«Электронды? поштамен ж?мыс жасау м?мкіндіктері»


«Электрондық поштамен жұмыс жасау мүмкіндіктері»
Гульмира Базаева
«Ақсу орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
информатика пәнінің мұғалімі
Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты – әлемдік ақпараттық кеңістікке ену.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін интернет желісіне қосылу және электрондық поштаны пайдалану қажет. Егер осы байланыс жүйелерін білсек, әлемдік деңгейде бұл бағытта еркін жұмыс жасайтындай мүмкіндікке ие боламыз.
Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта ақпараттық – коммуникациялық технологияны пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Интернет жүйісінде жұмыс істеу - оқушыларымызға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер ашатыны хақ.
Электрондық поштамен жұмыс жасау мүмкіндіктері интернеттің көп функционалды мүмкіндіктерінен туындайды. Ол ақпараттық ортаны дамытуға мүмкіндік жасайды. Сондықтан оқушылар интернет пен электрондық поштаны толық игеріп, оны қолдана білу мүмкіндігіне ие болса, көптеген мәліметтер алып, білімдері тереңдей түседі.
Сондықтан мектеп қабырғасында интернетті пайдалану арқылы оқушылар өздеріне керекті мәліметтер алу арқылы білімін жетілдіре түсетіні сөзсіз.

7А сынып Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Сабақтың тақырыбы Электрондық пошта
Жалпы мақсаты Оқушыларды «жалпы желі» ұғымымен таныстыру және олардың электрондық поштамен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, электрондық адрес туралы түсінік беру, Маіl бағдарламасымен жұмыс істеуді үйрету.
Сілтеме Оқулық 34 – тақырып 217- бет
Оқу нәтижесі
Сабақтың тақырыбы жас ерекшеліктеріне сай жоспарланған Ақпарат алмасудың жолдары туралы біледі;
Электрондық поштаның пайдасы мен зиянын анықтайды;
Топ ішінде өзгелердің пікірін тыңдап ортақ шешімге келеді;
Күтілетін нәтиже Топтасып жұмыс істей білуге үйренеді;
Өз ойын еркін жеткізе біледі;
Электронды поштаның пайдасы мен зиянын анықтайды;
Ақпарат алмасудың жолдарын біледі;
Сабақтың әдісі Мәселелік әдіс, диалогтық әдіс, ынталандыру, жауапкершілікті қалыптастыру әдісі.
Стратегиялар Топтастыру, басқаларды оқыту, семаникалық карта, абайла тексеру, жигсо, автор орындығы, идея жинау, жинақталған ой, сэнкуэйн.
Негізгі түсінік Компьютерлік желінің түрлері
Интернет беттерін қарауға арналған браузерлер
Сілтеме, оның қызметі
Электрондық пошта. Ақпаратты қабылдау және жіберу.
Үй тапсырмасын тексеру Оқушылардың өздерін – өздері бағалай алуы мақсатында тексеру тапсырмаларын ұсыну:
«Семантикалық карта» әдісі. Берілген тапсырмаларды аяқтау, сұрақтарға жазбаша жауап беру.
«Абайла тексеру» ойыны.
Әр топтан екі оқушы шығады. Тапсырма салынған түрлі түсті шардың ішінен тапсырманы алып, сұраққа жауап қайтару.
Жаңа тақырыпты меңгеру
Оқу мен оқудағы жаңа тәсілдер – диалогтық оқыту. Жигсо – әдісі. Жаңа тақырыпты 3 бөлімге бөліп, әрбір топ өз бөлімдерін меңгереді.
Топтың ішінен екі оқушы 5 сұрақ әзірлеп, дәптерге жазып қою.
Әрбір топтан бір оқушы осы тақырып бойынша не түсінгендерін сурет ретінде плакатқа түсіреді. 1 – топ. Бірінші бөлім
2 – топ. Екінші бөлім
3-топ. Үшінші бөлім
Оқушылар өз беттерімен ізденеді, белсенділік танытады, сыни ойлайды.
Жаңа тақарыпты өз бетімен меңгереді. Топта түсінгендерін баяндайды, талқылайды.
Жаңа тақырыпты жалғастыру
АКТ пайдалану
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету «Автор орындығы» әдісі.
Әрбір топтан бір оқушы шығады. Ортадағы орындыққа отырады да, өздерінің тобына берілген бөлімді басқа екі топқа түсіндіреді. Сөйтіп бүкіл тақырып бойынша сыныптағы әр оқушы түсінік алады.
«Идея жинау» әдісі.
Өтілген тақырып бойынша ментальді карта жасап, қорғайды.
Оқушылар өз беттерімен ізденеді, белсенділік танытады, сыни ойлайды, өз ойын жеткізе алады, сұраққа жауап береді.
Жаңа тақырыпты бекіту
Оқытудағы басқару және көшбасшылық «Жинақталған ой» әдісі.
Топ ішінен елші және бақылаушы жіберу.
Елші – сұрақ қойады.
Бақылаушы – жауап беруші оқушының жауаптарын тексереді. Әрбір топтың ішінен екі оқушыны, бағанағы әзірлеген сұрақтарымен басқа топқа елшілікке жіберу. Дәптерге әзірлеген сұрақтарды сол топтың оқушыларына қояды. Топтық бағалау нәтижесін стикерге жазып, тақтаға жапсырып қою.
Талдау «Сэнкуэйн» әдісі.
Электрондық пошта тақырыбына 5 жолдық өлең құрастыру.

Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Критерийлік бағалау жүйесі.
Критерийлер арқылы өзін – өзі бағалау. Бағалау парағын қолдану.
А+ В+ С – критерийі= жалпы ұпай саны баға
Қорытынды Кері әсер парағын тарату, жинап алу. Кері әсер парағын толтыру.
Шығыс Қазақстан облысы
Катонқарағай ауданы, Ақсу ауылы