Открытый урок по технологий на тему Макарон та?амдарын дайындау
макарон тағамдарын дайындау
Сабақтың мақсаты :
1.Білімділік : оқушылардың білік дағдыларын қалыптастыру, тақырып мазмұнын меңгерту. Оқушылардың іс – әрекетін белгілі бір мақсатқа жүйелеу,бағыттау. Тағамдардың ағзаға әсерін жете түсіну, талдауға үйрету. Ғылыми ізденіс жасауға баулу, тиянақты білім беру.
2.Дамытушылық : оқушылардың өзіндік жұмыс барысының әр кезеңдерінде ізденуге, зерттеуге,талдауға, сараптауға,сыни ойлауға,салыстыра білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.
3.Тәрбиелік : тағам жасаудың тәсілдерін үйрету барсында тазалық пен ұқыптылық , инабаттылықа баулу.
Сабақтың әдісі : түсіндіру , көрсету , сұрақ – жауап, СТО элементтері , сарамандық.
Пәнаралық байланыс : әдебиет, математика,биология.
Сабақтың түрі : аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі : оқулық,плакат,сөзжұмбақ,суреттер.
Пайдаланылған әдебиеттер : «Мектептегі технология,Технология в школе» әдістемелік журналы, «Шаңырақ» энциклопедиясы, С.Қалиманов « Ақ дастарқан».
1.Ұйымдастыру кезеңі.
А)Амандасу,түгендеу,сынып бөлмейсінің тазалығын қарау.
Сабаққа қажетті құралдарды алып дайындап қою. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.
Бүгін біз «Жарма бұршақ, макарон өнімдерімен тағамдар дайындау технологиясы» тақырыбын өтеміз.
Сабақ жарыс түрінде өтеді.
Сабақ басталмас бұрын топқа бөлінеміз.
Жеребе арқылы оқушыларды топқа бөліп ат қоямыз.
1 топ : « Ақ бидай»
2 топ : «Ақ маржан»
3 топ : «Бұрашақ» - әр топтың жұмысын фишкалар арқылы белгілейміз.
Бағалау парағын топ басшысына тарату.
2. Өткен сабақты тексеру.
Миға шабуыл / деңгейлік тапсырмалар/
№1. Тағам даярлаудың қандай негізгі әдістер бар?
Жауабы : қайнатып пісіру,қуыру,бұқтыру,қыздырып пісіру,шала қуыру,булау.
№2.Эл.плитамен жұмыс істеу ережелері.
Жауабы : Ыдыстың сырты құрғақ әрі таза болуы керек.
2.Қуырылған немесе бұқтырылған тағамдарды дайындағанда, t біртіндеп төмендету керек.
3.Әдетте, тасып төгілмеуі үшін кастрөлдік орта шеніне келтіріп су құяды немесе жиегіне 4-5 см жеткізбейді.
№3.Сүт және сүт тғамдары.
Жауабы: кілегей,сүзбе,сары май,ірімшік,қымыз,шұбат.
Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту.
«Танысу» ойыны.
Ойынның шарты : мен өз есімімді айтамын және менің есімім басталатын әріптен тағам түрін атаймын тақырыпқа байланысты.Әр оқушы өз есімін және сол есімінің бас әріпімен басталатын тағам түрін айтады,солй жалғасып кетеді.Топ басшысы барлық баланың есімін және тағам түрін айтып шығады.
Мазмұнын тану , «Қарлы кесек» оқыта үйрету арқылы тақырып мазмұны ашылады.
1 – топ.Жарманы әр түрлі тағамдар мен гарнирлер даярлау үшін қолданылады. Оларды мынадай топтарға бөлуге болады:
Құрамында крахмалы көп – күріш , манка , ақталған арпа; құрамында белоктары көп – сұлы , қарақүмық,тары,манка; құрамында майы көп – сұлы,тары , қарақұмық.
Дәрумендердің мөшеріне қарай сұлы жармасы,одан кейін қарақұмық,тары бірінші орынды,ал күріш пен манка соңғы орынды алады.Өндірісте күрішті жылтыратып,жарқыратып өңдегенде,сыртқы қабығымен бірге В тобының дәрумендері жойылады.Жармаларда фосфор мен кальций аз болғандықтан,ботқаны көбінесе сүтке пісіреді.Жармалардан әр түрлі тағамдар дайындалады.
2 – топ.Бұршақ дақылдарын «өсімдік еті» деп атайды,өйткені олардың құрамында 23% - ға дейін белок болады , ал бұршақта 28%. Тағамдық құндылығына қарай соя ерекше болып табылады (белок – 33%,май – 20%, А,В, Д,В дәрумендері фосфор , калий,кальций аз емес).Бұршақ дақылдары ұзақ қайнатылады.Сондықтан оларды алдымен жылы сумен жуып,6-8 сағат суға жібітіп,содан кейін пісіреді.Пісріп болғаннан кейін (30-60 минут) суды төгіп,тұз салады.Бұршақ дақылдарының нәрін сорпа,тұздық даярлау үшін пайдаланылады.
3 – топ .Макарон өнімдерінің 9-13 % белок,75-79 % көмір – сутегі , 1% май бар, ал каллориялығы орта есеппен 100г өнімде 338 ккал болады.Пісірілген мкарон өнімдеріне май,ірімшік,жұмыртқа қосса , тағамдардың калориялығы едәуір артады.Макарон өнімдерінен екі тәсілмен : көп суға,аз суға пісіреді.
Макарон өнімдерінің пісу уақыты : макарон – 20-30 минут кеспе 20 – 25 ,вермишель 10-12 минут.
1 қадам: оқуышларды ойын шартымен таныстыру.
2қадам: топтарға тапсырмалар таратылады.
3қадам:топтар берілген тақырыпқа тірек сызбасын сызып,тақырыптың негізін түсіндіруге дайындалады.
3.Ой толғаныс сәті «Тест»
1.Бұршақ дақылын қанша сағат суда жібітеді?
А)3-4 сағат
Б)5-7 сағат
В)6-8 сағат
2.Макарон өнімінің пісу уақыты
А)10-12мин
Б)20-30мин
В)20-25мин
3.Сүттен дайындалған тамақтар адам ағзасына не үшін пайдалы?
А)аурудың алдын алу үшін
Б)ағзаға қажетті кальций мол болу үшін
В)адамның тәбеті жақсы болу үшін
4.Көкөністерді өңдеу реті
А)реттеу,сорттау,жуу,тазалау,өңдеу
Б)сорттау,реттеу,жуу,өңдеу,тазалау
В)жуу,тазалау,өңдеу
5.Жарма құрамына кіретін ең аз зат.
А)фосфор,кальций.
Б)май
В)крахмал
4.Математикалық ойын. «Ас – адамның арқауы».
23+27=ас
35+39+46+53+34+67+74=адамның
46+55+78+58+86+98=арқауы
4.Сабақты қортындылау.
Топтастыру.
1.Салыстрыңыз.
2.Талқылаңыз,қарсыласыңыз.
3.Суреттеңіз.
4.Саралаңыз.
5.Қолданыңыз.
6.Ойыңызбен байланыстырңыз.
5.INSERT әдісі
Бағалау парағын жинап алып,әр топтағы оқушылардың фишкадағы санын есептеп,сабаққа қатысуын атап өту.Сабақтың мақсатын талдау. «Сенің көңіл – күйің қай суретке сәйкес келеді?» деп оқушылардан сұрау.
Үй тапсырмасы : №5
Ботқа дайындауыдң техникалық сызбасын өз бетінше дайындау.