Саба?ты? та?ырыбы: Ыбырай Алтынсарин. Таза б?ла?
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, ЖББ Кузнецов негізгі мектебі.
Бастауыш сынып мұғалімі: Г.Н.Хаирмухамбетова
Күні:12.01.2016 жыл. Пәні:Әдебиеттік оқу. Сыныбы: 3 «А» Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин. Таза бұлақСабақтың мақсаты: Оқушыларға Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мағлұмат беру, әңгіменің мазмұнын жан - жақты ашу.Міндеттері: 1. Білімділік. Ы. Алтынсарин өмірі мен шығармашылығына тоқталу, әңгіменің тақырыбы мен идеясын, мазмұнын меңгерту;2. Дамытушылық. Дүниетанымын, ойлауын, өзіндік көзқарасын, таным процестерін дамыту. Сөз саптауын жетілдіру;3. Тәрбиелік. Рухани тазалыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге тәрбиелеу.Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.Сабақтың түрі: ізденіс сабағыӘдіс - тәсілі: проблемалық ізденіс, талдау, модульдік оқыту технологиясы әдістері, СТО әдістеріКөрнекілігі: слайд, Ы. Алтынсарин портреті, перфокартаПәнаралық байланыс: өзін - өзі тануСабақтың барысы.1. Ұйымдастыру.Ұжымдық психологиялық іс - әрекет.«Тілектер бұрышы», мұнда оқушылар мұғалімнің бағыттауымен бүгінгі сабақта бір - біріне 1 - 1 сөйлемнен тілек айтады.2. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі.3. Жаңа сабақты активтендіру кезеңі.Ой қозғау.Оқушыларға Ы. Алтынсариннің портретін көрсетіп, мынадай сұрақтар қоямын.1. Оқушылар, бұл кімнің портреті?2. Бұл кісі жөнінде не білеміз?Мағынаны тану кезеңі.а) Оқушыларға слайд арқылы Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұматты көрсетемін.Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының Алтынсарин ауданында дүниеге келген. Ата - анасы жастай қайтыс болған ол нағашы атасы Балғожа бидің тәрбиесінде болады. Ол немересін 1850 жылы Орынбордағы орыс - қазақ мектебіне береді. Оны 1857 жылы Ыбырай үздік бітіріп шығады да, халыққа қызмет етуді бастайды. 1864 жылы алғаш рет Торғайда мектеп ашады. 1879 жылы Орынборда «Қазақ хрестоматиясы» оқулығын шығарды.1889 жылы 48 жасында ауыр науқастан қайтыс болды.Шығармалары:Өлеңдері: «Өзен», «Жаз»Әңгімелері: «Асыл шөп», «Қыпшақ Сейтқұл», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» т. б.ә) Мәтінмен жұмыс.Басты проблема – әңгіменің неліктен «Таза бұлақ» аталуы?Әңгіменің мазмұнын ауызша баяндап, түсіндіру.Оқушылардың өз бетімен жылдам әрі мәнерлеп оқу жұмысын жүргізу.Сөздік жұмысы.Ғибрат алу – үлгі алу.тапсырма:Мәтінге жоспар құрғызу.1. Бұлақ басындағы үш жолаушы.2. Тасқа жазылған жазу.3. Бірінші жолаушының пікірі.4. Екінші жолаушының сөзі.5. Жас жігіттің сөзі.6. Тастағы жазудың мәні.тапсырма:Рөлдік ойын.Әңгімені рөлге бөліп оқу.тапсырма.Зертте.Әңгіменің тақырыбы не жайында?Жоба қорғау.Адам, бұлақ сөздеріне ассоциация жасау.Бұлақ -------------- Адам«Менің де айтарым бар»Оқушылар, осы мәтіндегі таста жазылған сөзге сен қандай пікір білдірер едің? Өз ойларыңды ортаға салыңдар.Мақал - мәтелдерді оқып, мағынасын ашыңдар.Берілген мақалдардың қайсысы мәтін тақырыбына, айтар ойына сәйкес келеді?Жақсы адам – елдің ырысы,Жақсы сөз – жанның тынысы.Жақсы болсаң, жердей бол, бәрін шыдап көтерген.Таза болсаң, судай бол, бәрін жуып кетірген.Ақыл көпке жеткізер,Өнер көкке жеткізер.Өмірмен байланыс.Біз қандай болуымыз керек? Пікір алмасу.Ой - толғаныс кезеңі.«Су – тіршілік көзі» тақырыбында шағын шығарма жазу.4. Білімді бекіту.«Бақытты сәт» ойыны.1. Ыбырай Алтынсарин кім?2. Ыбырайдың туған жері?3. Ол кімнің тәрбиесінде болды?4. «Таза бұлақ» әңгімесінің тақырыбы?5. Үш жолаушы бұлақ басынан нені байқады?6. Әңгімедегі жолаушының қайсысының сөзі көңілге қонымды?7. Әңгімеден қандай ой түйдің?5. Үй тапсырмасы.Әңгімені оқып, мазмұндау.6. Бағалау