?аза? тілі п?нін о?ытуда жа?ашыл ?діс-т?сілдерді ?олдану



Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Затобол кенті
«Н.Наушабаев атындағы Затобол мектеп-гимназиясы» ММ
Сейтмағанбетова Шолпан Жугеревна қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
ms-sholpan@mail.ru 87013560933
Ең үздік педагогикалық жаңалық – мақала
Қазақ тілі пәнін оқытуда жаңашыл әдіс-тәсілдерді
қолдану

ХХІ ғасырда еркін білім беру, адамның шығармашылық ойлауын дамыту негізгі мәселе болып отыр. Осы идеялардан оқытудың және тәрбиелеудің инновациялық технологияларын қолдану қажеттілігі туындайды.
Білім саласындағы жаңа көзқарас тұлғаның дамуы мен нәтижеге бағытталған білім беруді көздейді. Сондықтан, білім жүйесін құру, оқушыларға қазіргі заман талабына сай білім беру–бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі.
Қазіргі кезде сабақта жаңа технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз. Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек» – деген. Расында да, тек қана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді.
Заманауи жаңашыл технологиялар ұғымының пайда болуы білім беру саласында компьютерлік сабақтар өткізумен тығыз байланысты. Көптеген электронды оқулықтар мен оқу бағдарламалары, мультимедиалық оқу бағдарламалары жасалуда және жасалып та жатыр. Сондықтан, бүгінгі таңда қазақ тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың ақпараттық – коммуникациялық технологиялары ерекше орын алады.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру үрдісі.
Сонымен бірге, ақпараттық коммуникативтік технология сабаққа дайындалуда қосымша ақпаратты іздеуді кеңейтеді. Интернеттің іздеу жүйесі арқылы қызықты мәліметтер, көрнекіліктер таба аламыз.
Сонда, оқу - жүйесінде ақпараттық - коммуникативтік технологияларды қолдану мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:
– оқушылар электронды оқулықтармен және интернет желісімен жұмыс істей алады;
– оқушының білімі қысқа мерзімде және кез келген уақытта бағаланады;
– орындаған жұмыстарының қателерін бірден көруге мүмкіншілік тудырады;
– интерактивті тақтаны еркін қолданады;
– ақпараттық мәдениетін дамытады;
– сабақта уақыт та үнемделеді;
– оқушылардың коммуникативтік қабілеттері дамиды;
– зерттеу дағдылары дамиды;
– оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады;
– әрбір оқушының шығармашылық мүмкіндігі ашылады.
Бүгінгі таңда республикада компьютерлік бағдарламалар шығарылып, оқытудың жаңа технологиялары оқу үрдісіне енгізіліп, оң нəтижелер беруде. Олар – В.Фирсовтың саралай оқыту, П.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру, Ш.Амонашвилидің ізгілікті – тұлғалық, В.Монаховтың оқыту үрдісін жобалау, М.Жанпейісованың модульдік оқыту, Ж.Қараевтың деңгейлік саралап оқыту, Г.Селевконың өзін - өзі дамыта оқыту және т.б.технологиялары. Аталған технологиялардың қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқытудағы маңызы ерекше.
Осындай ізденістен туындаған технологиялардың бірі – тірек сызбалар арқылы оқыту әдістемесі. Әдістеменің ерекшелігі мен маңызы неде?
Бірінші ерекшелігі – нақты, дәл есептелген тұтас оқу процесін құра білу. Виктор Федорович Шаталов бұл құрылымды былай түсіндіреді: «Тірек сызба дегеніміз – ойынның элементі, уақыт үнемділігі және оқушы психологиясын қызықты құбылысқа бағыттау. Бірақ ең басты мақсат – берілген тақырыпты логикалық байланыстар негізінде оқушының түсінуі және ұзақ уақыт есте сақтауы».
Екінші ерекшелігі – уақыт үнемділігі. Мысалы, белгілі бір тарауды түсіндіру барысында бірнеше тақырыпты жинақтап, ықшамдап бір –екі тірек сызбасына сыйдыруға болады.
Ал ең негізгі ерекшелігі –тірек сызбасын қолдану. Бұл әдістеме қазіргі күнге дейін құндылығын жойған жоқ.
Тірек сызбалар оқушылардың сөйлеу тілін арттыру мақсатында пайдаланатын тәсілдің бірі. Сонымен қатар тірек сызба жаңа тақырыпты жеңіл түсінуге, есте сақтап қалуға көмектеседі. Қазақ тілін оқытуда ең қолайлы жолдардың бірі - тірек сызбаларын пайдалану: себебі олар тірек сызбалар арқылы сөйлем құрастырып, өз ойларын айтып жеткізуге үйренеді, сабаққа қызығады, еңбектенуге талпынады.
Тірек сызбасын сабақта кеңінен пайдалану - мұғалімнің жан-жақты дайындалуына, уақытты ұтымды өткізуіне әсер етеді.
Уақыт талабы мұғалімнен сабақты қызықты, тартымды өткізе білуді, көп шығармашылық ізденісті, білімділікті, тапқырлықты қажет етеді. Оқушылардың белсенділігін, жеке дара жұмыстануын ынталандыру, жеке көзқарастарының қалыптасуын, дамуын, оқу еңбегінің нәтижесі тиімді болуын талап етеді.
Грамматикалық тақырып бойынша ережені жаттау түрде бермей, тірек сызбалар арқылы үйрету, көп есте қалатын болады. Оқушылар ережені тірек сызбалар арқылы ұғып алса, оларды сабақта жиі пайдаланып отырса, оқу жүйесін жақсы түсінетін болады.
Берілген тірек сызбаларды пайдалана отырып, оқушыларға грамматиканы кеңінен және керекті ережені қолдануларына мүмкіншілік туғызуға болады. Сабақ барысында көп сөйлемей-ақ сабақ негіздерін қысқа да нұсқа ұсынып, шығармашылық ой-өріс жүйесін арттыруға жағдай жасалады. Оқушылар аудару жұмысын орындағанда грамматиканы оңай түрде қолдана алатын болады.
Қазақ тілі сабақтарында өзім қолданатын келесі тірек сызбалардың үлгілерін ұсынамын. Мысалы, лексика тарауы бойынша мынадай тірек сызбаларды оқушылар назарына ұсынамын.
1- сызба
1257300114300Лексика
00Лексика

28575008445500
80010113030Сөз және оның мағынасын зерттейді.
00Сөз және оның мағынасын зерттейді.

285750010604500
Лексиканың салалары:
Лексикология Сөз байлығын тексеретін ғылым.
Семасиология Сөз мағынасын зерттейді.
Этимология Сөздердің шығуын тексереді.
Лексикография Сөздердің дұрыс жазылуын зерттейді.
Фразеология, диалектология, топонимика, антропонимика, ономасиология, этнонимика, астрономика.
2- сызба
914400128905Сөздіктердің түрлері
00Сөздіктердің түрлері

228600882650050292008826500445770088265002286008826500
4343400971550035433009715500274320097155001257300971550018288009715500
8000982550түсіндірме
00түсіндірме
457200080645аударма
00аударма
285750080645этимология -лық00этимология -лық137160080645терминоло -гиялық00терминоло -гиялық
36576004445фразеология -лық00фразеология -лық20574004445орфоэпия -лық00орфоэпия -лық2286004445орфогрофия -лық00орфогрофия -лық
3- сызба
Сөздер жиынтығы
тілдің сөздік құрамы
Сөздер жиынтығы
тілдің сөздік құрамы

Кірме сөздер Басқа тілден енген сөздер
Айна, перде, таразы, мектеп, қалам, кірпіш, мереке, т.б.
457200952500
Диалект сөздер Жергілікті жерде ғана қолданылатын сөздер
Шырпы, ши, кепе, шақпа, кәсе, леген, т.б.
4572002603500
Фразеологизм
Құрамын, орнын өзгертуге болмайтын тіркестер Таяқ тастам – жақын,
Жүрек жұтқан – батыр
457200-63500
Неологизм сөздер Тұрмыста жаңадан енген
құбылыстар мен атауларды
білдіретін сөздер
Көрермен, аялдама, үйірме, келіссөз, ғарышкер, жүлдегер,т.б.
4572004000500
Термин сөздер Белгілі бір ғылым мен техникаға байланысты сөздер
Грамматика, синус, дирижер, лексика, т.б.
4572001270000
Кәсіби сөздер Белгілі бір кәсіпке байланысты айтылатын сөздер Атыз, әңгелек, жылым, т.б.
4- сызба
285750036703000137160076835Сөз мағынасы
00Сөз мағынасы
Сөз
1371600180975Белгілі ұғымды білдіреді
00Белгілі ұғымды білдіреді

68580010985500285750010985500285750010985500
51434107315Омонимдер
(дыбысталуы бірдей, мағынасы әртүрлі)
М: жаз (зат есім)
жаз ( етістік)
00Омонимдер
(дыбысталуы бірдей, мағынасы әртүрлі)
М: жаз (зат есім)
жаз ( етістік)
203263597790Синонимдер
(дыбысталуы әртүрлі, мағынасы бірдей)
М: сұлу, әдемі,
көркем, келбетті
00Синонимдер
(дыбысталуы әртүрлі, мағынасы бірдей)
М: сұлу, әдемі,
көркем, келбетті
3886200108585Антонимдер
(мағыналары бір – біріне қарама – қарсы)
М: отыр – тұр,
ақ - қара,
00Антонимдер
(мағыналары бір – біріне қарама – қарсы)
М: отыр – тұр,
ақ - қара,


Грамматикалық тақырыпты түсіндіргеннен кейін тапсырмалар беремін. Тапсырмаларды сабақ кезеңдері бойынша үш топқа бөлемін:
1. Түсінігін тексеру тапсырмалары
2. Сабақты бекіту тапсырмалары
3. Сабақты қорытындылау тапсырмалары
Бұл тапсырмалардың мақсаты:
- Білімдерін тереңдету, қайталау, пысықтау.
- Сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыту.
- Шығармашылығын, ізденісін арттыру.
- Оқып үйренген тақырыпты меңгеріп, есте сақтау қабілетін дамыту.
- Ой-өрісін, белсенділігін, қызығушылығын, шығармашылық ізденісін ояту.
Тиімділігі:
- Берік білім негізі қаланып сөйлеу қабілеті дамиды;
- Тұжырымдап, топшылау дағдылары қалыптасады;
- Оқушыларды өз еріктерімен шығармашылық қызметке бағыштайды;
- Оқушылардың сабаққа дайындалу процесін тездетеді, жеңілдетеді.
Осы тірек сызбалардың нәтижесін анықтау мақсатында, жалпы бұл тірек сызбалардың оқушыларға көмегі бар ма, бар болса қаншалықты көмектеседі деген оймен өзім сабақ беретін сыныптарда, оқушыларға анкеталық сұрақтар жүргіздім. Оқушылардың көпшілігі оның қажет екендігін, көмегінің көп екендігін айтып қолдады.
Қорыта айтқанда, өздігінен белсенді әрекет ету арқылы білімді меңгерту қазіргі мұғалімнің негізгі талаптарының бірі. Сонымен мемлекеттік тілді оқыту жүйесіне ақпараттық технологияны енгізу тілді саналы меңгертіп, байланыстыра сөйлеуде ғана емес, өскелең ұрпақтың ізденімпаздық әрі шығармашылық қабілеттерін дамытуда ықпалы зор және тіл меңгеруге деген қызығушылығы арта түсетіні айдан анық. Сабақтың мазмұнына байланысты кейбір мәселелер жөнінде қойылатын сұрақтар немесе оқушылардың өздерінің сұрақ қоя білуі мен жауап қайтарудағы тапқырлығы проблеманы түсінудің маңызды көрсеткіші екендігінің айқын дәлелі. Сабақтың барысында өз көзқарасын дәлелдеп, пікірін қорғай білуге талаптандыру, басқаларды да тыңдай білу және өз позициясын түсіне білуге, құрбы-құрдастарын ренжітпей, өз ойын қисынды айта білуге үйрету, сөйтіп, адамдар арасындағы, яғни, құрбыларымен, оқытушыларымен қарым-қатынасты дұрыс жолға түсіруге ықпал ету болып табылады.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана: Елорда, 2008. – 23- б.
2. Қалым Г.М. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар // Педагогикалық альманах, 2011.– 1.
3. Жұматаева Е. Жоғары мектеп дидактикасы. – Павлодар, 2006.
4. Түсіпова А. Компьютер - оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы.– Қазақстан мектебі, 2004. №7.
5. Өтемұратова Б.С. Білім беруде ақпараттандырудағы мәдениет танымдық аспектілер // Қазақстан кәсіпкері. – 2009. – №11.
6. Қазақстан мектебі. «Ақпараттық технологиялардың тиімділігі», 2008 ж. №67. Қазақстан мектебі. «Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану тетіктері», 2006 ж. №4