Тіл дамыту. Бауырса? ертегісі.
Бауырсақ ертегісіБілім беру саласы: Шығармашылық, ҚатынасКіші сала: Мүсіндеу, Тіл дамыту, Көркем әдебиетТақырыбы: «Бауырсақ»Мақсаты: Ертегі, тақпақтар арқылы балалардың тілдерін дамыту. Балаларды ертегілерден қарапайым сюжетті бейнелеуге тарту. Үстел үстіне қойып домалақтау тәсілін үйрету. Пішінді бұзбай, таза, ұқыпты орындауға тәрбиелеуКөрнекі құралдар: тақтайша, ермексаз, сүрткіш, үлгі мүсін, бауырсақ ертегісінің кейіпкерлеріБилингвалдық компонент: Бауырсақ – КолобокТәрбиешінің іс - әрекетіПсихо жаттығуАрмысың, алтын күн,Армысың, көк аспан,Армысың, жер - ана,Армысың, балалар.Сәлеметсіңдер ме, апайлар.- Балалар, бүгінгі біздің оқу іс - әрекетіміз ерекше болмақ.Себебі бізге қонаққа көп апайлар келді.- Балалар, сендер байқадыңдар ма мына жерде бір үй тұр. Қалай ойлайсыңдар кім бар екенін, қане қарайық. Үйден әже мен ата шығады, олар көңілсіз.Тәрбиеші: Не болды?Ата: Кемпір маған Бауырсақ пісіріп, терезенің алдына қойды. Ол қашып кетті.Тәрбиеші: Жыламаңыз, Біз оны іздеуге көмек береміз.Жолда келе жатырып қоянды кездеседі.Қоян көңілсіз.Тәрбиеші: Не болды?Қоян: Мен Орманда Бауырсақты кездесіп, ойнайын десем. Ол менен қашып кетті.Тәрбиеші: Ренжіме, біз саған тақпақ айтып береміз «Сұр қоян». Қоян көңілденіп қалады.Жолды жалғастырайық.Балалар қасқырға жолығады. Ол көңілсіз.Тәрбиеші: Не болды?Қасқыр: Бауырсақты кездесіп, шар үрлеп ойнайын десем, ол менен қашып кетті.Тәрбиеші: Ренжіме, біз саған үйретеміз.Ойын «Шар»Аюды кездеседі. Аю да көңілсіз.Тәрбиеші: Не болды?Аю: мен Бауырсаққа бал берейін десем, ол менен қашып кетті.Тәрбиеші: Ренжіме, біз саған тақпақ айтып берейік.«Аю отыр партада»Түлкі жүгіріп келіп Бауырсақты ұстап алып, қашып кетеді.- Енді, не істейміз.Онда біз ата мен әжеге бауырсақты жасап берейік.Тәрбиеші жасау тәсілдерін көрсету.- Бауырсақтың пішіні қандай?--- Домалақ- Түсі қандай?----------- СарыҮстел үстіне қойып домалақтау тәсілін көрсету. Пішінді бұзбай, таза, ұқыпты орындау.Саусақты жаттығуБала, бала, балапанҚане, соқшы алақанСаусақтарың әйбатБылай - былай ойнатБалалар жұмысқа кіріседі. Қиындық көрсеткен балаларға көмек беру.ҚорытындылауБіз орманда Бауырсақты қуып көп жүрдік, қараңдар ата мен әженің үйі мынау тұр ғой. Қане Бауырсақтарыңды апарып беріңдер.Балалар Бауырсақтарын ата мен әжеге апарып береді.