Баяндама Зорлы?-зомбылы?сыз балалы? ша?
Баяндама
Тақырыбы: «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылдың желтоқсан айындағы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында балалар – қоғамымыздың ең қауқар және ең қорғалмаған бөлігі деп атап өтілді және мемлекет Қазақстан жерінде туылған әр баланы қорғауға тиіс.
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық, қатыгездік, кәмелетке толмағандарды қанау, қараусыздық пен қадағалаусыздық, өз-өзіне қол жұмсау іс-әрекеттері қоғамды толғандыруда.
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстық ахуал тиімді шаралар қолдануды қажет етеді.
Осындай жоғары деңгейде балалардың құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету мәселелерінің талқылануы, балалық шақ мәселесі әрқашан сөзсiз мемлекеттiк басымдылықтар болып табылатына сенiмдiлiктi арттырады.зорлық-зомбылықтың кейбір түрлеріне тоқтала кететін болсақ:
Физикалық зорлық – зомбылық – бұл кеңінен тараған жәбірлеудің бір түрі. Осы жәбірлеуде көбінесе отбасында баланы ұрып – соғу жағдаяттары жиі кездеседі, сондай - ақ ата – ана тарапынан, мұғалім тарапынан да балаға қатаң талаптарды жүктеу арқылы зорлық көрсету белгілері білінеді. Осы жәбірлеудің теңдесі жоқ түрі Мюнхаузен синдромы іспеттес. Физикалық күштеу кезеңінде ата – аналар көбінесе балалардың денсаулығында ақаулық бар деген күдікте болады, медициналық зерттеулер қорытындысына да жүгінеді, алайда психологиялық аурудың бұл түрі балада емес ата – анасында деген қорытындыға келеміз.
Эмоционалды зорлық – зомбылық түрі. Бұл жәбірлеудің түрі дәлел мен құптаушының жоқтығынан хабарланбайды. Балаға зорлық көрсетудің эмоционалды түрі күштеудің кең таралған түріне жатады.
Балаға эмоционалдық күш көрсетудің бірнеше санаттары бар:
1. Жоққа шығару (балаға деген жайсыздықты ата – анасының,мұғалімнің жоққа шығаруы);
2. баланы оқшаулау (басқа балалардан бөліп қарау)
3. Баланы бопсалау;
4. Елемеушілік;
5. Балағаттау;
6. Сөз жүзінде жүйкесіне тию;
Зорлық деген сөздің астарында ұрлау, балалар өлімі, дәстүрлі тәжірибеге байланысты жарақат алу, сондай – ақ жыныстық, психикалық және тұлғалық балаларға қатысты тәртіп шаралары сияқты тұлғалық жазалауды қосқанда қиянат жасау түсінігі жатыр. Конвенцияда балаларға қатысты зорлықтың қандай да түрі болсын, қай жерде болсын ешқандай ақтала алмайды делінген. Зорлық көрген балалар көбінесе тамақтанбайды да түрлі ауруларға ұшырайды, мектепте нашар оқиды, өзін – өзі бағалауы төмен болады. Конвенцияға сәйкес балаларға қатысты зорлық көрсету адам құқықтарының бұзылғандығын білдіреді.
Зорлық – зомбылық келесі құқықтарды бұзады:
- заң алдында бәрінің бірдей қорғалуын;
- қатал қарым – қатынасқа берілмеу құқығын;
- өмір сүру және жеке өміріне қол сұқпау құқығын;
- тұлғалық және психологиялық денсаулықтың жоғары стандартты құқығын.
Балаға зорлық – зомбылық көрсетуге адамды жетелейтін қандай факторлар бар?
Бұл мәселе бойынша негізінен отбасылық жағдай, яғни ата – аналарының бұрынғы өмірі басты себеп бола алады.балалық кезге деген өкініші, 20 пайыздайы балалық кезде осындай және басқа да күштеулерге тап болған деген дерек бар;ішімдік ішіп, нашақорлықпен айналысатын отбасыларында балалардың 4 есе көп бөлігі ұрып – соғу зорлығын көрсе, 10 есе көбі эмоционалды күштеуге душар болуда; отбасындағы айрылысу жағдайы да зорлық – зомбылық түріне жатады; теледидарда көрсетілетін оғаш күштеулер де әсерін тигізеді.
Балалар өздерін қорғау туралы ақпараттың жоқтығынан өмірінде шешімі күрделі жағдайларға жиі тап болып, өздерін өздері қорғай алмайды. Көбінесе зорлық, қатыгездік жағдайлары отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда орын алады. Көп жағдайда жасөспірімдердің өздері де бірінің бірі құқығын бұзып жатады.
• балалардың 50 пайызы өз отбасында қатыгездіктің түрлі формаларын басынан өткізеді;
• респонденттердің 16,2 пайызы ата-аналары немесе заңды өкілдер тарапынан көрсетілген қоқан-лоққы және бопса түрлерін (материалдық қолдау көрсетпеу, бостандығын шектеу, кешкі серуенге жібермеу т.б.) көрсеткен;
• сұралғандардың 0,7 пайызы (осылай жауап берген балалардың басым көпшілігі - 15-18 жас аралығындағылар) еңбекке мәжбүрлеу фактісін растаған;
• отбасында әсіресе сексуалдық зорлық фактілерінің орын алғандығын 34 бала растағандығы қатты алаңдатады. Жауап берген жасөспірімдер осындай зорлық көрсеткендердің қылмыстық жауапқа тартылмайтындықтарын атап өтті, өйткені балалар мұндай жағдайлар туралы жария еткеннен гөрі үнсіз қалуды қалайды екен.
Ендеше, біздің көзқарасымызша, ақпараттық, ағарту бағытындағы жұмыстарды тек балалар арасында ғана емес, ересектер арасында да жүргізген өте қажет. Балаларымыз тек өз құқықтарын білуі ғана өз-өздерін қорғай алуына септігін тигізбейді, сонымен бірге осы проблема шешімінің әдіс - тәсілдерін, жолдарын көрсетіп, болашақта оны болдырмауға ықпал ету керек. Осылайша құқықтарының сақталуына байланысты жағдайға, өмірінің жақсаруына балалардың өзінің атсалысуына мүмкіндік туғызу керек.