Елім мені? Т?уелсіз ?аза?стан! мерекелік концерт


Бекітемін:
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары: Б.Баяхметова
Күні: 15.12.2016 ж
Тақырыбы: «Асқақтай бер, Тәуелсіз елім менің!»
Мақсаты:
Еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен, бойында ұлттық рухы бар, Отанға деген патриоттық сезімі қалыптасқан азаматтардың өмірін болашақ ұрпаққа үлгі-өнеге ету. Оқушыларды патриот, жанашыр болуға тәрбиелеу. Көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлау!
Түрі: Мерекелік концерт
1-жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар,оқушылар және қадірменді көрермендер!Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25жылдығына арналған «Асқақтай бер, Тәуелсіз елім менің!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!Тәуелсіздігіміз-ең басты құндылығымыз!Тәуелсіздікке қан төгіссіз,бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық.
2-жүргізуші:
25 жыл ішінде тәуелсіз қазақ елін қалыптастырып,нарықтың қиын өткелдерінен аман өтіп келеміз.Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай,сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Н.Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегіндәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз,себебі,осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап,аңсаумен өтті.
1-жүргізуші:
Армандары жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік-ел бақыты,ертеңі
О,халайық! Құтты болсын қуаныш!
2-жүргізуші:
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан-жүректі ұғысқан.
Ата-бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын,Қазақстан-Гүлстан!
Монтаж: «Тербет елді, Тәуелсіздік ұраны»
1-жүргізуші:
Кең байтақ,көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман,жасыл жайлау,көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан-елім менің!
2-жүргізуші:
Бақытым-Республикам Қазақстан!
Көгінде ақ көгершін,қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса,бір шетінде жаз ауысқан.
ӘН: «Туған жер» Орындайтындар: Серікбекова Жанар Мен Тоқтауова Айназ
1-жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған
Бұл далаға жылап келіп,қуанған,-деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай,кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші.Талай қиындықты бастан кешірсе де,ешқашан мойымай,күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп,үміттерін үзбеді.
Амангелдиева Аружанның «Тәуелсіздікке арнау» өлеңін қабыл алыңыздар.
Егемен елім ер жетті,
Армысың, абзал ағайын!
Жаһандық жойқын ерлермен
Тарихқа келген ғажайып.
Күркіреп күміс өзендер,
Бұлқынып бұрым өрмес пе!
Келмеске кеткен кезеңдер
Күңіреніп бүгін келді еске.
Ақ түйе қарнын жарайық,
25 жаста елім бар.
Шаттанып шапан жабайық,
Кесапат кезең келмеске.
Қараңдар, ойхой, жеріме,
Жалықпай жырау жырлардай.
Асау да асау белімде
Береке, бірлік тұнғандай!
Көнеден атам көк түрік
Сайраған тарих – жолдарым.
Аңыз ғып айтар төктіріп,
Куәм – жер, аспан, жондарым!
Сарнатып Қорқыт қобызын,
Асанқайғы жортқан жер.
Абыздың таңдап аңызын,
Батырлар небір жортқан жер.
Армандап боздақ аһ ұрып,
Айқасқа қаны бөккен жер.
Хан Кене ашу шықырып,
Махамбет шерін төккен жер.
Құрманғазы сарындап,
Ыбырай мектпе ашқан жер.
Амангелді арындап,
Сұқ көздер бұғып сасқан жер.
Талқан боп тәж бен тағы да,
Қызыл дерт мәңгі құлады.
Атойлап атқан таңының,
Азаттық болып ұраны.
2-жүргізуші:
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Саған шөлдеп,шөліркеп тамсанады.
Өкініш пе,білмеймін қуаныш па
Өз-өзінен жүрегім ән салады-демекші,ел орнында,жер орнында,жерге жетер байлық жоқ.Жер болса,ел болады; Ел болса,ер болады.Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан»егеменді ел болып,дүние жүзіне танылды.130-дан аса ұлт өкілдері тұратын қасиетті мекенде,асқақтаған өлкеде,кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада,егіні теңіздей толқыған,төрт түлігі өрбіген,өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп,оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Би: «Қара жорға» биі
1-жүргізуші:Қазақпын,еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын,қойнауы-құт,жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
КВН (әзіл)
2-жүргізуші: Тәуелсіздік үшін халқымыз 325 рет көтеріліске шықты. Ол көтерілістер 1916 жылғы ұлы дүрбелеңге ұласты. 1986 жылғы Желтоқсан қозғалысымен тарихқа енді.
Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз!Осы бір құдіретті сөздің тереңіне көз жіберіп, ой елегінен өткізсек, ата – бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз. «Өткенсіз болашақ жоқ!» дейді дана халқымыз. Ендеше «Тарих өткелдері» тақырыбындағы көрінісімізді тамашалаңыздар!
Көрініс.(жүргізуші оқиды)
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Ел – жұртынан айрылған жаман екен,
Екі көзге мөлтілдеп жас келеді.
Көш келе жатыр. Әбден арып шаршаған адамдар.
Көштің басшысы: Біраз тынығып демалайық, жол жүргенімізге қанша күн болса да асқанымыз – бір-ақ асу. «Уһілеп» біреулері қос тігуде, біреулері көрінген жерге қисая кетуде. Бәрінің жүзінде үрей, қорқыныш, ыза – күйік бар.
Ақсақал: (күңірене сөз бастады): О қасірет, қасірет! Шынымен –ақ сорлағанымыз ба? Қорланғанымыз ба? Өз жерімізден өзіміз безініп.... әлде сұм тағдырымыздың жазғаны ма? Көрсетпеген нең қалып еді тағы да?!
Бәйбіше: Қой отағасы – ау, «Басқа түссе бапақшыл» деген, тағдырдың салғанына көнеміз – дағы. Әбден азып – тозған мына қаралы көштің бар үміті сенде. Жасыма! Жігерленген, отағасы!
(Енді сахнаға қыз шығады)
Қыз: Самал жел, неге сонша ызғарлысың? Нәресте кезімде сен емес пе едің осы ызаңмен уатқан. Ол кезде тым нәзік, есер едің... Шынары биік Қаратау, неге үндемейсің? Әлде мына менен шошынып тұрмысың? Іштей күңіреніп, іштей түңіліп тұрмысың? Кең сары далам, қос жанардан қан ағызып кетіп барам. Мына өмірден баз кешіп, налып барам, қимастықпен жаутаңдап қарайлаймын, бел арқада барады қалып далам. Жасаған, кеше гөр, албырт пәк перзетіңді, сені тастап кетіп барам...
(Көш жүруге қамданып, тігілген қостарын жығып, буылған төсек – жабдықтарын арқалап, сахнадан «Елім - ай» әнімен шығып кетеді.)
ӘН:
1-жүргізуші:
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім,жерім,Отаным-бақ-дәулетім,
Болашағым,өнер-білім,өркенім.
«Болашақ-білімді жас ұрпақтың қолында»-, деп Н.Назарбаев айтқандай,білімді жас ұрпақ-біздің келешегіміз!
БИ: «Қара жорға»
2-жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер желбіретіп нық ұста.
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата-баба рухына.
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағатты өнегесі,еңбегі,
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі-, дей келе бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Асқақтай бер, Тәуелсіз елім менің!» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті. Кешімізді аяқтау барысында мектебіміздің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлзат Рақымжанқызына және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бақытгүл Назарбекқызына құттықтау сөз беріледі.
1-жүргізуші:
Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің,
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын,қымбаттым!
Туған күнің құтты болсын,алыбым!
ӘН
2-жүргізуші:
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік,халқымыздың еңсесі жоғары,егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!