География 7-сынып. Еуразияны? зерттелуі. Саба? жоспары, презентация


Күні: 09.03,15.03
Сыныбы: 7а, б, в
Сабақтың тақырыбы: Еуразияның зерттелу тарихы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ежелгі материктер туралы оқушылардың білімдерін жүйелей отырып,Еуразия материгі,қоныстануы және зерттелу тарихы туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Материктің географиялық орнын ерекшелігін көрсету арқылы білімдерін,картамен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың ұлтжандылық және интернационалдық сезімдерін қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:1. Сыни тұрғыда ойлау арқылы оқушылардың білімді іс - тәжірибеде көрсету дағдысын қалыптастыру2. Өз бетімен тақырыпты меңгеруге үйрету3. Топтық жұмыста оқушы белсенділігін жетілдіру.Күтілетін нәтиже:• Сыни тұрғыдан ойлау дағдылары қалыптасып, пікірін дәлелдей алады• Сыни тұрғыдан материктің географиялық орнын көрсете алады:• Картамен жұмыс істейді, пәнге қызығушылығы артады• Топтық жұмыста іс - әрекет істей алады• Оқушылар тақырыпты өз бетімен меңгереді.Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгертуСабақтың әдіс - тәсілдері:• Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқытуда АКТ - ны пайдалану.Сабақтың көрнекілігі:• Интерактивті тақта, Еуразияның физикалық картасы, кескін карта, Жарты шарлардың физикалық картасы; әртүрлі суреттер; т. б.
Нәтижені бағалау: Оқушылардың еңбегін әрбір кезең бойынша бағалау парағы арқылы көрсету.
Пән аралық байланыс: тарих,дүниетану
Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды түгендеу
Сабақ алдындағы көңіл күйлерін тексеру.2. Сыныпты түгелдеу3. Топтарға бөлу.І - топ.Еуропа ІІ - топ. АзияҮй тапсырмасын сұрау.І«Ой қозғау» стратегиясы.1) Ескі, ежелгі материкті атаңдар.2) Солтүстік жарты шарға қай материктер кіреді?
ІІ Географиялық диктант. «Ең. Ең......»1. Дүние жүзіндегі ең биік тау..... (Гималай)2. Дүниежүзіндегі ең биік шың.... ) Дожомулунгма)3. Жер шарындағы теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жер....(Өлі теңіз).4. Жер шарындағы ең терең көл.....(Байкал)5. Жер шарындағы ең үлкен көл.....(Каспий)6. Жер шарындағы ең көп жауын - шашын түсетін аудан....(Черапунджа).7. Жер шарындағы ең үлкен түбек... (Арабия)8. Солтүстік жарты шардың ең суық полюсі....(Омякон)9. Альпі.... ең биік тауы. (Еуропаның)10. Ключи Шоқысы ең биік......(жанартау)
ІІІ Шеткі нүктелері:Солтүстігі - Челюскин мүйісі (77°43‘с.е. 104°18‘ш.б.)Оңтүстігі - Пиай мүйісі (1°16‘с.е. 103°30‘ш.б.)Батысы – Рока мүйісі (38°47‘с.е. 9°34‘б.б.)Шығысы - Дежнев мүйісі (66°05‘с.е. 169°40‘ш.б.)
Жаңа сабақИнтерактивті тақтаға оқушылардың назарын аудару.
Адамдардың Еуразия жерін қоныстануы Жерорта теңізінен басталған. Осы жағалауда тұңғыш географиялық түсініктер қалптасып, алғашқы географиялық ұғымдар жиналған. Географиялық ұғымдардың ауқымының кеңеңіне біздің заманымызға дейінгі 2500 жылдарды Крит аралын мекендеген ежелгі минхай халқы негіз салған. Минайлар Египет және Кипер, Сицилия аралдары мен қазіргі Балқан түбегіндегі елдермен сауда қарым – қатынасын жүргізген. Финикиялықтар батыстағы жерлерді «Әреб», ал шығыстағы бөлікті «асу» деп атады.
Кейін гректер осы ұғым негізінде «Еуропа, Азия» терминдерін қалыптастырды
Біздің заманымыздың І ғасырында үнділер Суматра мен Ява аралын ашып, қазірі Индонезия жеріне қоныстана бастады. Кейіннен олар Мадагаскар аралын алып, кейбіреулері сонда тұрақтап қалды. Еуразия материгіндегі жаңа жерлерді ашуда ежелгі гректердің де қосқан үлесі зор. Олар Каспий теңізінің жағалауларын, Дунай және Дон өзендерін бойлай жүзді.
Еуразия құрлығындағы Ш.Ш.Уалихановтың зерттеулерінен. Тянь – Шань тау жүйесінің Қазақстан мен Орта Азиядағы бөлігін аралаған ғалым Ыстықкөл жағасында болып, одан әрі Қашғарияға аттанған. Қашғарияның алып шаһарына саудагер ретінде жасырынып барған Шоқан көне тарихи кітаптар, энографиялық бағалы бұйымдар, тау жыныстар үлгілерін жинап қайтты.
П.П.Семеновтың Азияға қосқан үлесі Н.М.Пржевальский экспедициясының маңызы.
ХІХ ғасырда ғана Орталық Азия табиғатын зерттеу бағытында жүйелі экспедицияның ашқан жаңалығы маңызды болды. Ғалым Орталық Азияда 15 жыл болып, 33 мың км-ге жуық жол жүрген. Тибет пен гоби шөліндегі бірнеше тау жүйелерін анықтап, Хуанхе, Янцзы өзедерінің бастауын тапты. Құммен бірге көшіп жүрген Лобнор көлінің табиғат жағдайларын сипаттады. Прежевальский саяхат кезінде жүрген жолдарын картаға түсірді, олардың координаты мен биіктігін анықтады. Орталық Азияға жасаған 5-ші саяхатының бас кезінде қайтыс болды. Ол қайтыс болар алдында өзін Тянь – Шань тауындағы Ыстықкөлдің жағасына жерлеуді өсиет етіп қалдырды.
Орталық Азия табиғатын зерттеуде орыс ғалымы П.П.Семеновта зор үлес қосқан. Ыстықкөл көлінің ағынсыз тұйық, тектоникалық терең көл екендігін дәлелдеген. Орта Азиядағы ірі тау жүйесі, биік шың мен мұздық П.П.Семенов – Тянь – Шанский есімімен аталады.
Жаңа сабақты бекіту:
Сәйкестендіру
П.П. Семенов Қазақстан мен Орта Азиядағы бөлігін аралаған ғалым Ыстықкөл жағасында болып, одан әрі Қашғарияға аттанған. Қашғария шаһарына саудагер ретінде жасырынып барған
Ш.Уалиханов Жердің шар тәрізділігін зерттеді
Вавилондықтар Хантәңірі шыңын ашқан. Тянь – Шаньның биіктік белдеулерін ажыратып
Н.М.Пржевальский Тибет пен Гоби шөліндегі бірнеше тау жүйелерін анықтап, Хуанхе, Янцзы өзедерінің бастауын тапты.
«Домино» ойыны.
2 зерттеушінің суретін бір нешеге бөліп, қияды. Соның ішінен әрбір зерттеушінің суретін тез құрастырып, атын табады.
Блиц сұрақтар.
Адамдардың Еуразия жерін қоныстануы қай жерден басталған? Жерорта теңізі
Біздің заманымызға дейінгі 2500 жылдарды Крит аралын мекендеген ежелгі халқы ? Минай
Минайлар Египет және Кипер, Сицилия аралдары мен қазіргі Балқан түбегіндегі елдерінде не айналысты? Сауда-саттық
Біздің заманымыздың І ғасырында үнділер қандай аралдарды ашты? Ява мен Суматра
Орталық Азияның ішкі бөліктеріне саяхат жасап,зеттеген кім? Ш.Уалиханов
Хуанхе, Янцзы өзедерінің бастауын тапқан зерттеуші? Н.М.Пржевальский
. Тянь – Шань тауына 2 рет саяхат жасаған зерттеуші? П.П.Семенов
Финикиялықтар батыстағы жерлерді қала атады? Әреб Эреб
Ал шығыстағы бөлікті? Асу
Қай ғалым Орталық Азияда 15 жыл болып, 33 мың км-ге жуық жол жүрген? Н.М.Пржевальский
ББУ стратегиясы
Білемін Білгім келеді Үйрендім
Бағалау. Қорытынды: Қорытындылай келе Еуразия қоныстану және зерттелу тарихын танып білдік.
Үйге тапсырма: §14-оқу. Кескін картаға Еуразия материгін түсіріп келу.