Ашы? саба?: Онды? б?лшектерді салыстыру


Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Сабақтың тақырыбы: 5.1. Бөлшек сандардың ондық жазылуы
Сабақтың мақсаты:
Ондық бөлшек туралы түсінікпен таныстыру , ондық бөлшекті жазып , оқи білуге үйрету , бөлімінде 2 немесе 5 сандарынан басқа жай көбейткіштер болмайтын жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жазуға үйрету.
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру.Белсенділіктерін арттыру , оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту.
Оқуға саналы сезімге ,жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.Тез ойлап , тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдісі: баяндау ,әңгімелесе отырып түсіндіру,есептер шығару , сұрақ –жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты сызбалар , тірек схемалары , дидактикалық ойындар : «Күн»
Сабақтың өту жоспары:
1 .Ұйымдастыру бөлімі.
2.Сабақтың барысымен таныстыру.
3. Жаңа сабақ түсіндіру.
4.Жаттығу жұмыстары. А , В деңгейінің тапсырмалары.
5.Дидактикалық ойындар .
6.Үйге тапсырма.
7.Бағалау.
Сабақтың барысы:
Күрделі есептеулерді жай бөлшекпен есептеу қиындық туғызады.Сондықтан бөлімдері 10,100,1000 т.с.с жай бөлшектерді бөлімсіз жазу қабылданды.
Мысалы :
Ондық бөлшектің бөлшек бөлігінің цифрлары ондық таңбалар деп аталады.
Бірліктен де кіші разрядтары бар ондық жүйеде жазылған сан ондық бөлшек деп аталады.
Бөлімдері 10,100,1000 т.с.с . разряд бірліктері болатын сандарды ондық бөлшек түрінде жазу үшін :
санның бүтін бөлігін ( ол нөлге тең болуы мүмкін) жазып , одан кейін үтір қою керек;
үтірдің оң жағына берілген бөлшектің алымын жазу керек;
бөлшектің бөлімінде қанша нөл болса , үтірден кейін сонша ондық таңба жазылады.Алымдағы таңбалар аз болған жағдайда үтірден кейінгі (алымдағы ) цифрлардың алдына қажетінше нөлдерді (нөлді) жазу керек.
Бөлімдерінің жай көбейткіштерге жіктелуінде 2 ме 5 сандары ғана болатын қысқартылмайтын жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жазуға болады.
Мысалы :
Демек , жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу үшін , жай бөлшектің бөлімі 10,100,100 және т.с.с. болатындай натурал санға оның алымын да , бөлімін де көбейту керек.
Егер бөлшектің бөлімдерінің жай көбейткіштерге жіктелуінде 2 ме 5 тен басқа да жай көбейткіштер бар болса , онда оны жай бөлшек түрінде есептеу керек.
Кез келген ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазуға болады.
4.Жаттығу жұмысы . А деңгейінің тапсырмалары
Оқулықтан № 888,889,890,891,892,893,894 есептердің тақтары
В деңгейінің тапсырмалары. № 896,897,898,899,900,901
5.Дидактикалық ойындар . «Күн»
Тапсырмалар үлестірмелі парақтарға жазылады.
6.Үйге тапсырма .№ 888,889,890,891,892,893,894 есептердің жұптары
В деңгейінің тапсырмалары. № 896,897,898,899,900,901
есептердің жұптары