«Алдымен с?й, арда?та ата-ана?ды»
Сабақтың тақырыбы: «Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды».
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға ата-ананы құрметтеуге, сыйлауға, қамқор болуға шақыру.
2.Бала бойындағы жақсықасиеттерді арттыра түсу.
3.Сыйластыққа, қамқорлыққа, кішіпейілділікке баулу.
І. Отбасы бақытты-бала бақытты
1. Ойға шабуыл.
2. Сүйіспеншілік сипаты
3. Қорытынды
Өсиет сөздер
1. «Баланың жақсысы- қызық, жаманы-күйік» (Абай)
2. Ата-бабасын сыйламау – азғындықтың белгісі. (Пушкин)
3. Кімде –кім ата-анасы разы еткен болса, ол қандай жақсы.
4. Алла тағала оның өмірін ұзартады. (мың бір хадистен)
Салынған талдың суреті.
Мұғалім:
Баламның табанынына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін- деп әлпештеген перзентіңіз мейірімсіз, қатыгез, жаман бала болғанын кім тілейді дейсіз? Бірақ бүгінгі күні ата-анасын құрметтемейтін, перзенттік парызын орындамайтын өз бетімен жүретін балалар бар екені анық.
Осы тақырып төңірегіндегі топтастырып, әрі қарай жалғастыру.
1. Отбасы бақыты ол...
Бақыт дегеніміз...
Борыш дегеніміз...
Келешектегі отбасымның бақыты үшін мен...
Бұл сұраққа жауапты кім білгісі келмейді?
1. Сынып оқушыларымен қарым қатынасың қандай?
Сыныптағы жақын достарың?
Сыныптан тыс уақытта достарың кім?
Сыныптағы тәртібің қандай деп ойлайсың?
Үйдегі қылықтарың қандай?
Мектеппен үйдегі тәртібің сәйкес келеме?
Сені не қызықтырады?
Бос уақытыңды қалай пайдаланасың?
Достарыңның сенен жасыратын сырлары бар деп ойлайсыңба?
Қиын жағдайда кіммен ақылдасаң?
Жақын досыңның жан дүнесін түсіне білесің бе?
Саған ортаның әсер, жолдастарыңның ықпалы әсер етеме?
Сыныптастарыңды жан-жақты тани білесің бе?
Отбасыңды ең бақытты отбасы деп есептейсің бе?
Сені отбасыңдағы қандай мәселе мазалайды?
Қатты қиналып, бойыңды қорқыныш билеп
«отбасымнан безіп кеткім келеді» деген ойлар мазалаған кездер болды ма?
Өзіңді бақыттымын деп есептейсіңбе?
Отбасың үшін сенің ұялған кездерің болды ма?
Ата-анаң үшін сенің ұялған кезің болды ма?
Өз отбасыңның қандай болғанын армандайсың?
2. Сүйіспеншілік сипаты.
«Отбасының бақыты үшін не керек?» деген сұраққа байланысты ойларыңызды көк жапыраққа жазып, ал отбасын бұзатын жағдайлар туралы ойыңызды сары жапыраққа жазып, ілулі тұрған тақтадағы ағашқа жапсырамыз. Әрбір отбасы – өркен жайған ағаш діңгегі. Сары жапырақтар көп болса, отбасына қауіп –қатер, жайлай бастағаны. Ол мына өздеріміз жазғандай келіспеушілік, әкенің балаға, баланың анасына көңіл бөлмеуі.
Ал, көк жапырақ көп болса онда сіздің отбасыңызда бақыттың орнағаны, сыйластық, адалдық, жүрек жылуы.
Үлкендер бата бергенде көктеп көгер, ұрпақ жай деп жатады.Бақыты үшін мына өздеріңіз жазған жақсы ойлардың барлығы керек.
Қорытынды.
Күнді қолмен бүркеуге болмайтындай барлық проблемалардан қашып құтылу мүмкін емес.
Балаларымызды тек қана компьютермен қымбат киім алып берумен ақшамен қамтамасыз етумен шектелмей, олардың өміріне белсене араласып, проблемаларды бірге шешетін кез келді. Макаренканың «Біздің-балаларымыз біздің қартайған шағымыз. Дұрыс тәрбие – бұл қарттық, нашар тәрбие—бұл біздің болашақтағы сорымыз. Бұл біздің көз жасымыз, басқа адамдар мен бүкіл ел алдындағы кінәміз» - деп айтқандай, бақытты қарттық көргіміз келсе балаларды жақсылап тәрбиелейік.
Қадірменді оқушы, ата-анаңа ақыл қосар ақылшысы екеніңді, көмекші екеніңді, ертеңгі үміті екеніңді ұмытпа.
Әрбір отбасы үшін бақыт сол отбасын құрап отырған мүшелердің барлығына тікелей байланысты.
Тақырыбы: «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл».
Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушыларымыздың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, адам денсаулығының қымбаттылығын, жат қылықтардан сақтай отырып, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру. денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру. Жаман әдеттерден сақтандыру, ішімдік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау.Дамытушылық: Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.Тәрбиелеу: Өзін - өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, плакаттар.Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі:Кіріспе сөз. Бүгінгі сабағымызды Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі. Құрметті оқушылар «Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл» деген тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың жоспарымен таныстыра кетсек:Жоспар (слайд)I. Жақсыдан үйрен,Жаманнан жирен.а) жұмбақ кейіпкерб) жағдаяттарII. Зиянды әдеттер (мұғалім)III. Медбике кеңесі.IV. Денсаулық - зор байлық.(сұрақ - жауап)V. Сергіту сәті.VI. Қорытынды.Бұл бөлімдердің барлығы да бүгінгі ұрпақ тәрбиесі үшін маңызды мәселелер болып табылатынына біз сенімдіміз. «Дені саудың жаны сау», «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»деп қазақ халқы айтпақшы қазіргі кезде келер ұрпақ жаман әдеттерге үйір, еліктегіш болып өсіп келе жатқаны кім - кімге де ақиқат. Оқушылар жаман әдеттер деп отырғанымыз қандай әдеттер?Оқушылар жауабы.Мұғалім: шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, жұқпалы аурулар, бұзақылық.«Арақ - арыңа нұқсан, темекі тегіңе нұқсан»демекші балалар бұл зиянды әдеттерден аулақ болуымыз керек.Оқушылар бізге бүгін жұмбақ бір кейіпкер хат жолдап отыр екен соңы оқып көрсек.Өзімнен өзім сыр таптым,.Өле алмай жүрген сырқатпын.Шіріген картоп сияқты,Бұрышында қалған бір қаптың.Өзімнен өзім тістенем,Істеген ісіме өкінем.Ұмытайын десем қорқамын,Көрмейтін сұмдық түс көрем.Жұмбақ кейіпкердің хаты Қымбатты оқушылар 14 - 15жасымда үлкен бір өкінішке тап болдым. Сол 8 - 9сыныптар мен үшін естен кетпес уақыттар. Кейбір жандар естен кетпес деп қуаныш пен шаттыққа толы кездерін айтса мен үшін естен кетпес деген сөз өмірімдегі ең ауыр сөз. Неге енді сол 14 - 15жасым ауыр кез екенін мен сіздерге әңгімелеп берейін. Менің жолымды қайталамасын деген ниетпен сіздермен сыр бөліскелі отырмын. Мен бастауыш сыныптан бастап алғырлығымен өнерлілігім, ұшқыр білімнің арқасында көзге түстім. Сол 6 жасымнан бастап 14 жасқа дейін білімді алғыр болып өскен оқушы 8 сыныптан бастап мүлдем басқа адамға айналды. Күрт былай өзгеруіме себеп болған жағдай алғашқы махаббат. Мен сыныпқа жаңадан келген бір қызға ғашық болдым, ол қыз менің сезіміме жауап қайырмаған соң мен өмірден түңіліп, жаман жолға түсіп кеттім. Көшедегі жаман балалармен темекі тартуды да үйреніп, кейін сабақтарға да мән беруді қойдым. Сөйтіп жүріп 8 сыныптың 1 тоқсанында қалай күнделігім 2 мен 3ке толып шыққаның білмей де қалдым.Кейін оқуға қолымды бір сілтеп, сабаққа баруымды да қойдым. Әрине, бұл менің әке - шешеме де ауыр тиді, қанша маған сөйлеп те, ұрып та тәрбиелемекші болса да мен құлақ аспай өз білгенімді істедім. Мектепте ұстаздар, үйде әке - шеше сөзін естімеу үшін мен үйге қонуды да қойдым. Одан арғы өмірім өзім үшін қызық болып көрінді. Подвалда түнеп, ұрлық жасап, төбелесте алдыма жан салмай, ішкенім арақ, шеккенім темекі болып, нашақорлық пен жұқпалы ауруға қалай тап болғанымды білмей де қалдым.
Солай өмір зымырап өте берді. Ал мен осы өмірдің ағысына төтеп бере алмай темір тордың ар жағынан қалай шыққанымды білмей де қалдым. Темір тордың аржағында ғана есімді жиып өкініштен өзегім өртеніп басымды тауға да, тасқа да ұрып қалай осы күйге жеттім деп шарқ ұрдым.6 ай темір торда отырып шығып, жаңа өмір бастауға бел будым. «Бүгінгінің баласы ертеңгінің данасы» дегендей балалар «қамшының сабындай қысқа өмірді» бостан босқа өткізбейік, достар! Қандай жағдай болмасын адам баласы мойымай әрқашан қиындыққа төтеп беру қажет. Оқушылар жарқын болашаққа сеніммен қарап нық қадам басуымыз қажет. Ашуды ақылға жеңдіріп мен секілді қателікке бой алдырмай аулақ болыңыздар.
Оқушыларға берілетін сұрақтар:1. Оқушылар жұмбақ кейіпкердің әрекеті дұрыс па?2. Сіз жұмбақ кейіпкердің орнында болсаң не істер едің?Келесі бөліміміз жағдаяттар(слайд)1 жағдаят:Бір күні сені жан досың бір отырысқа ертіп баратындығын айтты. Онда барғаныңда үлкен жиынның үстінен түстің. Сен бейтаныс адамдар ішімдік ішуге, шылым шегуге шақырады. Досың да солар жағында. Бұған дейін досыңның мұндай әдеттерін байқамапсың.Осы жағдайда сен не істер едің, қандай да бір шұғыл шешім қабылдайсың ба? Өз шешіміңмен бөліс.2 жағдаят:Сыныпқа жаңадан оқушы келді. Барлық сынып оқушылары онымен жақын араласып кетті. Сіз онымен дос та болып алдыңыз. Кейін сіз оның жұқпалы аурумен ауратының білдіңіз.Бұл жағдайдағы сіздің іс - әрекетіңіз қандай?3 жағдаят:
Сенің өте жақсы көретін ағаңның аузынан ептеп сыраның иісі шығатынын бір – екі рет байқадың. Ағаңды қалай құтқарар едің?4 жағдаят: Мектептен шығып үйге келе жатқаныңда темекі шегіп отырған бір баланы көрдің. Сен не істер едің?5 жағдаят: Саған 11 - сынып оқушысы: «Маған күнде бір қорап темекі алып бер. Екеуіміз бірлесіп шегеміз. Мұны тек сен екеуіміз ғана білетін болайық. Әйтпесе......» деп жұдырығын көрсетіп, шарт қойды. Не істейсің?II. Зиянды әдеттер (мұғалім)Слайд пен плакаттар арқылы оқушыларға мағлұматтар беру.III. Медбике кеңесі. (оқушылар сұрақ қояды)- Қазіргі кока-кола, чипсы дегендердің құрамында бізге зиян қандай нәрселер бар?IV. «Денсаулық – зор байлық» сұрақ жауап кезеңі.
1 – топқа:1. Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?Денсаулық дегеніміз - адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп, жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді. Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты.Денсаулық салауатты өмір салты туралы ғылым.2. Денсаулықтың достарына, қастарына нелерді жатқызамыз?3. Өздерін қандай спорт түрлерін жақсы көресіңдер?2 - топқа:1. Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?Жеке бас гигиенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу.2. Біз не үшін тамақтанамыз? Адам үнемі күш қуатты жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білу тиіс. Дұрыс тамақтану - денсаулық негізі. Өмір сүру үшін тамақтанамыз.3. Қазақстанның туын көкке көтеріп, намысымызды асқақтатып жүрген қандай спортшыларды білесіңдер?3 - топқа:1. Денсаулыққа не зиян?(Күн тәртібін бұзу, жеке бас гигиенасын сақтамау, аз қозғалу, жағымсыз әдеттерге әуес болу )2. Сезім мүшелеріне не жатады? Көз, құлақ, мұрын, тіл, тері.4. Кандай ұлттық ойындарды білесіңдер?V. Сергіту сәті.Би – қозғалыс. Қозғалыс – денсаулық. Денсаулық – зор байлық. (Би «Чемпиондар әні»)VI. Қорытынды:Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Тақырыбы: Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл.Мақсаты:Білімділік: Салауатты өмір салтын сақтау, денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін оқушыларға ұғындыру.Дамытушылық: Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіруТәрбиелік: Өзін - өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.Әдісі: ойын, жұмбақ шешу, мақал-мәтел айту, сұрақ-жауап, плакаттар.Көрнекілігі: Суреттер, муляждар, нақыл сөздер, буклетБарысы :І. Ұйымдастыру кезеңі.ІІ. Кіріспе бөлім.Тәрбиеші:Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030»стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында, Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ақуалы жақсы болуы тиіс,-деп атап көрсеткен болатын.Сол бағдарламаға орай бүгінгі « Мұрагер » тобы оқушыларының арасында өткізілгелі отырған «Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл» атты сабағымызға қош келдіңіздер!Тәрбие сағатымыздың мақсаты: Денсаулықтың негізі- қимыл, спортпен шұғылданып, дұрыс ұтымды тамақтанып өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеп, ойын арқылы да салауатты өмір салтын сақтауға болатындығын ұғындыру.Бүгінгі тәрбие сағатында оқушыларды екі топқа бөліп ,ойндарды жарыс түрінде өткізгелі тұрмыз.Сайысымыз 7 бөлімнен тұрады:1. Әр топтың өздерін таныстыруы,2. « Білегіңе сенбе, біліміңе сен » Ой ашу: блиц-турнир сұрағы 3. Ойын : « Бас қатырғыш »4. Өмір театр. Көрініс5. Ойын: Қапшықта не бар?6. Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар. « Оқтау тартыс »7. Ойын: « Кім жылдам ,» Апельсин жеуден жарыс.Олай болса әділ қазылар алқасын сайлап алайық.Әділ қазылар алқаларының алдарында 3 түсті смайликтер қойылған, сары, жасыл және көк ең жоғары ұпай саны 7сары түс; 5 жасыл түс; 3 көк түс.Қай топтың қоржынында сары түсті смайлик көп сол, со топ жеңіске жеткен болып саналады.Олай болса,егеменді еліміздің тұтқасы болар,болашақ сол жас ұрпақты қол соғып қошеметтеп ортаға шақырайық:Сайыскерлерді таныстыру: І . Денсаулық тобыІІ. Салауат тобы:ІІІ. Сайыскерлер тобымен, ұранымен таныстырады.ІV. « Білегіңе сенбе, біліміңе сен » Ой ашу: блиц-турнир сұрағы.Оқушылар қолдарын көтеріп жауап беру керек1.Тіс тазартатын құралдар (щетка, паста)2. Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын)3. Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ (дене тәрбие)4. Жалқаудың досы (еріншектік, ұйқы)5 Адам өміріне ең қажет (ауа, су, жылу, жарық, тамақ)6) тазалық кепілі (денсаулық)Ойын : « Бас қатырғыш »Ойынның шарты: көкөністер мен жемістердің суреттері қиынды түрінде берілген, сол қиындыларды жылдам, дұрыс орналастыру керек.Өмір театр: КөрінісV. Сергіту сәті: Би-қозғалыс, қозғалыс-денсаулық, денсаулық-зор байлық.VI. « Қапшықта не бар?» ойыны.Ойынның шарты: ойыншылардың көздері байлаулы болады, кезекпен келіп, қапшықтың ішіндегі заттардан біреуін таңдап алады да сипап сезу арқылы заттың атын айту керек және алған заты адам денсаулығына пайдалы ма, әлде зиян ба соны ажыратып айтуы тиіс.Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар.Ойын: « Оқтау тартыс » Әр топтан екі-екіден ойыншылар шығып, оқтау тартысып ойнайды.Ойын: « Кім жылдам » Ойын: « Мені жалғастыр»ойын « Мені жалғастыр» деп аталады , бұл ойында оқушылардың денсаулық туралы мақал мәтелді қаншалықты жақсы білетіндігін анықтау. Денсаулық тобына:1. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде2. Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ.3. Күлкі денсаулық мүлкі4. Ішің ауырса.аузыңды тыйКөзің ауырса, қолыңды тыйСалауат тобына :1. Дені саудың, жаны сау.2. Тазалық-саулық негізі,Саулық-байлық негізі.3. Демі бардың-емі бар.4. Басы аманның малы түгел. VII. Қорытынды: Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!Өмірде бақыттысың денің сау да.Денсаулық терең бақыт деген сөзді,Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші, сайысымызда өз мәресіне келіп жетті.Осымен сайысымызды аяқтаймыз, әділ қазылар алқасына сөз беру, оқушыларды марапаттап сертефикаттарын табыстау.
Тақырыбы: Дені саудың - жаны сау.Мақсаты: 1. Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбат, өмір сүру үшін маңызы жоғары байлық екенін ұғындырып, салауатты өмір салтын насихаттау.2. Шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.3. Ұқыпты, таза. салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.Көрнекілігі: слайд, кубиктер, спортшылар суреттеріТүрі: топтық жұмыс.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру: Шаттық шеңберінде тұрып сәлемдесу.«Қайырлы күн, достар!, Қайырлы күн қонақтар!, Қайырлы күн Бәріңе!»ІІ. Кіріспе: Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, мектеп оқушылар! Бүгінгі 3 - сынып оқушыларының «Дені саудың жаны сау» тақырыбындағы сынып сағатына қош келдіңіздер!Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Халық денсаулығы атты мемлекеттік бағдарламада халықтың денсаулығын атап көрсеткені баршамызға белгілі. Бағдарламаның басты мұраты – халық. Халықтың денсаулығын сақтау, демографиялық ахуалын жақсарту.Шығыстың әйгілі данышпаны Әл - Фараби «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен.Расында да, ел болашағы жастар. Ал жастарымыз нашар, маскүнем, ауру болса, ел тағдыры не болмақ? Адамның басты байлығы денсаулық. Денсаулық дегеніміз адам ағзасының қалыпты дұрыс жұмыс істеуі. Денсаулық адамға табиғат сыйлаған басты құндылық. Денсаулықты нығайтудың негізгі тәсілдерінің бірі - салауатты өмір салтын сақтау болып табылады. Сонымен, бүгінгі «Дені саудың - жаны сау» тақырыбындағы сынып сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!- Оқушылар шаттық шеңберінде тұрып сәлемдеседі.«Қайырлы күн ДОСТАР!, Қайырлы күн ҚОНАҚТАР!, Қайырлы күн БӘРІҢЕ!1. Жүргізуші:- Қайырлы күн балалар, Қайырлы күн құрметті қонақтар!2. Кубиктерден сурет құрастырып көрейікші.- Қандай суреттер шықты?- С. Сәпиев- С. Сәпиев кім?- С. Сәпиев - боксшы, халықаралық спорт шебері.Екі дүркін Олимпиада чемпионы (Бейжің - 2008, Лондон - 2012).- екінші суретте кім?- Илья Илин.- Илья Илин кім?- Илья Илин - зілтемірші, ауыр атлет.Әлемнің үш дүркін чемпионы (Бейжің - 2008, Сидней, Лондон - 2012). Ауыр атлетика саласында ең жас Олимпиада чемпионы- С. Сәпиевтің суретін құрастырған оқушылар - «Денсаулық» тобы болып, Илья Илиннің суретін құрастырған оқушылар «Салауат» тобы болып екі қатарға жайғасыңдар!ІІІ. Негізгі бөлім.«Бірінші байлық – денсаулық» деп Халқымыз айтқандай, қазіргі заманда ең бірінші алға қойған мақсат, міндеттердің бірі адамның хал - ахуалы мен «Қазақстан - 2030» бағдарламасында көрсетілгендей, өркениетті елдің әрбір азаматының денінің саулығы, салауатты өмір сүре білуге дағдылануы болып табылады. Бүгінгі күнде Салауатты өмір салтын қалыптастыру әрбір адамның міндеті болып саналады.Салауатты өмір салтын қалыптастыру жайлы назарларыңызға:3. Слайдпен таныстыру.4. Сабақтың жоспармен таныстыру:1. Әр топ өз атын қорғайды.(Денсаулық - зор байлық),(Салауатты өмір – денсаулық кепілі).2. Мақал - мәтелдер айтады.3. Жұмбақтар шешеді.4. «Кім тапқыр» бөлімі. Суретпен жұмыс.( Атақты споршылар суреттері)5. Салауаттылыққа байланысты көрініс ұйымдастыру.(Оқушылар шығармашылығына)5. Ситуациялық сұрақтар.6. Салауаттылыққа, Дене шынықтыруға байланысты өлең - тақпақтар орындайды..ІҮ. БекітуУа халқым назар аудар денсаулыққа,Өмірде бақыттысың денің сауда.Денсаулық зор байлық деген сөзді,Орынды айтқан ұлы Абай данамыздаҚарсы ал ерте күн көзін, Жасамай бос жорамал,Төсегіңді жина өзің. Білмесіңді сұрап ал,Киме теріс киімді, Мақсат қоймай алдыңаТеппе киім - бұйымды. Қыдырып құр қаңғыма.Шығармағай есіңненАсықпай іш тамақты, Қашпа қоғам ісінен.Жалама аяқ - табақты. Әрқашанда тілектесПышақты ұста оң қолмен, Ата - анаңа көмектесШанышқыны ұста сол қолмен.Нанды үгітпе, қадірле,Қабығымен бәрін же.Саусағыңды сормағын,Салдыр - салақ болмағын.Салма ауызға инені,Үзбе, жұлқып түймені.Жасама жат қылықты -Былғама су, құдықты.Аяқ - қолың болмай кір,Тырнағыңды алып жүр.Әдет қыл бұл ісіңді -Тазалап жүр тісіңді.Деме тердіӘдептілік – әдемі!Бетті, қолды сабындап,Жиі жуу пайдалы - ақ.Тұра алмайды дамылдап,Микробтар тайғанап.Нан ұстасаң, қол жумайНанға жұғып, ішке еніп.Микробтар көңілі жайОтырады түстеніпМикроб жақсы көредіКәмпит - сәмпит шайнасаңЖылдам өсіп - өнедіАуызыңды шаймасаңТік ұстап денеңді,Сапқа тұр сен ендіЖанға сеп шынығуЖаттығу тынығуСымбатты болу даөзіңнің қолыңда.Шынықсаң шымыр боласыңСауығып, айдай толасыңСпортты серік ете біл.Салауатты сен боласыңШымыр болу оңай ма?Арман болған талайғаЖас жеткіншек! өзіңеАйта кету борышымАуырсаң ауыр кеселменДәрігер бермес қол ұшынАуырып ем іздегеншеАуырмайтын жол іздеДенсаулық ол шыныққан барлық денең мүшесіДенсаулық ол тыныққан, жүйке тамыр жүйесіДенсаулық ол – күлуің, көңіл - күйің жадырайДенсаулық ол жүруің, ешбір жерің ауырмай.Сымбат мүсін дегеніңБітім көркі дүниеніңСымбат жүру әдеміДене қалпын тік ұстапКөтеріп сәл кеуденіИық жазып дұрыстапТүзу отыр қисаймайБүкіреймей жантаймайКүш сап баспен арқағаЖатып алмай партағаАяқ - қол - көмекшіКүт оны ерекшеҚол жиі ластанарСондықтан істің әрСоңында қолды жуЖояды кірді суАяқ – қолды кірлетпеТырнақты алып жүр- Сонымен балалар, салауатты өмір салты дегенді қалай түсінесіңдер?А) спортпен айналысып, үнемі сергек жүру.Ә) Денсаулығы мықты болу.Б) Дұрыс тамақтану.В) Күн тәртібін нақты құра білу.Ү. Қорытынды.Міне құрметті қонақтар, сіздермен 3 - сынып оқушылары - Салауатты өмір салты жайында өздерінің білгендерімен, ойға түйгендерімен бөлісті.- Адам денсаулығы қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының қожасы. Салауатты өмір салтын сақтай отырып, тамаша денсаулықпен - тамаша өмір сүру өз қолыңызда!Сондықтан бүгінгі ашық сабағымызды Сара Алпысқызының мынандай сөзімен аяқтағым келеді: «Дені сау сәби – әр отбасының қуанышы бақыты. Ал, денсаулығы мықты сәби халқының болашағы, Отанының сенімді тірегі».Халқымыздың болашағы, Отанымыздың сенімді тірегі болар өскелең ұрпағымыз - жаны таза, дені сау, сергек болып өссін!Бүгінгі жеткіншектеріміз - Ертең Көк туымызды көгімізде желбіретер мықты азаматтар болып өссін!Барлығы хормен: Дені саудың - жаны сау!
Кері қайту
Ілмек сөздер: тәрбие сағаты, Дені саудың жаны сау, денсаулық адамға табиғат сыйы
Сабақтың тақырыбы: «Жол тәртібін білейік,
Аман-есен жүрейік».
Сабақтың мақсаты: Ойынды тәрбие құралы ретінде пайдаланып, бала сезімін кеңейтіп, тілін ұштастырып, жол ережесін жасына сай меңгерту. Көшеде жүру ережесін білу арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп, сақтыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: рульдер, белгілер, жол белгілерінің суреттері, бағдаршам.Сабақтың барысы:Сабағымызды жұмбақпен бастайықАяғы бар жүрмейді,Аузы жоқ сөйлейді. (Бағдаршам)Қонаққа бағдаршам келді. Қатты қағаздан жасалған бағдаршамның үлкен суреті.Бағдаршамның қызметі қандай?- Жол тәртібін реттеуші.- Бағдаршам сендерге хат әкеліпті, ашып көрейік, не жазыпты?Ойын «Бағдаршам құрайық»Қызыл көзін ашқанда,Сынық сүйем баспа алға.Сары көзін ашқанда,Қарап қалма аспанға.Жасыл көзін ашқанда,Өте бергін жасқанба.- Балалар жүргіншілер мынадай сұрақ қойыпты.- Жүргіншілер қай жолмен жүру керек?- Жиек жолмен жүреміз.- Жиек жол болмағанда ше?- Жер асты жолымен.- Жолдың қай жағымен жүру керек?- Оң қол жақпен жүреміз.- Қоғамдық көліктерге қай жерден отырамыз?- Аялдамадан отырамыз.- Өте жақсы, бағдаршамның берген сұрақтарына жауап бердіңдер.- Балалар бағдаршамға арнап тақпақтарымызды айтайық.Аруай: Ашса кезек үш көзін,Айтты деп ұқ үш сөзін,Тоқта, сақтан, жол ашық.Жүрме жолға таласып,Қызыл көзін ашқандаСынық сүйем баспа алға.Жанель: Қызыл жанды, тоқтағын,Көрдің жұрттың тосқанын.Сары жанды дайындал,Айналаңа қарап ал,Жасыл жанды, тыңдағын,Жолың ашық, тұрмағын.Еркебұлан: Мен көшеден өтерде,Бағдаршамға қараймын.Қоймаған ғой бекерге,Жәрдемшісі ол талайдың.Тәрбиеші:- Балалар, бағдаршам сендерге ойын әкеліпті.«Белгілерді құрастыр және айтып бер».Ойынның шарты: Балалар алған жарты белгінің екіншісін тауып құрастырыңдар, содан кейін атап беруіңіз керек.Жанатын бағдаршам ортаға шығады.Қызыл көзін жағады. Оқушылар қозғалмай тұрады.Сары көзін жағады. Балалар қол шапалақтайды.Жасыл көзін жағады. Балалар орындарында тұрып жүреді.Қорытындылау:- Балалар, бүгін немен таныстық.- бағдаршаммен.- Бағдаршамның неше көзі бар?- Үш көзі бар.- Қандай - қандай түсті шамдар?- Қызыл, сары, жасыл.- Көшелерден белгіге қарамай жүгіріп өтуге бола ма?- Жоқ.- Ал, көшенің қай жерімен өтуге болады?- Ала сызықты жерінен.Балалардың белсенді қатысқандарын мадақтау, сыйлықтар беру.
Кері қайту
Ілмек сөздер: бағдаршам, тәрбие сағаты, жол жүру ережесі, тәрбиелік шара жол ережесі
Сабақтың тақырыбы:«Сен еліміздің Ата Заңы – Конституция туралы білесің бе?»Сабақтың мақсаты: Еліміздің Ата заңы жөнінде түсінікті тереңдету.Сабақтың міндеттері:Білімділік: Оқушыларға Конституция ұғымы, тараулары, қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра білім беру.Дамытушылық: Түрлі сұрақтар, суреттер арқылы баланы ойланта отырып, олардың көзқарасын танытуға мүмкіндік жасау, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.Тәрбиелік: Өзіндік көзқарасы бар ұлтжанды азамат тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.Сабақтың түрі: Байқау-сабақКөрнекіліктер:Мемлекеттік рәміздер суреті, газет материалдарыСабақ барысыІ. Ұйымдастыру бөліміАмандасу, оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру.ІІ. Ой қозғауБалалар, мына өлеңді мұқият тыңдап отырып, онда не туралы жырланғанын айтыңыздар.Ата ЗаңАта Заңым,Алтын Заңым – ардағым,Аялаған адамзаттың арманын.Жол бастайды болашаққа жасампаз,Әрбір бабаң, тарауларың, тармағың.Алтын Заңда –Парасатым, пайымым.Алтын Заңда -Күш – қуатым, жалыным.Сен қорғайсыңБостандық пен құқықты,Анамдайсың елжіреген жаны күн.(Балалардың жауабы тыңдалады)ІІІ. Кім біледі? 30 тамыз қандай атаулы мереке? (Конституция күні)1 қыркүйектің ерекшелігі? (Білім күні)Конституция туралы не білесіңдер?ІV. Жаңа сабақ: «Санаға сапар»Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстанның Ата (негізгі) заңы.Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн 30 тамыз – мемлекеттік мереке – ҚР Конституциясының күні деп жарияланды.Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата заңы.(1937, 1978, 1993, 1995)Оның құрылымы кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады.Конституция – барлық заң салаларының негізі, ал оның нормалары – басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі.Конституция дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң.Конституцияның бірнеше баптарын таныстыру1 – бапҚазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.7 – бапҚазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.27 – бап1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.30-бап1. азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.36 – бапҚазақстан Республикасын қорғау –оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.V. Суреттермен жұмыс ( мемлекеттік рәміздер туралы оқушылар білімін саралау)VІ. Қорытындылау.ҚР Конституциясының ең жоғарғы заңдық күші бар. Әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін конституция, оның нормаларын пайдалана алады. Сонымен, ҚР-ның Конституциясы – елдің басты саяси құқықтық құжаты. Заңға бағыну – тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер бар. Сол қасиеттер қоғам дамуына негіз болады. Өз Отанын танып, сүюі, оның заңдарына бағынуы – бұл әр адамның азаматтық жауапкершілігін сезінуі, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы.
Сабақтың тақырыбы:«Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды»Сабақтың мақсаты: Ата - ана мен баланың арасындағы қарым - қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.
Көрнекіліктері: Тақырып, қағаздар, сиқырлы таяқша, альбом, газет, шар.
Сабақтың барысы.1. Баяндама. «Ата - ана махаббаты».2 «Біз біргеміз!» жаттығулар.3 «Өтінемін!» ойыны.4 «Сиқырлы таяқша» жаттығу5 «Тілек шамы».Баяндама. «Ата - ана махаббаты».Адамдар арасындағы қарым - қатынаста адамгершілік, әдеп - инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни, баланың ата - анасын жан - жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым - қатынастарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.Бала – ата - ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге, менің маңдайыма кірсін»,- деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.Ата - аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.Сондықтан да мектеп өміріндегі ата - аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата - ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын семинар тренингтердің маңызы орасан зор.Айлита:Халқымыздың даналығына құлақ ассақ: «Адамның бақыты балада». Біреу бақытты байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі - түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы: - өз ұрпағы: «Адам ұрпағымен мың жасайды».Аружан:Осынау іс - шарағаКеліпсіздер жиылып.Сәлем бердік сіздергеБіз де міне иіліп.Ата - ананың жүрегі«Бала» деп қана соғады.Баласы жақсы адамныңБасына бақыт қонады.Сағымбек:«Ата - ана ұстаз, қоғам - үшеуіТәрбиеге болар басты өлшемі.Бір тұтасып біріктірсе күштерін,Тәрбиенің қаланады мектебі»Назым:Құрметтейік, о адамдар, аналарды,Бізді өмірге әкелген даналарды.Себебі ана деген асыл жан ғойОйлаумен істелік әр қадамды.Асем:О, ата - анамТаянышым, тірегімБар бақытты бір басыңа тіледімБізді жақсы болса екен деп қашандаЛүпілдейді сенің қамқор жүрегің.Әсел:Алдымен сүй,, ардақта ата - анаңды,Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.Бар жақсылық балаға бұл ғаламдаМейірімінен ананың жасалады.Жырақ жүрген анасын сағынған,Ата - анаға сәлем айтқан ән - жырдан.Екеуінің қуанышы тілегіӘрқашан да бір арнадан табылған.Хор:Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын құдіретті ана емес пе? Сол құдірет иесінің алдында бәріміз де бас июге тиіспіз.«Есімдер альтерациясы»Ата - аналардың бір - бірімен тереңірек танысуы. Әрбір ата - ана өз есіміне сәйкес жағымды қасиеттер айтулары шарт.«Қолынан танып біл!»Көздері байлаулы әкелері балаларын тауып алулары керек.Талдау:1. Сізге балаңызды табуға не көмектесті?2. Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз? «Біз бақытты жанұямыз!»Алдын - ала салынған суреттер арқылы өз балаларыңыздың салған суреттерін тауып алыңыздар.Талдау:1. Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз?2. Өз отбасыңызды табу қиын болды ма?3. Суреттерден отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз? «Екеуміздің суретіміз!»Суретті бір - бірімен ақылдаспай салады. Баласы суретті бастайды, анасы ол суретті жалғастырады және суретті аяқтау керек.Талдау:1. Сіздің бастаған суретіңіз ойыңыздан шықты ма?2. Алға қойған мақсатқа жету үшін кедергі болды ма?3. Бір - біріңізді қалай түсіндіңіз?4. Өзіңіз суретке қанағаттанасыз ба? Жоқ болса неге?Әр отбасының салған суреттерін талқылауға уақыт беріледі.«Өтінемін» ойыны.Мақсаты: Ата - ана мен балалар арасындағы қарым - қатынасты жақсарту, бір - біріне көңіл бөлу, бір - бірін тыңдай білуге үйрету.Қатысушылар ортаға жартылай шеңбер жасап тұрады.- Құрметті ата - аналар, балалар! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіздер?- Рахмет, өтінемін, т, б- Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.- секіріңдер- оң аяқтарын көтеріңдер- өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңдар- өтінемін, бір - біріңді құшақтаңдар.«Сиқырлы таяқша» жаттығу.Сиқырлы таяқшаны бір - біріңе ұсына отырып, адам бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерді айтып шығайықЖағымды ЖағымсызМейірімділік өтірік айтуЖан ашу өшпенділікСыпайылық Кек сақтауДаналық Тіл алмау- Әр жағымсыз қасиеттің өзінің жақсы жағы болады. Мысалы: сараң адам ол – үнемшіл. Жағымпаз – жағымпаздана білмесең көп нәрсеге қолың жете бермейді, ол да – «өнер» Шыншыл - тура айтқан туғанына жақпайды, шындықтан не пайда, өзіңе кесір тиеді. Енді осы жағымсыз қасиеттердің де өзіндік жақсы жақтары болады, соны айтайық.«Тілек шамы».Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.- Құрметті ата - аналар, балалар. Біз сіздермен жанұядағы ата - ана мен балалар арасындағы қарым - қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан - жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір - бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір - бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.Оқушылардың орындауында би: «Маленькая страна»Қорытындылау:Тренинг бағдарламасы:1. Баяндама. «Ата - ана махаббаты».2 «Біз біргеміз!» жаттығулар.3 «Өтінемін!» ойыны.4 «Сиқырлы таяқша» жаттығу5 «Тілек шамы».
Кері қайту
Ілмек сөздер: тәрбие сағаты, ана отбасы ұйытқысы атты сценарий
«Ұстаз туралы үзік сыр»/аяулы ұстаз Әбікенова Несет апайдың шәкірт тәрбиелеуге сіңірген өнегелі өмір жолына арналған еске алу кеші/Баяу музыкамен бастауЖүргізуші:Ұстаздарсыз жүректерге гүл еккен,Адалдықты көкіректе түлеткен.Сіздің биік рухыңызға бас иіп,Еске аламыз сағынышты жүрекпен.Жүргізуші:Құрметті қонақтар, қадірлі ұстаздар мен оқушылар. Бүгін бәріміз қуанышты да, өкінішті де сезімдеміз. Өйткені өзі өмірден өтсе де, ұрпақ болашағына, тәрбие мен білім кеңістігіне қосқан елеулі үлесі ел есінен кетпейді.Аяулы ұстаз Әбікенова Несет апайдың шәкірт тәрбиелеуге сіңірген өнегелі еңбегінің мектеп өмірінде алар орны бар.Олай болса, осы ұстазымызды еске ала отырып, бір минут үнсіздікжариялаймын. (1 мин. үнсіздік)Жүргізуші:Несет апай құрметтіАрнадым өлең құдіреттіЕңбегімен еленіпОсылай апам гүлдепті деп қарт ұстаздың өмір жолына жыр арнаған Қошманова Жанар Омарқызының Ұстазға арнауыҰстазға арнауОйлайтын ел бірлігін, ел тірлігінАқылмен түзу ашар ой түндігін.Мақсаты биік алып, қарт ұстазғаАйтылды әннен шашу жыр боп бүгін.Айтайыншы қадірімді жекелепАйтпасаң да өмір шіркін өтер - ед.Шежіре ғой бұл кісінің өмірі,Келе жатыр қарт ұстазым мінекейБір ғасырды бір ғасырға жетелеп.Мың тоғыз жүз жиырма төрттің қысында1 май колхозында туылған.Молотовтың мектебінен білім апКіп - кішкентай қара қыздың сол кезденЕлі үшін белі мықтап буылған.Қоғамға еңбек етті адам үшінЖігерлі бойындағы сарқып күшінХалқының қайғысына ортақтасыпКөрсетті кең жүрекпен адал ісін.Елі үшін еңбек еткен ерінбегенЗаты әйел болсадағы елім деген.Сұм соғыс зардабының дәмін татып,Тылда да еңбек еткен қабақ қатыпРухани жанға азық бере білгенЖақсының жақсылығын көңілге ілген.Сауатсыз болмау үшін ел жастары,Тәлім алып ұстаздың соңына ерген.Басқарып алтын ұя ұжымын да,Еңбектің көріп бақыт қызығын да.Ұйытқы боп қуаттанып жүре бергенТолмаған ешқашанда жүзі мұңғаЖан - жағы бау бақшалы берекеліНемере шөбере бар мерекелі.Жарасқан қадір тұтар қарттарым бар,Қызылтам көрінер жақсы ел екені.Жүргізуші:Оқушыммен мақтанам,Олар сансыз.От жүрекпен өртене сүйем шамсыз,Деп тілеймін таусыла, оза шауып,Жүйріктерден суырылып шықса шаңсыз!,ортаға ұстазымыздың шәкірті №79 негізгі мектебінің оқу ісінің орынбасары Ахметов Нұрлыбек Нұртазаұлын шақырамын.Жүргізуші:Домбырам, жүрегіммен үндес едің,Сенімен сырласымдай тілдесемін.Бабамнан қалған мұрам сен болмасаң,Өмірдің не екенін білмес едім.« Қайран шешем» күйімен ортаға музыка пәнінің мұғалімі Әбішев Әділбекті шақырамызЖүргізуші:Сөз бер маған, әріптес, айтарым бар,Айтар ойдан дәуір бұл қайтарым бар.Құлқы ынтық құлақпен құйып алып,Құлазыған көңілден жай табыңдар,сөз кезегін апаймен бірге жұмыс жасаған Қожаева Саракүл апай мен Ембаева Роза апайға беремінЖүргізуші:Келесі сөз кезегі шырағы сөнбес, шоқтығы биік ұстазымыздың қыздары Баян апай мен Науат апайға беріледі.Жүргізуші:Баршаның мәңгі жадында,Атыңыз сіздің – нұрлы аңыз.Жаралған асыл задында,Асқардай биік тұлғаңыз,сөз кезегін ұстазымыздың сүйікті қызы №79 негізгі мектебінің бейіндік оқу ісінің орынбасары Әбікенова Сәулеге беріледі.Жүргізуші:Ғажап менің кеудемдегі суретің,Бірде ұлғайып, биіктейсің бірде тым.Бүгінгі кеш сенің асыл бейнеңді,Келгендерге таныстыру – міндетім.Халқың барда, сен барсың, игі ісің бар,Білімменен өседі көк өрім тал.Көк өрім тал зораяр орман болып,Орман – білім алдында көгеру бар,бүгінгі асыл да аяулы ұстазымызды еске алу кешін аяқтаймыз
Кері қайту
Ілмек сөздер: тәрбие сағаты, Ұстаз туралы үзік сыр
Сабақтың тақырыбы: «Табиғатты сүйемін, сұлулыққа бас иемін»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды табиғатты сүйе білуге, аялай білуге үйрету. Оларды табиғат ғажайыптарымен және табиғат құпиялары туралы мағлұматтармен таныстыру. Өз елінің, жалпы адамзат табиғатын қорғай білуге дағдыландыру.
Көрнекілігі: Табиғат тамашалары. Фото – стенд.
Сабақтың түрі: пікірлесу.
Сабақтың әдісі: ой қозғау
Сабақтың барысы:I. Ой ашу.- Табиғат деген не?- Табиғатта қандай ғажайыптар бар деп ойлайсың?- Табиғат құпиялары дегенге қалай түсінесің?II. Ой қозғау. Табиғат менің өз үйім, табиғат пен адам бір - бірінсіз өмір сүре алмайды. Табиғаттағы барлық өзгерістер адам үшін үлкен жаңалық. Адам табиғат құпияларын әлі зерттеп болған жоқ. Табиғат тылсым дүние. Бір сәт көз алдарыңа елестетіп көріңдерші, биіктеп ұшып барасың, алысқа көтеріліп биіктеп барып, бос кеңістікке келдің, қандай күйде болар едің?Ештеңе жоқ, тек қана бос кеңестікте қалықтап ұшып жүресіз. Сен мұндай жерде тұрғың келер ме еді? Әрине, тұрмас едің. Жер планетасынан асқан сұлу табиғат жоқ. Табиғатта керек емес нәрсе болмайды, барлығы да бір - біріне қажет, әрі керек нәрсе. Сондықтан адам табиғатсыз, табиғат адамзатсыз күн көре алмайды. Осы табиғатты қорғау керек дейміз, қалай қорғауға болады?Оқушылар пікірін тыңдау:(Суды үнемдеп пайдалану, ағаштарды сындырмау, құстарға тимеу, жұмыртқасын алмау, дала аңдарына тиіспеу сияқты мәселелер жөнінде пікірлесу)Ертегі: «Кішкентай бұлақ» Ертегіден нені байқауға болады, әрине татулықты, адамдардың өмірі үшін кішкентай бұлақтың сонау алыс жерден келіп, адамдарға таза су ішкізуі, адамдардың қатыгездігі, табиғатқа жандарының ашымауы туралы айтылған.
III Ой - толғаныс.Сен табиғатты қалай қорғар едің?- Табиғатты көркейту мақсатында қандай шаралар атқарар едің?- Табиғат әрбір адамның үйі, ендеше оны әрқашан қорғап жүрейік, таза етіп, сұлу күйінде сақтай білейік. Ол үшін сендер күнбе-күн мектепке келгенде, үйлеріңе қайтқанда жолда сынған ағаш көрсеңдер жөндеп, ұша алмай жүрген құс болса, оның жарасын жазып көмектесіп жүріңдер. Ешқашанда табиғатқа жамандық жасауға болмайды.Себебі: табиғат өзіне жасалған жамандықты ешуақытта кешірмейді. Сондықтан табиғатқа бар қолымыздан келген жақсылығымызды жасап жүрейік.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Табиғатты қорғау, судың қасиеті, тәрбие сағатыТәрбие сағаты: Жол ережесін білу - бәріне міндетМақсаты: Білімділік: Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс - жүзінде асыра білуге үйрету. Дамытушылық: Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету.Тәрбиелік: Тәртіптілікке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұсатап жүруге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: сайыс сабақСабақтың барысы:1. Ұйымдастыру.2. Кіріспе сөз. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.- Балалар, бүгінгі сабақта біздер жол жүру ережелер қаласына барамыз. Жол ережелер қаласындағы сендерге дайындап отырған тапсырмалары бар. Сендерді жол тәртібі бойынша білімдеріңді сынамақшы. Сыннан өтуге дайынбыз ба?Ой қозғау.- Ендеше, балалар КЖТ дегенді қалай түсінесіңдер?- Көшеде жүру тәртібі- Көшеде жүру тәртібі деген түсінікті қалай түсінесіңдер?жаяу жүргінші тротуаржол белгілермашиналар бағдаршам инспектор қиылыстар- Жол ережелер қаласының тапсырмаларын 3 - топқа бөлініп, сайысқа түсеміз.1 - оқушы: (бағдаршам болып киінген оқушы)Бағдаршам атыКөп көзі бар батырТоқ болғанмен затыӨзінде көп ақылТұрады ол дәйімБұрышында жолдыңҚиып өткен сайынҚарайтұғын балғын- Сонымен балалар, біздер бағдаршамды «көп көзі бар батыр» екен дедік. Кім айтады бағдаршамның неше көзі бар?- Ендеше біздің топтарымыз осы бағдаршамның көздеріне байланысты атауларын алып отыр. Қай топтың мүшелері тапсырмаларын дұрыс орындаса, «Үздік жүргіншілер» атағына ие болады.- Сайысты бастамас бұрын әділқазылар сайлап алайық.Арманға алда күткен асығармыз,Біз талай толқын атпай басылармыз.Жол жүру ережесін жақсы біліпСақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.Жалғайтын достастырып бар елменен,Жолдардан тұрады ғой әлем деген.- деп сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.1. Өз орныңды тап!2. Реттеуші инспектор қызметкерінің сауалы3. Қала әліппесі (топ басшыларымен жарыс)4. МАИ емтиханы5. Сен білесің бе?6. Шығармашылық жұмыс. (өлең құрастыру)Таңдап алған бағдаршамның көздерінің белгілеріне лайықты ма екенін білейік.1 - кезең бойынша «Орнын тап» ойынын ойнаймыз. Әр топтан өздерінің шартты белгілерімен бағдаршамдағы орнын табады және топтарын қорғайды.Қызыл топСары топЖасыл топМұғалім: - Бағдаршамнан басқа жолда кім тұрады? Реттеуші инспектор қызметкері ала таяғымен тұрады.Келесі сайысымыздың бөлімі «Реттеуші инспектор қызметкерінің сауалы». Өздерін қалап алған ұпай бойынша сұрақтарға жауап бересіңдер.1.. Мына белгі нені білдіреді? (Абайла, балалар!) 5 ұпай2. Мына белгі нені білдіреді? (қозғалысқа тиым салынады) 5 ұпай3. Сымға асылып, жүр асығып. ( троллейбус) 10 ұпай4. Мына көліктер қалай аталады, көлік оқиғасына тап болған адамдар қандай телефондарға қоңырау шалады? ( Өрт сөндіру - 01, жедел жәрдем - 03 МАИ - 02 )10 ұпай5. Автобусқа қай есіктен мініп, қай есіктен түседі?( алдан түсіп, арттан мінеді)15 ұпай6. Жол белгілерін атқаратын қызметіне қарай неше топқа бөлінеді? (7 топқа)15ұпай- Балалар, жол ережелер қаласында да қала әліппесі бар. «Жол белгілерді» қала әліппесі дейміз.- Ендеше «Жол белгілер» бөлімізде топ басшылары сайысқа түседі. «Жол ережелері» қаласындағы жол белгілер бойынша білімдерін сыналады. Өздерін таңдап алған белгілер бойынша белгілерді тауып жинақтап МАИ бастығына тапсырасыздар.Жол белгілерін тапқандарын тексеріп жіберейік:Ескерту белгісі: Қып - қызыл үшбұрышЕскерту белгісі мен боламҚауіптен сақ бол депСәт сапар жолдаған.Тыйым салу белгісіҚызылмен боялған шеңберім аумақты,Тыйымшыл белгімін, қаталмын, салмақты.Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,Қауіп бар бағдарла, көз салып жан - жақта.Нұсқау белгісі: Баратын жерінің бағыты тұрағынҮн - түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.Күндіз де, түнде де от болып жанадыКөк түске боялған төртбұрыш шырағым.- Адамға машинаны жүргізуге қандай құжат керек? Жүргізуші куәлігі. Ендеше келесі 4 - кезеңіміз МАИ емтиханы. МАИ етиханын сәтті тапсырсаңдар МАИ бастығы жүргізуші куәлігін табыс етеді.4 - кезең МАИ емтиханы. Сауалнама1. Жүргіншілер деген кім?А) машина жүргізетін адамдар В) көшеде жаяу жүрген адамдар С) белгілер2. Мына белгі нені білдіреді?А) кіруге тиым салынады В) басты жол С) жол беріңіз!3. Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма?А) болады В) болмайды С) білмеймін4. Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп, міну керек?А) аялдамалардан В) кез - келген жерден С) дүкен алдарынан5. Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиісА) кез - келген жолмен В) тротуармен С) автомобиль жолдарымен6. Қала көшелерінде велосипедпен жүруге неше жастан бастап рұқсат етіледі?А) 10 В) 12 С) 147. Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл түспен белгіленген белгілер қандай ұғымды білдіреді?А) ескерту белгілері В) көрсеткіш белгілер С) тыйым белгілері8. Мына жол неше қозғалысты?А) 4 В) 2 С) 19. Қай түс жанғанда машиналар жүреді?А) сары В) жасыл С) қызыл5 - кезең «Сен білесің бе?». Бұл кезеңде берілген тапсырмаларды сандар, белгілер арқылы жауаптарын көрсетесіздер. Әр дұрыс жауапқа 5 балдық жүйемен бағаланады.Велосипед жолы деген белгісін көрсет«Р» деген белгі нені білдіреді?Қызмет көрсететін белгілерді санмен көрсет.Келесі соңғы 6 - кезең «Шығармашылық жұмыс.» Жол ережесіне байланысты тірек сөздермен өлең құрастыруӨлең құрастыру------------ балалар------------- тротуар-------------- ұмытпа-------------- сақта!Қорытынды: Қай көше, қалаға барсаңыз да,Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.Жол жүру ережесі Заңды тәртіп,Ол ортақ! Үлкен - кіші баршамызға.
Кері қайту
Ілмек сөздер: тәрбие сағаты, жолда жүру ережесі, жол ережелері
Ана тілім – бабам тілі, өз тілім
райко14 сәуір 2013
20746
0
0
Тақырыбы: Ана тілім – бабам тілі, өз тілім (презентациясымен)Мақсаты: Ана тілінің маңызы мен қоғамдағы орны туралы жас ұрпақтың ана тілінің қадір – қасиетін түсіне білуге, сүйе білуін арттыру. Балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға және мәденииетін сақтай білуге, тіл тазалығы үшін күресе білуге, сөз өнеріне баулу. Тәрбиелігі: Оқушылардың тілін ой - өрісін дамыту. Мәнерлеп айта білуді жетілдіру. Ата - баба мұрасына адалдыққа және оны жалғастырушы болуға баулу.Дамытушылығы: Оқушыларды туған тілінің құдіретін сезінуге, ана тілін ұлтын қастерлеуге тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерін дамытуға баулу.Көрнекілігі: Тіл туралы жазылған қанатты сөздер.«Үш би» ұлағатты сөзі.«Қызыл – телпек» ертегісі.Жүрісі: Ұйымдастыру.Тәрбиеші: Маутова Злиха.I «Тәрбие басы - тіл»Бүгін бізде ана тілі апталығына байланысты «Ана тілім – бабам тілі, өз тілім» атты сынып сағатын өткізгелі отырмыз. «Тіл» деген сөздің өзінде бірнеше мағына бар. Дәмді сезу, сөйлеу қызметін атқаратын мүше бар. «Тіл арқылы бір – бірімен қарым – қатынаста болады. Тіл қай ұлттыа да, қай елде де қастерлі ұғым, ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.Ақын Қадыр Мырзалиевтің«Ана тілің» біліп қой,Ұятың боп тұр бетте.Өзге тілдің бәрін біл,Өз тіліңді құрметте.Дене тұжырымды жастар мен қатар улкендерге де қойылатын талап.II Үш бидің тіл туралы ұлағатты сөзі.Бастаушы:Қош келдіңіздер бабалар,Үш кемеңгер дүлділім.Сақтаған елдің бірлігін,Қалың елім пір тұтарҚасиетті үш бабам, тілім туралы не айтар?Төле би:Әр бір тілде сөйле әлемді таң қылып,Ана тілін білмеу қандай заңдылық.Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғандаҚазақ тілі жасау керек мәңгілік.Қазбек би:Жетер енді әркімге бір ермейік,Қазақ болсаң құлашты бір сермейік.Қанға сіңген ана тілін халқым – ау,Шұбарлауға ешқандай жол бермейік.Әйтеке би:Қазақ, қазақ болғалы,Тіл үшін күрес көргені.Көргені көп тілімнің,Мүмкін емес өлмегі.Төле би:Ал енді балалар бүгінгі тіл туралы сынып сағаттарыңды бастай беріңдер. «Әнұран»Бастаушы:Құрметті ұстаздар, ата - аналар!Сіздерге арнап «Ана тілім – бабам тілі, өз тілім» атты сынып сағатын бастаймыз.Бастаушы:Туған тілім – тірлігімнің айғағы,Тілім барда айтылар сөз ойдағы.Өссе тілім – мен де бірге өсемін,Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.III. Бастаушы:Тілім менің –Тілім ушін мың өліп, мың тірілді елім.Тілді қорғау – парызым бүгін менің.Хор. Ойыншықтар.1 - бала.Ана тілің біліп қой,Еркіндігің, теңдігің.Ана тілің біліп қой,Мақтанышың елдігің.2 - бала.Ана тілімЖүрегісің анамныңЖүрек – анаМен өзіңмен жаралдым.3 - бала.Анамның тілі – айбыным менің,Анамның тілі – ай, күнім менің.Сүйемін байтақ елімді туған,Сүйемін байтақ өмірді думан.4 - балаТіліңді үйрен күнде сен,Ол іс емес жай ғана.Өз тіліңді білмесең,Білгішпін деп ойлама.Би. «Қара жорға» Ер балалар тобы.5 - бала.Аға, ата, інім – депҚарындасым гүлім депСөйлегенде күнім депАна тілі қаның бұлЖан бітірер тасқа даҚұйып берер нәрің бұлҮлкенге де, жасқа да.6 - балаӨсірген ой – білімдіСүйем туған тілімдіМақсат етем әр сөздіңМәнін терең білуді.7 - балаАқыл – ойын дананың,Ана тілден аламыз.Ана тілім ардақты,Ақ сүтіндей анамның.8 - балаАна тілі – ұранымАна тілі – құраным.Ана тілі болмаса,Мықты болмас тұрағың.9 - балаАна тілім – қазақ тілім туған тіл,Қасиетті тіліміздің бәрін біл.Ана тілді құрметтеңдер адамдар,Заманға сай өзге тілдің бәрін біл.Хор. Біз өмірдің гүліміз.10 - бала.Алтын ұя – Отан қымбат,Құт берекең атаң қымбат.Мейірімді анаң қымбат,Асқар тауың әкең қымбат,Туып өскен елің қымбат.11 - балаӘжең – асыл ардағың,Атаң – дана қорғаның.Сен бақытты ұлансың,Бәрі саған қуансын.12 - балаҚарындасың қанатың,Ел - Отаның жанатың.Сен бақытты ұлансың,Бәрі саған қуансын.13 - балаАна тілі біздің – туған тіліміз,Анамыздай сыйлап бағып жүреміз.IV. Мақал – мәтелдер1 - балаТіл тас жарады,Тас жармаса бас жарады.2 - балаОйнап сөйлесең деОйлап сөйле.3 - балаСөз сүйектен өтеді,Таяқ еттен өтеді.4 - балаӨнер алды - қызыл тіл.5 - балаЖақсы сөз – жарым ырыс.Испан биі: Ақнұр.Хор. Апам үшін.V. Ертегіден көрініс. «Қызыл телпек ертегісі»1. Әжесі – Гүлсәт.2. Апасы - Әзима.3. Қызыл телпек қызы – Мерует.4. Қасқыр – Рашид.5. Отыншылар – Жандос.VI. Қорытындылау.
Тақырыбы: Ұстаз - ұлы тұлғаСабақтың мақсаты:1. Білімділік: Білім беру, білімді қалыптастыру. Оқушыларды білімнен хабардар етіп қана қомай, оларға тың мәліметтер, беріп білімді қалыптастыру.2. Дамытушылық: Еріктілікті дамыту, қабілеттілік пен белсенділік, танымдық қиыншылықты жеңуге тырысу.3. Тәрбиелік: балаларды адамгершілікке, әдептілікке баулу. Ұстаздар қауымына сый құрметпен қарауына, ұстаз еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Аралас сабақ.Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ - жауап, пікір талас.Көрнекілік құралдар: Буклет, ұлағатты сөздер, ұлы ұстаздардың суреті (Ы. Алтынсарин, А. Батұрсынов).Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі: балалардың сабаққа дайындығын тексеру.Мұғалім сөзі:Ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде.Қазақ мектебінің болашағы туралы М. Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткенде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысын дамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Жалпы балалар, ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушыларда бас иген. Сонымен қатар өздерінің өлең жырларына қосып жырлап жүрген.Сенде балалар осы ақын жазушылардың ұстаз жайлы жырлаған өлеңдерін білесіңдер ме? Білсеңдер қане өлең оқып жіберейік.Балалар өлең оқиды.Ұстаз болу - жүректің батырлығы,Ұстаз болу - сезімнің ақындығы.Азбайтұғын адамның алтындығы.Мұғалім деген - ерекше тұлға дар шың,Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.Мұғалім деген - аяулы адам асыл жан,Шәкірт көңілінде күн болып жайнап жанатын.Мұғалім сөзі: Мектептің басты тұлғасы, жүрегі мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азаматта тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екенін баршамыз мойындаймыз. Енді алдын ала берілген тапсырма бойынша сендер үйден “Ұстаз - ұлы тұлға” деген тақырыпқа шығарма жазып келу керек болғансыңдар. (Балалар өздері жазған шығармаларын оқиды).Проблемалық сұрақтар:Ал, балалар бір минутқа өзімізді мұғалімбіз деп есептейік. Осы сыныпта отырғандарыңның барлығың әр пәннен беретін мұғалімсіңдер. Балалар сендерге мынандай сұрақ.1. Сендер сабақ түсіндіріп жатқан кездеріңде артқы партада отырған балалар сендермен жағаласып сөйлесіп отыр делік. Сөйлесіп отырғанына қарамастан жан - жағын жайпап, сабақ тыңдап отырған балаға да тиісіп тыңдауға мүмкіншілік бермейді. Осы жағдайда ұстаздар не істер едіңдер?2. Сендер ұстаздар ашық сабақ өткізбекші болып жатырсыңдар. Алдын ала балаларға тапсырма беріп қойғансыңдар. Тіпті ертеңгі сабаққа қатынасатын завуч, директорды шақырып қойғансыңдар. Енді осылардың дайындығын тексеріп көрейінші деп тексерген сәтте сыныптағы балалардың көбісі дайын емес. ертең ашық сабақ. Сыныптағы балалардың біреуі сіз берген тапсырмаңызды жоғалтып алдым десе, енді біреуі ертең сабаққа келмеймін дейді. Ал, ұстаздар осы бір жағдайда балаларға қанда шаралар қолданасыңдар.3. Енді ұстаздар сендер балаларға диктант жаздырғалы жатырсыңдар делік. Диктантты оқып беріп енді жазғызғалы жатқан сәтте бір оқушы тұрып, апай мен қаламсабымды ұмытып кетіппін, енді біреуі жазғым келмейді деген сәтте ұстаздар осы оқушыларға қандай шара қолданар едіңдер.Бұл проблемалық ситуациядан шыға алдыңдар балалар. Балалар сендер жаңа мұғалімнің рөлінде болдыңдар. Сонымен балалар мұғалімнің жұмысы оңай ма екен? Келесі кезекте мұғалімге басқаша көзқараспен қараймыз деген түйіндемеге келдіңдер ме?“Ұстазым” әні орындалады. Барлық оқушының орындауында.Сабақты бекіту: Балалар бүгінгі сабағымыздан қандай ой түйіндедік?(Балалар ойларын айтады.)«Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға»- деп, ұлы Абай айтқандай, балалар ұстаздарың ешқашан сендерге үйретуден жалықпасын, сендер үйренуден жалықпаңдар деп сабағымызды аяқтаймыз.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Ұстаз ұлы тұлға, тәрбие сағаты
"Заң және заман" (тәрбие сағаты)
Жарияланды 23-01-2012, 20:57 Категориясы: Тәрбие сағаты
Айшуаков Мерлан"Заң және заман" (тәрбие сағаты)Заң және заманҚылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі оның алдын алған әлдеқайда жақсы. Алдын алу жұмысының нәтижелі болуы алғаш жасалған теріс қадамның дер кезінде анықталуынан ғана емес, сонымен бірге кәмелетке толмағандардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге де байланысты.Мектеп жасындағы балалардың құқықтық санасының төмендігі олардың қылмысты көп жасауына, заң талаптарына өз талаптарынқарсы қоюына әкеліп соғады. Сондықтан оқушылар қылмысының алдын алып, құқықтық тәрбие беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Құқықтық тәрбие – кәмелетке толмағандар арасында заң ұғымдарын насихаттай отырып, жас өспірімдерді қажетті заңдылық біліммен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Жастарды заңның негізгі принциптерін біліп қана қоймай оны меңгере білуге де үйрету қажет. Осы мақсатта ата - анамен мен оқушылар арасында өтілген «Заң және мен» дөңгелек үстел.Дөңгелек үстелге заң қызметкерлері шақырылады. Қанатты сөздер қолданылады.«Құқығыңды сақтап үйрен, бірақ басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа», «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды», Заң біткен жерде зұлымдық басталады».Дөңгелек үстел 5 бөлімнен тұрады:1. Күнделікті көрініс.2. Мен заңды қаншалықты білемін?3. Ешқандай заңы жоқ арал.4. «Қызыл, сары, көк ауыл».5. Қылмыскер бала қайдан шығады?Мұғалім: Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналаңдағы адамдарды сыйлай, қадірлей білу деген сөз. Құқықтық тілмен айтқанда бұл - заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін қорғай алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз.1. Күнделікті көрініс: Ауыл іші, түн, топ бала өлең айтып, шулап отыр. Жандарынан өтіп бара жатқан балаға отырғандардың біреуі атып тұрып:-«Әй, бері кел» деп айқай салды. Қайырылмаған оған пышақ көрсетті.Көріністен кейін қойылған сұрақтар: - Қалай ойлайсыңдар, демалып отырған жастар заңды бұзды ма?-- Кім қалай бұзды? ( Кім қалай бұзды).-- Ата - ана, сіздің тарапыңыздан қандай жауапсыздық кетті? (Ата - ана жауабы тыңдалады.)Бұлардан соң заң қызметкерлерінің пікірі тыңдалады. Ол демалып отырған жастардың заңның қандай бабымен танысуына тура келгендігін айтуы керек.Мұғалім: 2 - бөлім. «Мен заңды қаншалықты жақсы білемін»? деп аталады. Қазір мен бірнеше жағдайларды оқимын. Бұның ішінен оқылған жағдайды қылмыс деп тапсаңыздар оң қолды көтересіздер де, себебін алдарыңыздағы параққа жазасыздар, егер қылмыс емес десеңіздер сол қолдарыңызды көтересіздер, себебін тағы параққа жазасыздар. Әр жағдайға жеке тоқталып, түсініктеме бересіздер.1. Дүкенде спирттік ішімдікпен бірге есірткі де сатылады.2. Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып келе жатыр.3. Сатушы сатып алушыға байқамай артық ақша беріп жіберді, ал сатып алушы өзіне тиесілі ақшадан артық екенін біле тұра қайтіп бермеді.4. Бір оқушы сыныптасына: « ертең 20 теңге әкеліп бересің, әкелмесең басқаша сөйлесеміз» деп күш көрсетті.5. Химиялық завод өзінің зиянды өнімін өзенге тастады, сол өңірдің ауасы бұзылды.6. Мектеп оқушылары жүзім ұрлады.7. Сыныптағы бір бала екінші баланың сумкасын сызып тастады. (Оқушылар түсініктеме берген соң заң қызметкері заңға сүйене отырып, өз ойын айтады).Мұғалім: Ендігі бөлім «Заңсыз арал» деп аталады.Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек, не болар еді? (Оқушылар пікірі тыңдалады).Оқушылар пікірі тыңдалады.Осы бөлімді қорытындылау. Заңсыз елде әркім өз білгенін істейді, тәртіп сақталмайды. Сондықтан адамдар қалыпты жағдайда өмір сүре алмайды, ал тәртіп пен заң біздің қалыпты тіршілігіміз үшін қажет.»Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген Б. Момышұлының сөзін естен шығармайық.Мұғалім: «Қызыл, сары, көк ауыл» деп аталатын 4 - бөлімді айтып, әр топтың ортасына әр түрлі лента қояды.Мұғалім: Жер енді ғана жаратылғанда адамдар бір - бірімен дос, бауыр болыпты, бір - бірінен ешнәрсе аямапты. Бір күні аспаннан әр түрлі ленталар түсіпті де адамдар үлгергенінше бірі көгін, бірі қызылын, бірі сарысын алыпты.Күндердің күнінде қатты жел тұрыпты да қызыл лента алғандар қызыл, көк лента алғандар көк болып бөлініпті. Әр ауыл бөлек - бөлек қорған тұрғызыпты (Осы кезде мұғалім: ленталарыңызбен өздеріңізді қоршап алыңыздар дейді.) Біраз уақыттан соң адамдар достықты ұмытады. Көк ауылда су бар азық жоқ, қызыл ауылда азық бар су жоқ, сары ауылда азық та, су да бар, от жоқ. Енді қалай өмір сүруге болады, не істейсіздер? ( Оқушылар жауабы тыңдалады.)Әр түрлі ой айтқан олар қорғанның келегі жоқ, біз дос болуымыз керек деген ойға тоқталады. Бұл әңгіменің астарында бір жұмбақ жатыр, сол жұмбақты кім шешеді деген сұрақ тасталады.Жауап: Адамдардың ауыл - ауыл көше - көше болып бөлінетіндігін, сол бөліну кезінде құқықтары бұзылатындары айтылады.Мұғалім: 5 - бөлім. (Қылмыскер бала қайдан шығады»?Бүгінгі күні қоғамды алаңдатып отырған жағдайлардың бірі ол - мектеп жасындағы балалардың қылмыс жасауы.. Келесі бөлім балалардың жасаған қылмысы туралы болмақ.- Құқық бұзушылықтың себебі неде деп ойлайсыздар? ( Ата - ана мен оқушылардың жауаптары тыңдалады. )Құқық бұзушылық істейтін жұмыстың жоқтығынан, Абай атамызша айтқанда «көйлегі көктік, тамағы тоқтық, аздырар адам баласын». Ата - аналарға екі сурет көрсетіледі: Біріншісі тіп - тік әдемі салынған үйдің суреті.Екіншісі - фундаментінен бастап кірпіші дұрыс қаланбаған, төбесі жарылып кеткен үйдің суреті.Мұғалім: Бұл тек үйдің суреті ғана емес, көріп отырып бала тәрбиесі туралы не айтуға болады?( Сурет жайлы ата - ана ойы тыңдалады). Бұдан соң бірінші сурет тәрбиесі дұрыс бала екендігін, екінші сурет тәрбиесі дұрыс болмаған бала жайында екендігі айтылады. Бала тәрбиесі үйдің фундаменті сияқты жас күнінен басталатынына ата - ананың назарын аудару керек.«Отбасы – барлығының басы, жан - жақты негізі болатын тәрбие институты. Ата - анамен баланың қарым - қатынасы нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгісі қалыптасады. Ал әке мен шеше, ата мен әже, апа мен ағалар баланың алғашқы тәрбиешілері»- деп В. А. Сухомлинский айтқандай, алғашқы тәрбиешілердің алғашқы тәрбиесі ерте бастан яғни бесіктен басталуы тиіс. Яғни, екінші сурет бала тәрбиесінің о бастан дұрыс басталмағанын көрсетіп тұр.Тақтаға тау бейнесі және таудың ортасынан жарып шығып келе жатқан жанартау бейнеленген сурет ілінеді. Жанартаудың төбесіне «Қылмыскер бала» деп жазылып, беті қағазбен жасырылып қойылады. Жүргізуші мына суреттегі тау ортасынан көтерілгелі тұрған жанартауға қараңыз, тау сіздің балаңыз болса, ал тауды жарып шыққалы тұрған жанартау балаңыздың қылмыскер болуы деп жасырулы тұрған сөзді ашады.Мұғалім: Бала бір күнде қылмыскер болмайды. Жанартаудың атқылауына дейін қаншама процестер жүретіні сияқты бала қылмыскер болуы үшін де бірнеше жағдайлар әсер етеді. Оған ата - ананың баланы бақылауысыз жіберуі, баланың топқа кіруі, жақсы жолдастарының болмауы, 1 - кестеде көрсетілген шарттар бірден - бір себеп. ( Осы шарттардың әрқайсысына түсініктеме берілу керек.) Мұның барлығын дер кезінде байқап, балаға көмекке ұмтылсақ, оны сақтап қалуға болады. ( Бұл бөлімде ата - анаға көп сөз берілу керек, сөйлету керек.)Бұдан соң заң қызметкерлері сөйлейді.Мұғалім: Ж. Аймауытов: «Тәрбиеге әсер ететін нәрсе өскен орта, ата - ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара - бара адамды замандас, жолдастың азғырып, адам неше түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі»,- деген. Сол сияқты балаңыздың қылмыс жолына түспеуіне бірден - бір жауапты ата - ана, өздеріңіз.Дөңгелек үстел бала тәрбиесінде басты ролді ата - ана атқаратындығын, сондықтан олар әр уақытта мектеппен, ұстаздармен байланыс жасауы және достарының кім екенін біліп отыру керектігі айтылып, қорытындыланады.
Күш бірлікте
karlygash9 қаңтар 2014
23579
0
0
2 сынып. Өзін - өзі тану. Тақырыбы: «Күш бірлікте»Дәйексөз: «Татулық — табылмас бақыт»Мақсаты: Білімділік: Бірлік туралы түсінік беру,« бірлік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу және «достық» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.Дамытушылық: Көпшіл болу іскерліктерін дамыту.Тәрбиелік: Бір - біріне көмектесуге, бірлесіп еңбек етуге тәрбиелеу.Көрнекі құралдары: үлестірме қағаздар, ребус, дәйексөздер, слайдтар.Сабақ типі: Жаңа сабақ.Сабақ түрі: Саяхат сабақ.Әдістемелік тәсілдер: Шаттық шеңбері, сергіту сәті, ойын, дәптермен жұмыс, жүректен жүрекке, слайдСабақ барысы:Шаттық шеңберіБалалар, мен сендерді дәстүрлі шаттық шеңберін құруға шақырамын. Кәне, күн құсап дөңгелене тұра қаламыз.. Қол ұстасып достық, татулық туралы өлең айтайық.Барлығымыз менімен бірге қайталаймыз.Қуан шаттан, қуан шаттан,Қуанатын күн бүгін,Қайырлы таң достарым,Қайырлы бүгін күн болсын.Енді жұп болып тұрамыз, алақан алақанмен амандасадыИық иықпенАрқа арқаменАяқ аяқпенҚұлақ құлақпенМұрын мұрынмен сәлемдеседі. Ал, енді көңіл күйіміз көтерілді ме? Орнымызға отырайық.Үй тапсырмасын тексеріп, есімізге түсіріп алайық.1. «Достық хат» - оқыту2. «Біз тату - тәтті отбасымыз» тақырыбына салған суреттерінен көрме ұйымдастыру. Қысқаша түсініктеме беру.Біз өткен сабағымыздан нені үйрендік?- балалардың жауабы-- татуласуға бірінші қадам жасауды---- кішіпейіл болуды--- қателікті мойындауды--- өзара түсінісуді үйрендім--- ренішті ұмыта білудіЖаңа сабақ. – Жақсы, балалар жаңа сабағымызға кірісейік.Сабағымыздың тақырыбы «Күш бірлікте» Бұл сабақта біз бірлік күші неде екенін білетін боламыз. Ол үшін көптеген елдерге саяқатқа барамыз.-«Ынтымақ» еліне-«Бақыттылар» еліне-«Сыйластық» еліне- «Достық» еліне«Бірлігі күшті ел»СЛАЙД -«Ынтымақ» еліне тоқтап, тапсырманы орындайық.1. Ынтымақты дегенді қалай түсінесіңдер?2. Ынтымақ түбі - береке - деп айтуда қандай мән бар?Оқушылар:- Оқушылардың шешендер айтқан ынтымақ туралы сөздеріне кезек беру.- Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.- Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.- Ынтымақ түбі - игілік.- Тірлік, тірлік түбі - бірлік.- Ынтымақ істі бітірер.- Ақылдассаң шешерсің,Ақылдаспасаң, кем кесерсің.Жақсы, - Адамдар арасында бірлік болса, олар ынтымақта, тату - тәтті өмір сүреді. Өзара сыйласып, ұйымшылдық көрсеткен кезде ғана бірлікке қол жеткізуге болады.- Балалар, сендер шешендердің ұлағатты сөздерін естеріңе түсірдіңдер.- Енді өздерің қалай түсінесіңдер?- Компьютерден аңыз әңгімені тыңдату - аудиозапись- Енді көріністен қарияның балаларына бірліктің мәнін қалай ұғындырғанын тамашалайық.КӨРІНІС «Ырыс алды – ынтымақ»Көрініспен жұмыс.Көрініске байланысты сұрақтар.- Қария туралы не ойлайсыңдар?- Қарияның тоғыз ұлы туралы не ойлайсыңдар?- Қария балаларын қалай сынады? Сендер қалай сынар едіңдер?- Қария балаларына қандай ақыл сөздер айтты?«Бірлік болмай, тірлік болмас»- деген халық мақалын талдау арқылы өзекті ойды нақтылай түсуіне көмектеседі.Тапсырмалар:- Ынтымақ, бірлік, достық, татулық сөздерін қалай түсінесіңдер?Ынтымақ – адамдардың арасындағы ұйымшылдық, татулық, ауызбірлік, бірлесіп әрекет етуіТатулық – адамдардың берік бірлігі, сыйластығыДостық – адамдардың бір біріне адал қалтқысыз сенуі, бір мүдделі ортақ көзқараста болуыЖанашырлық – адамдардың бір – біріне ниеттестігі мен тілегіСыныпта қандай жұмыстарды бірлесе атқаруға болады?- Егер сыныптағы қыздар екі топқа бөлініп жүрсе, олардың бірге жүруі үшін сендер қандай әрекеттер жасар едіңдер?Бірлік --- татулық, сыйластық, достық, ұйымшылдық, көпшіл болу, татулықСЛАЙД «Бақыттылар» еліДәйексөзді дәптерге жазу. Дәйексөз арқылы кім қандай пікір айтады?Татулық — табылмас бақыт.СЛАЙД «Сыйластық» елі Мұнда оқушылар берілген қағаздардағы мақал - мәтелдерді аяқтайды:1. Ынтымақ түбі -..................... береке,2. Бірлік,, ынтымақ. – байлық,............... бақ3. Татулық....... табылмас бақыт4. Бірлік болмай -...... тірлік болмас5. Ырыс алд ы - ынтымақСергіту сәтіБіз өнерлі баламыз, (Өзін көрсетеді)Шырқап әнге саламыз /Екі қолды жанына созады/Би билейміз бұралып /бидің қимылы/Доспыз, тату баламыз! /барлығы қол ұстасып, жоғары көтереді/СЛАЙД «Достық» еліТоппен жұмыс. Ынтымақ үйін, татулық гүлін құрастырамызДәптермен жұмысМақал – мәтелді талдау. Ребуста жұмыртқа, бала, көйлек, дәптер, үкі киім ілгіш суреттері берілген.Шешуі: Жұмыла көтерген жүк жеңілМақал мазмұнын қалай түсіндіруге болады?Адамдар арасында бірлік болса, олар ынтымақта, тату - тәтті өмір сүреді. Өзара сыйласып, ұйымшылдық көрсеткен кезде ғана бірлікке қол жеткізуге болады..ІV. Қорытынды Біз бар елді аралап шықтық. Енді өз елімізге қайтайық. Мен сендерге жұмбақ қылып астарлап айтамын, сендер ол қай ел туралы екенін табыңдар.Сабақты қорыту мақсатында «Құт мекені» слайдын көрсету. Тапсырма: 1. Татулық, достық, бірлік, ынтымақтастықМұғалім: Жер бетінде жанға жайлы бір ел бар деседі. Ол елдің адамдары шат - шадыман, бір - бірін ренжітпей аялап, мейіріммен қарайды екен. Адамдар мұң мен жауласу дегенді білмейді, бір - біріне бауырмал болып өмір сүріп жатыр. Сондықтан да сол елде бәрі бақытты, бәрі тату, дос. Бұл ел қай ел деп ойлайсыңдар?Бұл - қазақ елі.Отанымыз Қазақстан - әр адамның құт мекені.- шамшырақ жағуЖүректен жүреккеЫнтымақ – адамдардың арасындағы ұйымшылдық, татулық, ауызбірлік, бірлесіп әрекет етуіТатулық – адамдардың берік бірлігі, сыйластығыДостық – адамдардың бір біріне адал қалтқысыз сенуі, бір мүдделі ортақ көзқараста болуыЖанашырлық – адамдардың бір – біріне ниеттестігі мен тілегіБірлік — ортақ істе ұйымшылдық көрсету.Бірлік — жаныңдағылармен тату өмір сүру.Бірлік — өзгенің пікірімен санаса білу.Бірлік — өзгенің де қамын ойлау, көпшіл болу.Тақырыпқа байланысты жақсы тілек, шешендік сөз немесе өзі жаттап келген бірлік, татулық туралы батасын айтуҮйге тапсырма: өздерің татулық, бірлік туралы шағын әңгіме жазып, түрлі жағдаяттар ойластырып келіңдерКері қайту
Ілмек сөздер: Күш бірлікте, татулық табылмас бақыт
Тақырыбы: Асыл қазынаға тұнған жер
(Берекелі Бейнеудің 40 жылдығына арналады)
Мақсаты:
Оқушыларды туған жері Бейнеудің географиялық орнымен,тарихымен таныстыру.
Шығармашылық зерттеу жұмыстарына баулу, тіл байлықтарын дамыту.
Туған жерін мақтан тұтуға, өз жерінің, өз ұлтының иесі болуы үшін патриоттық сезімге тәрбиелеу.
слайд, буклеттер, сурет көрмесі, кітап бұрышы, талапқа сай безендірілген сахна.
көрсету, әңгімелеу, ой қозғау, топпен жұмыс, ізденіс жұмысы
І Жер кіндігі атанған өлке
ІІ Ақыл-парасат
ІІІ «Сыр-сұхбат» бөлімі
ІV Жыр шашу
V Сурет көрмесі
VІ Музыкалық бөлім
VІІ Қорытынды
Мұғалім: «Қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз,
Жерімізді жау баспасын деп,
Елімізден құт – береке қашпасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз,- деген екен рухы мәңгі өлмейтін Қазыбек би.
Біздің Отанымыз –Тәуелсіз Қазақстан! Қазақстан дегенде көз алдымызға кең байтақ дала, шексіз жазира дала елестейді.Яғни дала бейнесі көз алдыңа келеді. Бұл кең дала - қазаққа қымбат дала.
Жүрегім, жырым сенікі,
Кеңісті далам, кең далам.
Тудым, өстім есейдім...
Ен далам – анам, мен балаң!-демекші, бұл өлең шумақтары не туралы айтылған?
Туған жер
Әрине, олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымыз туған жеріміз Берекелі Бейнеуге арналады. Биыл ауданымызға 40 жыл толатынын естеріңе салып кетейін және де қонақтарымызбен таныстырып өтейін.
-Домбаяқов Ахметжан Хадисұлы- мұражай қызметкері
-Айнахан Есет - жергілікті ақын, Маңғыстау газетінің редакторы
І «Жер кіндігі аталған өлке» бөлімі
Ой қозғау
Мұғалім:
- Балалар, «Ауыл», «Алтын бесік», «Туған жер» дегенді қалай түсінесіңдер? Ауыл кімдердің мекені? Осы ой төңірегінде сөз қозғасақ..
(Оқушы ойлары тыңдалады)
Ия ,дұрыс айтасыңдар!
Не замандар өтсе-дағы бұлағай,
Көк түріктің туы қалды құламай.
Маңғыстауым-тұнып тұрған тарихым,
Ашық аспан астындағы мұражай,-деп ақындар жырлағандай кең-байтақ қазақ даласында осы бір қасиетті өлкенің орны ерекше.
Тарихының тамыры тереңге тартқан Маңғыстау жерінің қасиет тұнған топырағы талайларды тамсандырып келеді. Табиғаты таңғажайып, тау-тасы түртіп қалсаң сөйлеп кеткелі тұрған шежірелі өлке. Ендеше тәрбие сағатымыздың бірінші бөлімі «Жер кіндігі атанған өлке» бөлімінде Маңғыстау облысына қарасты Бейнеу ауданының тарихымен танысамыз.
- Бейнеу Адайға сегізінші ұрпақ болып келеді. Бейнеу атамыз Бекет ата Мырзағұлұлымен тұстас өмір сүрген. Екеуінің арасында көп жас айырмашылық жоқ. Үлкендердің айтуы бойынша 1830 жылдары қайтыс болған Атақозы батырдың қасына жерленген. Бейнеу атамыз Қыдыр көрген, қасиеті мол, халқына қайыры тиген әруақты адам болған дейді. Отырған жері Ескі Бейнеу. Бес құдығы болыпты. Көшпелі ел жаз жайлауға кеткенде, қыстық жиһаздарын Бейнеу атамызға қалдырып кетіп отырған. Ел "Бейнеуде қалды", "Бейнеуден аламыз" дейді екен. Міне содан бері жеріміздің Бейнеу атауын Бейнеу Намазұлының есімімен байланыстырады.
Тарихы тұнған шежіре мекен -Бейнеуім,
Атадан қалған мұра деп басым иемін.
Тау –тасың сырға тұнып бір жатқан сиқырлы,
Сені жырласам шабыт пен шалқып кетемін.
Қойныңда жатыр не бір ақын мен асылдар
Біздерге мұра боп, әрқашан жебеп жатыңдар.
Сан жылдар өтіп халқын да сенің көбейді.
Жасырған әлі қандай сырлар бар айтыңдар.
Атам Бейнеуден басталған сенің тарихың,
Сол күнен бүгін 40жыл өтті танығын.
Киелі мекен кішкене ауыл бүгін де
Аудан боп дамып, көбейді бүгін халқың.
Ендеше туған жеріміз туралы қысқаша мәліметті тыңдайық.
Бейнеу ауданының жалпы мәліметі
Бекзат : Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында орналасқан аудан. Бейнеу ауданының іргетасы 1963 жылы теміржолдың салынуына байланысты қалана бастаған. 1973 жылдан бері аудан орталығы. Елдің мекеннің аты осы өңірде мекендеп, бес құдығы болған орта ауқатты Намазұлы Бейнеу (1760-1830) деген кiсiнiң атына байланысты аталған. Әкесі Намаз – Адайдағы Атақозы батырдың iнiсi. Бейнеу ауданында теміржол және автомобиль жол қатынастары, сондай-ақ телекомуникация жүйесі мен байланыс торабы біркелкі дамыған.
Халқы
Дана : Село халқы табиғи өсім мен көшіп келушілердің есебінен 6 пайызға өсті. Бұл аудан халқының 70 пайызын құрайды. Селоға көрші шетелдерден бірнеше отбасы көшіп келді. Оларға әлеуметтік көмек көрсетілді. Селода 2028 зейнеткер бар, оның бесеуі Ұлы Отан соғысының ардагерлері. Ауған соғысының ардагерлері 38 адам.
Өнеркәсіп
Ерлан : Селода бірден-бір өндіріс орындары болып саналатын ұлу тас карьерлерінің 2002 жылы 1, 2003 жылы 2 ұлу тас өндіру карьерлері жаңадан ашылып, олардың саны 29-ға жетті.
Селода іркіліссіз теміржол, мұнай, газ тасымалдау мекемелері жұмыс жасап келеді.
Шағын және орта бизнес
Мағжан:
Село бойынша шағын және орта бизнеспен 706 адам айналысуда. Село халқын азық-түлікпен және күнделікті ұсақ-түйекпен, үй жиһаздарымен, құрылыс жабдықтармен, автобөлшектермен қамтамасыз ететін 43 дүкен бар. 2009 жылы тәулігіне 5 тонна сүт өнімдерін шығаратын «Бейнеу сүт зауыты» ашылды. Аудан тұрғындарының сүт өнімдеріне деген сұранысының 76%-ін қанағаттандыратын бұл зауыт жақын уақытта іске қосылып, өнім шығаруға кіріскелі тұр.
Мәдина :«Бейнеу сервистік дайындау орталығының» тәуліктік қуаттылығы 2 тонна ет дайындайтын мал сою пункті іске қосылып, өнімін сататын дүкені жұмыс істей бастады. Аудан халқының жартысын етпен қамти алатын бұл кәсіпорында қазір 24 адам жұмыс істейді.
Фарида:
Аудандық әкімдіктің «Бейнеубизнессервис» кәсіпорны жылына 85 тонна өнім беретін 5 жылыжай алды. Аудан халқының көкөніске деген қажеттілігінің 13%-ін өтейтін бұл жылыжай іске қосылғалы 6,1 тонна өнім шығарды. Қуаттылығы 90 мың тонна ұн мен 30 мың тонна жем шығаратын цехы бар «Бейнеу астық терминалы» жұмыс жасап тұр. Нәтижесінде аудан аймағында ұнның бағасы тұрақтандыруға мүмкіндік туды.
Коммуналдық шаруашылық
Қаламқас:
Бейнеу селосында коммуналдық қызмет атқаратын «Бейнеусусервис», «Бейнеуэнергосервис», «КазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалы, «Теміржолсу-Маңғыстау» ЖШС–гі, аудандық электр жүйесі мекемелері сумен, газбен, электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырса, тазалық жұмыстарымен «Бейнеу мехтранссервис» ЖШС, «Қаратау», «Болат жол» ПИК мекемелері айналысады.
Мәдениет
Шаттық : Селода 1 кітапхана, 1 телестанция орталығы, 1мәдениет үйі, 1 пошта, 2 байланыс үйі, 2 ұялы телефон станциясы жұмыс жасайды. Тұрғындар теледидардан Хабар, Евразия, Қазақстан-1 және Еларна каналдарын көріп тамашалайды. 2011 жылдан бастап отандық «Отау ТВ» ақылы каналы қосылды.
Білім беру
Жалид : Бейнеу селосында 10 орта мектеп, өнер және спорт мектептері, гимназия, лицей, политехникалық және гуманитарлық колледж, балабақшалар бар.Биыл өзіміз білім алып жатқан Бейнеу гимназиясына 15 жыл болады. Осы уақытқа дейін алған жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай жетерлік.Ауданымыздың одан қала берді облысымыздың намысын қорғап талай додаларда алдыңғы қатардан көрініп келеді.
Денсаулық сақтау
Сандуғаш : Село тұрғындарына медициналық көмек көрсетумен аудандық орталық аурухана, туберкулез ауруханасы мен аудандық емхана және оның бөлімшелері қызмет көрсетеді. Бейнеу селосында 2012 жылы туберкулез ауруханасы мен перзентхана пайдалануға берілді.
ІІ «Ақыл-парасат» бөлімі
(оқушылардың білімі мен біліктілігін байқау)
«Кім тапқыр?» ойыны
Ойынның шарты: Орналасу ретіне қарай сұрақтар беріледі.Сұрақтарға жауап беріп, Бейнеу ауданындағы киелі орындар мен қасиетті жерлерді табу.(барлық сұрақтарға дұрыс жауап берілсе Бейнеудің ақын –жазушыларының суреті шығады.)
10. Бейнеудегі қандай тарихи ескерткіштерді білесіңдер?
10. Туған жеріңде өсетін қандай өсімдіктерді білесің?
(Бейнеудің өсімдіктер дүниесі жайылымдылық шөбінің өнімділігі ерте кезден зеттелген. Үстіртте сексеуіл, жыңғыл, баялыш, қоранғыл, жантақ, адыраспан өседі.)
10. Үй жануарларынан төрт түліктің қай түрі өсіріледі?
20. Жабайы жануарлардың қай түрі кездеседі?
20. Бұл қандай киелі орын? (Бекет ата мешіті)
(Мұнда сәулет өнерінің небір сұлулығы мен сымбаты самсап тұр. Аспан астындағы алып мұражай. Он екі ата Байұлының бір тармағы Адай тайпасының Пірі -Бекет Атаның өз қолымен тұрғызған жер асты мешіті . Бейнеу өңірінің қадір қасиетінің артып, киелі мекенге айналуы да осы мешіттің арқасы)
20. Бейнеу ауданының әкімі кім?
(Биыл 2013 жылы Бейнеу өз алдыны дербес аудан болғанына 40 жыл толады. Осы уақыт ішінде Бейнеу ауданы көптеген жетістіктерге жетті. Қазіргі таңда мұнай мен газ өнімдері дамыды. Бейнеу Астық терминалы іске қосылды бірнеше құрылыс материалдары өндіретін карьерлер қарқынды жұмыс жасап жатыр. Бейнеу -Жезқазған темір жолыда өз жұмысын бастады. Халықтың әлуметтік жағдайы жақсарып келеді. Бұл игі істердің бастамасында ауыл азаматтары мен ауданымыздың әкімі Басшы Айжанақұлының еңбегі мол. )30. Бейнеу гимназиясы қашан құрылды?
30. Гимназия директорының аты-жөнін білесің бе?
30. Бейнеуде туып-өскен ақын,жазушы,мәдениет қайраткерлерін білесің бе?
Мұғалім: Бейнеу мекенінде туып өскен тұлғалар Әли Балта палуан, Жылкелді, Тұрсын, Досат, Әділ, Шолтаман , Қайыптардың ізін басқан Қаржаубай Жылқыбайұлы, Уәйіс Қайралапов ағаларымызбен мақтана аламыз.
ІІІ «Сыр-сұхбат» бөлімі
Мұғалім:
-Домбаяқов Ахметжан Хадисұлы Қазақстанның бүкіл тарихи-мәдени, сәулет ескерткіштерінің тең жартысынан астамын иеленетін бұл өңірде көшпенділердің көне мәдениетінің қайталанбас ғажайып із-өрнектері сайрап жатыр.Осы құтты, қасиетті туған жеріміз туралы оқушыларға әңгімелеп берсеңіз. (Мұражай қызметкеріне сұрақ қою)
-Айнахан Есетқызы, тоғыз жолдың торабы атанған Бейнеу жері тума таланттардың тұрақты мекеніне айналған. «Ел іші-өнер кеніші» дегендей Сам құмында,Сыңғырлау мен Үстіртте талай-талай арынды ақындар мен дарынды күйшілер өткен.Осы туралы айтып беріңізші.(ақын,журналист Айнахан апайға сұрақ қою)
ІV Мен ... атындағы көшеде тұрамын.
Тапсырма. Оқушыларға өздері тұратын көше кімнің атында екенін, сол тұлға жайлы мәлімет жинап, дайындалып келу болған.
V Жыр шашу
Әр топ оқушылары «Берекелі Бейнеу» тақырыбына өлең шығарады. Болмаса белгілі ақындардың Бейнеу туралы өлеңдерін оқиды.
VІ Сурет көрмесі
Тапсырма. «Кешегі, бүгінгі және ертеңгі Бейнеу» тақырыбына суреттерден үш топ оқушыларына коллаж жасау, оны қорғау
VІІ Музыкалық бөлім
«Жастар биі» күйі орындайтын Умашев Ерлан
«Жаса Қазақстан» орындайтын Тұралина Алтынай
«Қазақ биі» қыздар тобы
Алтынай
Еліңді сүй! Еліңді сүй! Сөзім шын,
Ел дегенде ет-бауырың езілсін.
Ел дегенде көкірегің сөгіліп,
Ел дегенде қамыңды ойла өзіңнің.
Ел дегенде асау жүрек ұрғылап
Шыбын жаның тұрсын сенің шырқырап!
Нұрболат
Туған Отан-абыз Атаң тұғырың,
Ғазиз Анаң сарқылмайтын шым бұлақ,
Еліңді сүй, сүй еліңді есті ұлан,
Қия көкке бастайсың сен жас қыран.
Әр таңың арайланып атады екен,
Батқан күн бағын тілеп жатады екен.
Бейнеуім береке мен ырыс қонған
Әрқашан әнім болған Атамекен
Ән : «Бейнеу бағым» орындайтын «Арай» ансамблінің жетекшісі, әнші ,құрметті ата-ана Бакотбаев Тұралы
VІІІ Қорытынды
Тәрбие сағатымыздың қорытынды сөз кезегін тәрбие ісінің меңгерушісі
Бекібай Марал апайға беріледі.
Мұғалім:
Тәуелсіз елім, тәуелсіз болсын жерім де,
Жарқырап көзін ай, жұлдыз күлсін көгіңде.
Ысырап емес, береке дарып Бейнеуге,
Төрт түлік малың жайылып жүрсін төріңде.
Киелі Маңғыстау жері туралы сыр шертетін болсақ бұған бір 35 минут түгіл 1 күнде аздық етер деп ойлаймын. Абыл, Нұрым, Сүгірлерден бастау алатын жыраулар мен 362 әулиемен жалғасын табатын киелі мекенді жырлауға 10 күнде жетпейді. Сөзімнің соңын: Қысылғанға дем, жабыққанға жар болған қасиетті Бекет ата рухы кім-кімді де қолдап, есін жиып, ел болу жолында келелі қаракеттерге қадам басқан отандастарын оң іске бағыттай берсін! Аллатағаланың назары түзу болып, Мәдинада-Мұхаммед, Түркістанда-Қожа Ахмет, Оғыландыда-Пір Бекет, Маңғыстаудың ойында-360 әулие, Отпан тауда Адай-Ата желеп жебегей! Туған жеріміздің 40 жылдық мерейтойы құтты болсын!