Урок по географии Еуразияны? зерттелуі
Күні: 14.03.2016
Сынып: 7 «Б»
Сабақтың тақырыбы: §14. Еуразияның зерттелуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ежелгі материктер туралы оқушылардың білімдерін жүйелей отырып, Еуразия материгі,қоныстануы және зерттелу тарихы туралы білімдерін кеңейту
Дамытушылық: Материктің географиялық орнын ерекшелігін көрсету арқылы білімдерін,картамен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың ұлтжандылық және интернационалдық сезімдерін қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Дүниежүзінің физикалық картасы, презентация
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.Сабақтың әдісі: географиялық диктант, сәйкестендіру, блиц сұрақтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
Оқушылармен амандасу, сынып оқушыларын түгендеу.
II. Үй тапсырмасын сұрау:
«Ой қозғау» стратегиясы.1) Ескі, ежелгі материкті атаңдар.2) Солтүстік жарты шарға қай материктер кіреді?
Географиялық диктант. «Ең. Ең......»
1. Дүние жүзіндегі ең биік тау..... (Гималай)2. Дүниежүзіндегі ең биік шың.... ) Дожомулунгма)3. Жер шарындағы теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жер....(Өлі теңіз).4. Жер шарындағы ең терең көл.....(Байкал)5. Жер шарындағы ең үлкен көл.....(Каспий)6. Жер шарындағы ең көп жауын - шашын түсетін аудан....(Черапунджа).7. Жер шарындағы ең үлкен түбек... (Арабия)8. Солтүстік жарты шардың ең суық полюсі....(Омякон)9. Альпі.... ең биік тауы. (Еуропаның)10. Ключи Шоқысы ең биік......(жанартау)
IІІ. Жаңа сабақ:
Қоныстануы.
Адамдардың Еуразия жерін қоныстануы Жерорта теңізінен басталған. Осы жағалауда тұңғыш географиялық түсініктер қалптасып, алғашқы географиялық ұғымдар жиналған. Географиялық ұғымдардың ауқымының кеңеңіне біздің заманымызға дейінгі 2500 жылдарды Крит аралын мекендеген ежелгі минхай халқы негіз салған. Минайлар Египет және Кипер, Сицилия аралдары мен қазіргі Балқан түбегіндегі елдермен сауда қарым – қатынасын жүргізген. Финикиялықтар батыстағы жерлерді «Эреб», ал шығыстағы бөлікті «асу» деп атады.
Кейін гректер осы ұғым негізінде «Еуропа, Азия» терминдерін қалыптастырды Біздің заманымыздың І ғасырында үнділер Суматра мен Ява аралын ашып, қазірі Индонезия жеріне қоныстана бастады. Кейіннен олар Мадагаскар аралын алып, кейбіреулері сонда тұрақтап қалды. Еуразия материгіндегі жаңа жерлерді ашуда ежелгі гректердің де қосқан үлесі зор. Олар Каспий теңізінің жағалауларын, Дунай және Дон өзендерін бойлай жүзді.
Еуразия құрлығындағы Ш.Ш.Уалихановтың зерттеулерінен. Орталық Азия жеріне аяқ басу көптеген ғалымдар мен жиһанкездердің арманы болды. Қазақ халқының ағартушы, географ ғалымы Ш.Уалиханов1856 – 59 жылы аралығында Ресей географиялық қоғамының тапсыруы бойынша Орталық Азияның сол кезеңге дейін жұмбақ қалпында, қалып келген ішкі бөліктеріне саяхат жасады. Тянь – Шань тау жүйесінің Қазақстан мен Орта Азиядағы бөлігін аралаған ғалым Ыстықкөл жағасында болып, одан әрі Қашғарияға аттанған. Қашғарияның алт шаһарына саудагер ретінде жасырынып барған Шоқан көне тарихи кітаптар, энографиялық бағалы бұйымдар, тау жыныстар үлгілерін жинап қайтты.
П.П.Семеновтың Азияға қосқан үлесі Н.М.Пржевальский экспедициясының маңызы.
ХІХ ғасырда ғана Орталық Азия табиғатын зерттеу бағытында жүйелі экспедицияның ашқан жаңалығы маңызды болды. Ғалым Орталық Азияда 15 жыл болып, 33 мың км-ге жуық жол жүрген. Тибет пен гоби шөліндегі бірнеше тау жүйелерін анықтап, Хуанхе, Янцзы өзедерінің бастауын тапты. Құммен бірге көшіп жүрген Лобнор көлінің табиғат жағдайларын сипаттады.
Орталық Азия табиғатын зерттеуде орыс ғалымы П.П.Семеновта зор үлес қосқан. 1849жылдан бастап Семенов Ресейдің үлкен экспедициясының мүшесі болды. Тянь – Шань тауына 2 рет саяхат жасаған. Ұзақ уақыт осы таудың биік нүктесі деп есептелінген, яғни біздің еліміздің ең биік шыңы Хан тәңірі шыңын ашқан. Тянь – Шаньның биіктік белдеулерін ажыратып, қар сызығының Альпіден әлдеқайда биік жатқанын анықтады. Ыстықкөл көлінің ағынсыз тұйық, тектоникалық терең көл екендігін дәлелдеген. Осындай зор жетістіктері үшін ғалымның аты – жөніне таудың аты қосарланып берілген. Орта Азиядағы ірі тау жүйесі, биік шың мен мұздық П.П.Семенов – Тянь – Шанский есімімен аталады.
IV. Сабақты бекіту сұрақтары:
Сәйкестендіру
П.П. Семенов Қазақстан мен Орта Азиядағы бөлігін аралаған ғалым Ыстықкөл жағасында болып, одан әрі Қашғарияға аттанған. Қашғарияның алт шаһарына саудагер ретінде жасырынып барған
Ш.Валиханов Жердің шар тәрізділігін зерттеді
Вавилондықтар Хантәңірі шыңын ашқан. Тянь – Шаньның биіктік белдеулерін ажыратып
Н.М.Пржевальский Тибет пен Гоби шөліндегі бірнеше тау жүйелерін анықтап, Хуанхе, Янцзы өзедерінің бастауын тапты.
V. Қорытынды:
Блиц сұрақтар.
Адамдардың Еуразия жерін қоныстануы қай жерден басталған? Жерорта теңізі
Біздің заманымызға дейінгі 2500 жылдарды Крит аралын мекендеген ежелгі халқы ? Минай
Минайлар Египет және Кипер, Сицилия аралдары мен қазіргі Балқан түбегіндегі елдерінде не айналысты? Сауда-саттық
Біздің заманымыздың І ғасырында үнділер қандай аралдарды ашты? Ява мен Суматра
Орталық Азияның ішкі бөліктеріне саяхат жасап,зеттеген кім? Ш.Уалиханов
Хуанхе, Янцзы өзедерінің бастауын тапқан зерттеуші? Н.М.Пржевальский
Тянь – Шань тауына 2 рет саяхат жасаған зерттеуші? П.П.Семенов
Финикиялықтар батыстағы жерлерді қала атады? Әреб Эреб
Ал шығыстағы бөлікті? Асу
Қай ғалым Орталық Азияда 15 жыл болып, 33 мың км-ге жуық жол жүрген? Н.М.Пржевальский
VІ. Үйге тапсырма:
§14. Еуразияның зерттелуі
VIІ. Бағалау:
Смайлик арқылы оқушыларды бағалау
VIІІ. Рефлексия
Екі жұлдыз, бір тілек
Еуразия
Орасан зор материкпін,
Төрт мұхит, төрт қабырғам.
Алуан түрлі тірлігіменКөп халық менен табылған
Исландия - аралым бар,
Фенноскандия – орманым.
Балқан таумен таралынған
Гималай, Альпі қорғаным.
Арбия – үлкен түбек,
Месопотамия – жазық ойпат.
Орта Азия шөлді өлкені
Жылқы, түйе жүрер жайлап.
Тынық мұхит жағасында
Вулканым бар отты алып.
Ұлы Қытай жазығында
Ырзығын терген көп халық.
Архипелаг Малайзия
Тұрады бес мың аралдан.
Күріш пенен шәй бұта
Бұл жерге тән таралған
Африка
Мен Африка! Қос мұхит арасындаЕуропадан 3 есе үлкен құрлықпын.
Түп атым «Еуразия» тайпасында,
Белімді экватор кескен құрлықпын.
Маймыл, піл, жираф, зебра мекен еткен,
Какаодан жетістікке жеткен құрлықпын.
Солтүстік Америка
Өзім жайлы менде айтып берейін,
Құнды-құнды мәліметтер терейінАғаларым өзін айтып мақтанды
Байлығымды мен де мақтап көрейін
Қалың тонды қойбұқам бар,
Қылқанды шырша орманым бар.
Бұлғын, құндыз ондатра –
Ең бағалы аңдарым бар.
Ниагара алып құламадан
Энергия аламын.
Үлкен Антиль, Кіші АнтильБағамдай бар аралым.
Гольфстрим ұлы ағысым,
Кордильер таулы тізбегімИеллоустон – ұлттық парккеБарудың жолын іздегін.
Гейзер суы көкке өрлеген,
Секвоялы жасыл орман.
Міне, осы барым менің
Маған мәңгі мақтан болған.
Оңтүстік Америка
Шығысым менің кең жазық,
Анд тауы батыс жағында.
Амозонка ең сұлу өзен,
Биік таудан соғылған.
Өсімдігім мимоза,
Кебрачо, кактустар.
Мекен еткен жерімді,
Пума, ягуар жыртқыштар.
Жиырмадан астам елім бар,
Титикака көлім бар
АнтрактидаШынымене мінезім сәл қаттылау
Жақтарым да бар ғой бірақ жақсылау
Мысалы менде ғалымдардың ғылыми
Станциялары жұмыс жасайды бақылау.
Жануарларым тюлень, теңіз мысығы,
Пингвиндердің көрдіңіз талай қызығын
АустралияАйтар болсам өзімді
Тыңдаңыздар сөзімді
Ағалардан шалғайдамын
Құрғақшылық бар аймағым.
Қос мұхитпен қоршаулымын,
Қалталы келеді жануарымӘлем бойынша қой өсіріп,
Ең бірінші орын алдым
П.П. Семенов
Ш.Ш.Уалиханов
Н.М.Пржевальский