Электронды пошта Саба? жоспары 7-сынып


Қазақ тілі
7-сынып 19/05/2015
Тақырыбы: Интернетте жасалатын жұмыстар.
Мақсаты:
Білімділік:  оқушылардың білімдерін жинақтау, өз ойларын жинақы көркем тілмен жеткізе білуге дағдыландыру;
Дамытушылық: оқушыны тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, түрлі тапсырмалар арқылы оқушының ойын дамыту;
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, бірлесе жұмыс істеуге, еңбекке баулу.
Әдістер: Сұрақ-жауап, сергіту сәтін жасату.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. 
Сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
ІІІ. Жаңа сабақ. 
1-тапсырма. Берілген тірек сөздерді қолданып, интернетте жасалатын жұмыс түрлері туралы әңгімелесіңдер.
2-тапсырма. Берілген сөйлемдерді керекті сөздермен толықтырыңдар.
3-тапсырма. Берілген диалогті оқып, өзара сөйлесіңдер.
4-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беріңдер. Сыныптағы достарыңмен өздерің білетін интернет сайттары туралы пікірлесіңдер.
Сабақты бекіту.
Бір-біріне сұрақ қою
Ережелерді қайталау
Қорытынды:
Үйге тапсырма: 5-тапсырма 249-бет
Қазақ тілі
7-сынып 18/05/2015
Тақырыбы: Электронды пошта.
Мақсаты:
Білімділік:  оқушылардың білімдерін жинақтау, өз ойларын жинақы көркем тілмен жеткізе білуге дағдыландыру;
Дамытушылық: оқушыны тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, түрлі тапсырмалар арқылы оқушының ойын дамыту;
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, бірлесе жұмыс істеуге, еңбекке баулу.
Әдістер: Сұрақ-жауап, сергіту сәтін жасату.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. 
Сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
ІІІ. Жаңа сабақ. 
1-тапсырма. Берілген мәтіннен Интернеттегі электронды пошта туралы мәліметтер бойынша деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасаңдар.
ІІІ деңгей
1. Мәтін бойынша берілген сөйлемдерді аяқтаңдар.
2. Суретте берілген электронды поштаға тіркелгілерің келсе, қосылудың қай әдісін таңдар едіңдер?
ІІ деңгей
1. Мына веб-сайттардың қайсысында сен электронды поштаңның тіркеулік жазбасын жасадың? Егер сенде электронды пошта болмаса, қайсысын таңдар едің?
2. Интернетке қатысты интернационалдық терминдерді қолданып, электронды поштаңда жасайтын жұмыстарың туралы әңгімелеңдер.
І деңгей
«Интернет мүмкіндігін толық пайдалана аламыз ба?» деген тақырыпқа пікірсайыс ұйымдастырыңдар.
2-тапсырма. Диалог бойынша өзара сөйлесіңдер. Электронды поштаның қолданысына назар аударыңдар.
3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
4-тапсырма. Берілген тірек сызба негізінде электронды поштада хаттарды әзірлеу, жөнелту және қабылдап алу мүмкіндіктерін айтып беріңдер.
Сабақты бекіту.
Бір-біріне сұрақ қою
Қорытынды:
Үйге тапсырма: 5-тапсырма 249-бет