Microsoft Office Word 2003


Сабақ жоспарыКүні:2.11.2015
Сыныбы:7 а
Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері: сызықтық, тармақталған және циклдік).Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алгоритм ұғымымен таныстыруды жалғастыру, оның жазу пішімдері мен блок - схема құруды үйрету, алгоритм типтерімен таныстыру.Сабақтың міндеттері:1. Білімділік: Оқушыларды алгоритм типтерімен таныстыру және блок - схема ұғымдары туралы білімдерін қалыптастыру.2. Дамытушылық: Оқушылардың алгоритм ұғымын тануда білімдерін, ой - өрістерін дамыту.3. Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелей отырып білім беру.Сабақ типі: Аралас сабақСабақ түрі: Дәстүрлі сабақӘдіс - тәсілдер: Жұптық жұмыс, сұрақ - жауапҚұрал - жабдықтар: Компьютер, блок - схемаПәнаралық байланыс: МатематикаКүтілетін нәтиже: Оқушылар алгоритм типтерін біледі және блок - схема құра отырып, есептер шығарады.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:а) компьютерлерді қосып дайындау;ә) оқушылармен сәлемдесу;б) оқушыларды түгендеу;ІІ. Үй тапсырмасы: Алгоритм және оның атқарушысы,алгоритм қасиеттеріІІІ.Үй тапсырмасын бекіту:1. Алгоритм дегеніміз не?2. Алгоритм сөзі қайдан шыққан?3. Алгоритм қасиеттері қанша?4. Алгоритм қасиеттеріне түсініктеме бер?5. Алгоритмге мысал келтір?IY. Жаңа материалды түсіндіру:
Алгоритмнің типтерімен таныса отырып: сызықтық, тармақталған және циклдік алгоритмдердің блок - схемалары әртүрлі болатындығын есептер шығару арқылы түсіндіру.
Сызықтық алгоритм
Егер алгоритмнің N қадамы болса және олардың барлығы басынан аяғына дейін бірінен соң бірі тізбектеле орындалатын болса,онда ондай алгоритмді сызықтық алгоритм деп атаймыз.
Сызықтық алгоритмде барлық бұйрықтар алгоритмде көрсетілгендей тізбектей орындалады.
Тармақталған алгоритм
Егер алгоритм қадамдарының тізбектеле орындалуы қандай да бір шартқа тәуелді өзгеретін болса,ондай мұндай алгоритмді тармақталған алгоритм дейміз.
Кейде алгоритм бұйрықтарын орындау барысы шартқа тәуелді болады.Мысалы далада жаңбыр жауып тұрса,қол шатыр алу керек,ал егер жаңбыр жаумаса,онда қолшатыр алудың қажеті жоқ.Мұндай алгоритмнің түрі тармақталмаған алгоритм деп аталады.
Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанып орындалып отырады. Математикада есеп шығару кезінде бір теңдеуді пайдаланып, ондағы айнымалы мәнінің өзгеруіне байланысты оны бірнеше рет қайталап есептеуге тура келеді. Осындай есептеу процесі бөліктерінің қайталап орындалуы цикл деп атайды, ал қайталанатын бөлігі бар алгоритдер тобы циклдік алгоритмдер жатады. Қайталану командасын алгоритмдік жазу үшін әзірше (әзір), цикл бар (цб), және цикл соңы (цс) түінді сөздер қолданылады.Алгоритмді жазу тәсілдері:1. Табиғи тілде2. Арнайы түйінді сөздер – терминдер, псевдокодтар арқылы жазу. Қарапайым алгоритмдік тілдер қолдану.3. Блок - схема түрінде.4. Программалау тілінде жазу.Алгоритмді блок - схема түрінде жазу және оны программалау тіліне аудару кеңінен қолданылады. Кеңінен қолданылатын тәсіл - алгоритмді блок - схема түрінде жазу. Алгоритм схемасын блок - схема деп атайды.- Алгоритмнің басы және соңы- Алгоритмнің мәндерін енгізу және нәтижесін шығару- Алгоритмнің математикалық өрнектерін есептеу.- Алгоритмнің шартқа сәйкес есептеу жолын таңдау- Циклдің басы (қайталау)Алгоритмнің типтері:1. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм – сызықтық алгоритм деп аталады.2. Тармақталған алгоритм – арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер шарт орындалса, алгоритм бір тармақ бойынша (1 - ші серия), ал егер орындалмаса екінші тармақ бойынша (2 - ші серия) орындалады.3. Алгоритмнің белгілі бір бөлігі бірнеше қайталанатын болса, ондай процессті цикл деп атайды. Қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер циклдік алгоритм деп аталады. Қайталану саны белгілі немесе белгісіздігіне байланысты циклдер екі түрге бөлінеді. Қайталану саны белгілі болса, ондай цикл арифметикалық, ал егер белгісіз болса, итерациялық деп аталады.Арифметикалық цикл Итерациялық циклМыс: у=a+b есебін шығару1) Алгоритмдік тілінде 2) Блок - схема түріндеАлг мыс1Арг a, bБасыУ= a+bНәт уСоңы.
Сергіту сәті«Құлыпты аш!» ойыны. (Ойынның шарты бойынша оқушылар құлыптың кодын табулары тиіс. Ол үшін құлыптың айналасында тұрған түрлі түсті фигураларда жасырынған сұрақтарға жауап беріп, информатика пәнінің негізгі ұғымдарының бірін табады. Құлыптың коды осы сөз болып табылады.)1. Алгоритм командаларының басталуы мен аяқталуын көрсету үшін қандай түйінді сөздер қолданылады?2. Серия дегеніміз не?3. Алгоритмнің тақырыптан кейінгі бөлігі не деп аталады?4..................... - берілген нұсқаулар бойынша орындалатын әрекеттерді жүзеге асырушы.5.................. - ең маңызды түсініктердің бірі. Мұны қажетті және нақты анықталған нәтижеге қол жеткізетін, белгілі бір уақыт аралығында атқарылатын жұмыс десе болады.6................................................................ - белгілі бір тілдің көмегімен немесе формулалар жүйесі арқылы орындалатын іс - әрекетті сипаттау.7. Алгоритм командалары есеп шартына байланысты қалай бөлінеді?8. Жай және құрама командалардың айырмашылықтары қандай?V. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс:Тіктөртбұрыштың ауданын анықтау: алгоритмдік және блок - схемада есептеуVІ. Сабақты бекіту:1. Алгоритмді жазудың неше тәсілі бар?2. Алгоритмнің қанша түрі бар?3. Түрлерін ата?4. Блок - схема дегеніміз не?VІІ. Үйге тапсырма: у=( a+b)( a - b) 2 әдіске салып шығару, тақырыпты оқу.
VІІІ Бағалау: