Презентация по истории на тему Тарих саба?ында мотивациялы? ?діс-т?сілдерді ?олдану
Тарих сабағында мотивациялық әдіс-тәсілдерді қолдану
Бүгінгі ғаламдану кезеңінде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігінің даму тенденциясынан ажыратып қарастыру мүмкін емес. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру, даму жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз.
Оқушылардың пәндік құзіреттілігін қалыптастыруда - оқушыларды ғылыми ұғымдармен, зерттеу әдістері жайлы білімдермен қаруландыруға, зерделенетін әдістерді практикада қолдана алу үшін қажет біліктілігін жетілдіруге, оқушылардың ғылыми ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, жауапкершілікке, ғылыми мәдениетке, ғылыми жүмыстың әлеуметтік ролін түсінуге тәрбиелеуге үйретеді.
дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы; дарынды оқушыларды (жекелей және топпен)оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі; оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы; дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі; дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі; дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.
Қазіргі кездегі білім берудегі мұғалімнің мақсаты білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады. Ал тарихты оқыту - өзара байланыста және үнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі процесс. Ол оқыту мақсаты – оның мазмұны – білім беру және оны игеруге басшылық жасау – оқушылардың оқу әрекеті – оқыту нәтежиесі деген тізбекті құрайды
Сыни тұрғыдан ұғынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға; Өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жету танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға; Ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түрлендіруге және тасымалдауға, оның ішінде қазіргі заманғы ақпарттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға; Логикалық операцияларды қолдана отырып, ақпарттарды өңдеуге; Өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпарттарды қолдануға мүмкіндік береді
Соңғы жылдары білім сапасы тест көмегімен бағалануда. Оның есесіне оқушылардың алған білімдерінің практикалық қызметте қолдану қабілетін бағалайтын тапсырмалар аз қолдануда. Тарих сабақтарында мұндай тапсырмалар қарапайым дерек көздері және құжаттарды зерттейтін зертханалық сабақтар жүргізумен тікелей байланысты. Оқушылар сабақтан бос уақытында мұражай мен мұрағаттағы жұмыстары негізінде баяндама, реферат, ғылыми мақала дайындауы да тарихи білімін бағалаудың өлшемі болуы тиіс
Ақпараттық технологияның ерекшеліктерін атай келе, осы технологияны меңгерудегі мұғалімнің кәсіби шеберлігі, ақпараттық технологияны дұрыс және ұтымды пайдалана білуі басты мәселе болып саналады. Ақпараттық технология қана білім мен тәрбие беру процесіндегі мұғалімнің қосымша құралы ретінде ғана қолданылады.
Қортынды Қиындық жағы неде.Оқушыға көп қиындығы болмағанымен, мұғалім үшін туғызар қиыншылықтары бар. Мысалы, сабақта деңгейлік тапсырмаларды тексеріп, дұрыс болған жағдайда ғана келесі деңгейге көшу керек. Осы кезде мұғалімге бүкіл сыныпты тексеріп шығу өте ауыр.