Ашы? саба?: Нан дастархан?а ?алай келеді?


Білім беру саласы: ТанымҰйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыруҰйымдастырылған оқу іс - әрекетінің тақырыбы: «Нан дастарханға қалай келеді?»Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің мақсаты: Дән тұқымымен танысу, бидайдан нан жасалатынын айта отырып, дастарханға жеткенге дейінгі еңбек мазмұнымен, қолданылатын техникалардың аттарымен таныстыру. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.Дамытушылық мақсаты: балалардың ақыл - ой белсенділігін арттыру. Өлең нақыл сөз, мақал - мәтел арқылы тіл байлығын дамыту.Тәрбиелік мақсаты: Берілген тапсырманы орындауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін түсінуге талпындыру.Жаңа сөздер: наубайхана, диірмен, комбайн, дихан, элеватор.Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сергіту, ойын, әңгімелеу, сұрақ - жауап.Еңбек адамдарының суреттері, нан түрлерінің суреттері, нан, бауырсақ, ойынға дидактикалық құралдар, ұн, смайлик.Пән аралық байланыс: тіл дамыту, бейнелеу өнері, сауат ашу.Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.Шаттық шеңбер:Жаңбыр, жаңбыр жауасың,Жанымызға дауасың.Біз ойнайтын ауланың,Тазартасың ауасын.- Балалар көңіл күйлерің қалай?- Олай болса көңілді болғанда не істейсіңдер?- Қол шапалақтаймыз?- Ренжігенде, қабақ түйеміз. (балалар қабақтарын түйеді)- Қорыққанда көзімізді жұмамыз (балалар көздерін жұмады)- Қуанғанда, күлеміз.- Ендеше, балалар,- көңіл күйлеріңді алдарыңдағы смайлик арқылы көрсетіңдер- Жарайсыңдар, барлығымыздың көңіл - күйіміз жақсы екен, олай болса оқу іс - әрекетімізді бастаймыз.- Балала, алдарыңдағы суреттерден тақтадағы көрнекіліктерден байқап отырған боларсыңдар, бүгін не туралы айтайын деп тұрғанымызды.- Дұрыс айтасыңдар, балалар.- Міне біздің алдымызда дастархан жаюлы тұр. Оның үстінде нандарды көріп тұрсыңдар. Енді біз осы дастарханға нанның қалай келетінін мына суреттерден көретін боламыз.- Көктемде мына суреттегі тракторлар жерді жыртып, мынандай бидай дәнін себеді. (балаларға бидайды көрсетеміз)- диханшылар жаз бойы егілген дәнді суарып, күтіп, баптайды.(дихан сөзіне түсінік беріп кетеміз)- Күз болғанда жайқалып, бидай өсіп шығады. Өсіп шыққан бидайды комбайншылар орып, машиналарға салып береді.(комбайн сөзіне тоқталып кету)- Көліктер оны элеваторға тасиды. Элеваторда бидайды жылдап сақтауға болады.(элеватор сөзіне тоқталу)- Қажет бидайды диірменге апарып, одан ұн жасап шығарады.(диірмен сөзіне тоқталу) Балаларға ұнды көрсетеміз.- Дайын болған ұннан наубайханаларда түрлі нан өнімдерін шығарады.- Міне балалар, біздің дастарханымызға нан осындай көп еңбектің арқасында келеді екен.Тақтадағы ұннан жасалған өнімдер туралы суреттерге тоқталу.Дидактикалық ойын: «Қайсысы артық?»Ойынның шарты: Берілген суреттердің ішінен нан өнімдеріне жатпайтын тағам түрлерін шығарып тастаулары керек.Қоршаған ортамен таныстыру әліппе - дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.Дидактикалық ойын: дұрыс орналастыр.Ойынның шарты: Ұн, бидай, нан суреттері беріледі. Суреттерді нан жасалу жолдарымен дұрыс орналастыруы керек.Сергіту сәті:Көктемде жерді жыртамыз,Тегістейміз тырмалап.Дәндерді оған егеміз,Жайқалып егін шықсын деп.Күз болғанда орамыз,Нанға біздер тоямыз. (қимылмен көрсету)Жұмбақ жасыру:Ұзын мұртты сарылар,Қойынында дәні бар. (бидай)Балаларға бидайдың суретін салғызу.Тыйым сөздер:1 Нанды бір қолмен үзбе.2 Нанды, дастарханды баспа.3 Нанды төңкеріп тастама.4 Нанды аяққа баспа.Мағынасын түсіндіру.Дидактикалық ойын: «Тез ойла»Ойынның шарты: Мамандық түрлері аталады. Солардың ішінен тақырыпқа сай мамандық иелері аталса балалар қол шапалақтаулары керек. Мысалы: Дәрігер, мұғалім, егінші, тракторист, наубайханашы, есепші, комбайыншы, диханшы, т.б.Барлығымыз бірге жаттайық:Нан қоқымын шашпаңдар,Жерде жатса баспаңдар.Теріп алып қастерлеп,Торғайларға тастаңдар.Қорытынды:- Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекеті барлықтарыңа түсінікті болды ма? Егер барлықтарыңа ұнаса қолдарыңдағы смайликті көтереміз.- Рахмет, балалар, жарайсыңдар.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасыБілім беру аясы: Қатынас