Сыныптан тыс ж?мыс Математикалы? санды? сайыс саба?ы. 7 сынып.
Сыныптан тыс жұмыс.
«Математикалық сандық» сайысы
7-сынып.
Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін дамыту мақсатында 7-сынып оқушыларын қатыстырып «Математикалық сандық» сайысын өткіздім.
Мақсаты: 1) Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау
қабілетін шыңдау. Оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру.
2) Оқушыларды шапшаңдыққа, іздемпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Топтық сайыс сағаты.
Типі: Ойын түрінде.
Жоспары:
Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі.
Бәйге (логикалық есептер)
Математикалық баскетбол
Ғажайып алаңы (есептер шығару)
Кім жылдам
Минитест
Жауабын тап (дәреженің формулаларын қолданып есептер шығару)
Қолдынылған нақыл сөздер:
Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы
(К. Гаусс)
Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика (М.В. Ломоносов)
Математика –барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р.Бэкон)
Жүргізуші: Сәлеметсіздерме ұстаздар
Сәлеметсіздерме оқушылар
«Математика» ғылымдар патшасы
«Информатика» - ақпараттар ғылымы
«Физика» - табиғат патшасы
Математика, информатика, физика апталығының ашылуына қош келдіңіздер.
Жиналған ылғи дарындылар
Жүректе от көздерінде жалын бар
Бүгінгі кешке қатысушы өрендерді
Қол соғып қарсы алыңдар
Біліктілігі мен білімін
Сараптап өздеріңіз көріңіздер
Ұқыптылықпен тыңдай отырып
Оларға баға беріңіздер
Асып әсте саспайық
Батыл қадам бастайық
Еркіңді билеп барынша
Жарыста сірә қалыспа
Кеш қызығын ей достар
Осылайша шабытпен
Қане енді бастайық
I тур. Таныстыру. (Әр команда өздерін таныстырады)
II тур. «Бәйге» (Әр топ 1 минут ішінде 10 сұраққа жауап беру керек. Егер жауабын білмесеңіздер «келесі» деп жауап бересіздер)
I топқа:
Өздерің оқып отырған «Алгебра» пәні оқулығының авторы
(А. Әбілқасымова, В.Корчевский)
7 майшам жанып тұр 4-ін сөндірсек неше майшам қалады (7)
Үш сызықтан пайда болған фигура (үшбұрыш)
110 санының кері саны (10)
y=x3 функциясының графигі (кубтық парабола)
Ең үлкен уақыт өлшемі (ғасыр)
Дәлелдеусіз қолданылатын тұжырым (аксиома)
Екі қатынастың теңдігі (пропорция)
Теріс санның модулі (оң сан)
Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір)
II топқа:
Шаманың 1100 – бөлігі (процент)
y=x2 функциясының графигі (парабола)
Шеңбер сызуға арналған құрал (циркуль)
Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз 1 стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3 стақан)
Нанды 3 бөлікке бөлу үшін нанды неше рет кесу керек. (2 рет)
15 минут сағаттың қандай бөлігі ( 14 )
23 - нің кері саны ( 112 )
Тік бұрыштан үлкен (доғал)
Он санның модулі (оң сан)
Дәлелденетін тұжырым (теорема)
III топқа:
Екінің алтынша дәрежесі (64)
Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Олардың әрқайсысына қарсы 3 мысықтан отыр. Бөлмеде неше мысық отыр? (4)
Кері сандардың көбейтіндісі (1)
45 минут сағаттың қандай бөлігі ( 54 )
Екі нүктенің арасындағы түзу (кесінді)
у= kx функциясының графигі (гипербола)
Жараста 7 таяқша бар еді, ол біреуін 2-ге бөліп алды. Жараста неше таяқша қалды. (8)
700 -қа тең бұрыш қалай аталады (сүйір)
Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)
Қарама-қарсы сандарың қосындысы (0)
III тур. «Математикалық баскетбол».
Шарты: Әр топқа үш есеп беріледі. Әр топ өз командасынан тек үш оқушыны шығарады. Топқа үш есеп экранда кезегімен беріледі. Әр есепті бір ғана оқушы шығаруы тиіс, ол есептің жауабын айтып допты келесі оқушыға лақтырған кезде ғана сол оқушының есебі экранға шығады. Сонымен әр топқа үщ есепті шығаруына тек 1 минут уақыт беріледі.
I – топ
1) (33 -23)2=16 2) 5. ( 35 )2= 95 3) 132+11=180
II – топ
1) (42-10)2=36 2) (-4. 1 2 )3=-8 3) 162+4=260
III – топ
1) (52-15)2=100 2) (12)3 . 25=4 3) 142+4=200
IV тур. «Ғажайып алаңы».
Сол жақтағы 20
(әзіл есеп) «Түлкі мен қасқыр»
Екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады «Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл» дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т.с.с. Ең соңында жиырма балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық алды?
Жауабы: Ең көп балықты түлкі алды -110, 10 балыққа артық.
Ортадағы 20
(әзіл есеп) «Қу түлкі»
Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса, жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып кемпіріме жаға болады деп түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т.с.с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған. Жауабы: 127
Оң жақтағы 20
«Тосап жеу» Бала 600г тосапты 6 минут, ал Карлсон 2 есе артық жейді. Олар бірге неше минутта жейді? Жауабы: 2 минут
Сол жақтағы 30
Ең алғаш Еуропаға «миллион» сөзін әкелген кім?
Жауабы: Атақты жиһангез Марко Поло (1254-1323)
Ортадағы 30
Үлкен және кіші белгілерін енгізген ағылшын математигі.
Жауабы: Гарриот
Оң жақтағы 30
1637 жылы координаталық түзуді енгізіп, теріс және оң сандарға түсінік берген француз математигі. Жауабы: Рене Декарт
Сол жақтағы 40
XVIII ғасырда «көбейту» және «бөлу» таңбаларын ұсынған кім?
Жауабы: Лейбниц
Ортадағы 40
«Парабола» деген атауды енгізген біздің заманымыздан бұрыңғы (262-190) өмір сүрген грек ғалымы. Жауабы: Апполони
Оң жақтағы 40
«Функция» ұғымын алғаш рет енгізген ұлы атақты математик.
Жауабы: Лейбниц
V тур. «Кім жылдам».
Шарты: Мына әріптерден геометриялық фигуралардың аттарын құрастыру.
а п р ц е т я и (трапеция)
е ң ш б р е (шеңбер)
ш ұ б р ш ү ы (үшбұрыш)
т р ұ б ы ш р ө т (төртбұрыш)
р в а д к а т (квадрат)
қ т а з ж ы қ ы (жазықтық)
VI тур. «Минитест».
10100 саны А. Миллион; В.Триллион; С. Гугол.
Оқушы дүкеннен 7 бірдей дәптер сатып алды. Ол неше теңге төледі? А.2000 теңге; В. 3070 теңге; С.1540теңге.
«Пропорция» грек тілінен аударғанда нені білдіреді?
А. Теңдік В. Әділдік С.Теңсіздік
4. Ең кіші жай сан
А. 0; В.1; С. 2.
5. Қорадағы тауықтармен қояндарың аяқтары 50, бастары 19. Тауықтар нешеу. А. 20; В. 13; С. 26.
VII тур. «Жауабын тап» (дәреженің формулаларын қолданып есептер шығару).
I топ 1) ( 12)-7-75 ∙5-2=128-3=125 2) 76∙26145∙28-1∙3∙26=76∙2625∙75∙128∙3∙64=96II топ 1) (23)-4∙32-(0,2)-3=3424∙32-125=162-125=37 2) 217∙35246∙(16)-2+(0,2)-1=217∙35218∙36∙62+5=6+5=11III топ 1) (-113)4∙(13)-4-8∙2-3=(-43)4∙(31)4-8∙18=64-1= =63.
Көрермендер сайысы
Мына фигурада неше үшбұрыш бар?
Қорытынды: Сайыс соңында қазылар алқасы ұпай саны бойынша жеңімпаздарды анықтап, белсене қатысқан оқушылар марапатталады.
«Құралай» жалпы орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Математикалық сандық»
сайысы
Сыныптар: 7 а, ә, б
2013 жыл.