С?кен Сейфуллин А?са? киік ?ле?і


Бекітемін:_______________
Пәні: Әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік»өлеңі
Мектеп: №118 орта мектеп
Күні: 02.02.2017 ж. Мұғалімнің аты-жөні: Сүлейменова Эльмира
Сынып: 5ә Қатысқаны - Қатыспағаны -
Осы сабақта қол жеткізілуге тиіс мақсаттар Т/А2 Түрлі контекстегі мәтіндердің идеясы мен даму бағыттарын анықтау.
О2 Негізгі ойды анықтап, мәтін құрылымын ажырату.
Ж6 Әртүрлі жанрларға сай мәтіндер құрастыру.
Ж10 Эссе жазу.
Бағалау критерийі Барлық оқушы істей алады:
Мәліметтің негізгі бөліктерін түсінеді, нақты және астарлы ойды анықтап айтады
Оқушылардың көпшілігі істей алады:
Өз ойын әртүрлі мәтіндермен байланыстыра отырып, орта көлемді мәтін жазады
Кейбір оқушылар істей алады:
Оқылған мәтін бойынша өткір (кекесін) сұрақтар дайындап, дәлелдемелер келтіре отырып, өз пікірін
қорғайды
Бағалау критерийі Дескриптор
1.Тірек сөздер, мəтіннің бастапқы бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты жəне көтерілетін мəселені болжау 1. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді
2. Негізгі ойды анықтайды
2. Тыңдалған мәтіндер бойынша өз пікірін дәлелдеу және қорытындылау 1. Тыңдалған мәтін бойынша өз пікірін дәлелдейді
2. Өз ойларын білдіреді
3. Мәліметтерді жинақтау 1. Әр айтар ойын жүйелі түрде сараптап сөйлейді
2. Алған ақпараттарын жүйелеп қорытынды жасайды
Осының алдындағы оқу
5 мин
Шығармашылық жұмыс.
Жалпы өтілген тақырыптарды қайталау.
Сабақ кезеңдері Сабақта жоспарланған оқыту іс - әрекеттері Оқыту ресурстары
Стартер
3 мин «Миға шабуыл»
- Балалар, бәйтерек ағашы туралы не білеміз?..
Қазақ бәйтерек ағашын киелі санап , қасиет тұтады.Тамырын тереңге жайған бәйтерек сан тарапқа жол алып, көкпен жарыса өседі. Ұзақ жылдар бойы өсіп-өнетін ағаш екен. 
Біздің қазақ халқы өз ұлын, батырларын ескеріп, еңбегін бағалап, «Бес арыс», «Үш бәйтерек» деп өмір сүрген қоғамына, еңбегіне қарай топтап, бағалап келеді.  «Үш бәйтерегіміз» кімдер екен? (Сәкен, Ілияс, Бейімбет). 
«Абайдың інілері, Қазақтың ірілері – Сәкен, Ілияс, Бейімбет» деп жырлағандай бүгінгі сабағымызда Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы оқып танысамыз.
       Үш бәйтерек                                            
Қалың қара қазаққа
Үш бәйтерек атандың.
Жаның малынып азапқа
Ұрпақ үшін сөз алдың.
Кейде күйіп, кейде мұң,
Көңілге жақты қараны.
Артта мына ұрпақтың
Болдың міне ұраны.
Ақылменен терең ой
Тіпті жанға сыймаған.
Ілияс, Бейімбет, Сәкен ғой
І топ. Сәкен сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы.
ІІ топ. Бетпақдала туралы.
ІІІ топ. Киік туралыСабақтың басы
7 мин Топтық жұмыс. Әр топтың тақырып бойынша ізденіс, шығармашылық жұмысы
Сейфуллин Сәкен (Садуақас, 1894-1938) - қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері. Туып-өскен жері - Қарағанды облысының Шет ауданына (бұрынғы Жаңаарқа ауданына) қарасты Ортау кеңшарының Қарашілік қыстағы. Саяси репресияның құрбаны болған. Нілдідегі орыс-қазақ және Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде (1905-1908), үш класстық қалалық училищеде (1908-1913), Омбыдағы мұғалімдер семинариясында (1913-1916) оқыған. Омбыда қазақ жастарының Бірлік қауымын, Ақмолада Жас қазақ ұйымын ашып, Тіршілік газетін шығаруды ұйымдастырған.
Сәкеннің алғашқы өлеңдер жинағы «Өткен күндер» деген атпен 1914 жылы жарық көрді. Поэзиялық туындыларының ішінде Сәкеннің шығармашылық ерекшелігі мен идеялық-саяси ұстанымын бедерлі айғақтайтын туындылары – «Кел жігіттер», «Жас қазақ марсельезасы», «Жұмыскерлерге», «Жолдастар» сияқты саяси лирикалары, сондай-ақ «Советстан», «Көкшетау», «Альбатрос», «Социалистан», «Қызыл ат» поэмалары. Проза саласында «Жер қазғандар», «Айша», «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда», «Жемістер» поветері мен «Тар жол тайғақ кешу» мемуарлық роман жазған. «Бақыт жолында», «Қызыл сұңқарлар» драмалары өз заманының рухын танытатын елеулі шығармалар.
Сәкен шығарған әндер халықтық дәстүрді тұғыр ете отырып, дүниеге  өзіндік даралық сипаттармен ерекшеленеді.
Сәкен қазақ маңдайына біткен біртуар дара тұлғалардың бірі. Ол өз ұлтын қалтқысыз сүйіп, халқына еңбек сіңірді.
Бүгін С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңімен танысамыз. Бұл өлеңін ақын 1924 жылы жазыпты. Бұл өлеңнің әні бар. Әнін жазған Сәкен Сейфуллиннің өзі болатын
ҚБ. Екі жұлдыз, бір ұсыныс
Сабақтың ортасы
10 мин Жұптық жұмыс«Түртіп алу» әдісі.
Оқушылар өздеріне таныс емес сөздерді қарындашпен белгілеп отырады.
Экранға сөздік жазылады.
Қу баялыш – шөптің атауы. Сегіз көштік – ұзындық өлшемі. Таңы – жануардың әсем, сұлу мүсіні. Қос – шатыр, күрке. Бетеге – шөп атауы. Шөбі сұйық - шөбі аз. Саяқ-некен – (дұрысы некен-саяқ) аз. Меңіреу – бұл жерде тып-тыныш. 
(Ән тыңдап болғаннан кейін )Өлеңде Бетпақдала туралы Бірде киік, бірде бөкен деп суреттейді. 
Бетпақдала – Сарыарқа деген үлкен аймақтың шөл даласы. Сарыарқа Батысында Торғай үстіртімен, шығысында Шар, Аягөз өзені аңғарларымен шектеседі, оңтүстігінде Батыс Сібір жазықтарымен көмкерілген. Бұл аймақта Қазақстанның ірі 6 облысы орналасқан: Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Петропавл, Павлодар. Қысы суық, жазы ыстық болады. Пайдалы қазбаларға өте бай. Басты өзендері: Есіл, Нұра, Сарысу. 
Табиғат зоналары шөлейт және шөл зоналармен көзге түседі. Қуаңшылық жерлер көп болғандықтан  сор, сортаңды жерлерде өсетін көкпек, жусанның бірнеше түрі кездеседі.Себебі олар шөлді қоңыр топыраққа өседі. Шөлейт өрісі мал жайылымына өте қолайлы. Тұз тағысы ақбөкен де кең даладан жай тапқан.
(Әкраннан киіктің әсем суреті көрсетіледі.)
Киік - аталық, бөкен – аналық жануар. Оның мүйізі медицинада дәрі-дәрмек жасау үшін пайдаланылады. Еті, мүйізі бағалы. Олар шөлді жерде мекендейді. Негізгі мекені – Бетпақдала. Ол Сарыарқаның оңтүстігінде орналасқан.
- Географиялық тұрғыдан біраз мағлұмат алсақ, енді әдеби тұрғыдан өлеңнің көркемдігіне назар аударып, талдау жасайық. Алдымен өлеңнің құрылысына назар аударайық.
 
Билердің даналық сөздерін оқыту
Оқушылар бір – біріне мазмұнын түсіндіреді
ҚБ. Қол шапалақтау
Сабақтың соңы
6 мин Жеке жұмыс
«Екі жақты күнделік» әдісі бойынша кесте толтыру
Мәтін бойынша Оқушы талдауы
5 ми
нYI.БАҒАЛАУ
Бағалау парақшаларын жинап алу
Оқушыларды бағалау Үйге тапсырма
Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңінен үзінді жаттау Рефлексия
Сабақтан алған әсерлерін стикерлерге толтыру