Планирование на тему Ізгілік ?мір н?рі


-106680381000Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясы
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Тулепова Аманкул Рахатовна
“Ізгілік” тақырыбыдағы сынып сағатының жоспары:
Жүргізуші:
-Құрметті теле көрермендер ! Қайырлы күн! Маңғыстау обылысымызға қарасты Түпқараған ауданының “Дарын” қосымша білім беру орталағында «Орта толсын» бағдарламасының кезекті санын тамашалап отырсыңыздар!
- Бүгінгі тақырыбымыз “Ізгілік-өмірдің нәрі” төңірігінінде болмақ.
Ізгілік не? Тегі қандай? Түсі қандай өзінің?
Мінез-құлық, ісі қандай өзінің?
Ізгіліктің нышаны
Халық үшін қайтпай құрақ ұшады.
Ізгі жүрек ізгілігін сатпайды,...Ізгі ісіне опық жеген жан барма?
Жаманатты зауал таппай қалған ба?
Жамандықты қусаң, азап шегесің,
Жамандыққа жақсылық қыл жеңесін! деп Жүсіп Баласұғын жырлағандай бүгінгі талқыланатын тақырыбымыз Ізгілік төңірегінде болмақ.
Кімде-кім өзін сүйсе, туысқандарын сүйсе, өз елін жерін сүйсе, әсіресе, адам баласын бауырым деп білсе, сол адамдарды ізгі адамдар деп атаймыз. Адам өмірі мен іс әрекетіндегі жағымды қарым-қатынас пен сүйіспеншілік ізгілік сезімін тудырады. Ізгілік адамның өзіне және өзгелерге жасаған жақсы, игі, адал істерін қамтиды. Ізгілікті іс игілікке жеткізеді. Ізгілік тақырыбын жан-жақты талқылау үшін біздің бағдарламамызға келген қонақтармен таныс болыңыздар!. Бүгінгі бағдарламамызға Маршал Әбдіхалықов атындағы мектеп гимназиясының оқушылары келіп отыр!
-Қош келдіңіздер! Республикалық ғылыми жобалар байқауының , Облыстық «Абай оқулары» сайысының жүлдегері, Алпанова Фарида Таңғалиқызы!
Республикалық «Ақкөгершін» байқауының жеңімпазы Бораш Айтбек!
Республикалық дәстүрлі әндер байқауының жүлдегері !
Облыстық ғылыми жобалар байқаулардың жеңімпаздары , мәнерлеп оқу сайысының жүлдегері Абай Ержігіт!
Мектебіміздің үлгілі оқушысы Орынжан Сәуле!
Жүргізуші Құрметті көрермендер! «Ізгілік» туралы жұртшылықтың пікірін білейік. Бейне жазбаға назар аударайық!
Жүргізуші: Құрметті көрермендер, кеш қонақтары! Жұртшылықтың пікірін тыңдадыңыздар! Енді студия қонақтарынан сұрасақ!
Ізгілік дегеніміз не? Ізгілікті қарым қатынас дегенді қалай түсінесіздер?
Қандай адамды адамгершілігі мол ізгі адамдар деп атайды?
Адам бойындағы тағы қандай рухани қасиеттер бар?
Жүргізуші : Рахмет! Өте орынды пікірлер! Келесі айдарымызға кезек берейік !
“Ізгілік” туралы бейне роликке көңіл бөлейік!
Жүргізуші:
Міне, тамаша ойларға қанық болдық. Ізгілік туралы түсініктерің кеңейе түсті деп ойлаймын.
Жүргізуші:
Құрметті көрермендер біз қайтадан тікелей эфирдеміз!
Келесі кезекті “Зерделеу” айдарына берсек.
“Сөз жібек жіп, жыр кесте” демекші еліңе, қызмет етудің игі, ізгі іс ретінде бала кезінен журналист болуды мақсат тұтқан Фарида қызымыздың “Жанашырлық-жанға қуат” деп аталатын Маршал Әбдіхалықов атындағы мектеп- гиназиясының оқушыларының еріктілер тобының жасаған ізгі істері туралы жасалған бейне жазбасына назар аударсақ! Фаридаға назар аударсақ!
«Фаризаның бейне ролигі»
Фарида көп көп рахмет! Зерттеу жумысың сәтті шыққан!
-Фаридаға бір-екі сұрақ қойсам деймін.
-Сіз неге осы тақырыпты таңдадыңыз?
-Өйткені, еңбек етуді, қайырымды болуды, жанашырлық, бауырмалдық, кішіпейілдік сияқты қасиеттер, адам бойына жас кезден бастап қалыптасуы керек деп ойлаймын. Аталаған барлық қасиет ізгілік сөзін құрайды. Мен журанлист мамандығына қатты қызығамын! Себебі, оқушылардың қоғамдық жұмыстары, ізгі қайырымдылықтарын зерттесем деген ойым бар!
-Рахмет, Фарида мақсатыңызға жетуіңізге тілектеспіз!
-Рахмет, кеш қонақтары! Шынымды аитсам бүгін мен ерекше бақытты күйді кешіріп отырмын! Бұл қандай ерекше күй десеңіз тікелей эфирде тақырыбында бағдарлама жүргізу маған бұйырды. Ендеше осындай жақсы пікірлерді тыңдай отырып, Ержігіттің өз туындысын тыңдасақ деймін.
-Бізге берілген уақытта шектеліп келе жатыр. Сөз соңында ізгілік туралы сөздерді жалаң аитпай, оны іс жүзінде көрсете білу тиіс.Жақсылық істеуден жалықпа, істеген жақсылығыңды міндетсініп, оған ешқашан сый ақы сұрама. Ізгі ниет, ақ көңілмен жасаған әр ісіңде ізгіліктің ізі бар екенін естен шығармайық. Елбасымыздың «100 нақты қадам» атты болашақ жобасының куәгер сіздерсіздер! Ізгілікті қалыптастыруға арналған 5 нақты қадаммен тележобаны қорытыласам деп тұрмын!
Құрметті кеш қонақтары! «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» бар демекші, бүгінгі тақырыбымызды қорытындылау үшін адам бойына ізгі қасиеттерді қалыптастыруға арналған қадамдарыңызбен аяқтасақ!
1 қадам
«Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік,Білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік»-деп Абылайхан айтқандай білімімізді жетілдіріп, сабақ оқуға бар ынта жігерімізді салуымыз керек.
2қадам
Біз жас ұрпақ ең бірінші жаны таза, адамгершілігі мол парасатты, халқына пайдасын тигізетін, саналы адамға айналуымыз қажет. Себебі ұлы бабамыз Әл-Фараби «тәрбиесіз қолға білім салма»деген екен.
3қадам
«Дені саудың жаны сау» демекші, бәріде адамның денінің саулығынан басталады деп ойлаймын. Сондақтанда салауатты өмір салтын устанып, зиянды әрекеттерден бойымызды аулақ ұстайық.
4қадам
Қазақта «Адамның күні адаммен»деген жақсы сөз бар екен. Біз сияқты «Төрт құбыласы түгел» адамдар бізге мұқтаж жандарға ақ шашты қариларымызға және мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқор болайық достар!
5қадам
Біздің бойымыздағы жігерлік, намысшылдық,патриоттық сезім болу қажет! Өзіміздің осындай тәуелсіз, бай, гүлденген «Қазақстан» атты елде тұратындығымызды мақтан етейік!!!
Жүргізуші:
Шыдамдылықты, уақытты қажет ететін сияқты Ізгілік туралы деректерді бір шараның аясына сиғызу мүмкін емес. Уақыттарыңызды бөліп эфирге келіп өз пікірлеріңізбен бөліскендерің үшін сіздерге үлкен алғыс айтамыз. Сіздерге студямыздың атынан үндеу парақшаларын тарту етеміз қабыл алыңыздар! Ал біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше сау сәлеметте болыңыздар!!!