«?ЫЛМЫС» ??ЫМЫ Ж?НЕ ОНЫ? БЕЛГІЛЕРІ. ?ЫЛМЫСТЫ? ЖАУАПКЕРШІЛІК Ж?НЕ ?ЫЛМЫСТЫ? ??РАМЫ»
Сабақтың тақырыбы:
««ҚЫЛМЫС» ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҢ ҚҰРАМЫ»
Сабақтың мақсаты:
а)Қылмыс, оның белгілерімен, түрлерімен таныстыру,қылмыстық жауапкершілік туралы түсінік беру. Жасөспірімдер арасында қылмыстың туындауына себеп болатын жағдайларды түсініп, саралай білуге баулу.
ә) Құқықтық сауаттылығын арттыру, логикалык ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыру.
б) Мемлекетіміздің заңдары мен оның нормаларын орындауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасы Конституциясы Қылмыстық Кодекске байланысты сызбалар; Б.А.Қ. материалдары интербелсенді тақта. Қазақстан тарихы әдістемелік журнал 8. 2005ж. 54 -57б, 4 2008ж 40-42б, Ақ Орда 45. Құқықтану әдістемелік журнал А.А мектеп 2007ж
Сабақтың типі: Жаңа білімдерді меңгерту типі
Сабақтың түрі: Пресс-конференция
Сабақың әдісі: Баяндау,талдау,сараптау.Үштік диалог.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру: Оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ Үй тапсырмасын сұрақтар арқылы пысықтау.
1 Қылмыстық құқық дегеніміз не?
2 Қылмыстық құқықтың міндеттері қандай?
3 Қылмыстық құқықтың қағидалары қандай?
4 Қылмыстық заң дегеніміз не? Неше бөлімнен тұрады?
5 Қылмыстық заңның кеңістікте әрекет етуі қандай қағидаға негізделген?
6 Қылмыстық заңның күшіне енуі, тоқтатылуы қандай жағдайда?
ІІІ Кіріспе сөз (Мұғалім) Сабақтың мақсаты мен өтілуі ерекшелігін түсіндіреді. Бүгінгі сабақта құқық қорғау органдары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және оқушылар диалог арқылы қоғамның көлеңкелі жағы қылмыс туралы сөз қозғап, ой-пікірлері ортаға салынады.
Талқыланатын негізгі мәселелер:
Қылмыс ұғымы және оның белгілері.
Қылмыстың жіктелуі
Қылмыстық жауапкершілік,оның элементтері.
Қылмыс құрамы,элементтері.
Қылмыстың субьективті жағы, субектісі
«Жеті Жарғы» заңындағы қылмыстық құқық.
IV Б.А.Қ өкілдері журналистінің құқық қорғау қызметкерлеріне сауалдары:
1 «Жас Алаш» газеті журналистерінің прокурорға сұрағы:
-Қылмыстық кодекс туралы айтып беріңіз?
Прокурор: 1997жылы 16 шілдеде Қазақстан Республикасы қылмыстық Кодексі қабылданды. 1998 жылы 1 қаңтарда күшіне енді. Қылмыстық кодекстің 9 бабында қылмысқа мынандай сипаттама берілді: «Жазалау қатерімен тиым салынған қоғамға қауіпті әрекет қылмыс деп танылады».
1/1 «Маңғыстау» газеті журналистерінің заңгерге сұрағы:
-Қылмыстың белгілері қандай?
Заңгер: Қылмыстың 4 белгісі бар.Олар: заңға қайшылығы, қоғамға қауіптілігі, кінәлілік, жазаланушылық.
2.«Еларна» журналистінің тергеушіге сұрағы:
Қылмыстың санаттарына қарай қандай түрлері бар?
Тергеуші: Қазақстан Республикасы қылмыстық Кодексінің 10 бабында қылмыстың сипатына, қоғамға қауіптілік дәрежесіне байланысты 4 санатқа бөлінеді: 1 Онша ауыр емес 2 Ауырлығы орташа. 3 Ауыр. 4 Өте ауыр.
3 «Егемен Қазақстан» газеті журналистінің судьяға қойған сұрағы:
-Қылмыстық жауапкершілік дегеніміз не? Оның қандай элементтері бар?
Судья: Қылмыстық жауапкершілік – бұл адамдардың жасаған қылмысы үшін жазалануы немесе қылмыстық-құқтық сипаттағы басқа да шаралармен жазалагатын қылмыстың заңмен бекітілген міндеті.
Қылмыстық жауапкершіліктің элементтері: Жауап беру міндеті, Соттау, шаралар қолдану,соттылық.
4 «Қазақ радиосы» журналистінің Заңгерге сұрағы:
Қылмыс құрамы, оның элементтері туралы айтып беріңіз?
Заңгер: Қылмыс құрамы деп қоғамға қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын обьективті және субьективті белгілердің жиынтығын айтады.
Қылмыс құрамының
элементтері
Қылмыстың субъективтік
жағы
Қылмыстың субъектісі
Қылмыстың
объектісі
Қылмыстың объективті
жағы
5 Рауан газеті журналистінің психологтарға сұрағы:-Қылмыстың субьективті жағы мен субьектісі туралы түсінік берсеңіздер.
Психолог:
Қасақана
Қасақана
Адам болу
Қылмыс субьектісі: Есідұрыстық
Белгілі бір жасқа толуы
Қылмыстық кодексте, қылмыстық жауапкершілік 14жастан бастап туындайтын жеке қылмыстардың түрлері келтірілген.
а)Жеке адамға қатысты ауыр қылмыстар.
ә)Мүліктік қылмыстардың кейбір түрлері
б)Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың кейбірі.
6. «Жас Алаш» газеті журналистінің тарихшыға сұрағы: Қазақ тарихында қылмыстық құқық туралы қай заңда баяндалды?
Тарихшы: Қазақтың қылмыстық құқығы «Жеті Жарғы» талаптарына сай «Қасым ханның қасқа жолы» , «Есім ханның ескі жолы» сияқты заң жинақтарының негізінде қалыптасқан. «Жеті Жарғы» өзінің баптарында «Қылмыс» деген ұғымды ешқандай мазмұнда түсіндіріп, мәнін ашып көрсетпейді. Бекітілген тарауларда тек қазақ қоғамында жиі-жиі кездесетін зиянды қимыл-әрекеттердің аттары аталып, оларға қолданылатын жазалардың түрлері көрсетілген. «Жеті Жарғыда» мынандай қылмыстардың түрлері беріледі: кісі өлтіру, ұрлық, тонау, бүлік шығару, дене мүшесіне зақым келтіру, тәңірге тіл тигізу, басқа дінді қабылдау сияқты әрекеттерді жауапқа тартуды көздейді.
Қылмыс жасаған адамды қылмыскер деп танымайды, керісінше оларды «күнәһар» деп атайды.
Қылмыстық жауапқа тарту 13 жасқа толған мөлшерден басталады. Қылмыс жасаған адамның ақыл-есі дұрыс, өзінің жасаған әрекеттеріне жауап бере алатын болуы керек. «Жеті Жарғы» бойынша мақау,есі дұрыс емес адамдарды жауапқа
тартпаған. Сонымен бірге құлдар қылмыскер болып саналмайды. Олардың жасаған қылмыстары үшін иелері жауап беретін. Яғни, қылмыс жасаған адам өз ісіне толық жауап беруі керек.
7. «Ұлан» газеті журналистінің кәмелетке толмағандар туралы ісі жөніндегі инспекторға сұрағы:
-Боранқұл ауылы бойынша есепте тұрған «қиын» балалар бар ма? Олар туралы не айтар едіңіз?
V Мұғалім: «Алтын Орда» газетінің 10.ХІ.2011 жылғы санында: «Бүгін кейбір сарапшылар адамның қылмысты шарасыздықтан жасайтынын,өмірден өз орнын таба алмаушылық та адамды қылмыстық әрекеттерге баруға итермелейтінін айтады. Мысалы,2011 жылдың қаңтар-шілде айларында тіркелген 97692 қылмыстың 78,6 пайызы жұмыссыздар жасаған. Бұзақы,тентек,қараусыз бала өсіп, тәрбиеленеді делінетін қолайсыз отбасыныңда жай-жапсарына осы тұрғыдан терең үңіле қарау керек болар. Өйткені қазіргі кезде Ішкі істер министрлігінің мәліметтері бойынша есепте тұратын 12,8 мың қолайсыз отбасында 17 мыңнан астам бала тәрбиеленеді. Оның 11 мыңнан астамы ішкі істер органдарында есепте тұрады. Жыл сайын 10 мыңдай қараусыз және панасыз қалаған балалар анықталады. Бұл бар-жоғы 16 млннан астам ғана халқы бар Қазақстан үшін дабыл қағарлық жағдай ішкі істер органдарына 90 мыңнан астам жасы кәмелетке толмаған бала әртүрлі құқық бұзушылық үшін түссе, оның 5 мыңдайы-қараусыз жүргендер делінген. Жасөспірімдерді қылмысқа итермелейтін жағдай қолайсыз отбасылардың әсерінен және қитұрқы жарнамалардың салдарынан туындайтынын көрсеткен. Оқушылар, жасөспірімдерді қылмысқа итермелейтін тағы қандай жағдайлар болуы мүмкін? Оқушылармен пікір алысу..
VI Мұғалім: Құқық қорғау қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері және мектеп оқушылары 3 жақты диалог арқылы қылмыс әлемі, оның сипаты,түрлері,құрамы,жасөспірімдер арасындағы қылмыстың туу себептері кеңінен сөз болды. Енді, балалар болашақта қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?
Оқушылар пікірі
VІІ Тест сұрақтары арқылы оқушылардың жаңа оқу материалдарын түсінгендігін тексеру.
Тест
1.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі қашан қабылданды?
а)1998ж. 1 қаңтар ә)1997ж. 16 шілде б)1991 ж. 25 қазан
2.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 10 бабы бойынша қылмыс қанша санатқа бөлінеді?
а)5 ә)3 б)4
3.Қылмыстық кодексте жеке қылмыстардың түрлері үшін жауапкершілік неше жастан бастап туындайды?
а)16 жас ә)14жас б)13 жас
4.Жеті Жарғы заңы бойынша қанша жастан бастап қылмыстық жауапқа тартады?
а)18 ә)15 б)13
5.Жеті Жарғы заңы неше тараудан тұрады?
а)5 ә)3 б)7
6.Кімдерді қылмыстық жауапқа тартпаған?
а)құлдарды ә)билерді б)байларды
7.Жеті Жарғыда қылмыскерді кім деп атаған?
а)қылмыскер ә)құн төлеуші б)күнәһар
8.Қылмыстық кодекспен тиым салынған қоғамға қауіпті іс-қимыл не деп аталады?
а)әрекет ә)қылмыс б)жауапкершілік
9.Заңға қайшылық, қоғамға қауіптілік,кінәлілік, жазаланушылық-бұлар неге жатады?
а)қылмыстың түрлеріне ә)қылмыстық жауапкершілікке б)қылмыстың белгілеріне
10.Қылмыс субьектісі бола алмайды?
а)есі дұрыс адам ә)есі дұрыс емес адам б)ауру адам
Тест жауаптары:
(1.А 2.Б 3.Ә 4.б 5.Б 6.А 7.Б 8.Ә 9.Б 10.Ә)
ІХ Үйге тапсырма: §12
Венн диаграммасы
1.Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі бойынша
2.«Жеті Жарғы» заңының қылмыстық баптары бойынша
ҚР- ның «Жеті Жарғы»заңын қылмыстық баптары қылмыстық кодексі бойынша бойынша
Ұқсастығы
Қортынды.
Қазіргі заманғы білім бәсекелестігінде екі негізгі мәселе айқындалған;
бірі-білімнің сапалы ірге тасын қалап,сол арқылы үздіксіз білім беру;
екіншісі–заман ағымынан қалмай адамның өмір бойы өз бетімен білім алуына қолайлы жағдай туғызу.
Осы мәселелерді жүзеге асыру барысында жаңа техналогиялық әдістерді сабақ процесінде тиімді қолдана білудің жеткеншектерге әсері мен ықпалы ерекше.
Олардың эмоциялық сезім түйсіктеріне әсер ете білген ізденістерден көп пайда болатыны айтпаса да түсінікті.
Сәнімнің іс-тәжірибесінен ұсынылып отырған әр бір сабағы-сезім түйсігі ұшқары балаларға одан әрі ізденімпаздықпен,қызығушылықпен жұмыс атқаруға,өз ойын еркін де жетік жеткізе білуге дамыта білген сабақтар болды.Сонымен қатар,бұл сабақтар балалардың пәнге деген қызығушылығын,білуге деген құштарлығын оятты.Өтілетін тақырып бойынша берілетін тапсырмаларды шын ықыласымен орындап,өз бетінше іздене оқуына жол ашты.
Пайдаланған әдебиеттер:
С.Смағұлов «Қазақстан тарихы» Алматы.2007ж
Д.О.Нөкешова «Қазақстан тарихы пәні оқу модульдары» (10-сынып) Алматы.2000ж
Д.Жамбылов «Қазақстандағы ұлт азаттық қозғалыс» оқу құралы Алматы «Жеті жарғы» 2001ж
Н.А.Кун. «Ежелгі греция мифтері» Алматы. «Мектеп» баспасы 1979 жыл
Ә.Кекілбаев. «Ұйқыдағы арудың оянуы» , «Қазақстан» баспасы. Алматы.1979 жыл.
Б.Қойшыбаев Әлихан Бөкейханов Алматы Жеті Жарғы
Мұхтар Құл-Мұхаммед. Алаш қайраткерлері саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары. Алматы 1997ж.
Қ.Р призедентінің жолдаулары 2009,2010,2011.
«Қазақстан-2030 бағдарламасы. 1997ж