Тригонометриялы? те?деулерге есептер шы?ару ашы? саба?


Сабақ: Тригонометриялық теңдеулерге есептер шығару Мектеп: Мыңбаев орта мектебі
Күні:05.12.16ж. Мұғалімнің есімі:Сүлейбек Қалибек
Сынып:10Ә Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Cабақ негізделген оқу мақсаты Тригонометриялық теңдеулерге есептер шығаруды қайталау, оқушылардың тригонометриялық теңдеулерге есептер шығару дағдыларын қалыптастыру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар:
Тригонометриялық теңдеулерге есептер шығару дағдыларын қалыптастыру
Оқушылардың басым бөлігі:
Тригонометриялық теңдеулерді шеше алады, формулаларды тиімді пайдалана алады.
Кейбір оқушылар: Тақырып бойынша сыни тұрғыда ойлауға оқушылардың танымдық қасиетін арттыра отырып, жұмыс жасауға дағдыландыру.
Тілдік мақсат: Оқушылар:
Тригонометриялық теңдеулерді, тиргонометриялық формулаларды оқи алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Тригонометриялық теңдеулер, синус, косинус, тангенс, котангенс. Арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенс.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
Тригонометриялық теңдеулерді шешу тәсілдері
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
Тригонометриялық теңдеулерді шешу тәсілдері
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Есептерді шығарылу тәсілдері бойынша жазып алуАлдыңғы оқу §8 оқу. №116 жаттығу
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелер жазыңыз) Ресурстар
Сабақтың басталуы Психологиялық дайындық. (3 мин)
Оқушылармен амандасып, түгендеп аламын.
«Астана болашақтың қаласы» бейне ролик көрсетіп, оқушыларды болашаққа деген нық сенімен сабағымызды бастаймыз.
Топтастыру. (3 мин)
Тригонометриялық функциялардың графиктерін таңдау арқылы оқушыларды екі топқа топтастырамын. Синус және косинус функциясының графиктерін алған оқушылар 1-топқа, тангенс және котангенс функциясының графиктерін алған оқушылар 2-топқа топтасады.
Оқушылар топ ережесін қайталап естеріне түсіріп, топ басшысын, топ бағалаушысын және time maker-ді өз іштерінен сайлайды. Топ бағалаушысына «Бағалау парағы» беріледі.

Үй жұмысын тексеру. (3 мин)
Топ бағалаушысы топ мүшелерінің үй тапсырмаларының орындалғанын анықтайды. Дұрыс жауаптарын интерактивті тақтада көрсетемін, әр кім өз жұмыстарын тексереді. Бағалаушы бағасын «Бағалау парағына» қояды.
Сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтау:(2мин)
«Қайталау – білім анасы »
-дейді қазақ данасы.
Бабасының айтқанын
Екі етпейді баласы.
Балалар сіздер қалай ойлайсыздар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы қандай?
Сабағымыздың тақырыбы: «Тригонометриялық теңдеулерге есептер шығару» яғни қайталау сабағы.
https://www.youtube.com/watch?v=5ELwLjBba5IСабақтың ортасы Ой - ойдан шығады, ойламаса - қайдан шығады.
1-тапсырма. «Ой қозғау» (Сәйкестендіру тестін орындайды. 5 мин)
Оқушылар қима үлестірмелі қағаздармен берілген сәйкестендіру тестін орындайды. Оқушылар топта жұымстарын алмастырып, жұптасып тексереді. Дұрыс жауабы тақтада көрсетіледі. Бағалаушы бағасын «Бағалау парағына» қояды.

«Кітап –білім бұлағы, білім-өмір шырағы»- дейді дана халқымыз.
2-тапсырма: Оқулықпен жұмыс. Оқушылар жеке жұмыс жасайды. 2,3 оқушы тақта орындайды. (10 мин)
№119 және №120 жаттығу
1-топ: №119 жаттығу, а) б) және №120 жаттығу ә), в) нұсқаларын.
2-топ: №119 жаттығу, ә) в) және №120 жаттығу а), б) нұсқаларын орындайды. Дұрыс жауаптары интерактивті тақтада көрсетіледі. Оқушылар өз-өздерін бағалайды. Бағалаушы бағасын «Бағалау парағына» қояды.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді»-дейді бір сөзінде. Ондай болса, біздің білім, білігіміз көрсететін математиалық сауаттылық тапсырмасын орындасақ.
3-тапсырма: Топпен жұмыс. Топпен орындап, қорғайды. Топ бағалаушысы топ мүшелерінің белсенділігі қарап бағалайды. 5 балл. (6 мин)
Берілген мәліметтерді қолдана отырып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
Картада Астана, Алматы, Байқоңыр қалалары көрсетілген.
Картаның масштабы: - 1:20 000 000

1-топ:
1) Картада Астана мен Алматы қалаларының арасы 6см болса, онда мекендегі арақашықтығын табыңыздар.
2) Картада Астана мен Алматы қалаларының арасы, Астана мен Байқоңыр қалаларының арасына тең және 6см болып, Астана – Байқоңыр тас жолы мен Астана – Алматы тас жолы қиылысы а бұрыш жасайтын әрі cosa=2372 – тең болатын болса, Алматы мен Байқоңыр қалаларының картадағы және мекендегі ара қашықтығын табыңыздар.
2-топ:
1)Картада Астана мен Байқоңыр қалаларының арасы 6см болса, онда мекендегі арақашықтығын табыңыз.
2) Картада Астана мен Алматы қалаларының арасы, Астана мен Байқоңыр қалаларының арасына тең және 6см болып, Астана – Байқоңыр тас жолы мен Астана – Алматы тас жолы қиылысы а бұрыш жасайтын әрі cosa=2372 – тең болатын болса, Алматы мен Байқоңыр қалаларының картадағы және мекендегі ара қашықтығын табыңыздар.
«Жұмыла көтерген -жүк жеңіл»- дейді.
4-тапсырма: Топтық жұмыс. Семантикалық карта толтыру.
Оқушылар берілген тригонометриялық функцияларға сементикалық карта толтырады. Топ бағалаушысы топ мүшелерінің белсенділігі қарап бағалайды. 5 балл. (6 мин)


Оқулық. Алгебра және анализ бастамалары.
Алматы. Мектеп 2014
Сабақтың аяқталуы Оқушыларға «Кері байланыс» парағын таратып беремін, « Бүгінгі сабақта не қиын болды? Не қызық болды? Не құнды болды?» оқушылар осы сұрақтар бойынша өз ойларын жазып береді. (2 мин)
Үйге тапсырма: №121 және №122 жаттығуларды орындап келу. (1мин)
Топ бағалаушылары топ мүшелерін бағалайды.
Топ бағалаушыларының бағаларын және оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігін, есептерді шығаруын, формулаларды дұрыс пайдалана алуын ескеріп бағаларын журналға қоямын. (4мин)
Кері байланыс Қ+Қ+Қ = сабақ

Кейінгі тапсырмалар Үйге тапсырма: Оқулықтағы №121 және №122 жаттығуларды орындап келу.
Қосымша ақпарат Сабақтан соң мұғалім келесі сабақты кері байланыс арқылы жоспарлау мақсатында беріледі(анализ)
Саралау-Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз? Бағалау-Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыс қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс құндылықтардағы байланыс.
Рефлексия
Сабақ/оқу мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?