Ашы? саба? Дауыссыз дыбыстар
Тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға дауыссыз дыбыстардың жіктелуі, олардың түрлері, жасалу
жолдары туралы толық мағлұмат беру. Үн мен салдырдың қатысына қарай қатаң,
ұяң, үнді дыбыстарды ажырата білуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың оқу мен жазу арқылы ойлау қабілетін, ой-өрісін,
тіл байлығын, сөйлеу мәнерін дамыту, дүниетанымын кеңейту. Шығармашылық
қабілетін шыңдау.
Тәрбиелілігі: Талдау жұмыстары арқылы шапшаңдыққа, ұтымды жауап бере білуге,
ізгілікке, бірлікке, ұлтжандылыққа, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Түрі: қайталау сабағы
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, талдау
Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу, музыка, биология.
Көрнекілігі: Дауыссыз дыбыстар кестесі, венн диаграмма, қысқы суреттер, семантика-
Лық карта, ойын тапсырмалары, үлестірмелі парақша, бағалау текшесі, слайд,
электронды оқулық.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеу
Сабаққа дайындығын тексеру
Сергіту жаттығуы: Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Осы қыс мезгілін кім ұнатады екен? Қыс мезгіліне байланысты кімнің қандай шығармасын өттік? (Бір шумағын айтып бер)
Ендеше, өздерің айтқандай қыстың көркі - қар. Олай болса, бүгін сіздерді осы «қар текшемен» бағалаймын.
ІІ. Үйге берілген тапсырма
Дауыссыз дыбыс, олардың түрлерін қайталау.
Қатаң дауыссыз дыбыс деген не?
Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата?
Үнді дауыссыз дыбыстардың ерекшелігі?
287-жаттығу.
Шарты: Құрамындағы барлық сөзі бірдей дыбыстан басталатын жаңылтпаш
ойлап жазыңдар.
289-жаттығу.
Шарты: Қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерінен бірыңғай дыбыстан бастала-
тын өлең-жырлардан басталатын өлең-жырлардан үзінді келтіріңдер.
І. Қайталау – оқу анасы.
Дыбыстардың жасалуын
Фонетика нені зерттейді?
Дыбыстардың Дыбыстардың
айтылуын естілуін
Буын Екпін
Тасымал Интонация (дауыс ырғағы)
ІІ. Орныңды тап” ойыны
Ал мұнда дауыссыз әріптер, Б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ,
Бір қатарға тұрыпты. л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф,
Дауыс пен шудан, х, һ, ц, ч, ш, щ.
Олар құрылыпты.
ІІІ. Психологиялық дайындық
Әрбір адам? – Туыс, дос, жұрағат,
Әрбір сабақ? – Үйрету, ұғу, ұлағат,
Әрбір ісің? – Тірлік, тірек, адамдық,
Әрбір сөзің? – Шындық, бірлік, адалдық, - деп бүгінгі сабағымызда әрбір ісімізге мұқият болайық. Сабағымыз сәтті өтсін!
Сыныпты топқа бөлу (көк, қызыл, сары текшелер арқылы бөлінеді)
«Қатаң» тобы «Ұяң» тобы «Үнді» тобы
ІІІ. Қайталау сабағы
Дауыссыз дыбыстардан өткенді қайталау
Дауыссыз дыбыстар салдыр мен үннің қатысына қарай үшке бөлінеді.
Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар дейміз.
Қатаң дауыссыздар: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ.
Салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалған, бірақ үннен салдыры басым
дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар дейміз. (б, в, г, ғ, д, ж, з)
Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан үн басым болатын
дауыссыз дыбыстарды үнді дауыссыз дейміз. (л, м, н, ң, й, у)
ІV. Артық білім – кітапта (Кітаппен жұмыс)
285-жаттығу. (1-топқа)
Шарты: Қатаң дыбыстардан басталатын қазақтың ұлттық киімдері, ұлттық
музыкалық аспаптардың атауларын жазу.
286-жаттығу (2-топқа)
Шарты: Ұяң дыбыстардан басталатын биологиялық терминдердің атын
жазу.
292-жаттығу (3-топқа)
Шарты: Сыныптағы аты үнді дыбыстан басталатын балалардың есімдерін
жазу.
V. Адасқан атаулар (Интерактивті тақтамен жұмыс)
1-топқа: 1. Қолына алып қазықты,
Ашқарақ асқа асықты.
2. Жарасқа бәрі күліпті,
Жазда есік киіп жүіпті.
«С» дыбысына дыбыстық мінездеме беру
2-топқа: 1. Балық аулай барғанмын мен,
Шортан ілдім бармағыммен.
Інім менің балақай,
Қолқанатқа жарады-ай,
Қалтасымен кішкентай
Күнде отын жарады-ай.
«Қармақ» сөзіне фонетикалық талдау жасау.
3-топқа:
Көпен қатты ысқырды,
Кепсерлерді ұшырды. (кептерлерді)
Жазда ауылда атама,
Шөп шабыстым шаңғымен,
Қыста қарап жатам ба?
Қырдан астым шалғымен. (шаңғымен)
«Кептерлерді» сөзіндегі қатаңның астын - бір, ұяңның астын – екі,
үндінің астын - ирек сызықпен сызу.
VІ. Мағынаны таны Әріп қысқарса...
Қызық болар лезде,
Түсіп қалса сөзде әріп.
Мағына да сол кезде
Шыға келер өзгеріп. Мысалы: Барыс – Арыс – Ыс
Тапсырма: Қанар, жолақ, қауыз.
VІІ. Біліміңді байқап көр Жеке оқушымен жұмыс: (электронды оқулықтан)
1. (т-д): биік ...ау, бітпейтін ...ау, ыдысыңдағы тамақты ...ауыс, әдемі ...ауыс,
бір ...оп жылқы, ...оп ойнау.
2. (ш-ж): арасына ...ек қою, біреуді ...ек көру, кесек қантты ...ағу, пешке от
...ғу, ...ағала көлдің жағасына қонды, сен өзен бойын ...ағала.
3. (с-з): бо.. уақыт, бо... көде, ке ... ек күту, ке ... ек тас, жа ... адам, жауынды
жа ..., жерге қа...ық қақты, күміс қа...ық, ы ...ық әңгіме, қы ... ық көз,
жа ... ық бала, жа ... ық дала.
4. (п-б): қымыз са ... ыр, са ... ыр ет, ...іл ыстық жақта өмір сүреді, сабағыңды
жақсы ... іл.
VІІІ. Ой қорытайық: (Семантикалық картамен жұмыс)
ІХ. Сабақты бекіту: Салыстыр
Қатаң, ұяң, үнді дауыссыздардың айырмашылықтары. (постер)
Үнді
Қатаң
Ұяң
Х. Үйге тапсырма:
1. Сурет бойынша әңгіме құрап, қатаң, ұяң, үнді дауыссыз дыбыстардың астын сызу.
291-жаттығу. Дауыссыз дыбыстан басталатын ертегі кейіпкерлерінің атын жазу. Біреуіне фонетикалық талдау жасау.
295-жаттығу. Бір дауысты, бір дауыссыз дыбыстан алмасып келіп отыратын бірнеше сөз тауып жазу.
ХІ. Бағалау:
«Қар текшені» көбірек жинаған үш оқушыға арнайы мадақтама беру.
Сабақты «Дос болайық бәріміз!» әнімен аяқтау.