Саба?ты? та?ырыбы:Тазалы?-таза баланы? досы. ІІ с?билер тобы
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Көгершін тобы
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу әс-әрекетінің тақырыбы: Тазалық-таза баланың досы.
Мақсаты: тазалық бұйымдармен таныстыру. Сүлгі, сабын сөздерін қатыстырып, 2-3 сөздентұратын сөйлем құрастыра білуге үйрету. Балаларды таза жүруге үйрету.
Көрнекіліктер: қуыршақ, тазалық заттары: сабын, сүлгі, тарақ, айна.
Сөздік жұмыс: сүлгі.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық –қызығушылық Амансыңба, Алтын күз!
Амансың ба көк аспан,
Амансың ба жер ана
Амансың ба жан досым
Жылулыңа жылу қос
Міне менің қолым:
Балалар мынау не?
Дұрыс айттыңдар
Балалар, мысық ылғи бетін жауады, тазалықты сақтайды. Ал, сендер тазалықты жақсы көресіңдер ме?
Таңертең жуынасыңдар ма? Немен жуынасыңдар?
Сосын немен сүртінесіңдер?
Тістеріңді жуасыңдар ма?
Шаштарыңды тарап, айнаға қарайсыңдар ма?
Таза болғыларың келеді ме?
Дұрыс, таза болуымыз, тазалықты сүюіміз керек. Таза жүрсек ауырмаймыз. Балалар қосылып қимылмен көрсетіп жасайды.
Мысық
Ұйымдастырушылық-ізденістік Ғажайып сәт.
Қолында сөмкесі бар қуыршақ қонаққа келеді. Қуыршақ өзін Әйгерім деп таныстырды.
Қуыршақтың сөмекесінде не бар екен деп қызықтырады. Тазалық заттары: сабын, сүлгі, тарақ, айна бар екен деп олардың аттарын, түсін, құрылысын, не үшін керек екенінсипаттауды тапсырады. Сабынмен жуынамыз, тарақпен шашымызды тараймыз, сүлгімен сүртінеміз т.б. айтып түсіндіреді.
Сергіту сәті.
Таңертең тұрамын,
Бетімді жуамын,
Тісімді тазалаймын,
Шашымды тараймын,
Тап-таза боламын.
«Не артық?» дидактикалық ойыны.
Шарты:
Артық затты табады. Не себепті артық екенін айтады.
Дыбыстық жаттығу.
Ү-ү – сүлгі
Са-са – сабын
Та-та – тарақ Рефлексиялық түзетушілік Балаларға тазалық туралы сұрақтар беріп, қорытындылайды, сипаттағандарын бағалайды. Балалар сипаттауға үйренеді
Күтілетін нәтиже:
Біледі: тазалық заттарын;
Игереді: тазалық туралы түсінікті;
Меңгереді: таза жүруді.