?аза? тілі С?йлемні? т?рлаулы м?шесі. Бастауыш (8 сынып)
Қазақ тілі 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің тұрлаулы мүшесі. Бастауыш
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөйлемнің тұрлаулы мүшесі бастауыш туралы алған білімдерін пысықтау, оның бөліну түрлерін ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, байқағыштық, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Талдауға алынған мысалдар арқылы адалдыққа, туған елін, туған жерін сүюге баулу, қазақ тілін құрметтеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау т.б.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кестелер мен сызбалар
Сабақтың кезеңдері: Өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгелдеу. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Оқушылардың ынтасы мен көңіл-күйін сабаққа аударту.
Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген үй тапсырмасын тексеру. Үйден ережелерді жаттау, 50-жаттығуды орындау.
Сабақтың эпиграфы:
Қайталау-оқу анасы
Мақалдың ішіндегі данасы.
Білімді берік игерсең,
Ешкімнің жоқ таласы.
Қазаққа жан жетер ме,
Тапқыр халық не деген!
Тілін қазақ бекерге
Ана тілім демеген.
«Ережені еске түсір» кезеңі
Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
Сөйлем мүшесінің белгілері
Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінеді?
Дара мүше дегеніміз не?
Күрделі мүше дегеніміз не?
Үйірлі мүше дегеніміз не?
Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай нешеге бөлінеді?
Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?
Бастауыш дегеніміз не?
Дәптермен жұмыс
Қазанның он бірі.
Сынып жұмысы
Сөйлемнің тұрлаулы мүшесі
Бастауыш (бекіту сабағы)
«Тапқыр болсаң, тауып көр!» кезеңі
Бастауыш болтын сөз таптары
Тақтамен жұмыс
Зат есім Абайлар Қарашоқыға түс ауа жетті.
Есімдік Өзіміз де жүргелі отырмыз.
Сын есім Көп қорқытады, терең батырады.
Сан есім Берерменге бесеу көп.
Есімше Әке көрген-оқ жонар, Ана көрген-тон пішер.
Тұйық етістік Тыңдау-мәдениеттіліктің белгісі.
Одағай «Ә, құдай!»-күйзелгеннің белгісі.
Үстеу Шапшаң асықтырады, соңыра кешіктіреді.
«Білгенің артық болмас» кезеңі
Бастауыштың құрылысына қарай бөлінуін ажыратып жазыңыз.
Омар қырман басында жүр.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.
Туған жерім-әйгілі Шалқар өңірі.
Күле беру ыңғайсыз.
Жұмысы жоқтық аздырар адам баласын.
Билеті барлар орындарына жайғасты.
Білемін Білдім Білгім келеді стратегиясы (кестемен жұмыс)
Білемін Білдім
Білгім келеді
«Ойыңды жеткізе біл!» кезеңі
“Туған жерім-алтын бесігім” атты тақырыпта шағын ғана ойтолғау жазу. Шығарма ішінде сөйлемнің тұрлаулы мүшесі бастауыш болуы керек.
«Ойлан тап!» кезеңі
Берілген мақал-мәтелдерге тиісті сөзді тауып қойыңдар.
1. ...-ырыстың бұлағы, ... бақыттың шырағы.2. ... күлдіріп айтады, ... жылатып айтады.3. ... батпаңдап кіріп, Мысқалдап шығады.4. ... тәрбиеден туады.5. ... малдың патшасы
6. Ер қанаты- ... .
7. Ер дәулеті- ... .
8. ... –ата-ананың бауыр еті, көз нұры.
9. ... –білім қазығы,
... ырыс қазығы.
10. ... – жастан,
... - тастан.
«Біліміңді тексер!» кезеңі
1. Бастауыш құрылысына қарай нешеге бөлінеді?
А) 3 В) 4 С) 2 Д) 5
2.Бастауыш қандай сұрақтарға жауап береді?
А) қандай? В) неше? С) кім? не?
3. Омар қырман басында жүр. Бастауыш қай сөз табынан?
А) зат есім В) жіктеу есімдігі С) сілтеу есімдігі
Д) тұйық етістік
4. Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай нешеге бөлінеді?
А) 2 В) 3 С) 5 Д) 6
5. Сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздерді не деп атаймыз
А) бастауыш В) баяндауыш С) сөйлем мүшелері
6. Сөйлемде атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіреді?
А) бастауыш В) дара бастауыш С) күрделі бастауыш
Жауакптары:
1-А
2-С
3-А
4-А
5-С
6-А
Үйге тапсырма беру.
Ереже жаттау, 52-жаттығу
Бағалау. «5», «4», «3», «2».
Білім сапасына қарай бағаланады.