Эссе: ?аза?стан мектебі — заманауи мектеп


Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 2 орта мектебі» КММ
«Қазақстан мектебі-заманауи мектеп» эссе
Бастауыш сынып мұғалімі: Зия Нуршаш
Федоров с. 2015

Қазақстан Республикасы – өркениетті мемлекет деңгейіне көтерілуде. Осы шыңға өрлеу білімді болашақтың қолында. ХХІ ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі эконмикалық реформалар сияқты көріністермен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу – әр мұғалімнің міндеті.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің екінші съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелетін міндет өте ауыр» деген болатын. Осы ғылым мен білімнің негізін тереңдету нәтижесінде ғана еліміз елдігін басқа елдер алдында көрсете алады.
Қазіргі таңда қазақстан бүкіл әлемдік білім кеңістігіне ену табалдырығында. Өмір ағымына қарай білім беру жүйесінің моделі күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Сондықтан заман талабына сай жаңа мазмұнда білім беруді ұйымдастыру 12 жылдық оқытуға көшумен тікелей байланысты. Ондағы өзекті мәселе әлемдік білім кеңістігіне шығудағы Қазақстанның жаңа ұлттық білім моделін қалыптастырудың тиімді жолын анықтауында.
12-жылдық білім беру – қазақстандық білім реформасының стратегиялық міндеттерін ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді. Қазақстанның Еуропалық білім беру кеңістігіне енуіне және көптеген міндеттерді шешуге, жастарды әлеуметтік қорғауға мүмкіндік жасайды. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау, өзінің және қоғамның мүддесіне өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны қалыптастыру.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сонымен қатар педагогтардың еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген . Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білікті маманға байланысты.
Қазақстан мектептерінің биік шыңға көтеріліп, заманауи мектептерге айналуы – білім алушыларды жарқын болашаққа жетелеу деген ұғымды ашады. Заман талабына сай жабдықталған мектеп, кәсіби шебер, шығармашыл, құзыретті, жаңашыл ұстаз – осы екеуі білім сапасының кепілі ретінде қарастырылады. Оқытудың инновациялық-технологиялық әдісін енгізу – қазіргі мектептерде бұл саладағы жағдайлар оңтайланып, орнығып жатыр. Инновациялық педагогикалық идеялар мен технологиялардың әдістемелік қамтамасыз етілуі, мұғалімдердің кәсіби өсуіне мүмкіндік береді. Сыныптарда интерактивті тақтаны қолдану, флипчатпен жұмыс жасау, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінің лингофондық кабинеттермен қамтылуы – барлығы да білім сапасына зор әсерін тигізері анық. Білім алушыларды білімге жетелей отырып, түрлі жаңа-әдістерді, инновациялық технологиялар мен құралдарды жетік меңгере отыра, тәжірибеде қолдана білетін ұстаз – өз ісінің шебері болып танылады. Мектепте алған білімін өмірде пайдалана алатын, өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту дағдылары да жетік дамыған бала – өзін жеке тұлға ретінде де жоғары деңгейде бағалай алады. Себебі, ел әлемге танылуы үшін – болашақ мықты болуы тиіс.
Осы мақсаттарға жетіп, еліміздің түпкір-түпкіріндегі әр мектеп – заманауи мектеп болып саналуы үшін әр ұстаз өзінінің міндетін жетік атқарып, жауапкершілігін арта түсуі қажет. Себебі, білімді ұрпақ тәрбилеу – ұстаздың ел алдындағы үлкен парызы болып табылады. Білім -«ертеңгі» менталитетті, «бүгінгі» мәдениетті қалыптастырған, балаға рух, ақыл-ой, сезім беруші, әлемнен ажырамас тұтас үрдіс. Ал осы білімді тиімді жолдар арқылы білім алушының бойына сіңіру – педагогтың шеберлігінде. Педагогтың кәсіби біліктілігі кәсіби құзырлықтан көрініс табады. Ал кәсіби білікті мұғалімнің бойынан: ақпараттық – мазмұндылық; әлеуметтік – мазмұндылық, әлеуметтік – тұлғалық; рухани – адамгершілік; операциялық – процесуалдық құзырылқтар кездеседі. Ең бастысы, заман талабына сай білім беру мен тәрбиелеудегі тиімді ізденсітер және әр елдің озық тәжірибелерін жүзеге асырып, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту, қоғамдық ортада өз ойын еркін айта алатын, мәдени-рухани құндылықтарға жан дүниесі бай, саналы, тәрбиелі жеке тұлға қалыптастыру. Жастарға саналы тәрбие мен сапалы білім беру мектеп моделіне тәуелді болады. Орта білім жүйесіне жаңа білім беру мазмұнын енгізу – елімізде бұрын-соңды іске асырылмаған аса күрделі ғылыми-тәжірибелік жұмыс. Оны іске асыру үшін көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, 12 жылдық мектеп тұжырымдамасы жазылып, эксперименттік оқу құралдары әзірленіп, оларға теориялық және тәжірибелік мониторинг жүргізіліп, екінші жағынан 12 жылдық мұғалімдерін даярлаудың тұжырымдамасы, педагогикалық оқу орындарының жаңа білім стандарттары мен оқу құралдары дайындалып, 12 жылдық мектеп мұғалімдерін әзірлеуде үлкен жұмыстар атқарылуда. Жалпы орта білім беру құрылымын жаңарту білім беру процесіне қатысушылардың талабын, мүмкіндігі мен қызығушылығын толық ескеруді, оқыту сатылары бойынша оқу материалдарын бірдей қайта бөлуді, оқытуды дараландыруға жағдай жасауды көздейді.
Еліміздің өркениетті мемлекет болуы, тікелей ұрпаққа байланысты. Ал ұрпақтың білімді, тәрбиелі, саналы болуы – мектепке, ал мектептің жүрегі – мұғалім. Қазақстанның елу ел қатарына ену мақсатында білімінің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педаогика теориясымен оқу-тәрбие жұмысында нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды саралауды, шәкірттердің шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалімдердің ғылыми бағытқа бет бұруын, іс-әрекетті жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Сондықтанда ел болашағын, елдің дамуы мен әлемдегі орнын анықтайтын да – ұстаз. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам. Әр ұстаз өзіне осындай жауапкершілікпен артылған парызын ақтап шығары анық. Дауылпаз ақын М. Дулатов «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда... Надан жұрттың күні – қараң, келешегі - тұман» деген екен. Ұстаздық ету – өзіңнің уақытңыды аямау, өзгенің уақытын аялау. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, ұлағатты, метасауатты, құзыретті ұстаз – ел болашағының кепіліне айналуда. Еліміздің дамуының алғы шарты білім дедік, яғни білім сапасын арттыру, оның деңгейін әлемдік білім кеңістігіндегі стандарттарға сай келтіру, жас ұрпаққа жоғары сапалы білім беру ісін тек қана көп мәдениетті, шығармашыл, жаңашыл, инновациялық тұрғыда ойлап, қызмет жасайтын мектеп қана мүлтіксіз атқара алады.
Білім берудің мақсатын айқындау үшін Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн: «Мектеп бітірп шыққан соң бала әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты – осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек».
Осы айтылған сөздерге негізделе отырып, еліміздің өркендеп дамуына үлесін қосатын білім ордаларының барлығы заманауи мектепке айналуы қажет екендігін нақтылап айтқан жөн. Әр мектеп заманға сай жабдықталып, ұстаздардың құзыреттіліктері шыңнан көрінсе ғана мемлекетіміздің озық елу ел қатарынан көрінуі де ғажап емес. Осындай ұлы істе «Жұмылдыра көтерген жүк жеңіл» деген ұлы сөзді ұран етіп, еліміздің дамуына деген күшіміз бен жігерімізді аямастан, жүктелген жауапкершілікті ақтаймыз деген сенімдемін.