Дара ж?не к?рделі сан есім
Бакирова Анар Сейдуалиевна Қызылорда қаласы №253 орта мектептің
бастауыш пәнінің мұғалімі
Күні: 12.03.2015. Сынып: 4«в» Пәні:Қазақ тілі № 1 сабақ
Сабақтың тақырыбы Дара және күрделі сан есім
Оқып үйренудің
мақсаттары 1. Дара және күрделі сан есімнің ерекшелігін түсіну.
Күтілетін нәтиже 1. Дара және күрделі сан есімнің ерекшелігін түсінеді.
Сабақтың әдіс-тәсілдермен тапсырмалар Миға шабуыл «Ойландыратын он сұрақ»
Топтық жұмыс жаттығуды орындауЖұптық жұмыс «Жұптас бөліс»
Бекіту «Хронологиялық диктант»
Кері байланыс «Маған оңай болды.Өйткені: ,жартылайтүсіндім.Себебі:Маған қиын болды.Өйткені:
Сабақтың барысы (2 минут) Ұйымдастыру:Шаттық шеңбері
Ынтымақтастық атмосферасын
Қалыптастырып,түгендеу
1.Топқа болу (3 минут) Түрлі түсті суреттер арқылы мозайка құрастыру
2.Миға шабуыл (5 минут)
(қайталау сұрақтар)
Мадақтау 1.20-5=
10*5
50+18
90-20
9*9
200:4
1.Алтау ала болса ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса төбедегі келеді.
2.Білгенім бір тоғыз,білмегенім тоқсан тоғыз.
3.Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
4.Жігітке жеті өнер де аз.
3.Топтық жұмыс ( 15 минут)
( мәтінмен танысу) Топтар 5 рөлді: көшбасшы,баяндамашы,хатшы,уақыт
сақшысы және бақылаушыларды анықтап алады.
Оқушылар оқулықта берілген мәтінді оқып,жаттығу
Орындайды.Топ баяндамашысы жұмыстарын қорғайды.
Топтар бір-бірін екі жұлдыз,бір ұсыныс арқылы
формативті бағалайды.
4.Жұптық жұмыс 1-жұп.Дара сан есімдерді күрделіге айналдырып
жаз.
1.Жеті----------------
2.Сегіз----------------
3.Алты---------------
2-жұп. Сан есімдерді сөзбен жаз.
1.Жер шарында 4 мұхит бар.(----------------)
2.Теңіздің саны-30 (---------------)
3.Жан-жағын құрлық қоршап жатқан теңіз 2 ғана
(-------------------)
3-жұп.Сан есімдерді түрлеріне қарай бөліп жаз.
1.Ал отыз күн бір айыңды құраса,
он екі ай-жыл,көп емес қой бұл аса.
-Үш жүз алпыс бес күн бар,-деп,-бір жылда!-
Жауап берем,егер біреу сұраса.
Дара-------------------------------------------------------------
Күрделі---------------------------------------------------------
IV. Бекіту тапсырмалары.Білім шыңына бес қадам
1.Сан есім дегеніміз не?
2.Зат есім дегеніміз не?
3.Дара сан есім дегеніміз не?
4.Күрделі сан есім дегеніміз не?
5.Дара және күрделі сан есімді тап.
V.Рефлексия (5 минут)
1.Маған оңай болды,өйткені
2.Жартылай түсіндім,себебі
3.Маған қиын болды,өйткені
VI.Үйге тапсырма: 5-жаттығу