Білімді ата-ана — білімді бала. Ата-аналар жиналысы


Күні: сынып: Ата-аналар жиналысы.
Машықкер: Алибеков Ж.С.
Тақырыбы: «Білімді ата-ана - білімді бала.»
Мақсаты: 1.бала тәрбиесіндегі ата ананың алатын орны ерекше екенін, баланың білімсіз өмір сүре алмайтынын түсіндіру;
2.Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым қатынасты қалыптастыру,үлкенді сыйлауға кішіге қамқорлық жасауға,сыпайы ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Әдісі: әңгімелесу, ойын.
Формасы: сайыс
Түрі: жоспар бойынша жиналыс.
Көрнекілігі: карточкалар,сынып безендіріледі.
Өткізілетін орны: сыныпта.
Қатысушылар: ата аналар, мұғалім, мектеп психологы.
Кезеңдер. Өту барысы
Ұйымдастыру Сәлеметсіз бе, құрметті ата-аналар! Бүгінгі «Білімді ата-ана - білімді бала» атты ата-аналар жиналысына келгеніңізге қуаныштымыз.
Ата аналар алдымен мына шағын сұрақтарға жауап берейік.
1.Отбасы дегенді қалай түсінеміз?
2.Тәрбие деген сөзді ше?
3.Ата-ана, оқушы, мұғалім тығыз қарым-қатынаста жұмыс істей ала ма?
Жиналыс сайыс түрінде өткендіктен қазір біз екі топқа бөлінеміз. Екі жақта өз команда атын,капитанын сайлап, әнұранын таныстырады.(өлең, тақпақ,т.б. таныстырып қорғайды)
«Ой толғау орталығы» сайысы Екі топтың бірі оқушы рөлінде,екінші топ ата-аналар болады. Ата-аналар балалар туралы, ал балалар ата-аналар туралы ой толғау жазады. Содан кейін бір біріне оқиды.
Сайыс «Бір –біріміз жайлы не білеміз»
Балаларға сұрақтар :
1.Атан –анаңыздың сүйікті тәттілері?
2.Ата –анаңыздың бала кезіндегі сүйікті әндері?
3.Ата –анаңыздың бала кезіндегі қызығып айналысатын ісі?
4.Ата –аналарыңыздың мектепте қандай пәндерді ұнатпады?
5.Ата –аналарыңызды кішкене кезінде еркелетіп қалай атады?
6.Ата –анаңыздың ең жақын достарының есімі?
7.Ата –аналарыңыздың сүйікті әншілері?
Ата –аналарға сұрақтар
1.Балаңыздың сүйікті киімі?
2.Балаңыздың ең асыл арманы?
3.Балаңыздың сүйсініп жейтін асы?
4.Балаңыздың ең жақын құрбысының есімі?
5.Сүйікті пәні?
6.Сүйікті мұғалімі,ұстазы?
7.Сүйіп тыңдайтын әні?
8.Сүйікті ісі?
Пікір алмасу
Ата ана.
Енді оқушылар ата аналар, ата-аналар оқушылар болады. Әр топ алдында ватман мен түрлі-түсті маркер тұр. Мына сұраққа жауапты қағазға жазып қорғайсыздар. Сұрақ: қоршаған ортаның балаға тәрбиесі, әсері қандай?
Бала.

«Біз қандай ата анамыз?» тақырыбына ата аналар сайысы. Ата аналарға қойылатын сауал:
1.Сіздің балаңыз озат оқушы. Үй шаруасымен айналысқанды жек көреді, ештеңе істегісі келмейді. Оны қызықтыру үшін не істейсіз?
2.Қызыңыз кешкі ас дайындап, ыдыс жуу керек. Оның орнына қозғалмай теледидидар көріп отыр. Қандай әрекет қолданасыз?
Балаңыз қымбат аяқ-киім сатып алып бер дейді. Сіздің жағдайыңыз көтермейді. Сіз не істейсіз?
3.Балаңыз туған күніне достарын шақырғысы келеді. Бұл жағдайды қалай шешер едіңіз?
4.Балаңызды теріс әрекет үшін қалай жазалайсыз?
5.Беймезгіл уақытта баласын көшеге шіберіп, өзі үйде қаперсіз отыратын ата-аналар туралы пікіріңіз қандай?
6.Тоқсандық қорытынды бойынша сіздің балаңыз бір сабақтан үшке кетті делік. Сіздің іс әрекеттіңіз?
7.Балаңыз мектептен жылап келді «мұғалім маған ұрысты» деп. Сіз не істер едіңіз?
8.Бала мен бала мектептен шығып келе жатғанда бір бірі мен төбелесіп қалды. Ол бала сіздің балаңыздың өте жақсы жолдасы еді. Сіздің іс әрекетіңіз?
9.Балаңыз өте жақсы оқитын бала. Бір күні сабақтан екі алып, мұғалімнің ескертпесі күнделікке жазылып келді. Сіз не істер едіңіз?
Менің үш принципім. 1.Мен кіммін?
2.Мен қандаймын?
3.Мен қандай принциппен айналысамын?
Шешім.
Қорытынды. 1.Ата аналар жиналысын жиі өткізіп тұру.
2.Барлығыңызға келіп осы жиналысқа келгендеріңізге алғысымды білдіремін. Отбасыларыңызға: береке, біршілік тілеймін.
Кездесуді қорытындылау үшін сынып жетекшісі бірнеше сұрақтар қояды.
1.Құрмеетті ана, әке біздің кешіміз сіздерге қалай әсер етті?
2.Балалар сендер ата- аналарың жайлы жаңадан не білдіңдер?
3.Осындай кездесулерге тағы да қатысқыңыз келеме?
Ата- аналармен қоштасу.