Бізді? ?й. Т?уелдік жал?аулары
Пән: қазақ тілі
Сынып: 4
Сабақтың тақырыбы: Біздің үй. Тәуелдік жалғаулары
Сабақтың мақсаты:
а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
тәуелдік жалғауларын түсіндіру, сауатты жазуға және
сөйлеуге үйрету, сөздік қорын байыту.
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту, ойлау, есте
сақтау қабілеттерін дамыту.
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, бес жолды өлең
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер, интерактивтік тақта.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: тәуелдік жалғауларын меңгеру, үйі жөнінде өз пікірін айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу
- Кезекшінің мәліметі
1. Бүгін аптаның қай күні?
2. Жылдың қай мезгілі?
3. Бүгін ауа райы қандай?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Тексеріп, бағалау, бағаларын түсіндіру.
ІІІ. Жаңа сабақ
1-тапсырма. «Біздің үй» мәтінін оқып, орыс тіліне аудару, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
Біздің үй.
Мынау біздің үй. Біздің үй үлкен, жарық, таза. Үйде төрт бөлме бар. Олар: демалыс бөлмесі, жатын бөлмесі, балалар бөлмесі, ас бөлмесі. Менің бөлмем үлкен, таза. Үйдің алдында гүлдер өсіп тұр. Үйдің артында үлкен бақша бар. Мен өз үйімді жақсы көремін.
"Менің бөлмем" тақырыбы бойынша шағын әңгіме жазу.
2 – тапсырма. Төмендегі сөздерден 10 сөйлем құрап жазыңдар.
Үй, пәтер, бөлме, қабат, үшінші қабат, жарық, таза, үлкен.
Сергіту сәті.
Мынау- менің үйім.
Танысыңдар, достарым.
Мынау- менің бөлмем,
Менің бөлмем үлкен, жарық.
Менің халім тамаша,
Сіздікі де тамаша!
Сенің халің жақсы ма?
Оның халі жақсы ма?
Барлығы да тамаша!
Бес жолды өлең
1. Зат есім – үй
2. Сын есім – үлкен, биік, бес қабатты
3. Етістік – тұрғызады, салады, бояйды
4. Сөйлем – Қалада биік үйлерді тез тұрғызады.
5. Синоним - баспана
Ережемен жұмыс. Оқып, түсіндіру.
Тәуелдік жалғауы
І жақ. Менің –ым, -ім, -м Біздің - ымыз, -іміз, -мыз, -міз
ІІ ж. Сенің -ың, -ің, -ң Сендердің -ың, -ің, -ң
Сіздің - ыңыз, -іңіз, Сіздердің -ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз
- ңыз, -ңіз
ІІІ ж. Оның -сы, -сі, -ы, -і Олардың -сы, -сі, -ы, -і
Жазбаша жұмыс.
Үй, пәтер, бөлме - сөздерін тәуелде.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту.
1. Сенің үйін қандай?
2. Неше қабатты?
3. Қандай бөлмелер бар?
V. Үйге тапсырма
Ереже жатқа.
Бес жолды өлең жатқа.
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау