыржудың керегі жоқ. Жылдам қолжеткізу тақтасындағы Кері қайтару пернесін немесе Ctrl + Z пернелерін басу арқылы кез келген әрекеттен бас тартуға болады. Әрекеттер тізбектеліп кері қайтарылады, сондықтан олардың кез келгенін өз таңдауларың бойынша қайтара алмайсыңдар.
VІ Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау
Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
VІІ Қорытынды
Мәтін теру ережелерін атаңдар.
Мәтіннің басына бос абзацты қалай қосамыз ?
Мәтінге қолданылатын қандай амалдар түзетуге жатады ?
Мәтіннің элементтерін жою үшін қолданылатын пернелерді атаңдар.
VІІІ Үйге тапсырма
§ 21 мазмұндау, тест сұрақтарына жауап беру.
Сабақ жоспары : «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_______» ___________20__ж
Пән аты : Информатика
Сынып : 5
Сабақтың тақырыбы : § 22 Мәтінді пішімдеу. Әріптер.
Сабақтың мақсаты : берілген өлшемдер бойынша мәтінді пішімдеуді үйрету.
Оқушылар білуі тиіс : шрифтті, абзацты пішімдеу параметрлерін, стандартты өлшем және әріп гарнитурасын.
Оқушылар үйренуі тиіс : мәтін енгізу алдында, ерекшеленген бөлігі үшін, бүкіл мәтін үшін әріпті, өлшемін таңдауды; абзац, бірінші жолдың шегерімін түзетуді орнатуды, сызғышты, табуляцияны қолдануды, мәтінді тізім түрінде рәсімдеуді.
Сабақтың барысы :
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
IV Білімі өзектендіру
1. Мәтіннің қай элементі минималды болып табылады ?
2.Құжатты құрғанда мәтіндік редактор бізге қандай әріпті ұсынады ?
3. Азацта мәтін болмауы мүмкін бе ?
4. Абзац дегеніміз не ?
5. Мәтіндерді абзацтарға қалай бөлеміз ?
6. Бірнеше абзацтарды біріктіре аламыз ба, қалай ?
7. Мәтін мен абзацтарды қалай жылжытамыз ?
V Жаңа тақрыпты түсіндіру
Біріншіден, пішімдеу бұйрықтарын бірнеше тәсілмен шақыруға болады : Контекстік мәзір лентасындағы бұйрықтар батырмаларын шерту.
Екіншіден, пішімдеу мәтіні енгізілгенге дейін тағайындалу немесе енгізілгеннен кейін орындалуы мүмкін.
Әріптің кескінін мына батырмамен өзгертуге болады:
Экранда әріптердің көлемін өзгертуге де болады. Оларды үлкейтуге де, кішірейтуге де болады. Ол үшін батырмасын қолданады. Келесі үш батырманың қызметі:
- Әріптерді жуандатады;
- Әріптерді қисайтады;
- мәтіннің астын сызады.
Символ үшін мынадай баптауларды тағайындауға болады:
· әріптің түрін ;
· мөлшерін;
· түсін.
Іскерлік хаттар, рефераттар үшін әріптің 14 пт мөлшері, TimesNewRoman гарнитуралары ұсынылады. Мәтінді түстермен және ерекше кескінмен көзге түсердей етіп артық белгілеудің қажеті шамалы.
Сондай – ақ ерекшеленген мәтінді пішімдегенде пернелер тіркесімін бірге пайдаланған да ыңғайлы. Мысалы, әріптің кескінін жуан ету үшін Ctrl+B , курсив ету үшін - Ctrl+І пернелер тіркесімін қолдануға болады.
VІ Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау
Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
VІІ Қорытынды Бақылау сұрақтарымен қорытындылау.
VІІІ Үйге тапсырма
§ 22 мазмұндау, тест сұрақтарына жауап беру.
Сабақ жоспары : «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_______» ___________20__ж
Пән аты : Информатика
Сынып : 5
Сабақтың тақырыбы : § 23 Мәтінді пішімдеу. Абзац
Сабақтың мақсаты : берілген параметрлер бойынша мәтінді пішімдеуді жалғастыру .
Оқушылар білуі тиіс : абзацты ( азатжолды) пішімдеуді.
Оқушылар үйренуі тиіс : мәтіндерді реттеуді, сызғышты пайдалануды, мәтінді тізім түрінде рәсімдеуді, табуляцияны пайдалануды.
Сабақтың барысы :
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
IV Білімі өзектендіру
1. Абзац дегеніміз не ?
2. Абзацта мәтін болмау мүмкін бе ?
3. Мәтіндерді абзацтарға қалай бөлеміз ?
4. Бірнеше абзацтарды біріктіре аламыз ба, қалай ?
5. Мәтін мен абзацтарды қалай жылжытамыз ?
V Жаңа тақрыпты түсіндіру
Егер электрондық құжатта тасымалдау орнатылмаса, онда абзацта сол жақ шет бойынша түзеу анықталады. Автор құжаттың қандай принтерде, қандай әріппен және мөлшермен басып шығарылатынын білмейді. Сондықтан көбіне тақырып ортаға, ал авторға сілтеме немесе құжат құрылған мерзім – оң жақ шет бойынша түзеледі.
Абзац үшін келесі баптаулар анықталады:
· түзеу;
· жоларалық интервал ;
· шегінулер ;
Түзеу
- Мәтін жолдың басында, сол жақта орналасады.
Негізгі мәтінді осылай жазады.
- Мәтін ортаға теріледі. Тақырыптарды осылай тереді.
- Мәтін жолдың соңынан, оң жақтан теріледі.
Мысалы, эпиграфты безендіргенде, шегініс беттің сол жақ шетінен және түзеу сол жақ шеті бойынша орнатылады.
Шегіністер
Сол сияқты абзацтың бірінші жолында шегініс – «қызыл» жол болуы мүмкін.
Шегіністерді Сызғыштағы жүгіргіштерді жылжытып та бекітуге болады.
Мәтіннің фрагменттерін дәл көрсетілген жерге орналастыруға мүмкіндік беретін құралдың бірі – Табуляция.
Табуляцияның мәнін анықтай отырып, мысалы, мәтінді екі бағанға бөлуге болады.
Бұл мысалда Абзац , Тіркеме беттер бұйрығы орындалған, Табуляция позицияларының өлшемі 6 см етіп алынған. Мәтін енгізгенде Tab пернесін басу жеткілікті. Абзацта бірнеше табуляция позициялары анықталуы мүмкін.
Тізім
Егер оқушылардың тізімін басып шығару немесе дүкендегі тауарды санап шығу керек болса, не істейміз ? WordPad мәтіндік редакторында мәтінді тізім түрінде ұйымдастыруға болады. Тізімде әрбір абзац бірдей пішімделген және нөмірден немесе арнайы таңбашадан – маркерден басталады. Тізімді бастау немесе аяқтау үшін Тізімді бастау батырмасын басыңдар.
Абзацты тізімдегі шегініспен құру үшін, Shift және Enter пернелерін бір мезгілде басыңдар . Осылай мәтінге абзац символы емес, жолды күштеп айыру символы кірістіріледі. Жолдың басында маркер пайда болмайды.
VІ Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау
Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
VІІ Қорытынды
1.Абзацты пішімдеудің негізгі параметрлерін атаңдар.
2. Сызғыш не үшін керек ?
3. Табуляция не үшін керек ?
4. Табуляцияның позицияларын қалай тағайындаймыз ?
5. Маркерленген тізімді қалай құрамыз ?
6. Тізімдегі маркердің түрін өзгертуге бола ма ?
VІІІ Үйге тапсырма
§ 23 мазмұндау, тест сұрақтарына жауап беру.
Сабақ жоспары : «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_______» ___________20__ж
Пән аты : Информатика
Сынып : 5
Сабақтың тақырыбы : § 24 Практикум. Мәтінмен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты : мәтінді пішімдеу ұғымын жалғастыру.
Оқушылар білуі тиіс : мәтінді пішімдеуді
Оқушылар үйренуі тиіс : мәтіндерді реттеуді, сызғышты пайдалануды, мәтінді тізім түрінде рәсімдеуді, табуляцияны пайдалануды.
Сабақтың барысы :
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
IV Білімі өзектендіру
Сендер параметрлер өлшемін өзгертуді жақсы білесіңдер. Параметрлерді санап шығыңдар.
V Жұмысты орындау
1- тапсырма
1. Өлеңді теріңдер.
2. Өлеңнің әрбір жолын әртүрлі түске бояңдар, әріптің мөлшерін 13- ке өзгертіңдер.
3. Алғашқы үш жолды әртүрлі тәсілдермен өлеңнің соңына көшіріңдер.
2- тапсырма
1. Мәтінді теріңдер.
2. Екінші жолды күлгін түспен безендіріңдер.
3. Мәтін атауын 16 мөлшермен теріңдер.
4. Мәтінді «Автобуста» деген атаумен сақтаңдар.
3- тапсырма
1. Мәтінді теріңдер және безендіріңдер.
2. Мәтінге атау ойлап табыңдар және оны мәтіннің алдына қосыңдар.
3. Бірінші сөйлемді мәтіннің соңына көшіріңдер.
4- тапсырма .
1. Екі өлең мәтінін теріңдер.
2. Мәндері бұзылған сөздер мен жолдардың ретін анықтаңдар.
3. Тасымалдау амалдарының көмегімен сөздер мен жолдарды дұрыс ретімен орналастырыңдар.
5- тапсырма.
Мына сөздерді есептеңдер: монитор, пернетақта, информатика. Тапсырманы орындағанда мәтіннің фрагментін көшіру немесе кірістіру амалдарын қолданыңдар.
6- тапсырма.
«Ком» буынынан басталатын сөздерді ойлап табыңдар және мәтіндік редакторда жазыңдар. Сөздерді маркерленген тізім ретінде бағанға жазыңдар. Мысалы:
· компас ;
· Компьютер .
7- тапсырма .
1. Кез келген 5 жұмбақ теріңдер.
2. Жолдастарыңмен орын алмастырыңдар.
3. Ол сенің , ал сен оның жұмбақтарын шешіңдер, жауаптарын әрбір жұмбақтан кейін кірістіріп жазып шығыңдар.
VІ Қорытынды
Тәжірибелік жұмысты тексеру, сұрақтарды талқылап, бағалау.
VІІ Үйге тапсырма
Қайталау.